Мінез - құлықтын езгеру процесі:
Проблеманы түсінбеу Проблеманы түсіну ----► Әдетке
үйрену ----► Себебі ----►Қамдану ----►Жетістік.
Мінез құлықтың өзгеру сатысы:
Дайындық Сактау
Ойлану Бұзылу (жолдан таю)
52
Балалардың АИВ-ауруымен науқастануы
Бір қарағанда, балалар және ЖИТС деген екі түсінік бір - бірімен мүлде қабыспайды. Балалық шақ - қуаныш, үміт, сүйіспеншілік, болашақ. ЖИТС - қасірет, қиналу, табиғаттың дүлей күші, өлім. Дегенмен осы екі қабыспайтын ұғым өткен ғасырдың екінші жартысында түйісті. Бүгінгі таңда балалар жағдайы ЖИТС-ы бойынша өте ауыр деуге болады. Әлемде жыл сайын балалар арасында 1600 АИВ - ауруы жаңадан кездеседі. Күн сайын ЖИТС-нан 1200 бала өледі. АИВ эпидемиясының басынан 2,6 млн. астам балалар осы инфекцияны жұқтырады, олардың 1,4 миллионы соның құрбаны болды. Ересектерге Карағанда балаларда бұл ауру өте тез асқынады. Атап айтқанда, ЖИТС-мен науқастанған ересектердің жалпы санының 17 пайызы шетінесе, балалар арасында ол көрсеткіш - 54 пайыз құрайды.
Нәресте вирусты анасының аяғы ауыр кезінде, босану кезінде, емізген мезетте, сондай – ақ әртүрлі дәрігерлік көмек көрсету кезінде емдеу мекемелерінде жұқтыруы мүмкін. Анадан нәрестеге жұқтыру, әртүрлі мәліметтер бойынша, 15 пайыздан 50 пайызға дейін ауытқиды, ал ана бойындағы АИВ деңгейіне байланысты және емізу кезінде жоғарлайды.
Балаларда АИВ – ауыруының дамуында біршама ерекшеліктер кездеседі: ересектермен салыстырғанда оларда бактериалдық жұқпалы індеттер, өкпе қабынуының ауыр түрлері, лимфа бездерінің ұлғаюы жиі байқалады. Аурудың ең жиі кездесетін белгілері болып дене құрлысы мен ақыл - ой дамуының кешігуі болып саналады. Оған коса кейде нәрестенің өміріне тұратын себебсіз қансыраудың жиіленуін да айта кетуге болады.
Ұрыктың дамуы.
Екі қабат әйел өз қанымен планцента (кіндік) арқылы ұрыққа вирус жұқтыруы мүмкін. Планцента дегеніміз жүкті кезде ана мен нәрестені байланыстыратын ішек тәрізді орган. Осы мүше арқылы ананың ағзасынан ұрық қорек алады. Айта кету керек, бұл жүйе ұрықты неше алуан ауру коздырғыштарынан, оның ішінде АИВ/ЖИТС-да кіреді, қорғайды. Бұл табиғат заңдылығы. Дегенмен планцента кілегей қабыршағы қабынған немесе зақымдалған жағдайда мұндай дағдылық бұзылып, ана ағзасы ұрықты қорғай алмайды. Ендеше ЖИТС қоздырғышы анадан нәрестеге көшуі мүмкін.
Ұрықтың даму кезінде АИВ-мен залалдану мүмкіншілігі арту немесе ауытқу факторлары:
- ана тұлғасында (қанында) қоздырғыш деңгейінің жоғары болуы;
- ана тұлғасында вирусқа қарсы тұратын бөгдезаттардың
(қарсыденелер) төмен болуы;
- жатын кілегей қабыршағының қабынуы (вирустың өтуіне қарсы тұра
алмайды);
- босану кезінде ана қанынан нәрестеге вирустың берілу
мүмкіншіліктерінің болуы;
53
- планцентаның жатырдан ерте бөлінуі;
- нәресте терісінің зақымдалуы (акушерлік қысқыш әсері);
- есірткеге тәуелдік кезінде: екі кабат кезінде инъекциялық есіртке
тұтынғанда ортак инені пайдалану;
- басқа жұқпалы аурулар (олар ана иммундық жүйесінің әрекетін
әлсіретеді, мұндай оқиға АИВ-ауруының сәбиге жұқтыру қатерін
көбейтеді).
Босану кезеңі.
АИВ-ауруымен науқас ананың босану жолынан қынап секреті мен кан арқылы сәби қоздырғышты жұқтырады. Ана жатынынан плацентаның ерте бөлінуі, сондай - ақ сәби терісін зақымдайтын әрекеттер, мысалы -акушерлік қысқашты қолданғанда, нәрестенің ана қанынан қоздырғышты жұқтыру мүмкіншілігін көбейтеді.
Сәби өмірге келгеннен кейінгі кезең.
Ана сәбиге емізген кезде өз сүтімен жұқтыруы мүмкін. Бұған бірнеше оқиғалар жәрдемге келеді:
- емшек сүті - сәбидің негізгі қорегі, ол лейкоциттерге бай, ал олардың ішінде коздырғыш өсіп-өнеді;
- сәбидің асказаны әлі жетілмеген, ендеше альбуминді қабылдай береді;
- емшек маңайындағы тері зақымдалған жағдайда сол жара арқылы сәби емшек емгенде вирус ана қанымен берілуі мүмкін;
Сәбиді АИВ залалынан қорғау мақсатымен азидотимидин қолданылып жүр, ол қоздырғышты жұктыру қаупін 20 - 30 пайыздан 8 - 10 пайызға дейін төмендетеді. Дегенмен емдеуді ерте бастаған тиімды. Оны бастау туралы шешім қабылдау үшін ескеретіндер:
- жұқтырудың алғашкы мерзімі;
- азидотимидиннің бұрын қолданылуы;
- науқас ана шешімді дәрігермен ақылдаса отырып қабылдайды.
Балалардың АИВ - ауруын жұқтырудың басқа жолдары.
АИВ - ауруымен науқас аналардан туған барлық сәбилер алғашкы кезде оның қоздырғышынын бөгдезатына (антиденесіне) он тесті жауап береді. Бірак, шын мәнінде олардың барлығы бірдей АИВ-ын жұқтырған болып саналмайды. Ананың антиденелері сәби қанынан 9 ай мерзімінде, кейбір кездерде 18 айдан кейін табылмайды. Егер антиденелер сәбиден бір жарым жастан кейін табылса, онда ол АИВ - ауруын жұктырғандығы болып саналады.
54
Балалардағы АИВ-ауруын анықтау үшін арнайы нұсқаулар:
- АИВ - жұқтарған аналардан өмірге келген барлық сәбилер бақылауға алынады;
- Егер ПЦР тәсілімен тексеру мүмкіншілігі болмаса, онда иммуноблот тәсілімен 1,3 ай сайын қайталанып зерттеледі;
- ИФА тәсілімен - 6, 15, 18 - ші айларда тексеріледі.
Егер 18 айдан кейін ИФА тәсілімен тексеру оң қортынды бермесе, біздің бақытымызға, сәбидің сау болғаны.
Балаларда ЖИТС-ың даму ерекшеліктері:
- балаларда ересектермен салыстырғанда АИВ-ауруы жиі және тез
асқынады;
- балалардың 50 пайызында ЖИТСы анықтайтын аурулар 3-6 жас
шамасында байқалады;
- балаларда залалдың белгісіз кезеңі бірнеше жылға қыска;
- балаларда анадан жұқтырғаннан бастап алғашқы белгілері пайда болу
кезеңі, кан күю аркылы берілумен салыстырганда, қысқа.
Балалардағы АИВ – ауруының клиникалық көрінісі мен белгілері.
АИВ - жұқтырған балаларда ең жиі кездесетін індеттердің түрлері:
- пневмоцисті өкпе қабынуы;
- ауыз қуысының кадидозы немесе ұшыктар;
- цитомегалвирусты аурулар.
АИВ - жұқтырылған балаларды күтудегі кауіпсіздендіру шаралары:
- АИВ - жұқтырған балалардағы қанымен жұмыс істегенде латексті
немесе винилді қолғап кию;
- дәрігерлік көмек көрсететен адамның терісінде теміртке немесе
басқадай жаралар болса колғап кию қажет;
- сонымен қатар сәбидің жайалыған алмастырғанда, зәрі немесе нәжісін
тазартқанда да колгап киген дұрыс.
Емдеу.
АИВ - ауруымен науқастанған балаларды емдеу бірнеше бағытта жүргізіледі:
- вирустарға қарсы шаралар;
- алмастыру иммунотерапия арқылы иммундық деңгейін қалпына
келтіру:
- себебіне, сипатына және белгілерінің ауырлығына қарай қосымша
ауруларды емдеу;
- залалдың көріністері мен белгілерін емдеу.
55
5. Окыту бағдарламасы.
5.1. Әңгімелер.
Бірінші әңгіме
ЖИТС - шындық немесе біреулердің ойдан шығарғаны.
Адамзат өзінің бүкіл эволюциялық даму кезеңінде өз тіршілігіне қауіп туғызатын кішітұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болды.
Осы айдан анық ақиқатқы күмән туғызатын, оны жоққа шығаратын , тіпті сауаттылардың ішінен де, адамдар табылады.
ЖИТС проблемасыда бұдан тыс қалған жоқ.
Сонда "ЖИТС қарсыластарының" күмәндері немен негізделген, дәлелденген:
- біріншіден - олардың айтатыны - бұл тек ертеден белгілі індеттың жаңа атауы;
- екіншіден - қолданылып жүрген, ұсынылған талдаулар толық жауап бермейді, тұрақсыз;
- үшіншіден - ЖИТС-ын шақыратын иммундық тапшылық вирусы деп атап жүрген коздырғыш, адамның иммундық жүйесін_АИВ қалай бұзатынын зерттеушілер анық, дәл түсіндіре алмайтындықтен, оның себебі болуы мүмкін емес дейді. Тіпті имундық тапшылықты вирусты іздеу барысында дәрігерлер қолданылатын дәрі - дәрмектердің салдары деушілер де табылады.
Онтүстік Африка республикасында 2000 жылдың тамызында АИВ/'ЖИТСна арналған ХШ халыкаралық көнференция өтті және ол жанжалмен басталды, оған мұрындық болған мемлекет президенті Табо Мбеки. Оның айтуынша АИВ ЖИТСың себебі емес, барлық мәселе кедейлікте, тұрмыстың төменділігінде, басқаларға көмек бергісі келмейтін бай елдермен теңсіздікте. Әрине бұл саясат айласы, құрығы, себебі экономикалық тұрғыдан мемлекет АИВ жұқтырған оз азаматтарына көмекке келе алмайды. Осы мемлекеттің ақпаратына сүйенсек әр ауруға вируске қарсы қолданылатын небары бірақ капсула дәрі келеді, әр үшінші аяғы ауыр әйел АИВ - жұқтырушы қатарында. Қорғаныс министрінің айтуынша әр төртінші солдат қоздырғыш жұқтырушы.
ОАР мемлекетінің ресми шенеуліктері "бізді дұрыс түсінбедіңіздер" деуіне қарамастан жалпылай ақпарат құралдары ЖИТС-ын жоққа шығарғандыққа қарсы компания ұйымдастырды. Бір ағылшын журналының бетінде аңыз-ертегіге айналған полковникпен сұхпат келтірілген, онда ағылшын сақшылары колға аңызға айналған жоба түсірген - мыс, белгісіз халыкарлық мекеме жасырын вирус өндірген және дүрбелең, үрей әлемде жалпылай деңгейге жеткенде бұрыннан дайындалған, жасырын сақталуда, одан емдейтін дәріні нарыққа шығарады-мол, сөйтіп жасырын мекеме әлемдік кошеметке ие болады деумен біткен.
56
ЖИТС дегеніміз өлтіретін індет емес, бұл әлемді пайдаланып жасалатын бизнес деген Антала Макктың ойын Андрей Дмитриевский "Өте құпия" газетінің бетінде келтіреді.
"Ресей газетінде" Владимир Агеев ертедегілердін "Егер бұл шындық болмаса, онда жақсы ойлап табылған" деген ойларын келтірген.
Дегенмен, ЖИТС үшінші мың жылдықтың басында негізгі өлім әкелетін жүрек аурулары, ісік, безгек және туберкулез індеттерінің қатарына бесінші болып кірді.
Ең соңында, РМЕАың академгі Вадим Покровский мырзаның ойын келтіруді жөн көрдік: "Мен өз "қарсыластарыма" ең ауыр қасырет "ЖИТСын" жоқ деп дәлелдеу үшін АИВ - жұқтырғандардың қанын өз тамырларына құюғы ақыл бермеймін" - АИВ жұқтыру жүз пайыз болады.
Екінші әңгіме.
Әлемдік бірлесік ЖИТС-на қарсы.
АҚШғы Гарвард университетінің деректері бойынша ЖИТС 20 жыл ішінде әлемдік бірлестікке 200 миллиард долларға түсті және дәл бүгінгі күнде ЖИТС библей көлеміндегі қасыретке айналды.
Қазірдің өзінде, әлемдік банктің дерегінше, ЖИТСың салдарынан 30-дан артық мемлекеттердің ішкі тауар өнімі жыл сайын 1 пайызға төмендеген.
Б¥Ү Қауіпсіздер Советі 2000 жылдың каңтарында өз жұмысының бір күнін ЖИТС проблемасына арнады.
2000 жылдың қыркүйегінде «Мынжылдық» самитте әлем жетекшілері 2015 жылға дейін дерттің тарауына кеден койып және АИВ көлемін төмендету қадамын бастау туралы өздеріне міндеттеме алды.
Б¥¥ Нью-Йорк қаласында 2001 жылдың 25 - 27ші маусымында АИВ/ЖИТС проблемасына арналған арнайы сессиясын өткізді, ондағы талданған негізгі мәселелер:
1. Мемлекеттердің мүмкіншіліктері мен беделін пайдалану.
2. Халықаралық ұйымдармен келісу, санасу, оның ішіне әлеуметтік және экономикалық сұрақтармен шұғылданатын мемлекеттік емес ұйымдарда бірігуге тиісті.
3. АИВ дертімен күресу үшін қажетті мөлшерде қаржыландыру.
БҰҰың Бас қатшысы Кофи Аннаннын өз ойын "Мен ЖИТСна қарсы күресуге барлық қызығушы жақтардың толық қатынасуын өзімнің басты міндетім деп санаймын" деп тұжыруъшда көп мағына жатыр. Ол "акикат жарсысы" ретінде АИВ/ЖИТС эпидемиясы туралы "нақтылы және каттырақ" айтуға шақырды.
57
Біздін елде "ЖИТС ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылдан күшінде, онда ҚР тұрғындарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың АИВ дертіне тексерілуі мен тексерілгендігіне құқығы мен міндеттілігі айқындалған, жұктыру мен тарату жауапкершілігі, АИВ - жұқтырғандардің әлеуметтік қауіпсіздігі, олардың ақысыз емделуі нақтылы айқын көрсетілген. Біздің республикамызда АИВ қатеріне тексерілу ақысыз жүргізіледі.
Республикамызда 2001 жылдың қыркүйегінде елімізде ЖИТС-ың таралуына қарсы әрекеттер туралы алдағы 5 жылға бағытталған Үкіметтік Бағдарлама қабылданды. Айта кету керек, бұл екінші Бағдарлама, оған дейінгі 1996 - 2000 жылдарға арналғаны әртүрлі ведомстваларды, мысалы білім беру жүйесін, ішкі істер, заң, денсаулық сақтау мекемелері және басқаларының іс -әрекеттерін ЖИТС-мен күресуге біріктірді. Осы Бағдарламаның оң нәтиже бергенін уақыт дәлелдеді және оған біз куә болып отырмыз.
Тек қана бірлесіп әрекет жасау ЖИТС-ың жағдайын тұрақтандыруға, ал содан кейін оқиғаны түбімен түзетуге мүмкіндіктер туғызады, одан басқа шара жоқ.
Үшінші әңгіме.
Неден басталды. Қалай болды ?
АҚШ-дағы ауруларды қадағалау Орталығы 1981 жылдың маусымында американ дәрігерлері кездескен жаңа синдром (белгі) туралы баяндама жариалады. Баяндама бар жоғы тоғыз обзацтан тұрып, бір параққа сиған. Сол кезде баяндама жасаушылар қандай қауіпті қасырет туралы хабарлағанын өздері де ойламаған. Осы белгісіз синдром соңынан - жүре пайда болған иммундык тарыншылық синдромы деген атқа ие болды.
Болған істің маңызы неде болды: тіпті 1978 жылы дәрігерлер Лос-Анжелестің емханаларының бірінде жатқан төрт наукастың өкпе қабынуының ерекше дамуына назар аударған. Олар осы төрт науқастың өкпе қабынуына пневмоцист микробы себекер болғанын анықтайды. Ауру шақыратын кабілеті төмен болғандықтан микробтың бұл түрі ересек адамдарда ауру шақыра алмайтындығы медицинаға белгілі.
Сонда бұл не? Бұл деген микроб адам ағзасының корғану күшін, яғни онын иммунитетін жеңе алады деген сөз.
Дегенмен, ауру көз алдында, өте ауыр дамиды, өкпе қабынуын емдеп жүрген күнделікті қалыптаскан тәсілдер нәтиже бермеуде, тіпті төртеуінің де халдері нашарлай берген.
58
Өз науқастарының ағзасындағы корғаныс күшін тексере келе дәрігерлер шын мәнінде төртеуініңде белгісіз себетермен иммунитеттерінің кенет төмендегенін дәлелдеген.
Оған коса, науқастардың төртеуіде гомосексулистер топтарының мүшелері болып шыққан.
Міне осыдан кейін, мүмкін, бұл жұқпалы ауру шығар, оның қоздырғышы жыныс қатынасы жолымен беріліп, гомосексуалистер арасында тарайтын шығар, қанда болып, тұлғаны қорғаныс күшін әлсіретіп күнделікті жұқпалы аурулардың белсенділігін арттырады және олар сыртқы белгілерінің асқынуымен дамиды деген болжау туады.
Оқиғаның одан әрі дамуы осы болжамдардың көбі дұрыс екенін дәлелдеді.
Бүгін біразы айқын болғандай, жаңа синдром 1981 жылы ресми жарияланғанға дейін, дәрігерлер тек Америкада ғана мұндай аурумен кездесіп қана қоймаған, осыған ұқсас синдромдар 28 мемлекеттерде тіркеліп, науқастардың саны 100-ден асқан. Тіпті тек гомосексуалистер ғана ауырып қалмай, жиі кан құйғызған адамдарда байқалған. Барлық науқастарда клиникалық сыртқы көріністерінде тек қана өкпе қабынуы болмай, кейбіреулерінде тән залалды ісіктер (Капоши саркомасы) дамыған. Сонғысы да иммун жетіспеушілікке тән оқига екені белгілі.
Осы оқиғалардан кейін белгісіз аурудың қоздырғышын қарқынды және жанжақты іздеу басталды, ол 1983 жылдың ақпанында нәтижелі аяқталды.
Төртінші әңгіме.
"Себебі неде ? Кім кінәлі".
Жұмбақ қоздырғышты жатпай-талмай іздеу 1983 жылдың қантар айында өз нәтижесін берді.
ЖИТС-ың медицинада белгісіз қоздырғышын сол жылы АҚШ және Франция лабораторияларының жетекшілері француз ғалымы Д.Монтанье мен американ зерттеушісі Р.Галло өлген адамның мүшелерінен бір мезгілде ашты. Өкінішке орай, алғашқы науқастар жедел жүргізілген емдеуге қарамастан өле берген.
Вирус адам ағзасының қорғану күшін әлсіреткендіктен, яғни иммун жүйесін жарақаттайды. ЖД¥-ың Халықаралық комитеті оны - адамдағы иммундык жетіспеушілік вирусы (АИВ), ал иммун жүйесін жарақаттау әсерінен адамда пайда болатын өзгерістерді - жүре пайда болған иммундык тарыншылық синдромы, яғни ЖИТС деп атады.
59
Адамның иммундык тарыншылық вирусының (АИВ) сипаты неден тұрады?
ЖИТС қоздырғышы ретровирус нәсіліне жатады - ол өзінің РНҚ негізінде тұқымдық молекула (ДНҚ) жасайтын мүмкіншілігі бар белгілі тіршіліктегі жалғыз дара вирус, ал қалыптасқан жағдайдан осынын бәрі керісінше.
Бұл ұсак вирус, оны басқа вирустардан айыратын өз ерекшеліктері бар.
Біріншіден, АИВ ионды радиацияның әсерінен өз тіршілігін жоймайды.
Екіншіден, АИВ өзінің өсіп-өнуіне иесінің генетикалық кодын пайдаланады, яғни адамның. Осы жағдайда генетикалық код бұзылады және оның кейбір кұрамдарын вирус өзінің ұрпағына жаратады.
Дегенмен, біздің бақытымызға АИВ - табигатта кездесетін ең құбылмалы вирустардың бірі. Ол қоршаған ортада тұрақты емес және өте өзгерімпаз.
Вирус тұрақты емес: кептіргенде, кыздырғанда (56 °С жылылықта 30 минотте) тез тіршілігін жояды, залалсыздандыратын химиялық заттар (спирт, хлорамн, хлор ізбесі) ыкпалымен кенеттен өледі. Вирус асқорту жүйесіне түскенде аскорту ферменттері мен тұз қышқылының әсерінен тез бұзылады. Вирус адам терісіне түскенде сондағы тіршілік ететін бактериялар 20 минут шамасында оны құртады.
Вирустың электронды микроскоппен зерттегендегі сыртқы көрінісі өте қызғылықты және шарлы түйіншектермен коршалған бөртпе тәрізді, олар вирустың кобеюіне өте қажет. Осы шарлы түйіншектерімен вирус Т -лимфоциттер деп атайтын және адам ағзасында алғашқы иммун жүйесінің әрекетін атқаратын қанның түрлі элементті клеткаларына тығыз жабысуына мүмкіншіліктер алады.
Иммундық тапшылық вирусы ешқайда саспайды және асықпайды, өзінің баяу вирус деген атына сай, себебі организмге өткенен кейін оның иммун жүйесінін жарақаттанғанының қандайда болсын сыртқы көріністері пайда болғанша көптеген жылдар өтеді.
Келесі оқымыстылардың алдарына қойған мақсаты, вирустың шыққан көзін анықтау болды. Осы сұраққа жауап беру арқылы залалды ауруға қарсы тұруға мүмкіншілік туатындығы айдан анық сезілді.
Бесінші әңгіме.
Фараондар мумиясы. Эразм Ротердамскийден
біздің заманға дейін. Вирустың шығу тарихы.
Қазір, адамның иммундық тапшылық вирусының ашылғанына 20 жылдай уақыт өтседе, соның шығуы маңайындағы пікір тартыстар жалғасуда.
60
ЖИТС өзінің кең тарауын қай жерден бастады ? Бұл ауру бастау алған 1981 жылы АҚШ да ашылған, сондықтанда кейбір оқымыстылар оны АҚШ-нан дейді. Көптеген беделді мамандар ЖИТС-нын төркіні Орталык Африка дейді. Олардың ойынша вирус ертеден сыртпен қарым-қатынаста болмаған жеке аудандарда өмір сүрген, мысалы, ит мұрыны өтпейтін ормандардағы қоздырғышты жұқтырып, тұрып жатқан тайпы мекендерінде. Уақыт өте тұрғындардың мекенін ауыстыру процесінің жиіленуі мен Африкада қалаландыру басталғасын оның тарауына мүмкіншіліктер пайда болды. Шындығында да дәл бүгін африкалық қалалар ЖИТС-ның әлемдегі ең коп тараған жерлері.
Басқаларының ойынша, ЖИТС-нын пайда болуына Африканын кейбір аудандарында уран кенінің молдыгынан радиациянын жоғарғы деңгейде болуы әсерін тигізді. Жоғарғы радиациянын жалпылай көрінісінің салдарынан жергілікті мартышка маймылында тіршілік еткен вирус өзгеріске үшырайды, міне осы вирус адамга кауіпті болган.
Басқа болжам - қоздырғыш бактериологиялық қару ретінде лабораториялық жағдайда құрастырылған, бірақта оны іске асыру өте ұзак. Осы себебтен бұл әрекет іске аспаған, бірақ қоздырғыш лаборатория қабырғасынан сыртқа шыққан.
Шығуы туралы көптеген теориялар баршылык, тіпті олардың ішінде ақылға симайтындары да жеткілікті. Калифорния университетінің профессоры Брайан Куленнің пікірінше жер шарындағы алғашқы тіршілік динозаворлар ЖИТС-нан апат болған. Мұндай пікірге оқымысты хайуанның ДНК-ын зерттеу арқылы келген. Уфологтар вирустың космостан келгенін және сондағы мәдениетті қоғам оны лабораториялық жағдайда генді инженерия әдісімен құрастырған деген пікірде.
АҚШ түрмелерінде өлім жазасына кесілгендерге өткен ғасырдың 70 жылдары вируспен тәжрибе жасалынған деген деректер бар, осы АИВ болған, дегенмен кейбір өлім жазасын алғандар бостандыққа шығып, қоздырғышты ала шыққан.
Тарихшылар Эразм Ротердамскийдің өмірі мен өлімін зерттей келіп, осы қолбасшы ЖИТС-нан өлуі мүмкін деген болжам айтады.
Басқалары мысыр фараондарының қалдығын зерттей келіп, олардың тіндерінен табылған вирус құрамдары адамдағы иммундык жетіспеушілік вирусына жатуы мүмкін деген қортындығы келген.
Не десек те АИВ-ын шығуы туралы басымды теория австралия ғалымы Ричард Шорттың үлесінде, оны "жаралы аңшы" теориясы деп сипаттауға болады.
Теорияның маңызы төмендегіше: осы вирус Жер шарында ондаган және мыңдаған жыл маймылдардың иммундық жетіспеушілік вирусы ретінде өмір сүрген. Жылдар өткен сайын оларда даму, эволюцияға байланысты қоздырғышқа қарсы тұратын иммун жүйесі пайда болған, соңғысы АИВын қабылдамайтын қылған. XX ғасырдың басында адам Африка
61
континенттіндегі ну ормандарда тіршілік ететін хайуандар тіршілігін белсенді түрде игере бастады, оған коса Африканың жергілікті тұрғындары өздерінің салтына қарай маймылдар етін тағамға пайдаланып жейді. Осының салдарынан адам ағзасына вирус көшті және орнықты. Бұл процесс оңтүстік - батыс Африка жерінде іске асуы мүмкін.
АҚШ Лос-Аломоседегі өте қуатты әскери - өнеркәсіп бірлестігінің қаружарақ күштерінде вирустың тұраралық берілуімен байланысты мүмкін болған әртүрлі эволюциялық окиғалар сарапталған. Осы зерттеулердің қортындысы иммундық тапшылығынық вирусының тұраралық берелуі 1931 жыл мен 1941 жылдың аралығында іске асқандығын көрсетткен, ең туралай мерзімі - 1931 жыл. Бірте - бірте иммундық тапшылығынық вирусы адам ағзасына үйренген және залалдандыру қасиеттер алған, яғни адамның иммундық жүйесін бұзуға бейімделген. Егер бастапқы кездерде иммун жүйелерін толық істен шығара алмаса, Польша ғалымдарының пікірінше, Еуропада ЖИТС-ың бірінші лып етіп тарауы Гданскідегі неміс колонистерінде 1937 жылы тіркелген. Адамдардың өте қатты ауырғандарына қарамастан, ақырында олардың ешқайсысы өлмеген. Бірте - бірте вирус өзін-өзі жетілдірген, сөйтіп біз білетін қазіргі сипаттарына ие болған.
Алтыншы әңгіме.
Сонымен АИВ-ын жұқтырған адамдар қанша ?
Немесе қасыретті Африка.
Әр ақпарат көздеріне үңіле отырып, иммундық тапшылық вирусымен адамдардың залалданғаны туралы әртүрлі көрсеткіштерді кездестіруге болады, бір қызығы олардың бір- бірінен айырмашылығы миллион шамасында.
Оның себебі, әлемде АИВ жұқтырғандарды есепке алатын әдіс олі қалыптаспаған. Дамыған елдерде тек ЖИТС-мен ауырғандар ғана есепке алынады, ал басқа елдереде, оған Қазакстанда жатады, барлық АИВ -жұқтырғандар, ал Африка мемлекеттерінде тіпті есеп жүргізілмейді, оларда тек жұқтыруға мүмкіншіліктері бар адамдарға кана баға беріледі.
БҰҰның ЖИТС туралы біріктірілген ресми бағдарламасының деректеріне сүйенсек үшінші мың жылдықтың басында жер шарында 36 млн. АИВ жұқтырғандар белгілі болған, одан баска АИВ - ауруының тіркеле бастаған 1981 жылдан бері ЖИТС салдарынан 28 млн. адам өлген.
Сонымен, бәрін қосқанда жер шарында үшінші мың жылдықтың басында АИВ жұқтырғандардың саны 60 миллионнан артып түскен.
АИВ жұқтырған адамдардың ең көп тіркелген жері Африка тұрғындары.
62
Оңтүстік Сахара мен Кениядан ОАР дейін әлемнің 10 пайыз халқы тұрады, бірақ онда барлық АИВ - жұқтырғандардың 2/3 және ЖИТС-нан болған өлімнің 85 пайызы шоғырланған. Қазірдің өзінде ЖИТС-нан өлген адамдардың саны континенте болған барлық соғыстардан қаза болган адамдар санынан артып түсті.
Былайша алғанда бес Африка мемлекеттеріндегі ересек еркектердің 20 пайызы АИВ қасыретіне шалдыққандар. Африканың оңтүстік бөлігінде алдағы 5-10 жылдарда адам өмірі 59 жастан (90 жылдардағы деңгей) 45 жасқа (1950 жылғы деңгей) кемиді деген болжам бар.
ЖДҰ 1991 жылы XX ғасырдың соңында Африкада 9 млн. жұқтырған және 5 млн. өлім болады деп болжаган, ал болған оқиға үрейлендіреді - 24 млн. жұқтырғандар және 14 млн. өлім, қандай қайғы-қасырет десеңізші.
Оңтүстік Сахара аудандарында қазірдің өзінде әр үшінші бала ата -аналарсыз қалған. Көптеген ОАР, Намибия, Онтүсік Родезиядағы компаниялары қазірдің өзінде жыл бойы ЖИТС-нан бір адам өлетін болғандықтан бір жұмыс орнына екі адам қабылдайды.
Алғашқы космосты игере бастағанда Африкадан өтіп бара жатып космонавтар адам тіршілік еткен жарларді байкаган: орман көлемінің азайғаны, игерілген жерлердің ұлғайғанын, ауыл - мекендердің пайда болғанын. Қазір олар керісінше жағдайды байқауда - орман жаңадан адам тұратын орындарды "игеруде", ондағы барлық тұрғындар ЖИТС-нан өлу салдарынан бос калған ауылдарды көруде.
Біздің континентке келсек, АИВ - ауруының ең етек жайған жерлері Камбоджа, Мьяима, Таиланд елдері болып саналады.
Қытай, Непал, Малайзия елдерінде ЖИТС негізінен есіртке тұтынушылар арасында тарайды. Ендеше Қытайда 3 млн. наркоман тіркелген, солардың қақ жартысы жалпылай шприцті пайдаланады. Үнді мемлекетінде АИВ - ауруымен 4 млн. адам зардап шегуде, жалпы санынан бұл ел тек Оңтүстік Африкаға "жол" береді.
ЖИТСның құрылықтар арасында тарауы:
- Оңтүстік Африкада - 25 500 000;
- Солтүстік Африкада - 500 000;
- Латын Америкасында - 1 500 000;
- Кариб бассейініде - 420 000;
- Солтүстік Америкада - 950 000;
- Шығыс Еуропада - 1 000 000;
- Батыс Еуропада- 550 000;
- Шығыс Азия және Тынық мұхит аумығында - 1 000 000;
- Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияда - 5 500 000;
- Австралия және Жаңа Зеландияда - 15 000.
63
ЖИТСнын мемлекеттер арасында тарауы:
Индия - 3 970 ООО; Ресей - 700 000; Қазақстан - 6 000;
Индонезия - 120 ООО; Украина - 250 000; Тәжікстан - 200;
Иран - 20 ООО; Франция - 100 000; Өзбекстан - 740;
Малайзия - 42 000; Германия-41 000; Румыния - 6 500;
Армения - 2 400; Италия - 100 000; АҚШ -900 000;
Азербайжан - 1 400; Португалия - 27 000; Бразилия -610 000;
Белоруссия - 15 000; ҚырҒызстан - 500; Аргентина - 130 000.
Дәл қазір әлемде адамның иммундық тапшылығының вирусы тіркелмеген бірде бір мемлекет қалмады.
Әрине, әр елде АИВ - ауруының тарауының өз ерекшеліктері бар; олар ұлттық, діни ерекшеліктеріне, тұрмыс денгейіне, әйелдердің коғамдағы орнына және т.б. әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Дегенмен, ЖИТСың тарауында жалпылай заңдылықтар бар, оларды бірде - бір ел оралып өте алмайды.
Осы жалпылай заңдылықтарды білу тек мамандарға ғана емес, сонымен қоса, карапайым тұрғындарға да өте маңызды мәселе. Себебі ЖИТС тарауының әр сатысында халақтың белгілі тобының тәртіп, мінез - құлқына қажет болатын шектеулер қоюды қажет етеді.
Жетінші әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: |