ФАРМАКОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ
Фармакодинамика – ДЗ әсерлерінің жиынтығы (жағымды, жағымсыз) және әсер ету механизімдерін зерттейтін клиникалық фармакологияның бір саласы.
Дәрілік заттардың әсер ету механизмдері
Дәрілік заттардың басым бөлігі ағзаның физиологиялық жүйелерінің қызметін өзгерте отырып, емдік әсер береді. ДЗ әсерінен ағзада өтетін әр түрлі физиологиялық үрдістердің жүру жылдамдығы өзгереді. Бұл үрдістердің тежелуі немесе қозуынан мүшелер мен тіндердің қызметі де соған сай төмендейді немесе күшейеді. Соның әсерінен аурудың себебі болған ағзадағы патологиялық үрдістердің ағымы да өзгереді де, бұзылған функция қызметтері де қалпына келеді, ауру симптомдары кері қайта бастайды.
Дәрілік заттардың әсер ету механизмдерінің келесі түрлері бар:
тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |