1.3. Педагогиканың зерттеу пәні, объектісі
Әрбір ғылымның зерттеу объектісі мен зерттеу пәні болады.
Объект – осы ғылым зерттейтін болмыс аумағы, пән – осы ғылым ұстанымы тұрғысынан объектіні көре білу тәсілі.
Педагогиканың обьектісі даму, қалыптасу үстіндегі адамзат баласы болып табылады.
Педагогиканың пәні – оқу – тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын тәрбие процесі болып табылады.
Ал зерттейтін пәні – саналы және мақсатты түрде ұйымдастырылған педагогикалық процесс болып табылады.
Педагогиканың функциясы – екі жақтан қарастырылады:
Біріншіден теориялық жақтан үш деңгейде, олар:
– диагностикалық (анықтау) – педагогикалық құбылыс жағдайын, мұғалім мен оқушы іс–әрекетінің нәтижесін, оның тиімділігін қамтамасыз ететін себептері мен шарттарын айқындау.
– болжау – барлық педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде тәжірибелік зерттеуден өткізу және соның негізінде педагогикалық болмыстың жаңа моделін құрастыру.
– сипаттау немесе түсіндіру – озат және жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу.
Екіншіден, оқу – тәрбие процесін технологиялық жақтан қамтамасыз ету болып оның өзі үшке бөлінеді, олар:
– жобалау – педагогикалық іс – әрекет пен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру мен реттеуге нұсқау болатындай теориялық тұжырымдармен анықтамаларды қамтитын әдістемелік материалдарды (оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар, әдістемелік оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты.
– рефлексиялық (ықпал таныту) – ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу – тәрбие жұмыстарына ықпалын бағалау.
– түзету немесе жаңалау – тәрбие мен білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзету мақсатына қарай педагогика ғылымының заман талабына байланысты жетістіктерін еңгізу және іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |