В.А. Сластенин, Ю.К. Бабанский: «Тәрбие әдістері – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс – әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері» – деп түсіндіреді.
Т.А. Ильина: «Тәрбие әдістері деп – тәрбиешінің оқушылардың бойында социалистік көзқарасты және мінез – құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы» – деп тұжырымдады.
Т.Е. Конникова: «Тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстардың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету» – деп қорытындылайды.
Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбиенің мақсат, міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету, жағымды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс – әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал – тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.