ЖИТС эпидемиясының үш сатысы.
Дәл казір әлемде адамдар арасында адамның имүндық тапшылық вирусы тіркелмеген бірде - бір мемлекет қалмады.
Әрине, әр елде АИВ - ауруының тарауының өз ерекшеліктері бар; олар ұлттық, діни ерекшеліктеріне, тұрмыс деңгейіне, әйелдердің коғамдағы орнына және т.б. әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Дегенмен ЖИТСың тарауында жалпылай заңдылықтар бар, оларды бірде бір ел оралып өте алмайды.
Осы жалпылай заңдылықтарды білу тек мамандарға ғана емес, сонымен қоса, қарапайым тұрғындарға да өте маңызды мәселе. Себебі ЖИТС тарауының әр сатысында халақтың белгілі тобының тәртіп, мінез - құлқына қажет болатын шектеулер қоюды қажет етеді.
Сонымен, АИВ - қасыретінің тарауына үш саты қажет.
Бірінші сатысы алғашқы даму деп аталады, онда АИВ - ауруы коғамда онша тарап, белгілі деңгейге жеткен жоқ. Індеттің бір бірімен байланысы жоқ жеке оқиғалары тіркеледі.
64
Біздің елде Алматы қаласында 4 АИВ - жұқтырған адам анықталған 1987 жылдан бірінші кезең басталды да ол 1996 жылдың тамызына дейін созылды.
1996 жылдың тамызында нендей оқиға болды ? Қазақстан республикасы АИВ-ның тарау жағынан топталып даму деп аталатын екінші сатысына өтті. Бұл саты белгілі бір аймақта АИВ - ауруының әжептәуір саны тіркелгенімен сипатталады. АИВ - ауруы жалпылай тұрғындар арасында тұрақтамай белгілі бір халықтар тобының ортасында тез тарайды. Республикамызда 1996 жылдың тамызынан бастап АИВ - ауруы Теміртау қаласынын наркомандар арасында жылдам лып етіп етек жайды, тіпті сол жылдың аяғында осы қалада індетті жұқтырғандардың саны ЗОдан асты, ел келесі 1997 жылы жұқтырғандардың саны 400ге жетті.
Бірте - бірте АИВ - ауруының шоғырлануы Павлодар қаласында, Оңтүстік – Қазақстан мен Қостанай облыстарында пайда бола бастады.
Біздің мемлекет қазір індеттің шоғырланған даму кезеңінде деуге болады.
Үшінші саты - процесс асқынған (генерализация) сатысы, мұнда АИВ -ауруы жалпылай тұрғындар арасында тұрақтайды. Негізгі берілу жолы жыныс қатынасы болады. ТМД елдерінде Украина осы сатыда. Осы сатыда АИВ - ауруы қандайда болсын адамға кауіп туғызады.
Одан басқа, әлемде ЖИТС-ның нақтылы үш эпидемиясы байқалуда:
- АИВ - қасыретінің әлемдік эпидемиясы;
- ЖИТСың эпидемиясы және сонымен байланысты басқа жұқпалы
аурулардың эпидемиясы;
- жоғарғы екі эпидемияға іс-қимыл мен әрекет эпидемиясы, яғни ЖИТС-
ын мәдени, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда түсіну
эпидемиясы.
Сегізінші әңгіме.
ТМД елдері. Кім алда?
Өткен Совет Одағында АИВ - ауруының заманы Москва қаласында ЖИТС-мен науқас анықталған 1984 жылдан басталады. Ол Танзания мемлекетінде бірнеше жыл Совет одағының елшілігінде аудармашы болып істеген жас азамат болатын. Соңынан анықталғандай, осы жас азамат жергілікті тұрғындармен көптеген гомосексуальды жыныстық қатынаста болған, соның салдарынан АИВ-ын жұқтырған.
Небары 20 жыл ішінде АИВ - ауруы Одақтан кейінгі барлық пайда болған мемлекттерде тіркеліп үлгерді.
Тек 1987 жылы бұрынғы Одақта АИВ - ауруын анықтау үшін арнайы жұмыстар басталды. Ең алдымен кан тапсыратын донорларды тексеру
65
жүргізілді. Сол 1987 жылы Совет Одағында 400-ден аса донорлар қанын зерттейтін лабораториялар ашылды.
Жанжалы жоқ АИВ - ауруының таралуы жағынан ТМД елдерінің ішінде алдағысы Украина. Осы мемлекетте ресми түрде 250 мыннан артық АИВ - жұқтырғандар тіркелген. АИВ - жұқтырғандар осы елде Батыс Еуропамен салыстырғанда 4-6 есе жиі кездеседі. Украина президенті 2001 жылдың қазан айында «АИВ - ЖИТС ың тарауына қарсы құрудағы кезек күттірмейтін шаралар туралы» Үкімге қол қойды.
Украина ғалымдарының пікірінше, егерде жоғарғы үкімет деңгейінде нәтижелі шаралар қолданбаса алдымыздағы 10 - 15 жылда Украинада ЖИТСың ықпалынан 2 млн. артық адам өлуі мүмкін.
Қазірдің өзінде 100 адамнан 15 жастағы жас өспірімдердін арасында екеуі АИВ індетін жұқтырғандар. Ауру негізгі тұрғындар арасында айта қаларлықтай тұрақтанды, жыл сайын АИВ – ауруының жыныс қатынасымен жұқтырғандар саны жылдам өсуде, олардың үлесі 40 пайызға жетті. Салыстыра кетсек Қазақстанда бұл көрсеткіш 8 пайыздан аспайды, бізде жұқтырғандар санын негізінен наркомандар құрайды.
Ресей Федерациясында 2003 жылдың 1 сәуірінде ресми түрде 200 мыңнан артық АИВ - жұқтырғандар есепке алынған. Бірақта, ғылыми бағалаушылар бұл көрсеткіш миллионнан артады деген пиғылда.
Ресейде ең АИВ - жұқтырғандар Мәскеу қаласында тіркелғен (16 мың), Свердлов пен Мәскеу облыстарында және С-Петербург қаласында 15 мыңнан, ал Самар облысында 13 мыңнан асып түскен.
АИВ - ауруының Ресей Федерациясындағы тарауы Қазақстандағы эпидемиялық жағдайларға айта қаларлықтай әсерін тигізеді. Айтайық, Батыс-Қазақстан обласы АИВ - ауруы әжепиәуір етек жайған Ресейдін Самар мен Саратов облыстарымен шектскен.
Өзбскстан мен Эстония наркомандарының арасында ЖИТС эпидемиясы 2000 жылдан басталды. Эстонияда осы жылы тіркеуге алынған жұқтырған-дар саны барлык бүрынғы жылдарда байкалған науқастанғандардан асып түсті.
Бұл қасыреттен ен аман - есен мемлекеттер қатарына Тәжікстан, Әзербайжан, Литва және Қырғыз елдері жатады.
Тоғызыншы әңгіме.
Қазақстан. Жағдай нашарлауда.
Қазақстанда 2003 жылдың 1 маусымында 3591 АИВ - жұқтырған адам тіркелді.
Мұнда ең көп тараған облыстар төмендеғілер:
- Қарағанды - 1265 жұқтырған, немесе Республикамызда анықталған барлық жұқтырғандардың 35 пайызы;
66
- Павлодар - 747 оқиға, немесе жұқтырғандардың 21 пайызы;
- Оңтүстік - Қазақстан - 416 оқиға, немесе 11,6 пайызы;
Өзіміздің Ақмола облысында 2003 жылдың 1 маусымында 57 адам АИВ - жұқтырған оқиғасы тіркелді. Облыс республикадағы АИВ - ауруының деңгейін анықтайтын территориялар қатарына жатпайды.
Былайша қарағанда республикамыздағы жағдай әжептәуір жақсы деуге болады, бірақта 3 мыңнан артық тіркелген АИВ - жққтырғандардың 40 пайызы (1175 адам) тек 2001 жылы анықталған. Тіпті ең жиі АИВ -жұқтырғандар Павлодарда айқындалған, Қазақстанда тіркелген әр үшінші жұқтырушы 2002 жылы тіркелген, Оңтүстік-Қазақстанда - әр бесінші.
Оныншы әңгіме.
АИВ - дерті. Берілу жолдары.
Аурудың көзі болып залалдың әртүрлі клиникалық белгілерімен өтетін науқас адамдар және коздырғышты белгісіз тасымалдаушылар. АИВ-ның (100 - 140 нм) екі түрі де өте жоғарғы деңгейде науқас адамдардың қаны мен шауһетінен табылған. Бұл ЖИТС қоздырғышынын кан және жыныс қатынасы арқылы беріледі деген қазіргі қалыптасқан пікірді дәлелдейді. Одан басқа вирус ана сүтінен табылған, онын ізі сілекей мен көз жасынан байкалған.
Ең алдымен вирусты жұқтыру үшін залаладанған қан мен жыныс мүшелерінен бөлінген сүйық заттар кауіпті. Бәрінеде жиірек сексуалды қатынаста жұқтырамыз - көңілдестерінің біреуі АИВ-ын жұқтырған болса детеросексуаьды немесе гомосексуальды қатынастарда. Жұқтыру жыныс әрекеті кезінде жыныс мүшелеріндегі кішкентайда болсын жаралар арқылы іске асады. Әсіресе жыныс қатынасы үшін тік ішекті пайдаланғанда, соңғысы осы әрекетке икемделмеген салдарынан жеңіл жарақаттанады.
Вирустың берилуі қан құйған кезде және одан алынған дәрілерді пайдаланғанда да іске асады. Бұл арады донор қаны бір жағынан дәрі, екінші жағынан - аурудың көзі болып саналады.
Қазіргі кезде донор қаны жеңілдік әкеліп қана қоймай, жаңа қатер де туғызуда. Науқастардың 10 пайызы ЖИТС-ың вирусын донор қаны арқылы жұқтырады. Әртүрлі гепатит түрімен ауырған 100 науқастардын 17-сі донор қанына "міндетті". Сондықтан қан құю көптеген аурулар түрлерін жұқтыратын қауіпті арнаға айналуда. Сондықтан қауіп - катерсіз донор қанымен қамтамасыз ету бүгінгі күнде өте актуальды және маңыздЫ.
Әлемдегі бірде - бір лаборатория келешектегі донор қаны 100 пайыз каупісіз деген міндеттеме бере алмайды. Жүргізілетін тексеру вируске емес, оның қарсызатына бағытталған. Вирусты жұқтырғанға жауап біраз уақыт
67
өткеннен кейін ғана алынады, оны иммундық терезе кезеңі деп атайды. Оның ұзақтығы вирустың түрі де және жұқтырғанның иммун жүйесінің жағдайына да бағынышты. Ол мүмкін ай, тіпті алты ай да болуы ғажап емес. Міне осы "терезе" вирусты өткізеді.
Вирус өту каупті инъекция үшін залалсыздандырылмаған шприц пен инені қолданғанда да туады. Бұл жолмен қоздырғышты жұқтыру әлбетте наркомандар арасында кең тараған, кейбір мемлекеттерде осы жол 70 пайыз және оданда жоғары.
Ең соңында, ЖИТС вирустың жұқтырған екі қабат әйелдер қоздырғышты өз нәрестесіне берілетін жолы да бар. Мұнда нәрестені қорғайтын ананың иммундық жүйесі іске аспайды.
АИВ ауа - тамшы жолымен берілмейді, айтайық, жөтелгенде, түшкіргенде және т.б., су, тағам, жалпы ыдыс - аяқтар, сүйісу және басқадай тұрмыстағы қарым - қатынас арқылы да тарамайды. Дегенмен, кейбір ЖИТСмен науқастардың сілекейінен вирус кездестіргуте болады, бірақта сүю аркылы (сілекейде вирустың өте аз көлемі кездеседі) вирустың берілуі туралы бірде - бір оқиға тіркелмеген.
ЖИТСмен ауру бар отбасында күнделікті жанасқаннан вирус тарамайды. Адамдар үйдегі ыдыс - аяктардан су ішуіне, тамақ жеуіне және ас үйдегі тағам кұралдарын пайдалануға болады: АИВ адам ағзасынан тыс тіршілік ете алмайды, күнделікті ыдысты жуғанда тіршілігін жояды. ЖИТС тағамдар арқылы да тарамайды.
Адамдар арасында болатын күнделікті қарым - катынастардың қандайда түрі аркылы ЖИТСын жұқтырғаны туралы, оған қоса қол ұстап амандас-қанда, деректер жоқ, құшақтасқанда, жолдастық қуанышпен иықтан каққанда және тіпті сүйіскенде де вирус ауруы адамнан cay адамға берілмейді. ЖИТСмен науқас немесе АИВ - жұқтырған адамның пайдаланған немесе басқадай ұстаған немесе деміне шалдыққан заттары арқылы вирус берілмейді. Тек бұл тізімге кірмейтіндер залалды қанның қалдығы қалган шприц пен инелер және басқадай заттар. ЖИТСмен науқаспен ұзак уақыт бірге тұру қоздырғыш жұқтыру үшін қауіпті екені туралы да деректер жоқ. Монша, сауна, су қоймалары мен бассейіндерден қоздырғыш жұқтырған бірде бір окиға болмаған. Спорттын жанаспа түрлерімен (бокс, күрес) шұғылданатын адамдардың арасында АИВын жұқтырған бірде бір дерек жоқ, вирус олардың тері арқылы берілмейді. Әзірше ортак қырынғыш, тіс жуатын шөтке және басқадай жеке бас гигиенасының заттары арқылы тараған ЖИТС оқиғасы белгісіз, дегенмен теориялық тұрғыда қолайлы жағдай болса - жаңа залалды қан, бұл заңдылықтың бұзылуы ғажап емес.
Теориялық тұрғыды аяқ - қол тырнақтарын бояғанда залалсыздандырыл-маған аспаптар пайдаланса АИВ-ын жұқтыруға мүмкіншіліктер туады. Аспаптарды тазалау ережесі бойынша бүкіл құрал -саймандар 15 минөтке спірт - денатурат құрамына салынады. Маманда тәртіп бойынше ең кем
68
дегенде құрал - саймандардың екі данасы болуға тиісті. Жұмыс істейтін үстелдің беті әр келушілерден кейін хлораминнің 3 пайызды сұйығымен мұқият сүртілуге тиісті. Аяқ тырнағын бояған құрал - саймандар әр келушіден кейін 30 минөт қайнатылып залалсыздандырылады, спірт - денатурат құйылған шөлмекте сақталады.
ЖИТС-на ұқсас аурулар шақыратын вирустар мысықтарда, иттерде және қойлардан табылған. Бірақта олардың адамдарда ауру туғыза алмайтындығы дәлелденген. Африкада тіршілік ететін маймылдардан өзінің табиғаты жағынан 90 пайыз құрайтын, адамда ЖИТС шақыратын, АИВ - 2 ден атайтын вируске жақын, қоздырғыш табылған. Сондықтан, теория жүзінде вирусы бар маймылды жаралағанда осы вируспен адамның залалдану мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды.
АИВ - ауруын таратуда сары масалар мен басқа бунақ буындылар қандайда болсын ролі бар деген ешқандай дәлел жоқ. Қан сорғыштар денесінде ЖИТС науқасын шаққаннан кейін белгілі бір уақытқа дейін вирус сақталады. Біракта, осы қан сорғыш екінші адамды шаққанда оған вирусты бере алмайды, себебі маса қанды шығармайды, тек сорады.
ЖИТС-ын жұқтыру каупі қан тапсыру кезінде де болмайды (пайдала-натын аспаптар тазартылған, шприцтер мен инелер тек бір рет қана болданылады).
Екі қабат әйел ағзасында нәрестеге түсетін қанда, оған қауіп туғызатын вирусты жібермейтін белгілі жүйе бола тұрса да, ананың тұлғасында шамадан тыс мол вирус болса, сол істен шығады. Бірақ, жүйе жұмыс ісеген күнде де босану кезінде нәрестенің вирусты қаннан жұқтыру қауіпі сақталады.
Авсирлиядан АИВ - ауруын нәрестенің ананың сүті арқылы жұқтырғаны туралы бір хабар жариаланды. Қандайда болсын қанында АИВ-на қарсызаты бар әйел емшек сүтімен балсын емізуден бас тартуға тиісті (аурудан қорғау шарасы).
Отбасында, мектепте, балалар бақшасында немесе тұрмыстық жағдайда болсын баладан балаға АИВ-ы берілу арқылы ЖИТС-мен науқастанды деген ешқандай оқиғалар тіркелмеген. Егіздің сыңарының бірі АИВ - жұктырғаны, екеуінің жалпы ойыншықтармен ойнағаны белгілі болған, бірақта вирус берілгені байқалмаған.
Балар мекемесінде жұмыс істейтін АИВ - тасымалдаушы сондағы балалар үшін ешқандай қауіп туғызбайды.
69
Он бірінші әнгіме.
Иммунитет - адам ағзасының қарсы тұру қоры.
Қастандыкка жол жоқ.
Дәріханаларға кіргенде мұражай ретінде тамашалауға болады. Көзге түсетіндер қаптаған антибиотиктер мен әртүрлі кезеңде өндірілген саналуан сульфаниламидтер. Біріншісі Александр Флемингтің жұмыстарының арқасында алпыс жыл бұрын пайда болғанын бәрі біле бермейді.
Бірақ, бұлай әрқашан болмаған, ал аурулар әрқашан болған. Дегенмен барлық адамдар өлмеген. Бұл қалайша болган ? Әрине, оба, тырысқақ, табиғи шешек, тіпті белгілі грипптің өзі талай адамдардың өмірін әкетті. Тіпті, санаулы айлардың ішінде миллиондаған адамдардан айрылдық. Мысалы, 1918 жылғы грипп эпидемиясы 25 миллион адамның өмірін қиды.
Дегенмен, дәрі - дәрмектердің болмаған кездерінде де адамдардың көбі індеттерге шалдықпаған, ал шалдыға қалған күнде де аман калган. Неге? Иммунитеттің арқасында. Иммунитет дегеніміз не? Ол генетикалық бөлек хабарларды тасушылардан ағзаның корғану жүйесі. Қандайда болсын тіршіліктер ағзасындағы клеткаларды біртұтас генетикалық-код бар, немесе түсінікті болу үшін тұруға ұлықсат ететін мөр, немесе осы ағзаның азаматы екендігі туралы төлкұжат.
Қандайда болсын жұкпалы аурулардың коздырғыштары, мейлі вирус, немесе микроб және бірклеткалылар айта келгенде, тіршілік иелері, өздерінің генетикалық құрамы бар, яғни өзінің генетикалық төлқұжаты «калтасында».
Сонымен, қандайда болсын қоздырғыш адам денесі үшін бөтен және ол кұртылута тиісті. Сол үшін де иммун жүйесі бар - бұл біздің тұлғамызды әр түрлі террористерден - микробтар, вирустар, риккетсиялар және т.б. қорғау үшін тексеретін федеральды бюро.
Қалай бұл іске асады ? Қан айналысында лимфоциттер деп атайтын түрлі элементтер бар, міне сол «қауымдастықтардың» әр мүшесінің міндеттері жекелендірілген. Соның хелперлер немесе көмекшілері деп аталатын біраз бөлігі таза «бөлек генетикалық хабарларды тасымалдаушы-ларды іздеп табу да полициялық» рольді атқарады. Сондай тасымалдаушы-лар табыла қалған жағдайда, мұндай адам ағзасында, яғни олардың дем алғанда - ауа, қоректенгенде - тағам, су, жанасқанда - ластанған сыртқы ортадағы заттар және т.б. арқылы түсетін кішітұлғалар әлемінде тіршілік еткендіктен, секунд сайын болып тұрады. Осы хабарды жаңағы хелперлер лимфоциттерге жеткізеді, бірақ ең ақылды супрессорлар деп атайтын қауымдастықтың мүшесі талдау жасайды және «келімсектерді» құрту үшін шешім қабылдайды.
Осы мақсат үшін лимфоциттер жаратылған, оларды киллар лимфоциттері немесе өлтіріп жазалайтын лимфоциттер деп атайды.
70
Әр адам ағзасының иммун жүйесінде осы құрамның белгілі мөлшері бар, оны біз жәй ғана көз алдымызда елестетеміз, бірақ оны біле бермейтін адамдар үшін айтатынымыз, қандайда адам болмасын сол мөлшер жеткілікті және ауытқып тұрады деуге болады. Иммунитет құрамдарының төмендеп кеткен жағдайда, оның үстіне бөтен генетикалық хабарларлы келімсектер шамадан тыс мол түссе «иммун жүйесі бұзылады, әстен шығады» да қоздырғыштарға қарсы тұруға шамасы жетпей қалады. Бұл жағдайда індет дамиды. Бірақта, бірте - бірте иммун жүйесі қоздырғыштармен күресіп өз дегеніне жетеді, яғни жеңеді, содан кейін науқас адам аурудан жазылады.
Он екінші әңгіме.
Адам ағзасына АИВ түсті. Не әстеу керек ? Жетілдірінген
қорғануға әрқашан оданда артык шабуыл бар,
немесе АИВ қалай иммун жүйесін жарақаттайды.
Адам ағзасына АИВ түскенде иммун жүйесі былайша айтқанда «қолын қусырып отырмайды», енген вирусты құртуға барлық әрекетті жасауға кіріседі.
Егер бұл болмаған жағдайда қаннан адамның иммундуқ тарыншылық вирусына қарсызат іздеуге дәрігерлердің мүмкіншіліктері болмас еді.
Дегенмен, адамның иммундық тапшылық вирусы өзінің эволюциялық даму барысында иммундық жауап қайтаратын алғашкы сатысын, лимфоциттер - хелперлер деп аталатын, жарақаттайтын қасиеттерге ие болған. Солардың іс - әрекеттерінің арқасында бөтен генетикалық хабарларды тасымалдаушылар анықталады және иммун жүйесіне оларды құрту үшін бұйрық беріледі.
Иммундық тапшылық вирусы лимфоциттер - хелпелерді қалайша закымдап құртады ?
Вирустың сыртқы қабаттары шарға ұқсаған томпақтардан тұрады, ал лимфоциттер – хелперлерің сыртқы бетінде шар сыяқты томпақтарға сәйкес келетін ойшықтар бар екені электронды микроскоптан анық көрінеді. Осы ойшықтарға, медицинада СД4 деп көрсетілген рецепторларға, вирус орналасуға асығады. Тек кана хелпер бетіне вирус толық жабысып орналасқаннан кейін, оны жарақаттау арқылы, вирус өсіп - өнуіне мүмкіншіліктер алады. Зерттеушілер 30 мың есе үлкейту арқылы лимфоцит -хелперге ұлан-байтақ коп вирустың шабуылын көрді, мұндай окиғада сырт көрінісі жағынан лимфоцит вирустардың көп жабысу салдарынан жүзімге ұқсайтын болады.
АИВ дертінің бар маңызының өзі, әскери тілмен айтуға болатын болса, лимфоциттер - хелперлер мен вирустардың арасында жауынгершілік әрекет жүреді, аянбайтын қатты күрес болады, көптеген вирустар құртылады, әрине хелперлердің де белгілі саны жойылады және қанда олардың саны тіпті
71
азаяды, ендеше олардың ағзадығы өзінің қорғау міндеттерін атқаруға мұршлары келмейді, яғни иммунитеттің алғашқы сатысы үзіледі. Осының салдарынан ЖИТС дертін сипаттайтын иммундық тапшылық дамиды. Айта кету керек хелперлер мен вирустардың арасындағы күрес ұзақ процесс, жылдар бойы созылады.
Бір қызығы, 1996 жылы американдықтар М. Lean and Lin екеуі барлық адамдардың лимфоциттер - хелперлерінің сыртқы қабатында ойшықтар болмайтынын анықтады, адамдардың 10 пайызында шын мәнінде сопақ лимфоциттер болады. Мұндай жағдайда иммундық тапшылық вирусының лимфоциттер - хелперлерді жарақаттайтын ешқандай мүмкіншіліктері болмайды және мұндай бақытты адам ешқашан ЖИТСмен науқастанбайды.
Евразия континентінде мұндай адамдар саны Солтүстіктен Оңтүстікке қарай азаяды. Ресей территориясына келсек мұндай адамдар фин - угор топты халықтарда - марилықтар, мордвалықтар, комилықтар, хантылықтар, мансилықтар және т.б. молырақ кездеседі.
Айта кету керек, жоғарғыдай ЖИТС дертімен ауырмайтын адамадар қаратері африкандықтар арасында мүлдем кездеспейді.
Он үшінші әңгіме.
АИВ - ауруы. Даму сатысы.
Қазақстанда академик В. Покровский ұсынған АИВ - ауруының Ресейлік жіктелім пайдаланып жүр. Осы жіктелудің соңғы үлгісі 2001 жылы ұсынылды.
Осы үлгіге сүйенсек АИВ – ауруының бес даму кезеңі белгілі.
І-ші кезең "Даму (қорлану)" кезеңі. Қоздырғышты жұқтырған мезгілден "қарқында ауру" тәрізді ағзада клиникалық белгілер пайда болғанға дейінгі кезең немесе қарсы зат пайда болғанша. Кезеңнін ұзақтығы 3 жұмадан 3 айға дейін, бірақ кейбір жағдайларда 1 жылға дейін созылуы мүмкін.
Бұл кезеңде вирус қарқынды өсіп-өнеді, аурудың сыртқы белгілері байқалмайды, карсызаттар әлі жасалмаған. Диагноз қойып індетті анықтау іс жүзінде мүмкін емес.
ІІ-ші кезең. "Алғашқы көрініс кезеңі". Ешқандай тән емес клиникалық белгілері пайда бола бастауы мүмкін немесе қарсызаттар анықталады. Бұл АИВ - ауруының алғашқы кезеңі, ол бірнеше түрімен дамиды.
2А. Белгісіз түрі - клиникалық көрінісі болмайды. Тұлғаның АИВ-ын жұқтырғанына тек қарсызат шығаруымен ғана көрінеді.
72
2Б. Қабаттасқан жұқпалы ауруларсыз қарқынды індет әртүрлі клиникалық белгілермен дамуы мүмкін. Солардың ең жиілері қызба, дене бөртуі, лимфа бездерінің үлкеюі және тамақтың жыбырлап қышуы. Оған бауыр мен көкбауырдың өсуі, іш өтуі қосылуы мүмкін. Жалпылай келгенде қарқынды ауру 10 жұқтырғандардың алғашкы 9-да 3 айда байқалады. Осы түрінде қанда вируске қарсызаттар әлі жоқ, сондықтан лабораториялық тәсілдермен анықтау киынға түседі.
2В. Қабаттасқан жұқпалы аурумен қарқынды АИВ - ауруы 10 жұқтырғанның 1 - де дамиды, мұнда баспа, өкпе қабынуы, ұшық, саңырауқұлак (грибковые) аурулары байқалады. Бірақ олар көрінісі мәнді емес, сылбыр дамиды, женіл емделеді. Клиникалық көріністері 2-3 жұмаға созылады, лимфа түйіншектерінің үлкеюі сақталады. Айта кету керек, осындай клиникалық сыртқы белгілері қайталануы мүмкін.
III - ші кезең. «Белгісіз, яғни жабық» кезең. Процесс ақырын, баяу дамиды. Клиникалық сыртқы белгілері болмайды. Жалғыз анықтай алатынымыз, оның өзі жұқтырғандардың бәрінде емес, лимфа түйіншектерінің үлкеюі. Осы кезеңнің ұзақтығы 2-3 жылдан 20 жалға дейін, орташа 6-7 жылға созылады.
IV - ші кезең. Екінші, қайталап ауру кезеңі, жұқпалы аурулар немесе ісік пайда болады.
Қабаттасқан індеттің ауыртпалығына қарай 4А, 4Б, 4В кезеніне бөлінеді.
4А кезеңінде тері мен жылбыр қабаттар залалданады. Дене салмағы 10 пайызға дейін кемиді.
4Б кезеңінде тері мен жылбыр қабаттар, ішкі органдар саңырауқұлақтардың әсеріне шалдығады, дене салмағы 10 пайыздан артық кемиді. Ісік шоғырланады Капоши ісігі.
4В кезеңінде тері мен жылбыр қабаттар және ішкі органдардың саңырауқұлақтармен залалданғаны жәйіліп асқынады, тіпті жүдейді, нерв жүйелері ауруға шалдыгады. Әлбетте, осы кезеңі АИВ-ын жұқтырғаннан кейін 10-12 жылдар өткесін дамиды.
V-ші кезеңі. Терминалды. Бүкіл өзгерістер асқынумен сипатталады. Қабаттаскан індеттерді емдеу ешқандай нәтиже бермейді, сонымен науқас бірнеше айлардан кейін өмірмен қоштасады.
73
Он төртінші әңгіме.
ЖИТС-ның көрінісі - ЖИТС-ның құрбаны белгілі Рудольф
Нуриев пен Фреди Мерккюри күнделігінен.
Бүгін ешнәрсе сөйлей алмаймын. Тоңып, қалшылдау. Моншақтаған тер. Жалпылай әлсіздік. Шексіз су ішемін. Дене кызуы 38°С. Бас айналу. Кейде "белгісіз, ескертусіз" іш өту.
Мен өлім халіндемін. Ақыл - ойдың азайғанын сеземін. Кейде көзім көрмейді және бәрінін себебі шыдамыңды кетіретін бас ауруы. Қыр мұрын сүйегі сынғандай болады. Таң атқаннан бері аяқтарымды сезбеймін. Тіпті олар жоқ сияқты. Ине алып саусақтарымды түйредім. Ешқандай сезім жоқ.
Сонымен: дене кызуы 37,9°. Ішім өтті және қан ақты. Мен оған үйрендім. Қолтық астындағы тер безінің кабынуы жалғасуда. Ірің ағуда. Бұл міне 15 күнге созылуда. Бір қолтығымдағы жара жазыла бастады. Орнында аздап белгі қалды.Тәңертен ояндым, шынтақ астында қан.
Менің дене қызуым 39,1°. Қызба. Аяқтарымда үлдіреген жаралар пайда болды. Соңғы екі күн ішінде терідегі кішкентай жарашықтар бітті, жазылды. Бірақ толық емес. Аздап қан білінеді. Олардан кейін "нүктелі із" қалды.
Осы аптада 2 кг жоғалттым.Тамағымнан қан ақты. Басым ауырады. Ішім өтті және легенде қан байқалды.
Дене қызуы 38,2°. Бұл жақсы деп саналады. Қиналтатын демігу. Ағзаның сусыздығынан қалтырау. Мұрнымнан қан кетті.
Дене қызуы 38,1°. Аздап қызба. Мені үрейлендіретін "бөртпе". Менің бетімде, әсіресе құлак сырттарында, шапта, тізе астындағы сыяқты қызғылт -қызыл бөртпелер пайда болды. Кәдімгі "қызылша". Қышу, әрине қалжыратты.
Бүгін менде үрейлі үлдірегендерге ұқсап теміретке пайда болды. Бәрі денемнің бір жағында. Ауырады және қышиды, осының бәрі үштік нервтің тарқайтын жерінде. Аяқтарымды сезбеймін. Сол жағымнан үлдіреулердің орнында ісініп су жинала бастады. Іріңшектер топтасып шоғырланды және олар бір тәртіппен орналаспаған. Көз маңайында кызыл - қоңыр ісік.
Мұрыннан қан кетті. Іш өту жиіленді. Күн ұзын легенде отырмын. Құсу. Легенде ұзақ отырудан талықсу. Бас ауруы. Қызба мен қалтырау. Дене қызуы 39 - 40°. Кейде көзім бұлдырайды, бірақ бәрінен де иығым мазалайды. Іріңшектер ұлғаюда. Ірің мен қанға толы төсекте ояндым.
Ұшық маған түнде жабылды. Көзімді таңертен аша алмадым. Қастарыма сулы бөртпелермен жабылган. Қышуға шыдау өте қиынға түседі. Көзіме шүберек тартуға мәжбір болдым. Түске дейін ұшық жеңді, ол ауызды, мұрынды, маңдай және иек астын толық "игерді". Тері қалақаймен күйген сыяқты үлбірейді. Құлақ қалқаны ерекше ауырады. Ауыз бен мұрын көнтиіп ісіп кетті.
74
Тырнақ астының іріңдеуі бірінен біріне жалғасуда. Маңайындағы кілегейлердің ықпалынан олар түсуде. Қарауға өте қиын. Тағыда салмағымды жоғалту жалғасуда, 5 кг жоғалттым.
Бір індет бір індеттпен жалғасуда. Кешегі грипп бір түнде өкпе қабынуына айналды. Жөтел және ауыз бен мұрыннан қақырық ағуда, сырылдау "шіркеудегі органға" ұқсайды.
Ол солыды, жүдеді. Қасырет жеңді. Көздері касырет пен қайғыдан "от" ұшыруда. Олар маңайындағының барлығын күлге айналдырды.
Өлер алдындағы көз карасына ешкім шыдай алмайды. Оның ыңырсуы жиі айғайға айналуда. Оның дем алысы қиындауда. Өкпесі су мен көбікке толу салдарынан бүлкілдейді. Ол түріне, бетіне қарап ешкімді танымайды. Жақын адамдарының даусына жауап қайтармайды. Ол аяғы мен қолдарын көтере алмады.
Адам әрекеттері мен жігерін өлім толық биледі.
Он бесінші әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: |