9.1 КӘСІПКЕР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ Жалпы түрде кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілерінің құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндетін түсінеді. Сәйкесінше, шаруашылық жүргізуші әріптестер, мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдаған жағдайда, келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің алдында жауапты болады. Жауапкершілік келісімшарттарды дұрыс орындамау немесе мүлдем орындамау жағдайында заңмен белгіленген міндеттер мен міндеттемелерді орындамаудан пайда болады.
Кәсіпкерлер заңдық тұрғыдан жаупкершілікте болады. Ол кәсіпкерлердің құқықтық нормалармен және келісімшарттық міндеттер мен міндеттемелердің орындалмау салдарынан болатын, қолайсыз жағдайға душар болуына қарамай, құқықтық нормалармен белгіленген міндеттерді орындау қабілеттілігі. Заңдық нормаларды салалық ерекшеліктеріне қарай жатқызылуына байланысты кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі деп бөлуге болады. Сонымен қатар тәртіптік, материалдық, моральдық жауапкершілік деп те бөлінеді. (31-сурет).
Кәсіпкерлер нарықтық экономиканың субъектілері, азаматтық қызметке қатысушылар ретінде ең алдымен азаматтық жауапкершілікте болады. Бұл жағдайда ол қарастырылған міндеттер мен міндеттемелерді мүлдем орындамау немесе дұрыс орындамау азаматтық заңнамамен белгіленген заңдылықтың салдары болып табылады (10-кесте). Азаматтық жауапкершілік мемлекетке немесе басқа тұлғаға (кредиторға) қатысты құқық бұзушы үшін залалдың орнын толтыру, мүлікті тұтқындау, зияндардың орнын толтыру, тұрақсыздық айыбын төлеу түріндегі заңды бұзушыға, мүліктік (қаржылық) тұрғыдан заңмен белгіленген жауапкершілікті орындауға міндетті шаралар ретінде сипатталады.
Азаматтық жауапкершілік мүліктік болып табылады. Ол өтемақылық сипатқа ие, өйткені оның басты мақсаты зиян шеккен тараптың (кредитордың) құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.
31-сурет. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері