1.4. Педагогиканың негізгі ұғымдары
Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен оның негізгі педагогикалық категорияларын (ұғымдарын) қарастыру қажет.
Категориялар (ұғымдар) – обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Сонымен бірге категориялар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық категориялар арқылы педагогикалық құбылыстарды,олардың өзара байланысын танып – білуге болады.
Тәрбие – адамзат баласының (халықтың, этностың) ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық әлеуметтiк тәжiрибесiн жас ұрпақтың (адамның) бойына сiңiру, оларды қоғамда еңбек етiп, өмiр сүруге даярлау, қоғамның онан әрi дамуын қамтамасыз ету мақсатында аға ұрпақ пен жас ұрпақтың (педагог пен оқушылардың, тәрбиешi мен тәрбиеленушiлердiң, ата – ана мен баланың, әлеуметтiк тәжiрибесi мол адам мен тәжiрибесiз адамның) өзара бiр– бiрiмен әрекеттесу процесі.
Педагогикада «тәрбие» ұғымы кең және тар әлеуметтік мағынада, сонымен қатар кең және тар педагогикалық мағынада қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |