Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет43/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дін әлеуметтануы, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Ödev 24 .

ДЗ рецепторларға бәсекелесуі


Арнайы рецепторларға агонистер мен қоса антагонистер де таласуы мүмкін. Мысалы: м-холиномиметиктермен уланғанда немесе артық мөлшерде қолданғанда, м-холиноблокатор - атропинді қолданады. Кейбір жағдайларда бұл препараттардың бәсекелесіп өзара әсерлесуі қауіпті болып табылады. Мысалы: пилокарпин қабылдап жатқан глаукомасы бар науқасқа спазмолитик ретінде атропинді тағайындаса, көз ішілік қысымның күрт жоғарылауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

ДЗ кинетикасының әсер ету орнындағы өзгерістері


ДЗ жергілікті транспорт, биотрансформация және тіндердегі белсенді емес аймақтарымен байланысын өзгертуі мүмкін. Бірақ, аталған кинетикалық өзгерістерді ДЗ фармакодинамикалық өзара әсерлесу түріне жатқызады, өйткені бұл өзгерістер арнайы рецепторлар деңгейінде жүріп, ДЗ әсер ету механизімдерімен тікелей байланысты. Мысалы: гипотензивті препарат гуанетидин белсенділігінің үшциклды антидепрессанттар әсерінен өзгереді, атап айтқанда, гуанетидин адренергиялық нейрондардың талшықтарына еніп, норадреналиннің босап шығуына әкеледі, ал норадреналин моноаминооксидаза (МАО) әсерінен ыдырайды. Оның салдарынан норадреналиннің қоры азайып қан қысымы төмендейді. Үшциклды антидепрессанттар мембрана арқылы тасымалдану жүйесін тежеп, гуанетидиннің адренергиялық талшықтарға енуіне кедергі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет