Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Уәлиханов атындағы



бет8/10
Дата10.06.2017
өлшемі4,21 Mb.
#18969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7-сабақ:

Аурудың дамуы және жағымды мінез-құлықтың түрлері.

Шолу.

АИВ-дертінің ЖИТС кезеңіне өту ұзақтығы әртүрлі. Бұл процесте біздің мінез-құлқымыздың да әсері үлкен. Ауру өз кағидалары бойынша дамиды. Сондай-ақ ілеспелі факторлардың болуы аурудың дамуын жеделдетеді.

Мақсат.

Екі сағаттың сабақтың аяғында қатысушылар төмендегілерді біледі:



1. «Иммунологиялық терезе (тесік) дәуірі», «инкубациялық дәуір», «бал айы дәуірі» сияқты терминдерді түсіндіру. АИВ ауруы дамығанда не істеу керектігін түсіндіру.

2. АИВ ауруының ерте байқалатын түрінін, кем дегенде үш белгісін (нышанын) және ЖИТС-мен залалданған адамдарға тән инфекцияның төрт түрін атаңдар.



3. «Ілеспелі факторлар» терминінің маңызын түсіндіріңдер және ілеспелі факторларға, кем дегенде үш мысал келтіріңдер.

Құралдар.

Қағаз парақтары немесе тақта

Үлкен арқан

Екі жабыскақ лента (скотч) немесе әртүрлі түстегі бор.

Үлестірілген материал: АИВ - дертінің белгілері және аурудың дамуы бойынша диаграмма және қабаттасқан инфекциялар бойынша картішкілер (АИВ-инфекцияның, ымырашыл инфекцияның немесе рактың әрбір симптомы жеке кәртішкеде беріледі).

110

АИВ ауруының ерте басталатын симптомы:

Салмақты жоғалту, жөтел, созылмалы іш өту, ашытқы инфекциялары, қалтырау, дірілдеу.

Қабаттасқан инфекциялар және рак:

Туберкулез, пневмония, теріні басып кететін теміретке, Капоши саркомасы, жатыр мойынының iciгi, токсоплазмоз.



Сабақтын барысы.

I. Шолу (10 минут).

АИВ мен залалданған көптеген адамдар инфекция ЖИТС кезеңіне өткенше көптеген жылдар жасайды екен.

14 жыл бойы жүргізілген АИВ-ның 500 оң жағдайының 32 пайызында ЖИТС-на өту кезеңі болмаған, ал тек 9 пайызында белгілері байкалған. АИВ жұқтырған адамдар қызметтің көптеген түрлерімен шұғылдануы мүмкін. Бұл жағдай олардың көбірек жасауына, өздерін жақсы сезінуіне мүмкіндік береді. АИВ жұқтырғаннан бастап ЖИТС-мен ауырғанға дейінгі аралықты ұзартатын мінез-құлықтың көптеген типтері мен басқа да факторлар ғылымға белгілі. Мұндай факторлар қосымша, ілеспелі факторлар деп аталады.
II. Аурудың дамуы (30 минут).

Оқытушы үшін естелік (белгі) диаграмманы пайдаланбай аурудың дамуының кезеңдерін суреттеп жазыңдар.

АИВ дертінің үш негізгі кезеңі болады:

1. Иммунологиялық терезе дәуірі:

Бұл адамның залалдануымен адам организмінде қарсызаттың жеткілікті мөлшерінің дамуы арасындағы дәуір. Бұл кезде АИВ инфекцияға он тест байқалады. Ол екі аптадан 3-6 айға созылады. Осы уақыт ішінде вирустердің сан-мөлшері өте жоғары болады, адам жұқпалы аурудың көзіне айналады, ешқандай қарсызаттар вирустарды бақылай алмайды. Бұл кезде вируске жүргізілген тест теріс нәтиже береді, қарсызат та, вирус та табылмайды.

2. Көбею дәуірі.

Бұл уақыт адамның залалдануы және ЖИТС-мен байланысты белгілерінің дамуы арасындағы дәуір. Ол бірнеше жылға созылады. Кейбір адамдар АИВ-мен бұдан 15 жыл бұрын залалданған, бірақ осы күнге дейін олар да ЖИТС дамыған жоқ.

3. «Бал айы» дәуірі.

Бұл дәуір иммунологиялық терезе дәуірінің аяғы мен даму дәуірдің аяғы арасын қамтиды. Ол дәуір «бал айы» дәуірі деп аталады, себебі бұл кезде залалданған адамдар өз вирусымен салыстырмалы гармонияда жасайды. Оларда кейбір болмашы белгілер байқалуы мүмкін, бірақ адамдар ауру жағдайында жүргенге ұқсамайды. Бұл кезде организміндегі қарсызаттардың сан мөлшері өте жоғары болады, ал вирустердің мөлшері өте аз болады.

111


Залалданған адамдар бұл кезде басқалар мен жыныстық катынасқа кіріссе, оларға вирусты жұқтыру кабілетіне ие. Бұл кезде жүкті әйелдердің АИВ дертін балаларға туу кезінде немесе емшек сүті арқылы беру мүмкіндігі өте төмен болар.
III. Аурудың даму диаграммасын түзу (30 минут).

Қатысушыларды дөңгелек бойынша тұрғызу керек. Қабырғада немесе еденде түсті лентаның көмегімен бірге аурудың даму диаграммасын тізіңдер, оның кезеңдері жайында айтып беріңдер. Содан кейін қатысушыларға ерте байқалатын белгілерін және қабаттасқан дерттерді аты жазылған картішкелерді бөлістіру керек. Топ оларды уақыт бойынша бірізділікпен оранластырады. АИВ-мен немесе басқа аурумен залалданудың болған, болмағанын анықтап біліп сұраңдар, қабаттасқан аурулар белгілері жайында айтып беріңдер, аты аталған симптомдардың немесе аурулардың жергілікті жердегі ауруханалар мен клиникаларда емдеуге болатынын немесе болмайтынын сұраңдар. Сабақтан бос уақытта екі катысушы жергілікті ауруханаға барып, ол жерде қандай ем қабылдауға болатынын біліп, ол жайында топқа айтып беруі керек.


IV. Ілеспелі факторларға негізгі шабуыл (30 минут).

АИВмен залалданған адамның тезірек ЖИТС мен ауруын жеделдетуге мүмкіндік беретін қандай қосымша ілеспелі факторлар бар? Төмендегідей жауаптарға қол жеткізуте болады:

■ сапасыз тамақ ішу;

■ аз демалыс;

шылым шегу, алкогольды немесе есірткелерді пайдалану, олар

иммундық жүйені әлсіретеді.

■ ауру серіктестеріме презервативсіз қайтадан жыныстық қатынасқа

бару;


■ сақтандыру шараларының болмауы немесе туберкулез немесе ЖЖБА

сыяқты ауруларды дер кезінен кеш емдеу.

■ жабырқанқылык сезім немесе үрей, мысалы: адам өзін жалғыз және

кіналы сезінеді, оған ешқандай көмек жоқтай болып көрінеді.


V. «Арқан тарту». Қосымша факторлармен ойын (30 минут).

Үлкен арқан әкеліңдер. Топтың кез келген бір мүшесі бір қосымша ілеспелі факторды атайды. Ол аурудың дамуын тездетуі тиіс, немесе аурудың дамүын тоқтатуға себебі тиетін оңды пікір айтады. Топқа өздерінің физикалық, эмоциональдық және рухани денсаулығына көмегі тиетін ынталы пікірлер туралы терең ойлауға мүмкіндік беру керек. Қатысушылар оң және теріс фактор есебінде саналатын арқанныц екі ұшынан ұстайды және оны тартады. Осы процесте олар оң мінез­құлықтын әралуан түрлері

112

аурудың дамуына мүмкіндік туғызатынына өздерінің көзін жеткізуі тиіс. Ойын аяқталған соң қатысушылардан олардың АИВ ын жұқтырғанын ерте анықтап білудің маңызы жайында сұрау керек. Сондай-ақ анализдерді қайда тапсыру дұрыс екенін және кімнен консультация алатындығын білеме білмей ме осыны анықтау қажет. Сондай-ак медициналық мекемеге барып балама қызмет ретінде тесттен өту керектігі жайында ойланған дұрыс.



Баға.

■ Қатысушылардың ауру дамуының диаграммасын түзу шеберлігіне бақылау жасау.

■ Уақыт бойынша бірізділікпен кәртішкелерді дұрыс орналастыру.

■ Арқан тарту ойынында қосымша факторларды атап көрсетудегі қабілеттері.


8 - сабақ: Сауығу немесе емделу

Шолу.

АИВ ауруынан, ЖИТС-нан кейбір адамдар айығыпты, емдеу өте бай елдерде жүргізіледі екен, емді тек өте бай адамдар қабылдайтынға ұқсайды деген қате пікірлер кең тараған. Жүргізіліп жатқан сабақта осы пікірлерді қарап талдау керек. Сонымен қатар ЖИТС-на қарсы ешқандай дәрінің жоқ екендігі, бірақ оны емдеудің көптеген тәсілдері жайында айту керек. Бұдан басқа сабақта денсаулық циклі және АИВ/ЖИТС жұқтырған адамдар үшін сондай-ақ осы циклдін әрбір секторының ішіндегі жұмыс (қызмет) түрлері қаралады.

Уақыт 2 сағат.

Мақсат.

Сабақтың аяғында қатысушылар төмендегілерді біле алады:

1. Қымбат дәрілер болмаған кезде де АИВ дертін емдеу тәсілдерінің бар екендігімен, инфекцияны даму стадиясында анықтаудың маңызды екендігімен келісу.

2. «Сауығу» мен «емдеу»-дің айырмашылығын білу, осы бірлестікте іске асыруға болатын емдеу стратегиясының, ең кемінде, бес мысалын келтіру керкек.

Құралдар.

Көлемі 3x8 см-лік қағаздың 30 парағын дайындау

Түсті маркерлер

Жабысқақ лента (скотч)

Үлестірілетін материал: денсаулық компоненттеріне

Қағаз парақтары: Денсаулық компоненттері (диаграмманың тек ғана

орталык дөңгелегі).
Сабақтың барысы.

Шолу (20 минут).

113

Емделу мен сауығудың айырмасы неде? Топтағы адамдардың кейбіреуі өз коғамында, немесе дүние жүзінде ЖИТС-мен бір жолата сауыққан адам жайында естіді ме екен. Қатысушылардың пікірінше бұл нені білдіреді?



«Сауығу» деген термин белгілі бір ауруды туғызған микроб толықтай өлген немесе организмнен куылған, егер адам қайта жұқтырмаса қайтып оралмайтын жағдайда қолданылады. «Емделу» - дәрілерді қабылдау және ішке ине арқылы жіберу т.б. араласу арқылы аурудың симптомдарын жеңілдеу етуге, бірте-бірте олардың толық жоғалуына алып келеді. Бірақ емделу барлық жағдайда сауығуға алып келе бермейді, кейбір жағдайда симптомдар жасырын жағдайда болуы мүмкін, ол кезде организмде қарсызат болады, ал белгілері қайталап жұқтырмасада пайда болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда бактериялар туғызатын аурулардан сауығады, ал вирустар (тұмаудың вирусі, герпестің немесе АИВ- ауруының) өзінің даму барысында базалық генетикалық материалының белгілі бір бөлігін жоғалтады (мысалы: РНҚ немесе ДНҚ) және өзінің тірі қалуы үшін осы генетикалық материалды басқа клеткаларымыздан алады. Сондықтан, клетканы өлтірмей, біз вирусты өлтіре алмаймыз. Басқаша айтқанда, емдеу мүмкін, ал толықтай жазылу мүмкін емес.

Кейде адамдар АИВ ауруынан толық сауықтым, инфекция иенің қанында табылған жок деп мәлімдейді. Оның себебі вирустардың концентрациясы өте төмен болғандықтан арнаулы лабораториялық тест өткізгенде де вирустарды көру мүмкін болмаған. Вирустардың концентрациясының өте төмен болуы дәрілерді қабылдаумен байланысты екен. Бірақ вирустар онымен залалданғандардың жілік кемігінде қайтадан қалпьша келеді. Кейбір адамдарда ауру өте ауыр жағдайда өтіп жатқандықтан, олардың организмі қарсызатқа тест өткізгеннің өзінде де бөгдезатты іздеп таба алмаған.

Сіз төмендегідей жағдайларды да естуіңіз мүмкін, АИВ дертімен бұрын залалданған адам қатты ауырған, сонан сон ЖИТСнан сауыққан, себебі жүргізілген тест теріс нәтиже берген. Бұл адамдарда вирус әлі де болса бар, бірақ олардың организмі қарсызатты өндіріп шығара алмайды.

«Емделу» терминінің кең түсінігі.

Егер «денсаулық» ұғымын кең мәнде қарасақ, онда физикалық денсаулық - бұл денсаулықтың құрамдас бөлігі ғана, оған басқа құрамдас бөліктер әсер етеді. «Емделу» атауы кен мағынасында, біздің денсаулығымыздың кез келген құрамын күшейтуге, жақсартуға бағытталған іс-әрекеттерді көрсетеді.
Сіздін өміріңізді ұзарту және оның сапасын жақсарту үшін, тіпті АИВ дертін жұқтырған күнде де, пайдаланылатын көптеген стратегиялар бар. Бұл

114


концепция ретровирустарға қарсы емделу терапиясына мүмкіншілігі жоқ, сонда да АИВ ауруымен күресіп жүргендерге өте маңызды. Сондықтанда біз АИВ жұқтырғандардың әр қайсысының жаңа ретровирустарға қарсы емдеу түрін пайдалануға құкығы бар екеніне күресуіміз керек. Қазіргі кезде әр қайсымызға мүмкінішілігі бар басқа да емдеу түрлері баршылық.
II. Денсаулық құпиясы (20 минут)
Қатынасушыларды денсаулық үлгісінде әр денсаулық секторының не екені туралы айтуды және әр секцияға мысалдар элементтерін келтіруді сұраңыз. Төменде келтірілгендерге ұқсас жауап алуға тырысыңыз. Өз денсаулығын сақтауға және шынықтыруға дөңгелектің қай секциясы (бөлмі) ең маңызды деп санайды. Кім сол бірлестікте денсаулықты сақтауға көмектеседі?
Денсаулық құпиялары
- Денсаулықты жалпылай қолдау: қоректену, демалу, жаттығу, жұқпалы аурулардың алдын алу, есірткі мен ішімдіктен бас тарту. Осылардын бәрі иммундық жүйені шынықтыратыны зерттеу жүзінде дәлелденген.

- Психикалық денсаулық: барлығына көңілмен қарау, ауытқуды төмендету және өз дәрежеңді білу, оны сақтау.

- Рухани денсаулық: құдайға немесе басқадай бағалы жүйеге сену, ораза ұстау немесе намаз оқу және т.б.

- Әлеуметтік денсаулық: отбасын құру немесе отбасыны жәрдем бері, өзіңмен тең адамдарды, адам құқын сақтайтын жүійені қолдау, сабақты жемісті еңбекпен немесе онсыз жалғастыру. Қолдау тобына қатынасқан емшегінде ісік бар әйелдер, қатынаспағандармен салыстырғанда екі есе көп өмір сүретіндігін зерттеу арқылы дәлелденген.

- Нақтылы денсаулық кем дегенде медициналық көмектің үш түріне мәжбір:

1. Иммун жүйесін нығайту үшін ем, ол әлбеттегі құралдар, мысалы, шөптер немесе сылап-сипау және т.б.

2. Қабаттасқан аурулардың (туберкулез, өкпе қабынуы, іш өтуі, тері аурулары және т.б.) белгілерінің алдын алу немесе жеңілдету үшін емдеу.

3. Ретровирустарға қарсы емдеу және протсаза ингибиторлары, мысалы, FZT, D4T, Indinavir, Nevirapine, кейбір мемлекеттерде жиі болмайды, анадан балаға берілетін каупін төмендететін емдеуден басқа түрлері.


Ш. Емдеудің біртұтас жоспарын құру.

115


Топ бес кіші топқа бөлінеді және олардың әрқайсысы денсаулықтың бір бөлігін көрсетсін. Аумағы 3x8 қағазға өз секторының ішіндегі біреудегі АИВ/ЖИТС науқасының денсаулығын жеңілдететін әрекетті үлкен әріптермен жазсын. Кіші топтардың мүшелері өз жоспарын қабығадағы диаграмма шетіне іледі. Кіші топ мүшелері кезекпен өз емдеу жоспарын барлық топқа түсіндіреді.
Баға (15 минут)

Өз бірлестігінде АИВ ауруын емдеуте болат дегендері қол көтеруін сұраңыз. Емдеудің осы түрлерін, қай жерде жүргізілетінін талдаңыз. АИВ ауруын не құрлым ерте анықтауға болады дегендер қол көтеруін сұраңыз. Бұл қалай болатынын талқылаңыз.


9-шы сабақ:
АИВ/ЖИТС және адам құқығы

Шолу.

Бұл сабақта АИВ/ЖИТС тасымалдаушы адамдардың құқығын корғау концепциясы тек олардың толық көңілді өмір сүріп, пайда әкелтіні ғана емес, АИВн берілуіне тоқтау болуына септігін тигізетінін талқылау жүргізіледі.


Уақыты 2 сағат

Мақсаты:

Сабақтың соңында қатысушылардың білетіндері:

1. АИВ дертімен ауыратын адамдардың ен кемі бес құқығын айтады.

2. АИВ/ЖИТС тасымалдаушы адамдар құқығын қорғау мен індеттің

тарауын болдырмау арасындағы байланысты орнату.

3. «АИВ/ЖИТС бола тұра нәтижелі өмір сүру» түсінігіне анықтама беру.

4. Сабақтың соңында қатысушылардың АИВ/ЖИТС бар адамдарға көз

қарастарын өзгерте алдыма, не түсінгенін анықтап жазу.

116

Құралдар:



Әр қатысушыларға бес бет шағын қағаз

Карандаштар

Қағаз жинайтын кәрзенке

Баяндамашы үшін су (спикерге)

Орамал

Тарататын материал: БҰҰың 1998 жылғы «АИВ/ЖИТС және адам құқығы» Халықаралық нұсқауынан үзінділер.


Дайындық:
Алдағы сабаққа дейін бірнеше апта бұрын АИВ/ЖИТС қатеріне тап болған адамдары бар жергілікті мекемелерге барып, солардың ішінде коллектив алдында ашықтан-ашық сөйлейтіндерін білу кажет. Олардың өмірге көз қарасын анықтау керек, халық алдында өзінің АИВ/ЖИТС туралы өмірдегі тәжрибесі туралы бөліскенін білген де дұрыс. Олармен сөйлесіп, өз мақсатыңды түсіндіргеннен кейін адам құқығы туралы жақсы білетін спикерді таңдау. Жоспарланған сабақ күні оған азда болса сыйлық ұсыну немесе бірге түскі ас ішіп, транспортпен қамтамасыз ету қолайлы.
Сабақ барысы:
I. Адам құқығы жайынде пікір - талас (20 минут)

Топтан «адам құқығы» атауы не түсінік беретінін сұра. Қандай адам құқықтарын олар пайдаланады ? Барлық адамдар денсаулығының қандайда болсын жағдайына қарамастан топ оның ең негізі деп адамның қандай құқығын санайтынын білу үшін ойландыру мақсатымен миға шабуыл жасау. Өсіп - өнуге, білім алуға, пәтерге, жұмысқа, дәрігерлік көмекке және т.б. құқықтары бар екенін айтулары мүмкін.


II. Өз құқығын жоғалту (40 минут)
Әр қатысушыларға үлкен емес бес парақ қағаз таратыңыз. оған әр қатысушы өзіне ен маңызды бір құқығын жазсын. Содан кейін оларды ойын картасы сыяқты қолдарына ұстасын және қолдарын көтерсін. Мұғалімнің көмекшісі кәрзеңкемен бөлмеде жүреді және таңдап қатысушылардан қағазды жинап өз кәрзенкесіне салады. Сіз бірді бір қағаз алмай әр қатысушылардың қасынан өтуіңізге болады, керісінше, басқасынан барлық бес кағазды да алуыңызға болады. Содан кейін топпен қандай құқықтарын жоғалтқаны туралы талдау жүргізу, оны олар сезінуге тиісті. Әділетсіз жинау процесін білгеннен кейін оларда қандай сезім пайда болды? Олар мүмкін жұқтырғаны белгілі болып қалса алаланатынын біле тұра АИВна тестен

117


өткісі келдіме ? Егер АИВ жұқтырғанын білсе өзінің көңілдесіне немесе келешек көнілдесіне ол туралы айтар меді ? Егер айтпаса, өз бірлестігіңде (аудан, қала және т.б.) АИВ дертін беруге (таратуға) әсерін тигізер меді ?
III. АИВ/ЖИТС дертімен науқас адаммен қарым - қатынас (60

минут)
АИВ/ЖИТС дертімен науқас адаммен бір сағат бойы әңгіме және осы ауру оның өміріне қандай әсерін тигізгені туралы талдау жүргізіңіз.
Бағалау (үйге тапсырма)

Баяндама жасаған адамның тәжрибесінен не ұккандары туралы әңгіме жазуға тапсырма беріңіз, немесе келген АИВ жұқтырған адамға хат жазсын, онда рахметін айтып, онымен кездесу АИВ тасымалдаушыларына өз көз карасының өзгергенін, кездесу қандай әсер қалдырғаны туралы хабарласын.


5.4. Жедел окыту: жаңа тәсілдер
100 сұрақ пен жауап
1. ЖИТС (СПИД) дегеніміз не?

ЖИТС - жүре пайда болған иммунитет тапшылық синдромы.

АИВ - (адамда иммунитет жетіспеушілік вирусы).

ЖИТС - адамда иммунитет жетіспеушілік тудыратын вирустың салдарынан пайда болатын ауру.

Адам өмірінде иммунитет төмендеу кезендері кездесіп отырады, ол әр-түрлі жағдайларға байланысты?

1) Дұрыс тамақтанбау.

2) Инфекциялық әртүрлі аурударға шалдығу.

3) Экологиялық құбылыстар.

Иммунитет жүйесі дегеніміз – адамның әр түрлі аурулардан корғайтын корғаныш жүйесін.

Әр құбылыстан, аурудан адам жазылып, емделе алады.

ЖИТС - кезінде иммунитет мүлде төмендеген немесс мүлдем жоқ.
2. ЖИТС қарай тарайды?

ЖИТС-тің пайда болуына АИВ (адамда иммунитет жетіспеушілік вирусы) арқылы тарайды.

Ол негізінен иммунитет жүйесін төмендетеді және бұзады.


3. АИВ қалай ЖИТС-ке айналады?

118


Иммунитет жүйесінде - қорғаныс қызметін хелпер жасушалары (хелпер клетки), қатынасады.

Хелперлер адам организміне енген микробтарды, бактерияларды, вирустарды жойып, корғаныс қызметін атқарады.

АИІВ (ВИЧ). Жұқтырған қанда хелпер жасушылары ең бірінші соқкы алып, азайып, мүлде жойыла бастайды, сөйтіп адамда ЖИТС пайда болады.
4. ЖИТС-пен ауырғандар неліктен қайтыс болады?

Бұл аурулардың өлуінің ең басты себебі организмнің қорғаныш жүйесінін жойылуы, яғни сырттан кірген (микробтар, вирустар, бактериялар), тез көбейіп әр түрлі аурулардың тууына әкеліп соқтырады және бұл аурулар емделіп жазыла алмайды.


5. Қандай ЖИТС - индикаторлы (ұқсас) аурулар ЖИТС-пен ауырғандарда кездеседі?

ЖИТС-индикаторлы аурулар ЖИТС-тің ең ақырғы IV кезеңінде кездеседі. Олардың 13 түрі бар.

Ең көп кездесіп, таралғаны:

1) Вирустар (Герпес, цитомегаловирус).

2) Токсоплазмоз, псевмоцистоз.

3) Тері және таз ауруларын тудыратын бактериялар (микоз, кандидоз).


6. Неліктен иммунитет жүйесі АИВ-ны жеңе алмайды?

Бұл өте күрделі құбылыс. Вирус пен иммунитет жүйесі арасында өтe күрделі күрес, яғни бірін-бірі өзара жою процессы өтеді. Тек АИВ иммунитет жүйесін әлсіретіп тастайды да иммунитет жүйесі вирусқа қарсы тұра алмайды.


7. АИВ-тің тұмау және басқа вирустардан айырмашылығы не?

Барлық вирустар адамның жасушаларының (клетка) ішіне орналасып өмір сүріп, жасушаның құрылысын бұзады. Егер тұмау және т.б. вирустар терілердің бетіндегі эпителий жасушаларын ғана бұзып, өзгертеді, әсіресе бронх, мұрын, тамақ ауруларын тудырады. Ал АИВ болса иммунитет жасушаларына ғана жабысып, оның азаюына әкеліп соқтырады.


8. Егер АИВ күнделікті тұрмыс жағдайында жұқпаса

қалай жұғады?
АИВ үш түрлі жолмен жұғып тарайды:

1) Табиғи жолмен:

а) жыныс қатынас кезінде;

б) екіқабат әйелден-құрсақтағы сәбиге жұғады немесе емшек сүті арқылы тарайды.

119

2) Жасанды жолмен жұғу:



а) АИВ вирусымен зақымданған қан құю кезінде;

б) әр түрлі медициналық көмек көрсету кезінде, егер терінің қабаттары бұзылса, қан ақса (тіс жұлу, кір инемен егу) және косметикалық кабинеттерде (маникюр, педикюр жасау, немесе теріге инемен сурет салу (наколка) кезінде).

3) Кездейсоқ жұқтырып алу.
9. АИВ тек қанда ғана бола ма?

Жоқ. АИВ зақымданған адамның барлық биологиялық сұйықтықтарында болады (сілекей, кынаптан аққан сүйықтықтар, ер адамның ұрығында), емшек сүтінде, жұлын миының сөлінде және т.б.


10. АИВ адамның барлық биологиялық

сұйықтықтарында бола ма?

Тек қана қан мен еркек адамның ұрығында көп те, қалған сүйықтықтарда өте аз мөлшерде болады.


11. АИВ барлық қатынаста жұғуы мүмкін бе?
Жоқ. Ол үшін зақымданған адамның қаны сау адамның қанына кіруге керек (қан қүю кезінде, есірткіні тамыр арқылы жіберу кезінде, нашақорлық).
12. АИВ жұқтырғандардың саны қанша?

2000 жылдың шілде айында Оңтүстік Африканың Кейп-таун қаласында ЖИТС-ке қарсы шаралар жөнінде Бүкілдүние-жүзілік XIII форумының мәліметіне қарағанда, дуниежүзінде ЖИТС-ті 53млн адам жұқтырған. Қазақстанда 1267 адам бар.


13. Бұлардың қаншасы жастар?

213 адам жастap, 25 жасқа дейінгі.


14. АИВ жұққаннан кейін аурудың бірінші белгілері қашан пайда болады?

Ең аз дегенде екі аптадан кейін, көбінесе үш-алты ай арасында, тек зақымданғандардың 1% ғана бір жылдан соң ауыра бастаған.


15. АИВ жұқтырғаннан кейінгі алғашкы

белгілері қандай?

Басталуы кәдімгі грипп (тұмау) немесе салқын тиген кездегі сияқты болып келеді. Дене кызуының көтерілуі, бас ауруы, тамақтың ісіп кетуі, теріге әр түрлі кеуілдірлер (сыпь), шығуы сияқты. Ол екі аптадан соң жазылып кетеді.

120

16. Әйелдер мен ерлердің зақымдануының айырмашылығы бар ма?

Еш айырмашылығы жоқ.


17.«АИВ инфекциясын жұқтырған» мен «ЖИТС-пен

ауыратын» адамның айырмашылығы не?

Айырмашылығы көп. «АИВ жұқтырған» адамның қанында вирус бар болганымен, ол сырттай сау адамнан еш айырмашылығы жоқ.

«ЖИТС-пен ауыратын» адамның иммунитет жүйесі мүлде нашар болған соң, онын ауруының меңдегені сырт пішінінен оған жабысқан әртүрлі ауыр инфекциялық аурулардан жалығып, шаршаған білініп тұрады, ол аурулар емделмейді.
18. Неліктен бұқаралық ақпараттар ағынында ЖИТС жайында көп айтылуы керек?

Әр адам күнделік газет, журнал оқымаса да радио, теледидар арқылы жаңалықтарды, естіп, көріп жүреді. Сондықтан да ЖИТС жайында ақпараттар шын деректер беретін болса әр адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады және оның оған көзқарасы өзгерер еді.


19. АИВ жұққаннан кейін, дәл ЖИТС қашан пайда болады?

Көбінесе бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Ең көп дегенде 3-5 жылдан соң.


20. АИВ жұққандардың бәрінде бірдей ЖИТС ауруы болады ма?

Кей адамдардың 15 жылға дейін ауырмай жүргені жайлы деректер бар. Қазіргі кездегі әртүрлі дәрілерден кейін, АИВ тез тарамай иммунитет жүйесінің әлсіремеуіне әсер етіп ЖИТС-тің тез басталмауына әкеліп соқтырады.


21.Қанша адам ЖИТС-пен ауырады?

Біздің республикамызда 2000 жылдың қыркүйегінде 34 адам болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет