Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекетінің қалыптасуы


Ұлттық ойындар – мектептегі тұтас педагогикалық процесті жетілдірудің дидактикалық құралы



бет19/40
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#110041
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
111-61 Халмуминов Мирзаахмад

1.4 Ұлттық ойындар – мектептегі тұтас педагогикалық процесті жетілдірудің дидактикалық құралы
Жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қазақ этнопедагогикасы материалдарының көрініс табу, қазақ этнопедагогикалық құралдарын оқушылар денешынықтыруында пайдалануға жүйелі бағыт бермеуі және мәселенің теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ғылыми жұмыс тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.

Қазақ халқының ұлттық ойындары алуан түрлі, сан қырлы, мазмұнға бай, адам баласының сәбилік шағынан бастап, ьүкіл өмірін тұтас қамтуға негізделіп жасалған.Атап айтқанда, дүниеге жаңа келген нәрестеден бастап, ер жетіп, азамат санатына қосылғанға дейінгі өмірін қамтып қоймайды, сонымен қатар адамның бүкіл өмір бойғы жан серігіне айналады, яғни ойын арқылы тәрбие алады.

Ұлт ойындарының әрқайсысына тән қасиет, көздейтін негізгі мақсат – адамға әсер ету, оған қоршаған орта туралы мағлұмат беріп, ықпал ету.Әр ұлт ойынының бойында адамға білімге , білуге, ұйренуге, өмірді танып білуге деген ынтаны оятатын, ұжымға деген ынтымақ, жолдасқа деген ілтипат, сыйластық, тіл табысу, басқалармен санаса білу т.б.өмірге аса қажетті адамгершілік негіздерін қалыптастыру секілді дидактикалық негіз, тұтас педагогикалық процесс, іргелі идея.

Бүгінде оқу орындарының алдында тұрған негізгі мақсат – заманымызға сай ұлттық мүддені көздейтін, отанын сүйе білетін, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу оны өмірдің өзі талап етір отырғандай етіп күн тәртібіне қою.Оқу-тәрбие жұмысының негізі идеялық арқауына айландыру міндеті тұр.Бұл мінднтті орындауда әлеуметтік-педагогикалық идеяларды іс жүзіне асыруда негізгі көмекші болатын ұлт ойындары екендігі дау туғыза қоймас.Ұлт ойындарын тәрбие жұмыстарына пайдалану туралы зерттеуде Анарқұлов Х.Ф., Таникеев М.Т., Қуанышев Т.С., Төлегенов Ж.Т., Турсунов Н.Т. т.б. жастарды моральдық жағынан қалыптастырудың ерік-жігерін ұштап, адамгершілік негіздерін шыңлауды қажетті тәрбие құралы деп бағалайды.

Қазақтың ұлттық ойындары – адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты әсер ететін әмбебаб құрал. Ол өзін-өзі тәрбиелеп, өзіне өзі білім берудің бүгінгі біртұтас педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық негізге бай педагогикалық-әлеуметтік ахуалды байыта түсетін оқу-тәрбие құралы.

Ұлт ойындарының бойында тұтас педагогикалық процестің негіздері бар.

Тұтас педагогикалық процестің құрамына – оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, даму процестерінің табиғи бірлігі жатады.Ал ұлт ойындарының бойына – ақыл –ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесінің негіздері сіңіскен.Сондықтан ұлт ойындарының әлеуметтік –педагогикалық негіздері туралы сөз еткенде оның дидактикалық негіздері туралы сөз айтпай өтуге болмайды. Дидактика- оқу теориясы ретінде «нені оқыту оқыту керек?», «қалай оқыту керек» деген сұрақтарға дәйекті жауап беруді іздейді.Оқу – оқушының іс-әрекеті болса, оқыту екі жақты процесс.Оқыту процесі оқушы мен оқытушының бірлескен әрекетінен тұратын күрделі процесс.Оқушыға білім алуға, оның қажеттінін түсінбейінше оқытушы өз міндетін дәйекті түрде атқаруы қиын.Сондықтан оқыту – оқушы мен оқытушының іс-әрекеті болғанымен, көп жағдайда абстракциялық рөл атқарады.Егер оқушы оқу мотивін анық, айқын түсінген болса, оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті оң нәтижесін береді.Ұлт ойындарының дидактикалық негіздерін сөз еткенде, ең алдымен ойын мотвінің айқындығы мен анықтығын айтуымыз тиіс. Ойын - мотиві жеңіс.Ойын шиеленіскен тартысқа негізделеді.сондықтан қандай ойын болмасын оның қорытындысы жеңіспен аяқталуға тиіс немесе тең аяқталады.Қандай жағдайда болмасын белгілі бір қорытындыға келуі керек. Олай болса баланың ойланып- толғануы қажет, сол арқылы оның ақыл-ойы, ерік-қайраты, төзімділігі, еңбекке деген ниеті, жеңіске деген ұмтылысты т.б. сапалары дамиды. Педагогиканың негізгі ұғымдары – оқу, оқыту, тәрбиенің негзгі мақсаты дамыту.Баланың дамуы – күрделі қайшылықтары бар ішкі және сыртқы факторлардан тұрады. Олар тұқым қуалаушылық орта және тәрбие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет