Зейін
Мұғалімінің оқушылардың сабақтың мазмұнына деген қызығушылықтарын ынталандыруы.
Сабақ үстінде зейінді болудың қажеттілігі туралы нұсқаудың берілуі.
Берілген материалдарын практикалық мәнінің ашылуы.
Оқушылардың зейінін аудару үшін көрнекіліктердің безендірілуі (ашықтығы, жаңалығы, құрылымы және т.б.).
Материалды түсіндіру ерекшелігі (баяндаудың түсініктілігі, бейнелігі, сөздің эмоционалдығы, интонацияның ауысуы, сөйлеу формасындағы жаңалық).
Әрекет түрлерінің бір- біріне ауысуының ұйымдастырылуы.
Оқушылардың белсенділігінің ұйымдастырылуы.
Сабақта іс-әрекет мақсатының қалыптасуы.
Оқугылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зейінді ескеру.
Сабақ өткізу темпінің таңдап алынуы.
Зейінді дамытуду дербес ерекшеліктердің ескерілуі.
Зейіннің жеткіліксіздігі байқалған балалардың іс-әрекетінің ұйымдастырылуы.
Оқушылар зейінін ұйымдастырудағы мұғалімнің дербес ерекшеліктері.
Қабылдау
1.Сабақта қабылдауға еген нұсқаның берілуі;
2.Сабақ барысында қалыптасатын бейненің нақтылығы мен толықтығының ескерілуі мен бағалануы;
3.Қабылдау объектісіне оқушы зейінін аударту үшін қолданылатын құралдар;
4.Сабақтағы материалдарды түсінуде қабылдау фонының ескерілуі;
5.Оқушының бұрыннан жинақтаған тәжірибесінің қабылдауды ұйымдастыруда қолданылуы;
6.Перцептивті міндеттерді шешуде оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің ұйымдастырылуы;
7.Қабылдауға үйретудің ұйымдастырылуы;
8.Перцептивті әрекет құрылымы мен деңгейін қалыптастыруда дербес ерекшеліктердің ескерілуі;
9.Қабылдауды дамыту заңдылықтарының ескерілуі;
10.Қабылдаудың әр түрінің қолданылуы;
11.Қабылдаудың процессуалды сипатының ескерілуі;
Елес және қиял
1.Сабақта қолданылатын мысалдардың, сөздік және көрнекі құралдардың елестетуге әсері.
2.Елесті жинақтауға мұғалімнің қолданған тәсілдері.
3.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда жекелей оқушылар елестерінің ескерілуі.
4.Елестер мен бейнелердің түрлері мен олардың даму деңгеәлерінің сәйкессіздігінің ескерілуі;
5.Оқу әрекетін ұйымдастыруда елес мен бейнелердің жыныстық және жас ерекшеліктерінің ескерілуі;
6.Кеңісті қабылдау ерекшеліктері;
7.Оқушылардың ғылыми елестерін қалыптастыру үшін аналогияның (ұқсастық) қолданылуы.
8.Қосымша бейнелерді толықтыруға жеткізуде оқушылардың тәжірибесі мен білімі арасындағы өзгешеліктердің қолданылуы.
9.Сабақта елесті нақтылау үшін оқушылардың қолданған тәсілдері.
10Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда елестерді тұрақтандырудағы дербес ерекшеліктердің ескерілуі.
11.Әрбір оқушыда қосымша бейнелердің қалыптасу жылдамдығын ескеру.
12.Бейнелер мазмұнындағы өзгешеліктерің ескерілуі.
13.Сабақтағы шығармашылық атмосфера.
Мнемикалық қабілеттілік
Адамның мнемикалық қабілеттері- адам есінің түрлері мен үрдістерінің көрініс беретін қабілеттері , материалды сақтау мен қайта бейнелеудің жылдамдығы, нәтижелілігі ,нақтылығы т.б.
Сабақта есте сақтауға деген бағдардың сақталуы.
Есте сақталуға тиіс материалдарға оқушылар зейінінің қандай да бір тәсілдер арқылы аударылуы.
Жекелей оқушылардың мнемикалық қабілетінің дамуы жөнінде мұғалімдегі түсінік.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің орташа көрсеткішінің ескерілуі.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің дербес көрсеткіштерінің ескерілуі.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің жыныстық және жастық ерекшеліктерінің ескерілуі.
Естің бірнеше түрлері ( бейнелік, сөздік – логикалық, қимыл-қозғалыстық, эмоционалдық) өзгешеліктердің ескерілуі.
Проактивті және ретроактивті тежелу эффектісінің ескерілуі.
Есте сақтаудың ұйымдастырылуы : материалдың көлемі, уақыт бойынша бөлу, материалды құру, тілдік көркемделуі.
Пысықтаудың ұйымдастырылуы.
Негізгі ұғымдар: психикалық даму, танымдық процестер, белсенді даму деңгейі, дамудың жақын арадағы аймағы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Психикалық дамудың оқыту процесіндегі ролі қандай?
Дамудың жақын арадағы аймағы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС,2002
6-тақырып: Оқу іс-әрекеті психологиясы
Жоспар:
Оқу іс-әрекеті туралы түсінік
Оқу іс-әрекеттінің пәндік мазмұны
Оқыту процесіне әсер ететін психологиялық факторлар
1.Оқытудың жалпы теорияларының негізін салушылар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, И.Гербарт, К.Д.Ушинский, Л.Ф.Кагперев, С.Т. Шацкий, П.П.Нечаев, М.Я.Басов, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, сондай-ак, XX ғ. ортасында өмір сүрген кеңестік және шетел ғалымдары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, И.Лингарт, И. Ломпшер және т.б. Аталған ғалымдар еңбектері негізінде оку іс-әрекетінің психологиялық теориясы пайда болды.
Оның авторлары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина іс-әрекет теориясын кең контексте қарастырса, нақты психологиялық негізін Л.С.Выготский, С Л Рубинштейн, нақты мазмұнын А.НЛеонтъев берген.
• Оқу іс-әрекеті - кең мағынада үйрету, уйрену, оқыту ұғымдарының синонимі ретінде қолданылады.
Тар мағынада (Д.Б.Элькоиин бойынша) - кіші мектеп жасындағылардың іс-әрекетінің басты типі.
Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова еңбектерінде «оку іс-әрекеті» ұғымы әрекеттік мазмұн мен мағынада толықтырылып барлық жас кезеңдеріне тән екендігі айтьшады, сондай-ақ оқушылар мен студенттердін диалог (полилог) және дискуссияны пайдалана отырып теориялық білімдерді және олармен байланысты ғылым, өнер, адамгершілік, мораль және дін сынды коғамдық сана сфераларында іскерлік пен дағдыны меңгеруге бағытталған іс-әрекеттүрлерінің бірі.
С.Л.Рубинштейн бойынша, оку іс-әрекеті субьекттіц оцыту
пәніне қатынасы деп түсіндіріледі.
• Оқу іс-әрекеті - оқу әрекетінің жалпьшай тәсілдерін меңгерудегі окытушы тарапынан қойылған оку міндеттерін шешуде сыртқы бақылау мен бағалау негізінде, өзін-өзі бакылау мен бағалау процестеріне ауысатын өзін-өзі дамытудағы субъектінің әрекеті.
Оку іс-әрекеті іс-әрекеттің ерекшеленген түрі ретінде қолданылды. Ол білім алушыға субъект ретінде оны жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында қоғамдық пайдалы, танымдық, теориялық және практикалық әрекеттердін сан алуан түрлері мен формаларындағы қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Білім алушының әрекеті де терең білім жүйесін меңгеруге бағытталған.
И.И.Ильясов бойынша, оку іс-орекетінің оқытудың басқа формаларынан айырмашылыгы ретінде 5 негізгі сипаты:
Оку іс-әрекеті - ол арнайы оку материалы мен оку міндеттерін шешуге бағытталған;
Оқу іс-әрекетінде әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі;
Әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады;
Оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгертуге әкеледі (Д.Б.Эльконин анықтамасы бойынша ол оның негізгі сипаттамасы);
Нәтижесінде білім алушылардың психикалық қасиеттері дамиды және мінез-құлқында өзгерістер байқалады (И.Лингарт).
• Оқу іс-әрекетініц әрекеттік сипаты:
• Оқу процесінің қоғамдық сипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталған; мағынасына қарай қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы болып табылады; формасына қарай қоғамда жинақталған құқықтық нормаларға сәйкес болғандықтан, ол арнайы қоғамдық мекемелерде, мысалы, мектептерде, гимназияларда, колледж, институттарда жүзеге асырылады. Кез келген басқа іс-әрекетгер сияқты оқу іс-әрекеті субъективтілігімен, белсенділігімеп, пәнділігімен, мақсатқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады.
2. Оқу іс-әрекетінің әэндік мазмұны
Оқу әрекетінің пәндік (психологиялық) мазмұны оның пәнін яғни оның әрекетінің неге бағытталгандығын анықтаудан басталады: оқу іс-әрекетінің пәні - білімді меңгеру, іс-әрекет тәсілдері мен амалдарын меңгеру, бағдарламаларын, алгоритмдерін өндеу.
Білім алушылардың дамуы;
Субъектілік өзгерісті интеллектуалдық тұлғалық тұрғыда жақындастыру.
Оқу іс-әрекеттің құралдары. Оку іс-әрекетінің құралдары - нені, қандай құралды қолдану арқылы білім аламын деген сұрақтарға жауап береді.
Оку іс-әрекетінің не арқылы жүзеге асатындығын 3 түрлі аспектіде қарастыруға болады.
Біріншіден, ол интеллектуалдық әрекеттер (СЛ. Рубинштейн терминдерінде анализ, синтез, жалпылау, классификациялау т.б.). Екіншіден, белгілік, тілдік, вербальдық кұрылдар, осы формалар негізінде білім меңгеріледі, рефлексияланады, дербес тәжірибе қалыптасады.
Үшіншіден, негізгі білімді меңгеру және оларға жаңа білімнің қосылуы негізінде оқушылардың дербес тәжірибесі, тезаурусы құрылады.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері: репродуктивті (қайта жаңғыртушы), проблемалық-шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттер (В.В.Давыдое, В.В.Рубцов).
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері - қалай оқимын, қандай тәсілмен білім аламын деген сұрактарға жауап береді.
Кең түрде тәсілге сипаттама ақыл-ой әрекетінің кезендеп қалыптасуы теориясында ашылған (Л.Я.Гальперин, Н.Ф. Талызина). Оқу іс-әрекетініц нәтижесі - ғылым салалары мен практикада кең көлемде қолданылатын құрылымдыц және белсенді білім, психикадагы ішкі жаца өзгерістер, әрекеттіц мотивациялық, құндылық, мәндік бағыттары. Оқу іс-әрекетінің нәтижесі даралық тәжірибе құрамында.
Оның құрылымдық ұйымдасуынан, жүйелілігінен, тереңдігінен, беріктігінен адамның кәсіби іс-әрскетінің, қарым-қатынасының табыстылыгы байланысты. Оқыту нәтижесі: 1. Психологиялық білім (үғым, факті, көзқарас, психология ғылымның зандары, психикалық әрекет тәсілдері туралы);
2. Психологиялық іскерлік (оқьпу процесі барысында игерілген білім мен әрекет тәсілдерінін адамның бойындағы жиынтығы);
3. Дағды (психологиялық мәдениетпен байланысты ойлау мен әрекет әдеттері);
4 Өзіндік шығармашылық әрекет тәжірибесі;
5. Психикалық іс-әрекет мәдениітін игеру:
6. Психологиялық ақиқатқа және тұтастай ақиқатқа эмоционалды-құнді, қатынас қалыптастыру;
7. Жеке тұлға сапаларын қалыптастыру (озініц біліміне деген жауатершілік, дағдылы заттар мен құнды инновацияларға жаңаша қарау іскерлкі, мәселені шеше білу, сенімділік, эмоционалды тұрақтылық).
Оқыту нотижссі субъективті факторлармен ғана емес обьективті факторлар бойынша да анықталады: S Оқу матсриалының мазмұны.
Оку материалынын формасы. Ол пәндік, бейнелік, сөздік және символикалық болуы мүмкін. Оқу материалының құрделілігі.
Оку материалынын мазмұны. Кейбір материалдың мазмұны гностикалық (танымдық), практикалық (іскерлік), этикалық (адамгершіліктік), эстетикалық, әлеуметтік (қоғамдық), тәрбиелік (педагогикалық) болуы мүмкін.
Мағынасына жету.
Құрылымы, яки оның бөлімдерінің логикалық, семантикалық және синтаксистік байланысы.
Оқу материалының көлемі.
Оку материалының эмоционалдық ерекшеліктері.
Кері байланыс негізінде оқу барысының реттелуі, яғни нәтижені бақылау, есепке алу.
• Оқу іс-әрекеттің басты жемісі окушыларда теориялық сана мен ойлауды калыптастыру. Эмпирикалық ойлауға ауысатын теориялык сананың қалыптасуынан ары карай окыту барысында менгерілетін білім сипаттамасына байланысты.
• Оқу іс-әрекетінін сыртқы құрылымы:
мотивация;
бслгілі ситуациялардағы әр түрлі тапсырма формасындағы оку міндеттері;
оку іс-әрекеті;
өзін-өзі бақылауға үласатын бақылау;
өзін-өзі бағалауға ұласатын бағалау.
• Оқу іс-әрекеті табиғатына орай интеллектуалдық әрекетке жататындықтан, кез келген интеллекту алдық акт ретінде келесі құрылымда сипатталады. Олардың негізгілері:
- мотив;
- жоспар;
- орындалу;
- бақылау.
• Оқу іс-әреке гінің жалпы құрылымы
Танымдық қажеттілік
Пән аймағы бойынша теориялық білімді меңгеруге окушының ұмтылысы (бұл білім белгілі аймақтағы пәндердің шығуы, қалыптасуы және даму зандылықтарын бейнелейді).
Оқу міндеттері
Оқу міндеттерінің спецификасы окушының оны шеішуде біркелкі жекелей міндеттердін тұтастай класын шешу жолдарын меңгеруінен тұрады.
Міндеттерді орындау кезендері:
міндетті түсін;
міндетті «қабылдау»;
- эмоционалдық күй және өз міндетін қою мен орындау ниетін тудыру.
Оқу мотивтері
Оку мотивіне деген қажеттілік нақтыланады. Теориялық білімді менгеруте окушының жалпы ұмтылысы кейбір жекелей міндеттерді белгілі тәсілдер арқылы меңгеруге бағытталуында.
Оқу іс-әрекеті
Операциялар
Өз мақсаты көрсетілген белгілі бір шарттарға жауап беретін әрекеттер тәсілі (А.Н.Леонтьев).
• Оқу іс-әрекеттің түрлері
Оқытудағы іс-әрекет субъектісі позициясы бойынша:
мақсатты ұйғару;
бағдарлама жасау;
жоспарлау әрекеттері;
жүзеге асьфу;
бақылау (өзіндік бақылау);
бағалау (өзіндік бағалау).
Оқу іс-әрекеті пәнінің позициясы тұрғысынан:
> қайта түрленуші;
> зерітеуші әрекеттер болып бөлінеді.
Бұл әрекеттер екі түрлі болуы мүмкін
1) жекс (ерекше) материалдағы жалпылама, бастапқы қатынасты анықтау үшін оку әрекеті;
2)бұрын анықталған жалпылама қатынастың нақтылық дәрежесін анықгау үшін оқу әрекеті;
Оқушының психикалық іс-әрекетіне қатысты
> ойлау:
> перцептивтік (тануды, сәйкестендіруді) «рекеттерді қамтиды;
> мнемикалық әрекеттерді (әсер қалдыру, ақпаратты талдау, т.б.) қамтиды.
> Қайта жаңғырту (атқарушы, қайта өндіруші әрекеттер).
> Онімді әрекеттер.
Оку мақсаты. Мотивін жүзеге асыруға апаратын оқушының әрекетінен күтілетін соңғы және аралық нәтиже
Мақсат түрлері:
Аралық мақсаттар.
Соңғы мақсаттар
• Мақсат деңгейлері:
Кен көлемдегі танымдық мақсаттар;
Өзіндік білім алу мақсаттары;
Оқу - танымдық мақсаттар;
Әлеу меттік мақсаттар.
• Мақсатқа же ту кезеңдері
Мақсат қою, оны негіздеу;
Ойша нәтижені және оған жету жолын көре білу;
Мақсатты әрекетті анықтап қабылдау;
Соңғы мақсатты аралық түрде нақтылау;
Бірнеше мақсаттан ақиқат бір мақсатты таңдау;
Уақыт пен күштің жұмсалуын негіздеу;
Іс-әрекет жоспарын құру;
Мақсатқа жету;
Мақсатқа жету деңгейін талап пен тілек бойынша және сондай-ақ нақтылы нәтижелер байланысы бойынша тексеру.
3 Оқыту процесіне әсер етуші психологиялық факторлар
Нәтижелі (жемісті) оқытудың психологиялық формуласын мына тұрғыда беруте болады: М + 4Қ + Ж
Мұндағы, М - мотивация, 1Қ - мәліметті (немесе ізденіс) қабылдау, 2Қ - мәліметті түсіну, ЗҚ - есте сақтау, 4Қ - мәліметті қолдану, Ж - сабақтын жүйелілігі.
Мотив (франц. Motif - себеп, лат. моvео - қозғаймын) – субъектінін өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағытын аныктайтын әрекетті туғызушы.
Мотив үғымы субъектінің белсенділігін тұғызатын түрлі құбылыстар мен күйлерді білдіру үшін қолданылады.
Мотив - адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін күш, себеп, түрткі.
Мотив түрлері: А.К. Маркова мотивтердің келесі тобын көрсетеді:
1. Танымдың мотивтер - оку іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау үлгісімен байланысты.
Кең танымдық
мәселені шешуді кабыл алу;
қосымша мәлімет алу үшін мұғалімнің көмегіне сүйену және т.б.
Оқу-танымдық
әртүрлі шешім қабылдау тәсілдерін іздестірудегі дербес іс-әрекет;
жұмыстың әртүрлі тәсілдерін салыстыру барысындағы мұғалімнің көмегі және т.б.
Өз бетімен білім алу мотивтері
оқу еңбегін үтымды үйымдастыру жөнінде мұғаліммен сұхбаттасу;
өз бетімен білім алудағы нақты әрекеттер және т.б.
2. Әлеуметтік мотивтер - окушының басқа адамдармен әлеуметтік өзара қарым-қатынасымен байланысты.
Кең әлеуметтік мотивтер
- окушының борыш пен жауапкершілікті түсінуін дәлелдейтін қылықтары және т.б.
Тар әлеуметтік мотивтер
- құрбыларымен қарым-қатынасқа түсу және олардың арасында беделге ие болуға ұмтылыс;
- жолдастарына көмек корсету және т.б.
Әлеуметтік ынтымақтасу мотивтері
- Ұжымдық жұмысқа ұмтылыс пен оны жүзеге асырудың ұтымды тәсілдерін сезіну.
Білім алуға деген мотив үш басты қызметті атқарады:
Талпындырушы (іс-әрекетті бағыттайды);
Бағыттаушы (мінез-қүлқын бағыттап, ұйымдастырады);
Мән-мағыналық (іс-әрекетке жеке тұлғалық мән мен мағына беру).
Мотивтер ішкі және сыртқы дen те бөліяеді.
Сыртқы мотив. Сыртқы мотив баланың нитей озінің талпынуынан кездеспейді. Көбіне өзгелерден сескенуінен туындайды.
> жазалау;
> мадақтау;
> сес көрсету және талап ету;
> материалдық пайда табу;
> топка қысым түсіру.
Ішкі мотив. Ішкі мотив баланың өзіндік ықыласы және сан алуан құбылыстардын езіне тән сырларын білуге ұмтылуынан тұрады.
Ішкі мотив оқу тапсырмасын орындамай тұрып, соған ұмтылу ретінде де кездеседі.
> білімге деген қызығушылығы;
> мәдени және кәсіби деңгейді көтеруге деген ұмтылыс;
> зеректік;
> жаңа мәліметті меңгеруге деген қажеттілік.
Мотивация - субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш.
Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш - бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің көрсеткіші.
Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттын іс-орекстін тікелей негіздейтін мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, идеалдар.
Мотивация құрылымынан 4 компонента бөліп алута болады:
іс-әрекетке канағаттану;
іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы;
іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш;
жеке басқа еріктен тыс қысым түсіру.
Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар: Ынталандырушы мотивтік факторлардық бірінші түрі (қажеттілік және инстинктер) белсенділіктің қайнар көзі болып келеді Оларға талдау жасау арқылы организм не себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады.
Ынталандырушы мотивтік факторлардын екінші түрі организм белсенділігінін бағыттылығын анықтайды.
Ыиталандырушы мотивтік факторлардын үшінші түрі - бұл эмоциялар, сезімдер мен бағдарлар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа жауап береді.
Мотивтерді топтастыру
Өзекті және мүмкін болатын (потенциалды) мотивтер. Өзекті мотив - жеке тұлғаның таңдап алган және шынайы әрекеттердін мотиві. Мүмкін болатын мотив - әрекетті ұйымдастыра ататын мотив.
Даму бойынша негізгі және қосалқы мотивтер. Непзгі мотивтер жеке адам үшін маңызды, ол адамнын мінез-құлқында көрініс беріп нсгізгі орын алады. Қосалқы мотивтер жекс адаммен тығыз байланыста болмайды. Олар адамда әлсіз дамыған.
Мағынаны құраушы және ынталандырушы мотивтер. Мағынаны құраушы мотивтер іс-әрекетке жеке тұлғалық мағына береді.
Мұндай мотивтер арқьшы адам өзінше дүниеге. қоршаған адамдарға, қоғамға және өз-өзіне деген қатынасын білдіреді. Ынталандырушы мотивтер мағынаны құраушы мотивтермен бірге жүріп, қосымша ынталандырушы фактордын рөлін аткарады, олар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін.
4. Заттық мазмұны бойынша заттық, функционалды және нормативтік мотивтер болады.
Заттық мотивтер іс-әрекеттің максатты бағытын құрайтын мотивтер. Ол үнемі нәтижені көрсетіп отырады (мысалы, ұздік оқу). Функционалды мотивтер - іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ сонғы нәтиже көрінбейді (мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив сонғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында қанағаттандырылады Нормативті мотивтер - кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқыктық мотивтер жатады.
Жалпылау деңгейі бойынша жалпыланган және нақты мотивтер болады. Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді. Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі.
Саналылық деңгейі бойынша саналы түрде қабылданатын және сапалы түрде қабылданбайтын мотивтер.
Саналы түрде қабылданбайтын мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық сезіне бермейді, бұл саналы қабылданбайтын мотивтер.
Г.Розенфельд мотивацияның үш аспектісін қарастырады: құндылық, мақсаттылық және бағыттылық. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің топтарын көрсетеді:
Оқу қуаныш сезімі ретінде.
Оқу жеке бас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда).
Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде.
Оку әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және баскаларғa еліктеу).
5. Күштеудін, күш көсетудің салдарынан оқу.
6. Жауапкершілік сезімінен оқу.
7. Өмірлік тәжірибенін маңыздылығын түсіну негізінде оқу (мамандық, өмірлік мақсат).
8. Қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар,принцптермен теңестіру) оқу.
Негізгі ұғымдар: оқу іс-әрекеті, пәндік мазмұны, интеллектуалдық әрекеттер, тіл, оқу іс-әрекетінің нәтижесі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Оқу іс-әрекетіне психологиялық-педагогикалық түсінік беріңіз.
Оқу іс-әрекеттінің пәндік мазмұнын ашыңыз.
Оқыту процесіне әсер ететін психологиялық факторлар қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |