Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Уәлиханов атындағы



бет5/10
Дата10.06.2017
өлшемі4,21 Mb.
#18969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Емдейміз !
Мезгіл - мезгіл жалпылай ақпарат беттерінде, хабарларда не ана мемлекетте, не мына мемлектте адамның иммундық таппшлық вирусына қарсы ем табылды деген алып қашпа деректер көрініліп жүр және қытай киары мен жайынның ескегін де еске салады.

Әлемде дәл бүгін АИВ дертін құртатын дәрі - дәрмектің әзірше жоқ екенін беделді түрде айтуға болады.

Бірақ, бұл вирустың алдында біз тіпті құралсызбыз деген сөз емес. АИВ - дертіне белсенді түрде шипа болатын дәрілер жан - жақты қарқынды түрде ізденілуде. Әлемдегі алдынғы қатардағы "Глаксо Велком", "Ля Рош" фармацевтік фирмалары бүгіннің өзінде жұқтырған адамның ағзасындағы вирустың өсіп - өнуіне кедергі жасайтын 15-ке жақын өте нәтижелі дәрілерді ұсынып отыр. Осыған байланысты қазіргі кезде АИВ жұқтырған адамға ұзақ және салауатты өмір сүруіне мүмкіншіліктер, бұрынғымен салыстырғанда, баршылық. АИВ - ауруы мен ЖИТС қасыретінің тамырына балта шабатын әзірше шама жоқ дедік, бірақ жоғарыда келтірілгендей әлемде күн сайын өмірді ұзартатын және денсаулықты қолдайтын дәрі - дәрмектер ашылуда. Осы дәрілердің ең басты топтарының бірі - ретровирустарға қарсы препараттар, олар АИВ тіршілігінің циклына кіреді (өтеді) немесе олардың өсіп - өнуіне кедергі жасайды. Алғашқы осындай дәрі, 1987 жылдан қолдануға ұлықсат берілген, ресейлік азидотимидин болып саналады. Содан бері осы тәрізді дәрілер саны көбеюде.

Ретровирустерге қарсы екі үлкен дәрілер тобы белгілі: протеаз ингибиторы және керісінше транскриптаз ингибиторы. Протеаз және транскриптаз - олар АИВ құрамына кіретін және вирустың өсіп - өнуіне

75

қажет белоктар. Белгілі белоктың әрекетін, іс-қимылын орындауға кедергі болатын және вирусты өсіп - өндірмейтін дәріні ингибитор деп атайды. Тек науқастың өзіне ғана жасаған керісінше транскриптаза мен бір протеаз ингибиторы екеуінен жасаған "коктейль" ең нәтижелі ем болып саналады. Бұл дәрі ауыр ЖИТС дертіне шалдыққандарды аз уақытта өмірге қайтарады және вирустың әрекетін сондай қалге жеткізеді, тіпті оны ең сезімтал тәсілдермен анықтауға болмайтын болады.



Қабаттасқан ауруларды емдеу олардың түріне байланасты жеке жүргізіледі.

ЖИТСмен науқастарды емдеу арнайы жұқпалы аурулар емханасының бөлек бөлімінде жүргізіледі.



Он алтыншы әңгіме.

АИВ дертін жұқтырамыз немесе жұктырмаймыз

бәрі өзімізге байланысты.
Маған АИВ - ауруын "XXI ғасырдың обасы" деу өте ұнамайды. Қазір, бұл қасыретті кім туғызатынын, қоздырғыштың сипаттарын, мүмкіншілік болған жұқтыру жолдарын білгеннен кейін "оба" немесе "сіреспе" атауларына орын болмауға тиісті. АИВ дертін кездейсоқ жұқтыру мүмкін емес екені айдан анық. Тек адам біле тұра өзін соны жұқтыратын окиғаға ұшыратады, мүмкіншіліктер жасайды.

Сонымен, АИВ дертін жұқтырмау үшін не істеу керек ? Соңғы жылдардағы пайда болған ғылыми және практикадағы деректерге талдау жасасақ, емделмейтін ЖИТС қасыретімен ауырмау үшін, былай қарағанда өте жабайы, барлық әлемде қалыптасқан төрт «болмайды» деп атайтын ережені ұстау қажет. Олар төмендегілер:

- есіртке пайдалануға БОЛМАЙДЬІ, егер ол бола калған жағдайда және

одан құтылуға шара қалмағанда, канға құюмен байланысты емес

олардың басқа түріне көшу. Тіпті болмаған оқиғада - тек өз шприцін

пайдалану және есірткені өзі жасау;

- екіншісі, ерте жыныс қатынасын бастауға БОЛМАЙДЫ. Оны кеш

бастау әлі ешкімге зыян болған жоқ;

- үшінші ереже - егер ол үшін сіз жалғыз болған жағдайда сексуальді

көңілдесті біреуден асыруға БОЛМАЙДЫ. Өзара беріктік, көз

боямаушылық - барлық жыныс жолымен берілетін аурулардың, оның

ішіне АИВ дерті де кіреді, алдын алудағы бірде - бір нәтижелі құрал;

- акырғы төртіншісі: егер кездейсоқ жыныс әрекетінен босану

мүмкіншілігі болмаған жағдайда, немесе көңілдесің сезіктену туғысса,

қауіпті секс жасауға БОЛМАЙДЫ, оны қауіпсіздендіруге тиіссіз.

76

Өкінішке орай, бізде әлі презервативті пайдалану мәдениеті жетіспейді. Кейбір жалпылай ақпарат құралдарының латекс резенкесінің пәрменсіз жәйін жариалауыда өз зыяндығын себуде. Мысалдар келтіреді, латексте көлемі 1 мк тесіктер кездеседі - мол, ал АИВ одан әлде қайда кіші. Бірақ, осындай хабарлардың авторлары төмендегідей факторларды біле бермейді, вирус өз бетімен жылжи алмайтын, яғни "қозғалмайтын" тіршілік және шәуһетте вирус жылжымалы клеткаларға жабыспайды, айтайық сперматозоидке, тіпті жабысқан күнде де сол тесіктерден вирустың шығуы үшін презерватив ішінде оны жыртатын шамадан тыс қысым қажет. Одан басқа, Франция мен Германия және Англия мен Голландиялардың әйгілі фирмаларының өз тауарларына жүргізген сынау резенкеде ешқандай тесіктердің жоқ екенін дәлелдеді (электронды микроскоппен 300 мың есе үлкейткенде) - сумен байкауда ешқандай ағым бермеген (суды жібермеген), ал су молекулаларының 1 мк әлде қайда кіші екені бәрімізге белгілі.



Тіпті сапасы төмен Қытай, Үндістан шығарған презервативтерді пайдалану, АИВ дертін жұқтыру қаупін 10 мың есе төмендетеді.

Ақырғы есте сақтайтынымыз, жоғарға жылу болсын немесе төменгі жылу болсын латекс резенкесінің сапасын нашарлатады.

Ешқашанда презервативті арнайы емес магазиндерден сатып алуға болмайды.

Есте болсын, әзірше жыныс жолдарымен берілетін аурулардан сақтайтын одан артық құрал жоқ.


Он жетінші әңгіме.
АИВна қай жерде тексерілуге болады ?

Ең маңыздысы оны қашан жасауға болады?
Республика мен облыс орталықтарында және үлкен қалаларда ЖИТС-на тексеру жүргізетін арнайы ғылымның соңғы құрал - саймандармен жабдықталған лабораториялар бар. Көкшетау қаласында ЖИТС-мен күресу және алдын алу облыстық орталық бар, ол Сәтпаев кошесіндегі № 6 үйде орналасқан, міне осында тексерілген абзал.

Қазақстан республикасында АИВ-на төмендегідей тексеру түрлері жүргізіледі:

- өз еркімен - толық сенімшілікпен белгісіз немесе жасырын, тек өзі

ғана білетін болады;

- міндетті түрде - жасырын сыр сақталады, дәрігерлік құпия;

- клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштермен;

- жасырын немесе сыр сақтау.
Қазақстан республикасының азаматтары, шет елден келгендер мен азаматтығы жоқ адамдар, өз қалауынша АИВ дертіне тексеруден өтуге

77

болады, тексеру тәсілін әр адам өзі таңдайды: кұжаттсыз (жасырын), кұжатын көрсетіп немесе дәрігерлік құпиялықты сақтай отырып өзі туралы



мәліметтерді айту.

АИВ - ауруына өз еркімен тексерілуге тілек білдірген барлық адамдар ЖИТС-мен күресу және алдын алу орталығында алдымен психикалық -әлеуметтік ақыл - кеңестен өтеді. Бұл не үшін қажет? Ең алдымен маман окиғаға баға береді, айтайық АИВ дертін жұқтыру қаупін туғызатын есте қалған сезікті жағдайлар болды ма, егер болса қашан, қай жерде. АИВна тексеру мерзімі сонымен байланысты, тіпті оның дәлелі мен қажеттігі. Әрине, тексеру каржысыз жүргізіледі, бірақ ешнәрсе жәй түспейді. Айта келгенде, әр тексеруге біз төлейміз – олар қаржы төлеушілер.

АИВ-на жүргізілген әр зерттеудің өзіндік құны 500 тенге. Кейде психолог маманға өмірінде кездейсоқ кездесулер болмаған, өмірінде есірткі бірде бір пайдаланбаған, ешқашан қан құйғызбаған, ал соңғы инъекцияны бала шағанда алған, яғни АИВ дертін жұқтыруға ешқандай себебтер болмаған адамдар жиі келеді. Мұндай "сәбиді" АИВ - ауруына тексерудің қажеті қандай, тек үкімет қаражатын текке шығару деген сөз.

Басқа жиі кездесетін жағдай, кездейсоқ жыныстық қатынаста болған, жұқтыру мүмкіндігі үрейлендіреді, содан қасырет шеккен адам бірнеше күн өткесін келіп тексеруді өтінеді.

Есте болатын мәселе, АИВ-ын жұқтырғаннан кейін, лаборатория тәсілімен анықтайтын оның қарсы заты, 3 айдан кейін пайда болады.

Уақытынан ерте тексеруде ешқандай нәтиже болмайды, тіпті індетті жұқтырған күнде де қортынды болмайды, яғни теріс жауап болады.


5.2. Үйрету сабағы
ЖИТС -арнайы құрысы бойынша тренинг сабақтардың бағдарламасы,
І.Төмендегідей сауалдар бойынша пікірталас:
1. Сіз ЖИТС жөнінде білесіз бе?

2. Сіздінше ЖИТС қайдан пайда болды?

3. ЖИТС дертін жұқтырған адамның сырт пішініне қарап анықтауға

бола ма?


4. Адамдар АИВ - инфекциясымен қалай зақымданады?

5. ЖИТС жұқтырғышымен закымдануға кім тәуекел етеді?

6. ЖИТС жұқтырғышымен закымдануға кім тәуекел етпейді?

7. Сіздің пікіріңізше адамдар (сіздің елде, республикада, облыста,

қалада) қандай жағдайда және неге ЖИТС жұқтырғышымен

зақымданады ?

78

8. Адамзат үшін басқа мәселелермен салыстырғанда ЖИТС мәселесі



сізге қаншалықты өзекті болып табылады?

9. АИВ - мен зақымданудан өзін сақтау үшін сіздің ойынызша адамдар

не істуге тиісті?

10.Егер отбасында немесе коғамда біреу АИВ - жұқтырса, сіздінше сіз

тұратын жердің тұрғындарының оған көзқарасы қандай болады және

бұл жариялылық жемісті бола ма?

11.Сіз және тұрғындар тыңдайтын, оқитын АИВ/ЖИТС жөнінде қандай

ақпарат көздерін білесіз?

12. Сіздің тұратын қаланың, облыстың, республиканың жастары АИВ

мен ЖИТС жұқтырғышын таратылмауын ескерту үшін сіздің

ойыңызша не істеуге болады?

13. АИВ жұқтырған, ЖИТС-пен ауратын тұлғаларға, сондай-ақ олардың

отбасыларына көмек көрсету бағытында сіздің ойыңызша не істеу

керек?


14. АИВ жұқтырған, ЖИТС-мен ауратын тұлғаларға, блин, сондай-ақ

олардың отбасыларына көмек көрсету және ағарту жұмыстарын

жүргізу үшін сіз қандай материалдарды қолданғыңыз келер еді.
Сізге жекелеген мақсатты, топтық пікір - таластарды жүргізу үшін, спецификалық сипаттағы ақпараттар талап етілуі мүмкін. Мысалы: саған өз қалаңда (республикада) донорлар санының азайғаны белгілі болды. Сен мұны адамдардың АИВ-мен зақымдануынан қорғануға байланысты деп есептейсің. Бұл жағдайда көпшілік не ойлайды, соны анықтаған жөн және ақпараттық науқандарды жасауда олардың білім мәселелерін ескерген дұрыс. Төменде сауалдар жобасы келтіріліп, онда аталған әлеуметтік топтың ақпараттану деңгейі анықталады.
Донорлық бойынша мақсатты топтар үшін сауалдар.
1. Адамдар неге қан тапсырады?

2. Кейбір адамдар қандай себеппен қан тапсырғысы келмейді?

3. Сеніц ойыңша, егер қажет болса, қан тапсыруға даяр және

тапсырғысы келетін адамдар қандай типке жатады?

4. Сенің ойыңша, кейбір адамдарға қан тапсыруды ұсынбау дұрыс па?

5. Сенің ойыңша ЖИТС мәселесінің донырлыққа әсері бар ма?

6. Сенің ойыңша, адамдар ЖИТС жұқтырғышымен қандай жағдайда

зақымданады?

7. Сенің ойыңша, кімнің АИВ жұқтыруға қаупі мол?

8. Кім АИВ жұқтырмауға тәуекел етеді?

79

9. Сснің ойыңша донорлар ЖИТС жөнінде қандай ақпарат алуы керек?



І0.Сенің ойыңша донорлар қатарына көп адамдар тартудын қандай

жолдары бар?

11.Егер сенің қаныңда АИВ табылса, өзіңді қалай сезінер едің?

12.Сен нәтижені қандай сезімде күтер едің?

ІЗ.Сенің ойыңша, өз қалаңда АИВ/ЖИТС жөнінде дәлелді ақпараттарды

кімнен алуға болады (көздерін ата, мүмкін ол бұқаралық ақпарат

құралдары, мұғалімдер, дәрігерлер басқа да медицина қызметкерлері

және т.б.)

14.Егер сен донор орталығына келсең, АИВ/ЖИТС жөнінде қандай

ақпарат және оны қандай түрде алар едіңіз?

15.Донарға байланысты сіздің ойыңызша басқа қандай мәселелер бар?
Келтірілген мысалдар - адамдар бастан кешетін бірнеше жағдайлар, сол немесе басқа да ЖИТС мәселесіне араласқанын көрсетеді. Соған, жастар көшбасшы топпен бірге адамдар сол ауданда (қалада, ауылда) олардың арасында ЖИТС -мен ауыратын адам бар екенін білсе, оны қалай қабылдайды. Сіз оның алдын алу үшін не істей алар едініз.
Сіз жастар көш басшысы ретінде не істей алар едіңіз ?
Бұл басшылық ЖИТС жұқтырғышының таралуын ескерту бойынша іс -шараларды жоспарлауды талап ететінін көрсетеді. Ол барлық мәселелерге жауап беруді аңғартпайды. Бірақ авторлар сіз өз күшіңізде неге сенім артасыз, қандай ақпарат аласыз, соған үміт артады. Әр күнгі бір жаңалық немесе жауапсыз сауалдар туындағанымен негізгі факторлар өзгеріссіз қалуда. Жұқтырудың жаңа көріністерін ескерту АИВ және ЖИТС -мен ауыратындарға көмек пен қолдау көрсету бүгінгі таңда ЖИТС -мен күресте басты рөл атқарады. Тіпті барлығын білмей тұрып, көп нәрсе істеуге болады. Ол үшін медицина қызметкері болу міндет емес. Бастысы жетістіктерге жетуге деген талпыныс болуы тиіс.
1 Ақпараттық сабақ
Такырыбы: «Біз не білеміз»

Қажетті құрал - жабдықтар: Кәртішке жасауға арналған кағаз, түрлі -түсті бояулар.

Қатысушылар саны: Егер сенің тобыңда қатысушылар 12-15 -тен көп болса, оларды шағын топтарга бөліп, әрқайсысын кәртішкелер жиынтығымен жабдықтау керек.

80

Сабақ барысы: Сабақты бастамас бұрын, сіз ақпарат кәртішкелер жиынтығын әр қатысушыға жеткізу керек. Кәртішкеге енгізілетін сауалдар мақсаты топтың пікір - таластар өткізгеннен соң алынуы мүмкін. Бұл жағдайда сабақ топтардың ақпараттық қажеттіліктеріне толық жауап беретін болады. Кәртішкеден жазбаша мәтінің орнынына суреттер немесе фотосуреттер енгізілуі мүмкін.



Кәртішкелерді дайындау үшін ситуациялық сауалдардың жобалы

тізбесі:


- беттен сүю,

- емдеу орынындағы инъекция,

- оральды (ауыз) секс,

- некедегі жыныстық өмір,

- қан құю,

- басқа адамның тіс жуғышын пайдалану,

- бассейінге шомылу,

- нашақормен жыныстық қатынас,

- топтық сүндетке отырғызу,

- құшарлы (терең) сүю,

- ЖИТС мен ауыратын адамды күту,

- масанын шағуы, осының алдында АИВ/ЖИТС - мен ауырған адамды

шақса,

- әр түрлі адамдармен жиі жыныстық байланыс,



- құлақты тесу,

- АИВ/ЖИТС -мен ауыратын адаммен бір бөлмеде тұру,

- таңба салу,

- анальды (көтен ішек) жыныстық қатынас,

- АИВ/ЖИТС -мен ауыратын адамды құшақтау,

- қоғамдық дәретхананы пайдалану,

- төсек қандаласының шағуы.
Бұдан басқа тағы төрт кәртішке дайындау керек.

1. Жоғары тәуекел.

2. Орташа тәуекел.

3. Тәуекел қағыс калады.

4. Білмеймін.
Осыдан кейін бір қатысушыдан еденге тәуекел сызығын жүргізуді сұра. Оның бір үшына жоғары тәуекел, екінші үшына тәуекел кағыс қалады деген жазуы бар кәртішкені орналастыр. Ал орташа тәуекел деген жазуы бар кәртішкені ортаға жақын орналастыр. Сонғы кәртішкенің орынын топпен келісіп анықта.

81

Топ сызықты коршай қатысушылар отырғаннан кейін бәріне алдын ала дайындалған кәртішкені таратыңыз. Қатысушылар өздеріне тиесілі кәртішкедегі сұрақты оқып танысқаннан кейін «тәуекел» сызығына қоюлары керек. Ал сұраққа келіспесе кәртішкені «білмеймін» деген жазуы бар жерге қою керек. Осыдан кейін кәртішкедегі сұрақтар жерге сызылған төрт сызықты бөлімдерге келісе ме, қатысушылардан сұраңыз. Егер кімде -кім кәртішкені басқа бөлімге орналастырғысы келсе, өз пікірін міндетті түрде айғакты дәлелдермен бекітуге тиіс. Топтың әр мүшесінің мәселелерді талқылауға жағдайы болуы керек. Сабақтың бұл бөлігіне 20-30 минот кетеді.



Қарама - қайшылық туындаған кәртішкені жеке алып қойыңыз. Топпен әр даулы мәселелерді талқылап болғаннан кейін фактілерді келтіре отырып жалпы келісімге келініз.

Жетекшінің назары: Сабақтың аяғында катысушыларды жоғарғы тәуекел, орташа немесе жоқ кәртішкелерде белгіленгендерін санап шығыңыз.Сонымен қатар қатысушылар тағы қандай сауалдарды белгілегілері келеді екен соны сұрап біліңіз. Бұл сізге келесі сабақты дайындауға комектеседі.


Кәртішкеде көрсетілген ситуациялық сауалдарға жобалы жауаптар.
Жоғарғы тәуекел:
Анальді жыныстык қатынас. АИВ жұғу қаупін жоғарлатады, тік ішек жеңіл зақымданып, қан ағуына әкеліп соғады. Өз кезегінде шәуһеттің қанды кеңістікке енуіне жол ашады.

Әр түрлі адамдармен жиі жыныстық қатынас.

Әрбір бейтаныс адаммен жыныстық қатынас АИВ -ның жұғу қаупін молайтады. Мұндай жағдайда кауіпсіз секске көшкен жөн.
Нашақормен жыныстық қатынас.

Егер сенің әріптесін есірткіні инемен енгізсе, әр уақытта залалсыздандырылған инені қолданбаса, ол басқа нашақорлармен бірге жалпы инені пайдаланса ол белгілі бір дәрежеде АИВ -жұқтырғышының қаупіне жақындай түседі. Мұндай адаммен жыныстық қатынас сізге де мол қауіп әкеледі. Нашакорға есірткі мен ішімдік оның ой өрісін бұзып, дұрыс шешім қабылдау касиетін әлсіретеді, өз -өзіне ие бола алмаған ол сақтағыш құралды пайдаланбай жыныстық катынаска түседі. Бұның соңы өзіне де баскаға да қауіп төндіреді.



82

Топтық сүндетке отырғызу.

Көптеген халықта, оның ішінде қазақта бар, жас адамдарды топтық сүндетке отырғызу салты бар. Сүндетке отырғызу кезінде пайдаланған құралдар залалсыздандырылмаса екінші адамға жұғуы мүмкін.


Құлақты тесу.

Залалсыздандырылған немсе бір рет қолданылатын инелермен жүргізілгенде қауіп азаяды. Сондай - ақ егер бірнеше адамның құлағын бір инемен тессе, осы адамдар аз да болса АИВ - ын жұқтыру қаупіне ұшырайды. Денеге сиямен таңба салғанда да залалсыздандырылған ине қолдануды талап етіледі.


Басқа адамның тіс жуғышын пайдалану.

Ауыз арқылы түрлі инфекциялар берілетіні әр уақытта ескертіледі және мұндай істерден сақтанған жөн. Осы уақытқа дейін мұндай жолмен АИВ -тың берілетіні жөнінде окиғалар жоқ. В гепатиті және басқа осыған ұқсас ауырулар жұғатынын ескерген жөн.


Құшырлана сую.

Ауыз сілекейі арқылы cay адамның қанына жұқтырғыш түсуі мүмкін болғанда оның зардабы мол. Сондай -ақ тері мен ауыз маңайындағы және еріндегі сілекей қабаттары зақымданғанда қан ағуы басталып, қауіп төндіреді. Түкірікте көп мөлшерде АИВ жұқтырғышы бола бермейді.


Тәуекелдің қағыс қалуы,

Некедегі жыныстық өмір.

Ерлі зайыптылардың жыныстық қатынастан тыс окиғаларға қатысы болмаса, олардың қауіптіліктен бойлары ада болады. Көптеген халыңтарда көп әйел алу өмірде кездеседі, олар неке ауқымында бір - бірше адалдықты сақтаса АИВ тен де еркін болады.


Қоғамдық дәретханаларды пайдалану.

Вирус нәжіс пен кіші дәрет арқылы берілмейді. Бұл оқиғаларда адам ағзасында вирус табылған, бірақ адамды зақымдау үшін оның куаты жеткіліксіз.


Бассейінде шомылу.

АИВ адам ағзасынан тыс жерде тез өледі. Су вирустің күшін күрт әлсіретеді, сондықтан оның мөлшері адамды зақымдау үшін, егер ол адам ағзасына еніп кетсе де, жеткіліксіздігі байқалады.


Беттен сую.

Зақымдану каупі толығымен сырт қалады.

83

ЖИТС - мен ауратын адамды күту.

Егер гигиенаның негізгі ережелерін сақтаса, онда зақымдануға ешқандай қауіп болмайды. Жараның жабық болуын, таңғышқа сіңген қанды полиэтилен қағазға орап көміп тастаған жөн. Ауырудың қаны сінген төсек орынды ыстық сумен сабындап жуу және күннің көзіне кептіруі талап етіледі. Сен күтім жасайтын науқас көмек талап ететін басқа адамдар сияқты назар аударуды кажетсінеді.


ЖИТС -мен ауратын адамды шаққан масаның екінші адамды шағуы.

Қан кұйғанда, дәрі - дәрмектер арқылы немесе залалсыздандырылмаған медициналық құралдарды АИВ жұкса бұл кездейсоқтық жағдай емес. Ал қан сорғыш бунақ буындардың анатомиялық және ас қорту физиологиясының ерекшеліктері вирустың жұғу қасиетін жояды.


ЖИТС-мен ауратын адаммен бір бөлмеде тұру.

Егер ол адам туберкулездің ашык түрімен немесе басқа да ауа арқылы жұғатын инфекциялармен бұрын аурмаған болса қауіп көп емес. Бірақ сақтану ережелерін қатаң кадағалау керек. ЖИТС -мен ауырған бөлмелесіне әр уақыт рухани дем беру, өмір сүруге құлшынысын арттыру, сенің оған деген қайырымды қарым -қатынасыңды аңғартады.


АИВ/ЖИТС - мен ауыратын адамды құшақтау.

Зақымдану қаупі аз, тіпті жоқ десе де болады.


Тәуекел денгейі нақты белгісіз.
Қан құю.

Кейбір елдерде қанның құрамындағы АИВ -ын анықтауға зерттеу жүргізілмейді. Мұндай жағдайларда реципиентке АИВ бар қанды құю, бұл әрекет зақымдану каупін тудырудың жоғарғы дәрежесі болуы мүмкін. Ал АИВ-ын анықтау арқылы донорлық қанды құятын елдерде қан құюдың каупі аз, оның төменгі дәрежесіне сәйкес келеді.


Оральды секс.

Бұл өте күрделі сала. Қазіргі уакытқа дейін мамандардың жыныс қатынасының бұл түрінің қауіп дәрежесі жөнінде пікірлері бір арнаға тоғыспады. Әсіресе, егер адам әріптесінің ауыз мүшесіне оны мәжүбірлесе бұл мәселе бойынша айғақты зерттеулер жүргізу оңай емес, өйткені жыныстық қатынастың бұл түрін адамдардың аз ғана тобы тәжірибеге айналдырған. Бұл жақындасуды, егер әріптесінде тісті немесе тіс етінен қан ағып тұрса, онда АИВ сияқты өзге де инфекциялар тірілуі мүмкін.



84

Медициналық мекемедегі инъекция.

Егер әр инъекция залалсыздандырылған инемен істелінсе ондағы қауіп аз болады. Әрбір инъекцияның алдында бұған назар аударудың маңызы зор. Өйткені инъекциядан соң қанның аз ғана мөлшерінде АИВ сақталады. яғни осы инемен басқа адамға инъекция зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.


2 Ақпараттық тапсырма
Мақсаты: Жас адамдарға жыныстық қатынастардан уақытша бас тартуға керектігін шегелеп айту - саналы шешім болып табылады.
Сабақты өткізу әдістемесі : Ми шабуылы, жалпы топтык пікір -талас.
Қажетті құрал - жабдықтар: Тақта, қаламсап, бор, сүрткіш.
Сабақты өткізу барысы:

1. Тақтада «Уақытша жыныстық өмірден бас тарт» тақырыпшасы жазылып және тақтаны көлденең сызықпен екіге бөліңіз. Әрқайсысын «Басымдық» және «Кемшіліктер» деп атаңыз.

2. Қатысушылардан жылдам ырғақта олардың ойынша, Басымдық пен Кемшілік өз алдына жыныстық өмірден уақытша бас тартуға шешім жасайтынын айтуын сұраңыз (мысалы: үйлену тойына дейін).

3. Осыдан кейін енгізілген ұсыныстарды талқылауды ұйымдастырыңыз.


Жетекшіге ескерту.

Үлгі:


Жыныстық өмірден уақытша бас тарту Басымдық.

- Жыныстық аурулары және ЖИТС вирусымен екіқабаттылық жағдайында зақымдану мүмкіндігіне қамығуға болмайды.

- Егер көңілдесің әріптесің талап етсе де, өз көзқарасыңызды өзгертпеңіз.

- Өзіңіздің моралдық қағидаларға сенімділік сезім.


Кемшіліктер:

- Жақын досыңды немесе құрбыңмен ара - қатынасыңның алшақтауы:.

- Сенің бойыңдағы кемшіліктерді біліп, достарыңның саған деген көзқарастары өзгеруі, сені күлкі немесе мазақ ету.
Қортындысын шығарыңыз:

Сабақтың соңында ондағы қатысушыларга өздеріне бейтаныс жаңалықтарды ашуына талпыныс жасаңыз. Өзіңіз сабақтан күткен нәтижеге

85

қол жеткіздіңіз бе? Топтың барлық мүшесі белсенді қатысты ма? Келесіде осындай әдіспен сабақ өткізу тиімді ме?


3 Ақпараттық сабақ
"Сексуалдық кескін келбет туралы "
Мақсаты: Қатысушы топқа "Адам қашан және қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі" деген сауал тастаңыз және топпен бірге жастар арасында жыныстық әдеттерді қалыптастыруда жекелеген адамдар қандай рөл атқарады, соны анықтаңыз.
Қажетті құрал -жабдықтар: Қағаз, қарындаш, тақта.

Сабақтың өту барысы: Топқа жалпы сұрақтар қою арқылы сабақты бастайсыз:

1. "Әсет пен Әсел жиі кездесе бастады. Оларды достары өзара олар жыныстык қатынас сүре ме, соған дауласады"
2. Қағазға келесідей сауалдарды жазыныз:

- Сіздің пікірінізше бүл екі жеткіншек арасындағы жыныстык байланысқа жол беру дүрыс па?

- Сіздің ойыңызша оны қашан бастауға болады?

- Бұған ата - аналары қалай қарайды?

- Сен олардың досы ретінде не айтар едің?

- Діни жақтан бұған жол беруге бола ма?

- Бұған олардың мектептегі жолдастары мен мұғалімдері қалай қарайды?
3. Барлық қатысып отырғандарды 3 -4 адамнан берілген сауалдарды талқылау үшін бөліңіз.

4. Әр топтан олардың пікірінше, жыныстық өмірді бастауға жеке ойларына әсер ететін сауал ойлап табуын тапсырыңыз.

5. Топтарға өзара әр - қилы пікірлерді талқылауды ұсын.

6. Пікірлер талқыланып болған соң жалпы қатысушыларға ортақ "Егер өз басың жоғарыдағыдай сексуалды қылықтарға бойың үйренген болса сен айналаң және жақындарыңның арасында өзіңді қалай сезінер едіңіз"


Жетекшінің назары: Қатысушылардың қайсы бірі мұндай мәселелерді талқылауға ұялатынына немесе тілек білдіретініне дайын болыңыз. Мүмкін олар ондай тақырыпта жеке бірге - бір әңгімелескісі келетін шығар. Сонымен қатар бұл сабақ топ мүшелерінің сол немесе басқа танымдарына қате көзқарас пен қажеттіліктің жекелеген мәселелерін білу, мінез -құлқына пайдалы екеніне әркім де көз жеткізеді.

86

Нәтижесін шығару.

Бұл сабақты бағалау тәсілдерінің бірі қысқыша сауалдар жасау арқылы мүмкін болады. Оған келесідей мазмұндағы бірнеше сауалдарды енгізуге болады. "Жүргізілген пікірталастың барлығы жас өспірімдерге пайдалы деп есептей ме?" "Талқылау кезінде ұяттықты сезінді ме?"" Оның тағы да ЖИТС жайлы білгісі келе ме?" Бұл сауалнаманы жасырын түрде жүргізуге болады, сауалнамаларды жинап алып, жауаптармен барлық топты таныстырыңыз. Сонымен қатар қатысушылар келесі сабақта қандай мәселелерді талқылағысы келетініне назар аударыңыз.


4 Ақпаратық сабақ
Мақсаты: Қатысушыларды ЖИТС дертінің адамдарды зақымдауға әкеліп соғатын себептеріне, сондай -ақ оның жедел жұқтырылуына байланысты өз пікірлерін айтуға, ойлануға талап қою. Сабақтың соңында жүргізілген пікір -талас негізінде АИВ зақымданудың алдын алу жолдары жөнінде ұсыныс жасауға болады.
Уақыт: екі сағат
Қажетті құрал-жабдықтар: Қағаз, кортон, кайшы, қаламсап.
Қатысушыларды 3-4 тен топшаларға бөлу.

Сабақтың барысы:

1. Бөлінген топшаларға олардың жеке пікірінше АИВ -мен зақымдануға

әкелетін барлық себептерді келтіруге ұсыныс жасаңыз.

2. Келтірілген себептерді картонның бетіне белгілі тәртіппен жазған соң,

оларды тұйықтап кесіңіз.

3. Осыдан кейін топшалардан келген АИВ -мен зақымдану себептері оған

әсер ететін факторлар жөніндегі сауалдарды жалпы қатысушылар болып

пікір -талас ретінде талқылаңыз.

4. ЖИТС -мен ауратын адамдарға көмекті ұйымдастыру үшін қандай

факторларды қабылдаған жөн.

Аталған адам өзінің күшінде емес, оның мінез - құлқына әсер ететін аса қауіптілер (мысалы: жезөкшелер, нашақорлар және т.б.) қандай факторлар.
5 Ақпараттық сабақ
Такырыбы: "Жоқ деп жауап беру де өнер"
Мақсаты: Ер баланы немесе қыз баланы жыныстық қатынасқа итермелейтін негізгі факторларды анықтау.

87

- Бұл факторға әсер ету жүйелерін табу.



- Жас адамдардың зақымдану қаупін анықтау.
Қажетті кұрал - жабдықтар: Қағаз, қарындаш.
Сабақтың барысы: Қатысушыларды топшаларға 3- 4 адамнан бөліңіз. Олар бір жыныстағылар болуы да мүмкін. Топшаларға болінген соң қатысушылардан төмендегідей сауалдардан жауап алуға тырысыңыз.

- Егер сіз жыныстық қатынасқа түскіңіз келмесе, яғни сіздің зауқыңыз соқпай немесе ауырып тұрсаңыз.

- Бұл жағдай сіз үшін алғашкы оқиға.

- "Қорықпай -ақ қой бұл біздің арамызда қалады."

- "Жақсы мен келісемін, бірақ бір жағдай болса сен жауап бересің"
Әр шағын топ барлық шағын топ үшін өздерінің ой нәтижелерін айтады. Сондай - ақ екі топтан бір - бір адамнан ортаға шығып жоғардағыдай сұрақ жауап түрінде ойын жүргізеді. Бүған шамамен 15 минуттай уақыт кетеді. Қатысушыларға осы ойында өз ролдерін айырбастап жауап орынына сұрақ беруге мүмкіндік беріңіз. Нәтижесін жалпы қатысушылармен талқылаңыз.
Жетекшінің назары: Уақытты үнемдей отырып бір немесе бірнеше ролдер ойнауды ұйымдастырыңыз. Ең бастысы жастарды әңгімеге тарта отырып, қауіпсіз жыныстық қатынасқа үйрету. Сабақ өткізуге негізіне 1,5 сағат жеткілікті.
Нәтижесін шығару: Бұл сабақта алған білімді іс жүзінде тексеруге жақсы мүмкіндік болып табылады. Қатысушылардын өткен сабақ жөнінде пікірін айқындап алыңыз. Келесі сабақта қандай қосымша ақпараттарды, танымдарды үйренгісі келетінін сұрап біліңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет