Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет17/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

5 – тапсырма

Құрғақшылық жағдайында топырақтағы артык ауа өткізгіштік колайлы болмайды, ейткені ол топырақтың құрғауына әкеп соғады.

Топырақтың жылу режимі

Жылу — өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордыц бірі. Өсім-діктердің жер үстіндегі бөлігі мен тамырлары үшін температураны анықтауды қажет етеді. Температура темендегенде тамырлар жүйесі, ал артқанда өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жаксы дамиды. Тамырлардьщ белсенділігі және тіршілік әрекеті топырақтың тем-пературасына байланысты. П. С. Коссовичтің дерегі бойынша, 6— 8° температурада өсірілген сұлынын тамыр массасы, өсімдіктін, жалпы массасыньщ 21 процентіндей, ал оны 12—17° өсіргенде, оның тамыр массасы — 14 процентіндей болады. Тамырлар мен микроорганизмдердің бірқалыпты өсуі мен қызметі топырақтың 10—40° температурасында өтуі мүмкін. Дәннің өне бастауы мен көктің пайда болуы тым төменгі температурада жүреді (9-таб-лица).

Көптеген ауыл шаруашылық аудандарында дән түсетін тереңдіктегі топырақтың белгілі бір температураға дейін кызуын тұқым себуге колайлы мерзімді көрсететін уақыт ретінде пайдаланады. Бұған Солтүстік Қазақстан, оған жалғасатын далалық аудандар — Орталық Қазақстан, Оңтүстік Орал және Батыс Сібір қосылмайды. Бұл жерлерде егін себудің қолайлы мерзімі арам-шөптердің жаппай көктеуі болып табылады, осы кезде жерді егіс алдында өңдегенде оларды толық құртуды және жазғы ең көп жауын-шашында (июньнің соңы, июльдің басында) дәнді дакылдар өсуінің ең қиын кезеңінде (түптену, түтіктену) пайдалану көзделеді.

Топырақтағы пайдалы микроорганизмдер жоғары және төменгі температураға мейлінше төзімді, дегенмен де олардың тіршілігі үшін ең колайлы температура 25—30°С болып табылады. Топырақтын, бұл температурасы мәдени өсімдіктер үшін ен қолайлы. Топырақтың температурасы төмендегенде, олар өзінің тіршілік әрекетін күрт төмендетеді, ал көктемде топырақ қайта жылынғанда олар бұрынғы қалпына келеді. Осының салдарынан ерте көктемде қоректік заттардың, әсіресе азоттың жетіспеуінен есімдіктерде аштық болатыны жиі кездеседі. Бұ-л әсіресе күздік егістіктерде жиі байқалады. Олар кектемде ерте оянып, әлбетте азот тыңайт-қыштарымен үстемелей қоректенуді кажетсінеді.

Кысты күні түптеген туйнек жатқан тереңдіктегі топырақ тем­пературасы дақылдардың қыстап шығуы үшін ете маңызды.

А. М. Шульгиннің мәліметі бойынша күздік бидай үшін топырақтын шекті температурасы 16—17°, ал қара бидай үшін 20—21° тең.

Түптену буыны жататын тереңдіктегі топырак, температурасы 20—25° болғанда, жазғы дәнді дақылдардың (бидай, арпа) түп-тенуі жақсы жүреді. Топырак температурасы вегетациясы мен осу кезеңдері аралығынын ұзактығына эсер етеді.

Температура жоғарылағанда судың түтқырлығы мен беткі дец-гейінін жайылуы төмендейді, қозғалысы артады. Температура төмендегенде газдардың ерігіштігі артады, ал өскенде газдардьщ араласуы күшейеді.

Жылудың негізгі көзі күннің радиациясы. Бір жыл ішінде 168 ккал/см2 мелшеріндегі күннің жылуы жерге дейін жетеді. Бұл жылудың үштен бір бөлігі атмосфер ада калады да ал үштен екі бөлігі жердің бетіне жетеді. Қиыр Шығыста өсімдік өсуінің вегетациялық кезеңінде жылу ( + 10°С) жиынтығы 15—20 ккал/см2 тең, Европаның оңтүстік бөлігінде ол 80 ккал/см2, ал азиялық бөлігінде — 120 ккал/см2 тен.

Сәуле энергиясын топырақтың үстіңгі қабаты сіңіреді де, ол тым терең қабатка өтіп, жылу энер.гиясына айналады. Одан жайылып атмосфераға тарайды. Топырақтың жылуды сіңіру қабілеті, әлбетте альбедо мөлшерімен сипатталады. Ол түскен сәуле энергиясының кандай бөлігі топырақта шағылысатынын көрсетеді. Ылғалданған, қара топырактың альбедосы 8 процентке жақын, ал, дәнді дақылдардың егісінде—10—25 процент. Атмосферада болатын жылы ауаның ағыны топырақтағы органикалық заттардың ыдырауы мен басқа да биологиялык процестерден болатын жердің ішкі жылылығы — жылудық баска аз мәнді көздері болып табылады.

Топырақтың жылу дәрежесі, қалыңдығы I см болатын біртектес заттар қабатының егер де осы кабаттың екі жағының да ( бетінің де) температура айырмашылығы І°С болатын I см2 мөлшеріп I секундта етуімен анықталатын, оның жылу еткізгіштігіне байланысты.

Топырақтың жылу өткізгіштігі оның механикалық құрамына, ауаның, судыц мазмұнына топырақ қуыстылық мөлшеріне тәуелді болады. Ауаның жылу өткізгіштігіне қарағанда, топырақтың минералдық белшектерінің жылу өткізгіштігі 100 есе көп, ал судың өткізгіштігі 24 есе артық. Сондықтанда қүрғақ топырақтармен салыстырғанда ылғалды топырақтар көбірек жылу өткізгішке ие бо­лады, ал борпыс топырақтан тығыз топырақтың жылу еткізгіштігі артық.

Топырақтың жылу режиміне жылу сыйымдылық едәуір эсер етеді. I см3 топырақты І°-қа жылытуға қажет болатын калория есебімен алынған жылудың мелшерін, көлемдік жылу сыйымдылық деп атайды. Судың жылу сыйымдылығы, топырақтын минералды бөлшегінің жылу сыйымдылығынан артық. Бұл топырақтың көлемдік жылу сыйымдылығы оның ылғалдылығы молайған сайын артатынын көрсетеді. Құрғақ топырактармен салыстырғанда ылғалданган топырақтың тәуліктік ауытқуы аз. Көктемде сазды топырақ құмдақ топырактан салқынырак (баяу жылынады) бо­лады. Ал күзде ылғалды сазды топырақ құмды топырақтан жылырақ (баяу салкындайды) келеді.

И. Б. Ревуттың дерегі бойынша көптеген топырақтың жылу сыйымдылығы құрғақ күйінде 0,17-ден 0,20 ккал/см3 градус аралығында өзгерді. I см3 ылғалды топырақтың жылу сыйымдылығы (I г қүрғақ топырақ пен 0,3 г су) 0,5 ккал/см3 градуска тең.

Ылғалды топырак баяу жылынады, алайда алдын-ала жылынған, жеткілікті жылу келгенде, ол жылудың үлкен корын жинайды және оны қоршаған ортаға баяулатып береді. Осыньщ салдарынан ол сыртқы температураның ауытқуына аз үшырайды.

Топырак температурасының тәулік ішінде және жылдық маусым бойына өзгеруі топырактың температура өткізгіштігіне бай­ланысты. Жылу өткізгіштік коэффициентінің көлемдік жылу сыйымдылыққа қатынасы температура өткізгіштігі коэффициенте аныктайды. Ауаның температура өткізгіштік коэффициент! 0,16 тең, ал судікі — 0,0013. А. М. Шульгинның дерегі бойынша құрғақ топырақтың температура өткізгіштік коэффициенті 0,0016 тең, ал жақсы ылғалданған топырақтікі — 0,0043.

Топырактың жылынуына, оның жылулық қасиетінен баска бірнеше жағдайлар әсер етеді. Мысалы, жер бедері I градус оңтүстікке қарай енкек болғанда, ауамен ағып келетін жылудың мөлшері бойынша танап оңтүстікке карай 100 км ауыскандай болады. Әр алуан экспозициялык баурайлардың оңтүстік жағы жаксы, сонсын шығыс және аздап батыс пен солтүстік баурайлары жылынады.

Механикалық құрамы әр түрлі топырақтардың жылынуы мынадай ретпен келіп отырады: құмды сазды. Май айынан бастап августқа дейін 25 см терендіктегі құмайт топырақтың тем­пературасы сазды топырактан 3—5° жоғары. Егін салынған жер­дей гөрі пар танабында және жалпылай себілген егін жеріне қарағанда кең қатарлап себілген егін топырағы артык жылынады. Қара топырақтар ақшыл топырақтардан гөрі күшті жылынады. Ашық күнде, түс мезгілінде қара құрыммен жабылған топырақ үсті, кәдімгі топырақпен салыстырғанда 5—10° артық жылынады, ал ак түсті жердіқ беті одан төмен болады.

Топырак температурасының жылдық және тәуліктік ауытқуы болады. Температураның тәуліктік ауытқу амплитудасының сөнуі 35см-ден 100 см-ге дейінгі тереңдікте өтеді, топырақтың осы тереңдігінде тәулік ішінде температура тұрақты бірқалыпты болады.

Топырақ температурасының жылдық ауытқу амплитудасының ең жоғары көрсеткіші жаздыкүні, ең төменгісі қыс уақытында сипатталады. Солтүстік ендіктерінде жылдық температураныц тереңдікке енуі 25 м тең, орта ендіктерде— 15—20 м, оңтүстікте— 10 м болады. Бұдан темен тереңдікте температураның тәулік және жыл­дық ауытқуы байқалмайды.

Қыс кезецінде топырақтың тоңдануы күздік өсімдіктердің қыстайтын жағдайына, сонымен бірге су режиміне эсер етеді. Топырақтың тоңдану тереңдігіне қыс кезеңінің температурасы, жер үстінде еөсімдіктердің болуы және қар қабатының қалыңдығы эсер етеді. Солтүстік Қазақстанның жағдайында топырак 100—150 см тереңдікке дейін тоңданады, СССР-діц европалық бөлігінің орта алқабында 30—70 см, ал оңтүстігінде 10—20 сантиметрге тоңданады.

Қардың нашар жылу өткізгіштігініц салдарынан топырақ бетіндегі қар қабаттары, топырақ пен жер бетіндегі жылы ауаның алмасуын үзеді және сонымен қатар топырақтың шамадан тыс салкыпдауынан сақтайды.

Топырақтың жылылық режимін реттеуді белгілі дәрежеде егіншіліктің кейбір тәсілдерімен іске асыруға болады. Мысалы, топырақтың жоғары қабатын тығыздаумен немесе копсытумен. Ылғал топырақты 2—4 см тереңдікке копсыту оныц температурасын 1 — 2° төмендетеді, тығыздау — керісінше, температурасын арттырады.

Топырактыц температурасына оны терең қопсыту ец күшті эсер етеді. Тығыз топыраққа қарағанда қопсыған топырақтың жылы­нуы мен салқындауы едәуір артығырақ. Борпыс топырақ тереңдікке жылуды нашар өткізеді, оған жылудың тереңдігі жылу қабатынан келуі төмен.

Кейбір жағдайларда жылылык режимін реттеу үшін топырақ бетін ақшыл (сабанмен) немесе қара (торф) заттарымен жабындайды. Сабан топырақтың сәулеленіп шағылыстыру қабілетін өсіреді, судың булануын азайтады, температураны төмендетеді, тем­ператураныц тәуліктік ауытқуын реттейді, дегенмен топырактыц нашар жылынуы арамшеп тұкымының өне бастауын кешіктіреді, нитрификациялануды төмендетеді, өсімдіктің вегетациясын біршама ұзартады. Қара түсті жабынды (мульча) бұған қарама-қарсы әрекет етеді.

Топырак пен өсімдіктің жылылық режимін жаксарту үшін дақылдардыц биологиялық ерекшеліктері мен жылу қажеттілігіне карай эр алуан экспозициялы баурайларға (оцтүстік,

солтүстік т. б.) биік жалды және жүйектеп себу тэсілдерімен дақылдарды орналастырады.



Жаздыкүні танаптарды суландыру топырақтың температурасын темендетеді және оның беті кызып кетпеуінен сақтайды. Жер қыртопырақтың қатуы мен жібуі, см
ауаның орта айлық температурасы, С

l8-сурет. Кардын калыңдығынын динамикасы, күрең-қызыл қоңыр, жекіл құмайт топырактардың 1981—1982 жылыньш. кысындағы қатуы мен жібуі (А. В. Иванников, В. П. Лампицкий) шартты белгілері: ДД—жазықтілгішті пар: АА— аныз және сұлыдан ықтырма қалдырылған аралас пар.

Тысына жанасатын қабаттың ауасы мен топырақ бетінін темпе­ратурасын реттейтін экономикалық және тиімді кұрал — аэрозольды тозандатқыштарды пайдалану болып табылады, осынын арқасында суарылған танаптарда микроклимат жасалынады.

Қысы катты аудандарда топырақты жылытудың жаксы құралы кар кабатын жасау. Қар тоқтатуды жүргізудің негізгі принциптері: Кар тоқтатуды мүмкіндігінше ерте жүргізу керек. Қар қабаты бүкіл алқаптарды бір тегіс түтас жабуы кажет. Қар қабатының биіктігі агрофонга және еріген судың толык сіңу мүмкіндігіне зябь пар байланысты дифференциалды жүргізілуге тиіс. Қолдағы бар мәліметтерге карағанда жиналған кар кабаты тон­ный терендеуін азайтып, топырактыц жібуін екі аптаға тездетеді (11-сурет).

Жаздың екінші жартысындағы жылу мен жауыншашынды пайдаланудың тиімді тәсілі, жаз айында мал азықтық дакылдарды себу болып табылады, алайда ол Солтүстік Қазакстанда өте жеткіліксіз колданылып келеді.

6-тапсырма



Топырақтың жел эрозиясына қарсы тұрақтылығын анықтау

Эрозияға қарсы шараларды жүзеге асырғанда эрозия дамуының нақтылы себептерін, оның пайда болу механизмін және топырақтың эрозияға қарсы тұрақтылығын білу керек.

Топырақ эрозиясы — бұл оның табиғи және антропогенді факторлар әсерінен бұзылуы. Еріген қар суы мен жаңбыр суларынан пайда болған бұзылуды су, эрозиясы ал жел күшінің әсерінен пайда болған бұзылуды жел эрозиясы немесе кейде дефляция деп атайды.

Эрозия қалыпты және жылдамдатылған болып екіге бөлінеді. Калыпты деп топырақтардың жоғалуы топырақтың түзіду екпінінен аспағанда айтады. Ол табиғи өсімдіктермен жамылған жерлердегі, топырақтың сумен шайылуымен немесе оның қатты желмен тасымалдануына байланысты. Сондай-ақ ауа райына, жер бедеріне, топырақтың механикалық құрамына, құрылымға және оның беріктілігіне, табиғи өсімдіктер жамылғысының сипаты мен тығыздығына байланысты болады. Өсімдік жамылғысы тығыздау жоғары болған сайып топырақ эрозиядан сенімді сақталады. Қалыпты эрозия көп шығын келтірмейді.

Жылдамдатылған эрозияның пайда болуы адамның килігуімен және табиғаттағы тұрақтанған байланыстардың бұзылуымен байланысты болады. Мысалы, ауыл шаруашылықта тың немесе басқа табиғи жерлердің кең масштабта қолданылуы, топырақтың қарқынды өнделуі, жайылымдарда реттелмеген малдың жайылуы ж.б.

Су эрозиясы жазықтық, сызықтық және ирригациялы болып бөлінеді.

Жазықтық эрозия - еріген сулары мен жауын-шашынның беткейлерден ұсақ жылғалармен аққандағы топырақтың жоғары қабаттарының шайылуы. Сызықтық - шұңқырлар мен сайлардың пайда болуымен топырақтың астына қарай қатты ағынмен шайылуы.

Ирригациялы — ауыл шаруашылық дақылдарды суарғанда беткейлі жерлерде суарған сумен топырақтын шайылуы.

Жел эрозиясы ерекше сыртқы көрініссіз ауа ағынынын салыстырмалы әлсіз болғанда пайда болуы мүмкін. Бұны күнделікті эрозия деп атайды. Кең және аз қорғанысты топырақ массивтерінде қатты жел жылдамдығында шанды дауыл пайда болады.

Жел эрозиясының пайда болуы жел жылдамдығына, топырақтың беткі қабатының шаңдану дәрежесіне және өсімдік қалдықтарының болуына байланысты.

Топырақтың эрозияға қауіпті фракцияларының жылжуы басталатын жел жылдамдығы бастапқы жылдамдық деп аталады. Әр механикалық құрамды топырақтар үшін ол әр түрлі. Балшықты және тұнба фракциялар аз болған сайын бастапқы жылдамдықта төмен болады ( 40 кесте).
40-кесте. 0 — 15 см биіктікте желдің бастапқы жылдамдығы (А. Бараев пен Э. Ф. Госсен бойынша).


Топырақ, бақылау ауданы.

Топырақтың механикалық құрамы.

Бастапқы II

жылдамдық, м/сек.




Күңгірт қара қоңыр, Қостанай обл.

Құмайт

3,0 -4,0

Күңгірт қара қоңыр, Павлодар обл.

Құмайт

4,0 - 4,5

Күңгірт қара қоңыр, Павлодар обл.

Жеңіл құмбалшық

5-ке тақап


Карбокатты қара

Башкирия.



Ауыр құмбалшық топырақ,

5,5 - 7,0

Бастапқы жылдамдық топырақ бөлшектерінің көлеміне байланысты болады. Агрегаттардың көлеміне байланысты мынадай жылжу әдісі пайдаланылады айырып таниды: өлшенген күйінде -0,1 мм < бөлшектер, секіріп — 0,1 - 0,5 мм, домалап — 05 – 1мм. Диаметрі 1 мм-ден ірі топырақ агрегаттары көбінесе шамен ұшпайды (олардың жылжуы үшін жер бетіндегі жел жылдамдығы 11 м/сек -тен қатты болу керек Солтүстік Қазақстанда оның болу мүмкіндігі аз).

Топырақтың жел эрозиясына қарсылық қабілетін түйіртпектіліктен бағалауға болады, яғни ауалы құрғақ топырақ салмағынан пайызбен алынған, 0-5 см қабаттағы 1 мм-ден ірі желге төзімді топырақ қорғау агрегаттарының мөлшерімен бағалайды. Бұл жағдайда мына шкаланы қолдануға болады (41 кесте).
41-кесте. Топырақтың желге төзімділігін бағалау шкаласы.


Түйіртпектілік,%

Желге төзімділік дәрежесі.

25-тен төмен 25-50

50-75


75-тен жоғары

Мүлде төзімсіз

Төзімсіз

Төзімді

Жоғары төзімді


Топырақтың түйіртпектілігін анықтау үшін салмағы 0,5 — 2 кг ауалы-құрғақ топырақ шөкімін алып тесіктер диаметрі 1 мм електен өткізеді. Топырақтың агрегаттық құрамын анықтағандағы құрғақ елеу мәліметтерін қолдануға болады .

Содан кейін 1 мм-ден ірі агрегаттардың (електе калған агрегаттар) салмағын өлшеп, жалпы шәкімімен салыстырмалы пайыздық құрамын санайды:
К= В/А*100,

Мұнда, К - түйіртпектілік, %,

В — 1 мм-ден ірі агрегаттар салмағы, г.

А — талдауға алынған шөкім салмағы, г.


Эрозияға шалдығу дәрежесін анықтау үшін ПАУ-2 аэродинамикалы қондырғы кең қолданылады. Бұл прибордың принципі бойынша көлемі 1,18 м2 (ұзындығы 2,35, көлемі 0,5 м) 50 м биіктікге топырақ бетінде жылдамдығы 12 м/сек (флюгер биіктігіндеи 23 м /сек жылдамдығына сәйкес) табиғи жел фонына ұқсайтын жасанды ауа ағыны жасайды. Бұл жағдайда бес минөт бойы топырақ материалы үрленеді және тасымалданады, бұның бір бөлігі әр түрлі биіктікте қойылған шаң ұстағыштармен ұсталынып циклондарда жиналады. Экспозицияның 5 мин 50 г эрозияға шалдықса, оны рұқсат шегі деп санайды, ол 0-5 см топырақ қабатындағы 60 % түйіртпектілігіне сай болады, немесе эрозияға шалдығу 50 г және одан төмен болса, топырақ беті эрозияға төзімді болып саналады. Ең соңғы мүмкіндік шегі 120 г, ол 50 % түйіртпектілікке сай болады, яғни мүмкіндік және мүмкіндік шегінің арасындағы эрозияға шалдыру көрсеткіштерде топырақ нысапты желге төзімді күйде болады. Егер эрозияға шалдыру 120 г нан жоғары болса ол түйіртпектілік 50% -ға төмен болады, бұл топырақтын эрозияға төзімсіз болғаны.

Жел эрозиясы пайда болғанда ұсақ топырақты есепке алу үшін әр түрлі қарапайым қүрылысты тұзақтар мен шан ұстағыштар қолданылады: цилиндр тұзақ, кювет тұзақ, А. И. Знаменскийдің, И.В. Годуновтың шаң ұстағыштары, УПЗ-50 ж.т. б.



Солтүстік Қазақстан жағдайында топырақты жел эрозиясынан қорғау жоғары түйіртпектілік пен өсімдік қалдықтарының көп сақталуымен жүргізіледі. Топырақ бетінде желге төзімді агрегаттар мен өсімдік қалдықтары көп болған сайын желге төзімділігі де жоғары болады. Бұл байланыс эрозияға шалдығу тендеуімен көрсетіледі (Шиятый Е.И., 1975).

Мұнда, Q – экспозицияның 5 минөтте эрозияға шалдығуы, г.

10 - түйіртпектілік, %

a, b, c – механикалық құрамға байланысты өзгеретін коэффициенттер (29 кесте)

s - өсімдік қалдықтарының саны, дана/м2

Эрозияға шалдығуды анықтау тапсырмасын орындау үшін студенттер жоғарыда көрсетілген 5 теңдеуді қолданады. Топырақтың механикалық құрамы мен 1 м2 аңыздар саны туралы мәліметтерді оқытушы береді, түйіртпектілік құрғақ елеудегі 1 формадан алынады. Мысалы: агрегаттың құрамымен, суға төзімділігін анықтау үшін орта құмбалшық алынады. Құрғақ елеу нәтижесінде алынған түйіртпектілік 45% болды. Аңыздар саны - 52 дана/м2.



42-кесте. Топырақтың эрозияға шалдығу коэффициентгерінің

Топырақтың механикалық құрамы

Коэффициенттер

а

в

с

Балшақтар мен ауыр құмбалшықтар

Орта құмбалшықтар

Жеңіл құмбалшықтар, құмайттар


3,6349

3,3895


3,3087

0,0319

0,0294


0,0285

0,0039

0,0030


0,0039

29 кестеден орта құмбалшықты топырақтар үшін регрессия коэффициентін табамыз: а = 3,3895, в = 0,0294, с = 0,0030.

Теңдеуге мәндерді қоямыз:

Q=10 3895-0,0294-0,0030*523,

Санауда логарифмдер кестесін қолдану үшін тендеуді мына түрде көрсетеміз:

Q=3895-0,0294-0,0030*523,

Q=1,9105.

Брадис кестесін қолданып ( 10Х функциясының мағынасы бөлімінен) 9105 — мантиссасының мағынасын табамыз. Ол үшін сол жағындағы тізбектен мантиссаның бірінші екі санын табамыз — 91. Мантиссаның үшінші санын 0 белгісімен тізбектің 91 жолымен түйісінен табамыз, ол 8128 тең. Содан кейін 5 мантиссаның санына түзету табамыз, ол 9 тең. Ол түзетуді бірінші тапқан мағынаға қосамыз 8128+9 =8127

Толық белгілер саны n+1 тең, мұнда n - логарифм сипаттамасы. Мысалда біздің n=1, яғни тапқан санның толық бөлігі екі белгіден құрылады (1+1=2), немесе іздеген 5 мин экспозициядағы эрозияға шалдығу көлемі Q=81,37г.

Сонымен, анализге алынған топырақ жел эрозиясына нысапты төзімді. Эрозияға шалдыққан топырақты танып жіктеу үшін, ыдырау және эрозияға шалдығу шкаласын қолдануға болады (43 және 44 кестелер).

Бұл жағдайда диагностикалық белгі ретінде дефляция коэффициенті, топырақтың беткі қабатының құмдануы, қарашірікті жинақтайтын қабаттың бұзылуы, жыртылатын қабаттан қарашіріктің жоғалуы болады.
43-кесте. Ыдырау дәрежесінен топырақтың жіктелуі.

Топырақ тың ыдырау дәрежесі.



Диагностикалы белгілер.

Егістікте желдің әр түрлі жылдамдығындағы желді- құмды ағынның тығыздығьи (кг/сағ), м/сек.

Кд

Топырақ тың 0-10 см қабаты ның алуы, %

8

12

13

Аз

0,6-1,0

< 10

2

3- 10

11 – 20

Орта

0,3 -0,5

11 -20

5

6-20

21 – 50

қатты

0,0 - 0,2

>20

50

51 100

101- 200

Кд — 1 мм-ден ірі агрегаттардың санының 1 -ден ұса агрегаттарға салыстырмасы ( Кд >1мм/<1мм)



44-кесте. Эрозияға шалдығу дәрежесіне қарай топырақтардың жіктелуі.


Топырақтың эрозияға шалдыру дәрежесі


Диагностикалық көрсеткіштер

Қарашірікті қабаттың бұзылуы

Жыртылатын қабаттан қарашіріктің жоғалуы,%

Жыртылатын қабаттың құмдануы,

Аз

А қабаттың 1/4

<20

<10

Орта

А қабатгың 1/2

21 -40

11 -20

Қатты

А қабат түгел

21 -60

21 -40

Өте қатты

В қабат

>60

>40

Эрозияға қарсы шара құру көзқарасына қарасақ тек қана желге төзімділік дәрежесіп білу ғана емес, рұхсат шамаға дейін 50 г азайтуға жағдай жасайтын құрушы бөлігінің (түйіртпектік және аңыздар саны) параметрін анықтау қажет.



40 және 41 формуланы (В. П. Томилов) қолданып құрғақ елеумен алынып және берілген аңыздар саны үшін қажетті түйіртпектілікте және топырақтың эрозияға шалдығуын анықтау үшін алынған түйіртпектілікті қажетті аңыздар санын санауға болады.

Мұнда, S1 - қажетті шекке эрозияға шалдығуды азайту үшін керек аңыздар саны, дана/м2;



Q - 1,6990 тең тұрақты сан (50- логарифмнің санмен керсетілуі — эрозияға шалдығудың қажетті шегі).

Мұнда, К1 - қажетті шекке дейін эрозияға шалдығуды азайту үшін қажетті түйіртпектілік,%.

Бұл екі формуладағы басқа әріптік белгілер 5-формулада көрсетілген.
7- тапсырма
Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.

Топырақ қорғаушы машиналар жүйесінің бәріне қойылатын негізгі талап топырақта кесекті құрылым жасау, топырақ бетін минималды шандандыру және өсімдік қалдықтарын қалдыру.



45 кесте Топырақ өңдеу үшін негізгі топырақ қорғаушы машиналар


Топырақ өндеу түрлері

Ауылшаруашылық машиналар маркасы мен аты

1

2

Таяз жазықтілігшті өңдеу

7-8 см,


6-12 см

Жазықтілгіш культиватор КПШ-9, КПШ-11,КПШ-5,

Ауыр культиватор КТС-10-1,КТС-10-2 штангалы дискілерімен

Машиналар ОП-8,ОП-12


Терең жазықтілгішті қопсыту

Жазықтілгішті – терең қопсытқыштар КПГ-250А, ПГ-3-100, ОП-3-5

6-8 см тереңдікке культивация

Штангалы культиваторлар КШ-3,6 А, КЛШ -10,КЛШ-16

1

2

Көпжылдық шөптердің қыртысын аудармай өндеу

ОПТ-3,5 машинасы

Топырақтың бетін өңдеу

Инелі тырмалар- мотыгалар БИГ-3А, БМШ-15,БМШ-20, Сыдыра жыртқыштар ЛДГ-10А, ЛДГ-15, ЛДГ-20 сфералы және тегіс дискілермен

Жүгеріден кейін топырақты дискілеу

Дискілі тырма БДТ-10, дискілі ауыр тырмалар БДТ-7, БДТ-10 БДН-3

Тілу

Тілгіштер ЩН-2-140, ЩН-5-40

Чизелдеу

Чизелді соқа ПЧ – 4,5


Жазықтілгішті топырақты өңдеу. Жазықтілгішті өңдеудің сапасын келесі көрсеткіштермен бақылайды: өндеу кезеңі қосыпту тереңдегі, өңдеу тереңдегінің тұрақтығы, аңыздардың зақымдану дәрежесі, танап бетінің айдарлығы, қитақтардың болмауы және арамшөптердің кесілу дәрежесі.

Өңдеу кезеңі оңтайлы болу керек және нықталы жағдайларға байланысты қойылады.

Қосыпту тереңдігі сызғышпен немесе металды стеренмен өлшеу арқылы анықталады. Ол үшін учаскенің диагоналінен жылжып отырып тіреудің ізінен 25-30 см аралықта 0,5 см-ден бөлуі бар стерженді кем дегенде 20 жерде кіргізеді. Қосыптудың орташа мәні берілгеннен егер қопсыту тереңдігі 16 см-ге дейін болса 1 см-ден, егер қопсыту тереңдігі 30 см болса 2 см-ден аспау керек. Өңдеу тереңдігінің орташа мәнін 25% топырақтың қопсығаны үшін азайту керек.

Өңдеу терендігінің тұрақтылығы қопсыту терендігін өлшеу негізімен анықталады. Ол үшін қопсыту терендігінің ең темеңгі және жоғарғы мәнін тауып, оны 25% азайтамыз, яғни 0,75 коэффициентіне көбейтіп шын қопсыту терендігін табамыз Саналған мәліметгер берілген қопсыту терендігінен 4-5 см-ден аспау керек.

Аңыздардың зақымдану дәрежесін анықтау үшін табан тіреуінің өнімен өнделген жердің енін өлшейді, ол зерттелген жердің шетіндегі тіреулер іздерінің арасына қосу жұмыс органының еніне тең болады. Сосын тіреу іздерінің енінің өлшемдерінің мәнін қосып, 100 көбейтеді де өңделген жердің жалпы еніне бөледі. Осы көрсеткіш аңыздың зақымдану дәрежесін пайызбен сипаттайды. Қопсыту терендігі 16 см-ге дейін болса 10-15% және қопсыту терендігі 30 см-ге дейін болса 15-20%-дан аспау керек.

Жазықтілгіш өткеннен кейін, табан тіреулерімен агрегат өтіл ұштасқан жерлерде пайда болатын танап бетінің айдарлылығын айдарларды өлшеу арқылы анықтайды. Сонымен қатар табак еткен жердегі қарықтардың терекдігін өлшейді. Айдарлар 5 см-ден темен болу керек, табан тіреуі өткен жердегі қарық ені 15-20 см, қарықтар терендігі —8 см-ден аспауы керек.

Атжалдардың болмауын әдетте көзбен анықтайды, бірақ дәлдік үшін олардың алқабын санап жалпы өнделген алқапқа пайызбен келтіруге болады. Атжал саны 0,1% - дан аспау керек.

Ұштасып жабылған жердің сақталуын бір сменада өнделген учаскенің 15-20 орнында анықтайды. Ол үшін агрегаттың кершілес өткелдеріндегі жазықтілгіштің шеткі тіреулерінен қарықтардың орталарының арасындағы енді өлшейді. Ұштасып жабылған жердің көлемін жазықтілгіштің тіреулерінің арасындағы базистік енінен ұштасқан қатар арасынын енін алумен анықталады.

Ұштасып жабылған жерде олардың агрегатының қатар өткелдерінің ені 10 м болса ойдағыдай болғаны.

Арамшөптер кесілу сапасын диагоналымен жүріп отырып алқабы 1 м2 рамканы салып отырып учаскенің 3-5 жерінде анықтайды. Арамшөптер түгел кесілген болу керек.



Инелі тырмалармен тырмалау. Инелі тырмалар жұмыс сапасын қопсыту тереңдігінен (см), аңыз санынан (дана/м2), уатылу дәрежесінен (%), беткі қабаттың тегістігінен (см), атжал қалуынан анықталады.

Қопсыту терендігін учаске диагоналінен 20-30 м сайын 20 жерде өлшейді. Орташа тереңдікті 15-20% азайтады (қопсу саны). Қопсудың орташа санынан ауытқуы 1 см-ден аспау керек.

Сақталып қалған аңыздарды санау үшін 3-5 жерде өндеуге дейін және агрегат өткен соң алқабы 1 м2 рамканы салып анықтайды. Өндеуден кейін қалған аңыздардың негізгі олардың санына қарағандағы пайыздың мөлшерін анықтайды. Зақым келу дәрежесі 20% аспау керек. Топырақтың уатылу дәрежесі ірі алып жатқан (5 см ірі агрегаттар) алқабын санау жолымен анықталады. Ол сан жалпы алқаптан 20%-дан аспау керек.

Беткі қабаттың тегістігі сызғыш және рейка арқылы тырмалардың секцияларының ұштасқан өткелдерілде және агрегаттардың қатар өткелдерінде 20 нүктеде, айдар биіктігін өлшеу жолымен анықталады. Айдарлардың орташа биіктігі 4-5 1 см-ден аспау керек.

Атжалдар көзбен немесе атжал алқабының жалпы өнделген учаскенің алқабына қатынасымен анықталады.

Шұңқырлау. Шұңқырлау сапасы шұңқырлар тереңдігінен, бір қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет енінен, агрегаттың қатар өткелінің арасындағы ұштасқан алқап енінен, атжал болуымен бағаланады.

Шұңқыр терендігі агрегаттың енінен 0,5 см сайын және өнделген учаскенің диагоналінен 20-30 м сайын 10-15 рет сызғышпен өлшейді. Алынған орташа мән 2 см-ден аса ауытқымау керек.

Бір қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет ені сызғышпен анықталады. Ол 90 см-ден кем болмау керек.

Агрегаттың қатар өткелдерінің арасынан ұштасқан алқаптар ені (шұңқырсыз) 45 см-ден аспау керек. Атжалдар өңделген алқаптан 2% аспау керек.



Тілу. Тілу сапасы куыс терендігінен, онын енінен және агрегатың қатар өткелдерінің қуыстарының арасындағы қашықтығымен бағаланады.

Қуыстың тереңдігі мен енін 10-15 жерден 90-80 м сайын учаскенің диагоналінен сызғышпен өлшейді, кейін орташа саньш есептеп шығарады. Қуыстың берілген терендігінен ±2 см-ден, ені + 1,5 см-ден аспау керек. Ұштасқан өткелдердегі қуыстар арасының ауытқуы 15 см-ден аспау керек. Сонымен қатар беткейдегі қуыстарды кесуінің бағытын (беткейге көлденең жасалу қажет) және атжалдардың болуын ескеру қажет.



Дәнді дақылдарды себу. Себу сапасын себу мөлшерінің тұрақтылығынан, дәнді енгізу тереңдігінің біркелкілігінен үштасқан қатар алығының ұстамдылығынан, қатарлардың тіксызықтығынан және атжалдардың болмауымен бағаланады.

Себу мөлшерінің уақытта тұрақтылығын тұқым шығынымен және себілген алқабымен салыстырып бақылайды.

Себу мөлшерінің алқапта тұрақтылығын анықтау үшін гон ұзындығынан 1 метр жерде себілген дән санын санайды. Сепкіштің бір өткенінің ішіндегі барлық қатарлар тексеріледі. Себу мелшерінен ауытқу ±1,5% дан аспау керек.

Дәннің себу терендігін сызғыш көмегімен (35 сурет) өлшеп анықтайды. Ол үшін трактордың тіркеме доңғалақтарының ізімен келе жатқан бірнеше сошникпен жасалған ұзындығы 10-12 см қарық жасалынады. Дән орналасу терендігін кем дегенде 10 жерден өлшейді. Дән енгізу терендігінің орташа мәні берілгеннен айырмашылығы ±1 см аспау керек.

Агрегаттың екі ұштасқан өткелі мен тиісті қатараралық немесе екі ұштасқан сепкіштердің енін тексеру үшін соңғы сошник қарықтарын ашып, дәнін табады, 10-15 жерден қатар арасын өлшейді және олардың орташа мәнін табады. Түйіскен қатар аралық енінің мәні сепкіш ішіңдегіден 20% дан аспау керек.

Өскін пайда болған соң қитақтар көрінеді, олар дереу себіледі. Дәнді дақылдарды себуте жалпы талап шаруашылықта бірнеше сұрып тұқымын қолдану қажетгілігі мен агрегатты баптағанда және танаптағы жұмыстардың технологаялық тәртібін қатал сақтаумен жиынтықталады. Вегетациялық кезең ұзақтығынан және экологиялық икемділігінен ерекшеленетін 2-3 сұрып болғаны орынды. Құрғақшұлықты және нысапты құрғақшылықты далада орташа пісетін жөне ортадан кеш пісетін жаздық бидайдың сұрыптарының салыстырмасы 1,5:1, орманды далада 2.3:1 болғаны дүрыс.



20 - сурет. Сызғышпен дән себу тереңдігін анықтау.


Отамалы дақылдарды себу (жүгері). Себу сапасын смена бойы бірнеше рет агрегаттың үшінші жане төртінші өтуінен кейін жұмыс басында және басқа учаскелерге көшкенде жасалады. Себу сапасы тұқымның себу терендігінен, ұядағы немесе қатардағы тұқымдардың нақты санынан (нүктелеп себу өдісінде) бір өткел ішіндегі ұялардың көлденең қатар тік бағыттығынан және ұштасқап өткелдегі олардың үйлесуінен, кегізгі және түйіскен қатараралықтардың енінің ұстамдылығынан бағаланады. Тұқым енгізу терендігін әр қатарда бір ауысымда 4-5 рет тексереді. Абайлап ұяны немесе қарықты ашады, тұқымдарды тапқасын алдын ала рейканы ұяға немесе қарыққа көлденең қойып сызшшпен тұқымдардың орналасу тереңдігін өлшейді. Тұқымның орташа енгізу терендігі берілгеннен 1 см-ден аспау керек.

Тұқымдарды енгізу терендігімен бірге ұяларда немесе қума метрде (нүктелеп себу әдісінде) кем дегенде 10 рет қайталымда тұқымдардың үймелігін және санын анықтайды. Егер ауытқушылық болса, себілетін дискіні тандау жолымен себу мөлшерін реттейді. Жүгеріні нүктелеп сепкенде қатардағы тұқым арасындағы қашықтық тұрақтылығын тексереді.

Ұялап сепкенде көлденең және ұзыннан бағыттарында ұялардың созылып орналасуын тексереді; көлденең бағытга созылуы 4-5 см болуы мүмкін,ұзыннан 5-11см-ден аспау керек.

Көлденең ұялардың тік бағытын ұяларды ашып олардың ортасына қазық қойып орналастырады - бір өткелдің ішінде ұялардың тік сызықтан жылжуын анықтайды. Ол 5 см ден керек. Кері жағдайда сошник қақпағын реттейді.

Ұштасқан өткелдегі келденең қатардың сәйкес келуін шпагат тарту жолымен анықтайды.

Түйіскен қатар аралықың енін сызғышпен өлшейді қажеттіден мүмкінді ауытқуы 5 см- ден аспау керек.


8- тапсырма

Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі

Арамшөптердің салмағы туралы қосымша мәліметтер алу үшін өлшенген саңдық әдісті қолданып алуға болады. Бұл бақылау әдісі арқылы арамшөптер саны мен қатар арамшөптердің жер үстіндегі мүшелерінің салмағы, аудан бірлігіне граммен көрсетіліп, анықталады. Арамшөптердің саны мына теңдік бойынша анықталады:



А - арамшөптердің саны, дана,

А - бақылау аудан ішіндегі арамшөптердің саны, дана

N - бақылайтын аудандардың саны, дана,

S — бақылайтын аудандың көлемі, м2,

Арамшөптердің салмағы үш көрсеткішпен сипатталады тірі өсімдіктердің салмағы, олардың мүлдей құрғақ, салмағы мен ауалы күйдегі өсімдіктердің салмағы.

Сыныма алқыптарды тандау тәртібі арамшөптерді санау әдісімен бірдей. Барлық арамшөптерді кәсектің ішінен жұлып алып, тамыр мойнана дейін кесіп тастайды. Арамшөптерді түрлері бойынша сабақтарын санап, салмағын дымқыл, ауалы-құрғақ және мүлде құрғақ күйінде өлшейді. Бақылау нәтижесін кестеге толтырып жазады (8 үлгі).

8 үлгі



Арамшөптің түрі

Бақылау алаңының нөмірі

Барлық аландардың

Орта есеппен 1 м2- ден

1

2

Т с.с.




Саны, дана

Салмағы, г

Саны, дана

Салмағы, г

Саны, дана

Салмағы, г

Саны, дана

Салмағы, г

Саны, дана

Салмағы, г

Арамшөптердің әсерінен дән өнімділігінің азаюы, егістердегі арамшөптердің өзіндік салмағымен сәйкес келетіні дәлелденген және жалпы фитоценоздың биологиялық салмағымен сәйкес келетін дәлелденген және жалпы фитоценоздың биологиялық салмағынан пайызбен көрсетілген.

Арамшөптердің жер үсті бөлігінің салмағының агрофитоценоздағы жалпы жер үстіндегі салмаққа қатынасы пайызбен көрсетіліп, оны Н.З.Милащенко арамшөптер бөлігі деп немесе олардың зияндылығы деп атаған. Бұл жағдайда келесі шкала қолданылады:

Ластану дәрежесі Арамшөптердің үлесі, %

өте аз 10 га дейін

орташа 11-20

күшті 21-30

өте күшті 30-дан астам




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет