Қазақстан республикасының білім



бет93/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
4-тапсырма. Мәтіндерді оқып, адам болуға, азамат болуға негіз болатын тірек сөздер мен ойларды іріктеп алып, әңгімелеп беріңіздер. Тұлғалардың азаматтығы, елге, адамзатқа деген сүйіспеншілігі қай сөздерден көрінеді?


а) ... Жастарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз Тоқтар аға?

Мен мұны ылғи да айтып жүрмін. Намысты әркезде бірінші орынға қою керек. Жастарға, тәуелсіздік құрдастарына айтар бірінші кеңесім осы.




Екінші мәселе өмірде мақсатың болуы керек. Алдыңа мақсат қоймасаң, өмір бойы адасып өтесің. Бала кезден-ақ кім болатыныңды анықта. (Әңгімелескен Арман Алтайұлы).


ә) ... Бауырлар, кітапты көп оқыңдар. Спортта болсын, басқа салада болсын, ең бірінші білім керек. Білімің болмаса, еш жерден жарқырап шықпайсың. Ең алғаш спортзалға барғанда ұстазымыз барлық балаларды жинап алып айтқан: «Маған сендердің чемпион болғандарың керек емес, ең бірінші кезекте адам болыңдар! Ертең чемпион болғанда адам танымай, тәкаппарланып кетсең, немесе жеңілген кезіңде сынып қалып, төмен түсіп кетсең, ең қиыны сол болады. Сондықтан бірінші кезекте адам болыңдар!» – деген сөзі әлі жадымда. (Қанат Ислам: Тәуелсіз елдің қадірін білейікші, бауырлар! www.qazaquni.kz/ Қазақ үні. Ұлттық портал).


142 АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




б) ... Бәрінен азаматтық биік! «Ақын болуға міндетті емессің, азамат болу борышың» дейді Некрасов. Қазақ ақылды адамын азамат деп ардақтайды.

Некрасов – ұлы ақын. Айтқаны дұрыс шығар. Азаматтықты қастерлегенде, адамгершілікті де ескерген болар, – деді Жарас.




Қазақша азаматтықты көбіне тар мағынада түсінеміз. Қейде ат майын берген адам да, азамат атана беретіні бар. Азаматтық ақылға қарап та өлшене бермейді. Ал адамгершіліктің мәні, онан гөрі тереңірек жатыр. Ол бір адамның құшағына сия да бермес. Бүкіл адамзатты сүюге шақырады ол. Ал адамзатты сүйген азамат, адам баласына қиянат істемейді, әрине... (З. Шүкіров «Отты өткелдер»).

Өнер туындысымен танысып, Мағжан Жұмабаевтың «Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды» деген сөзін негіз етіп алып, «Адам және адамзат» немесе «Адам – жасампаз», «Өнегелі өмір» тақырыптарының біріне пікір алысу жүргізіңіздер.




Ұлы көш. Тюлькиев Б.А., Қожамқұлов З.К.

Әмірхан Меңдеке «... Әуелі – адам, содан кейін – қоғам. Әуелі – ізгілік, содан кейін – үйлесімділік. Әуелі – руханият, содан кейін – өркениет. Бастапқылары түзелмей, кейінгілері ешуақытта түзелмейді» дейді.





АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА

143

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет