Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымы



бет5/10
Дата20.12.2023
өлшемі1,58 Mb.
#197927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Zhidebekkyzy-3-5
6 Дәріс, iztaev osimdik sharyashylygy
Инновациялық инфрақұрылым объектілерінің жіктелуі



Инновациялық қызмет көзі

Ұйымдар

Технологиялық қолдау

Инновациялық-технологиялық қолдау, технопарктер, технологиялық кластерлер, құрылғыларды ортақ пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық-
енгізу орталықтары

Ақпараттандыру мен консалтинг

Технологиялар трансфері орталығы, технологияларды коммерцияландыру
орталығы, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар, ақпараттық жүйелер

Қаржыландыру

Технологиялық дамытуды қолдайтын бюджеттік жəне бюджеттік емес қорлар,
«бизнес-періштелер», мемлекеттік жəне аймақтық қолдау бағдарламаларын қаржыландыратын басқару органдары

Маман даярлау

Жоо, инновация саласында біліктілікті арттыратын өзге де ұйымдар,
технологиялық жəне ғылыми менеджмент саласында маман даярлау

Өткізуді қолдау

Көрмелер, ғаламтор, делдалдық фирмалар



Ескерту. Дерек көзі [1].

Коммерцияландыру — нарыққа жаңа жəне жақсартылған өнімдер, қызметтер шығару мақсатында ғылыми зерттеулер мен əзірленімдер нəтижелерін немесе коммерциялық нəтижеге қол жеткізетін үдерістерді практикалық пайдаланумен байланысты үдеріс. Ғылымның нəтижелері болып табылатын инновациялық жобаларды, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелерін коммерцияландыруды табысты жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген инновациялық инфрақұрылым объектілерінің жүйелі, тиімді қызмет етуі аса маңызды болып табылады.
Дамыған елдердегі инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру ерекшеліктері
Əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен ұлттық мəдени ерекшеліктеріне қарай əлем

елдерінің инновациялық даму жолы əр түрлі болып келеді. Қазіргі таңда бойынша қалыптасқан модельдерді 4 топқа жіктеп қарастырады:
инновациялық дамуы

  1. Ғылым саласында көшбасшылыққа бағытталған, ірі мақсатты жобаларды жүзеге асырып, ғылыми-өндірістік циклдың барлық кезеңдерін қамти алатын, əскери саладағы инновациялық əлеуеті жоғары мемлекеттер (АҚШ, Англия, Франция).

  1. Жаңашылдықтарды енгізуге бағытталған, инновациялардың дамуына жағымды орта қалыптастырған, экономиканың (Германия, Швеция, Швейцария) барлық құрылымын оңтайландыру жолындағы мемлекеттер

  1. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы жаңашылдықтарды енгізуді ынталандыратын, əлемдік ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін игеруге бейім, ғылым мен технология саласындағы əр түрлі секторларды ұтымды үйлестіре алатын мемлекеттер (Жапония, Оңтүстік Корея).

  1. Инновациялық факторларды қолдана отырып, индустриялық бағытталған мемлекеттер. Бұл топтағы елдер экономиканы əлемдегі ҒТП арқылы жаңғыртады (Қытай, Үндістан).

орта қалыптастыруға жетістіктерін қолдану

Əлемдегі мемлекеттердің инновациялық даму бойынша қай деңгейде екендігін мұқият зерттеп,
80 түрлі көрсеткіштердің негізінде есептелетін индекс — «жаһандық инновациялық индекс».
Бұл индексті есептеу бойынша жұмыстар 2007 жылдан бастап жүргізіледі. 2014 жылы зерттеу
əлемдік ЖІӨ-нің 99,5%-ын өндіретін жəне əлем халқының 95%-ы өмір сүретін 143 мемлекетті қамтиды.
2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылғы тізім көп өзгеріске ұшырамаған. Инновациялық мүмкіндіктер мен нəтижелер рейтингінде Швейцария көш бастап тұр. Одан кейін Ұлыбритания, Швеция, Финляндия, Нидерланды, АҚШ, Сингапур, Дания, Люксембург жəне Гонконг орналасқан. Қазақстан бұл тізімде 2013 жылғы 84 орыннан 79 орынға көтерілген [2].
Ғылыми-зерттеу мен тəжірибелік-конструкторлық əзірлемеге бөлінетін, əлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, тұрақты түрде өсіп отыр. Əлем бойынша əр аймақтағы нақты қаражат мөлшері 1-суретте көрсетілген.


Ескерту. [2] дереккөзі негізінде автормен құрастырылған.

1-сурет. Əлем бойынша ҒЗТКƏ-ге бөлінетін қаражаттың аймақтар бойынша шоғырлануы



АҚШ-тың Ұлттық ғылым қорының ұйымдастыруымен жүргізілетін «Ғылым мен техника көрсеткіштері» атты рейтингтің 2012 жылы жарық көрген санында да əлем бойынша ҒЗТКƏ ахуалы да қарастырылған. Бұл есеп бойынша 2009 жылы əлемдегі ҒЗТКƏ-ге бөлінген қаржы — 1,276 млрд долл. құраған. Осыдан 5 жыл бұрын, яғни 2004 жылы — 873 млрд долл., он жыл бұрын, 1999 жылы, — 641 млрд долл. болған екен. Осы көрсеткіштерден байқайтынымыз, ҒЗТКƏ-ге бөлінетін қаражат əлем бойынша жыл сайын 8%-ға өсіп отырған [3].
Көбінесе инновациялық қызметті дамытуға ұзақ уақыт қажет деген пікір қалыптасқан. Ендеше, бүгінгі күні инновация саласында ерекше серпіліс жасап, жетістікке жеткен мемлекеттердің тарихына көз жүгіртіп көрейік. Мысалға, АҚШ-та инновацияларды дамыту туралы үкіметтің алғашқы саналы қадамдары 1960-жылдардың басында орын алды. 25 жылдың ішінде АҚШ инновациялардың орталығы мен ошағына айналды десек те болады.
Тайваньнің инновациялық саясатты жүргізудің алғашқы кезеңі 1970 жылдардың басына тұспа-тұс келді, шарықтау деңгейіне 25 жыл ішінде қол жеткізді. Израиль мен Оңтүстік Корея 1980-жылдардың басында инновациялардың маңыздылығына көз жеткізіп, алғашқы қадамдарын жасады. Небəрі 20 жылдың ішінде аталмыш мемлекеттер үлкен серпіліс жасап, жаһандық нарықты жаулап отыр.
Финляндияны да ерекше атап өтсе болады. Себебі 1990-жылдардың басында бұл мемлекеттің экономикасы инновацияларды енгізуге мүлдем қабілетсіз деп танылып, үлкен дағдарыстық жағдайда тұрған болатын. Алайда, осындай қиын жайттарға қарамастан, Финляндия 20 жылдың ішінде инновациялық даму жөнінен көшбасшы мемлекеттер қатарына қосылды. Яғни, осыдан шығатын қорытынды — қазіргі инновациялық дамудағы алпауыт мемлекеттер көші орта есеппен 1980–1990 жылдары қалыптасып, айрықша жетістікке жетулеріне 10–25 жыл жеткілікті болды.
Қазақстандағы инновациялық инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы мен мəселелері
Қазіргі уақытта Қазақстан шикізатқа бағытталған экономикадан инновациялық даму жолына, индустриялық-инновациялық экономика қалыптастыру кезеңіне қадам басты. Əлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тəжірибелерін игеруге жəне оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мəселе индустриялық-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр.
2014 жылғы «Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін қажетті ұзақмерзімді басымдықтар белгіленген. Осы орайда бірнеше басым бағыттар бойынша бірқатар мəселелерді шешу көзделген. Ең алдымен, елдегі инновациялық индустрияландыру трендін түзеу жəне күшейте түсу маңыздылығы атап көрсетілді.
Жолдаудың үшінші бағыты бойынша ғылыми қамтылған экономика құрып, Қазақстан ғылымының əлеуетін арттыру керек. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми əзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру қажеттігі көрсетілді [4].
Мемлекеттің инновациялық саясаты қаншалықты табысты екендігін анықтау үшін бірнеше сандық жəне сапалық көрсеткіштерге сүйенеміз. Қазақстанның жаһандық инновациялық- технологиялық саладағы бүгінгі деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер еліміздің əлемдік деңгейден көп төмен екенімізді көрсетіп отыр. Алайда Қазақстанның инновациялық даму жолына салыстырмалы түрде кейін келгенін ескере отырып, бұл сандарды болашаққа бағдар етіп алу керек (2-кесте).
2 - к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет