Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы



Pdf көрінісі
бет52/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы 
Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) қоғамдық бiрлестiктiң атауы, қызметiнiң мәнi мен мақсаттары;
2) қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу), мүшелiкке ие болу және одан айырылу 
ережесi мен тәртібі, мүшелерiнiң (қатысушылардың) құқықтары мен мiндеттерi;
3) қоғамдық бiрлестiктiң ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлiмшелердiң 
(филиалдар мен өкiлдiктердiң) құқықтық жағдайы және шегiнде өз қызметiн жүзеге 
асыратын аумақ;
4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың құзыретi мен өкiлеттiк мерзiмдерi, 
қоғамдық бiрлестiктiң тұрақты жұмыс iстейтiн басшы органы орналасқан орын;
5) қоғамдық бiрлестiктiң ақша қаражаты мен өзге де мүлкiнiң қалыптастырылу 
көздерi, қоғамдық бiрлестiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен 
өкiлдiктерiнiң) мүлiктi басқару жөніндегі құқықтары;
6) қоғамдық бiрлестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
7) қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі, қоғамдық бiрлестiк 
таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры.
Жарғыда қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне қатысты, Қазақстан Республикасы 
заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердiң көзделуi мүмкiн.
Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бiрлестiктiң 
жоғары органы - съездiң (конференцияның, жиналыстың) құзыретiне ғана жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет