Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Антон Семенович Макаренко



бет4/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Антон Семенович Макаренко (1888—1939) балалар ұжымын құрудың және оған педагогикалық басшылық жасаудың принциптерін ұсынып, оны практика жүзінде тексерді, еңбек тәрбиесі мен отбасы тәрбиесінің және саналы тәртіпті қалыптастырудың әдістемесін жасады.

Қазақтық демократ ағартушылары Ш.Уәлиханов (1835–1865ж.ж.), Ы.Алтынсарин (1841–1889 ж.ж.), А. Құнанбаев (1845–1904 ж.ж.) мектеп оқуының ғылыми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын, қазақ халқының алдынғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.

Жоғарыдағы айтылған орта ғасыр ғұламаларының ой тұжырымдары арада қаншама уақыт өтсе де, қазақтың демократ ағартушы – педагогтарының да ой – санасымен үндестік тауып, сабақтасып жатқандығын көре аламыз. Мысалы, Абай:

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махабатпен ерсеңіз.

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз – деп ғылым білімді уағыздай отырып, дүниенің сырын ұғып білуде, өмірдің мәнін танып – түсінуде білім мен ақылдың мүмкіндігінің шексіз екендігін дәріптейді.Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой– пікірді қуаттау болды.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі педагогикалық ой-пікірлер А.Байтұрсынов (1873–1937 ж.ж.), М. Жұмабаев (1893–1938 ж.ж.), М.Дулатов (1885–1935 ж.ж.), Ж.Аймауытов (1889–1931ж.ж.) есімдерімен байланысты болып келеді. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» (1909ж), «Әліпби» (1912,1924ж), «Тіл құралы» (1914ж), «Әдебиет танытқыш» (1926ж) т.б. еңбектері бар. М.Жұмабаевтың «Оян қазақ», Орынбор мен Ташкент баспаханаларында «Педагогика» атты оқулығы 1922, 1923 жылдары екі рет басылып ашты. Ал М.Дулатовтың «Есеп құралы», «Қирағат кітабы», «Шығыс жинағы», және Ж.Аймауытовтың «Психология» (1926ж), «Тәрбие жетекші» (1926ж), «Жан жүйесі және өнер таңдау»(1929ж), « Комплексті оқыту жолдары » (1929ж) және т.б. еңбектері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет