Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Шығарылу кезеңіндегі өзара әсерлесулер



бет42/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дін әлеуметтануы, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Ödev 24 .

Шығарылу кезеңіндегі өзара әсерлесулер


ДЗ ағзадан шығарылу кезеңінде де өзара әсерлесуге түседі. ДЗ ағзадан шығарылуының негізгі екі жолы бар – бүйрек арқылы және өт арқылы.

Көп жағдайда ДЗ әлсіз электролиттер болып табылады, ал олардың ерігіштігі иондалу дәрежесіне тікелей байланысты. Ал, иондану дәрежесіне ерітіндінің қышқылдылығы, рН ортаның көрсеткіштері әсер еткендіктен, ДЗ зәр арқылы шығарылуы әжептәуір өзгертеді. Мысалы: зәрдің рН ортасын натрий бикарбонаты жоғарылатса, аскорбин қышқылы керісінше төмендетеді. Зәрдің сілтілігін арттыратын ДЗ қолдану арқылы барбитураттар мен салицилаттардың ағзадан шығарылуын жылдамдатуға болады. Тәжірибеде өзара әсерлесудің бұл түрін аталған ДЗ уланғанда қолданады.

Өт арқылы шығарылатын препараттар ішектерге түседі де, қайта сорылып нәжіспен өзгермеген немесе метаболиттер түрінде ағзадан шығарылады. Мысалы: өт арқылы пенициллиндер мен цефалоспориндер шығарылады. Сондықтан да, аталған препараттарды холецистит пен холангит сияқты өт жолдарының ауруларында қолданған жөн.

ДЗ фармакодинамикалық өзара әсерлесуі

Фармакодинамикалық өзара әсерлесулер дегеніміз – ДЗ әсер ету механизімі, рецепторлар деңгейінде өзара әсерлесуге түсуі. Бұл кезде олардың биожетімділігі өзгермейді.

Фармакодинамикалық өзара әсерлесудің негізгі механизмдері:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет