Қазақстан республикасының


Жасөспірімдік кезеңдегі балалардың негізгі психологиялық ерекшеліктері (14-18жас)



бет6/11
Дата27.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#5788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жасөспірімдік кезеңдегі балалардың негізгі психологиялық ерекшеліктері (14-18жас)

  • Өзіндік сананың қалыптасуы – өзіне –өзі дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік –сапаларын бағалау;

  • Өзін идеалмен байланыстырудың жүзеге асуы, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігінің пайда болуы;

  • Ерікті реттеудің күшеюі;

  • Зейіннің шоғырлануының артуы, естің көлемі, оқу материалының қонымдылығы, абстрактілі- логикалық ойлаудың қалыптасуы;

  • Күрделі сұрауларды өз бетімен талдау іскерлігінің пайда болуы;

  • Өзіндік көзқарастың қалыптасуы, өзінің өмірлік философиясына көзқарас, білім-сенімдердің тұтастай жүйе ретінде дамуы;

  • ЖЖалған ғылыми теориялармен әуестенуі, өзінің өмір, махаббат, саясат туралы теориялврын тудыруы, пікірлердің максималдылығы.

  • Өзінің тәуелсәздігін, ерекше екендігінң өз-өзіне дәлелдеуге ұмтылыс;

  • Ересектердің ақыл-кеңестерін елемеу;

  • Мінегештік (критиканство), сенімсіздіктің көрінуі;

  • Құрғақ ақыл-парасаттылық (рационализм), теорияға немқұрайды қарамау(практицизм);

  • Өзін –өзі басқаруға ұмтылыс, қайтадан қоршаған ортаны ұғыну, адамның өмірлік анықталуының жүзеге асуы, психологиялық толысудың белгілі бір дәрежесіне жету;

  • Мамандықты меңгеруге деген ұмтылыс- танымдық іс-әрекеттің негізгі мотиві;

  • Жалған өзбеттіліктің жоқтығы, құрбыларының әсеріне шалдыққандық және құрбыларына деген қатынастағы конформизмі;

  • Жыныстық жетілудің аяқталуы;

  • Эмоционалдық сферадағы мәнді қайта құрулардың жүзеге асуы;

  • Өз қылықтарының салдарын толық деңгей-де сезінбеу.

Студент- оқу іс-әрекетінің субьектісі ретінде (18-25жас)

  • Ақыл-ой, адамгершілік тұрғысынан толысу;

  • Сенімділік, дүниеге қалыптасқан көзқарас;

  • Жаңаны сезіну- қайсарлық , табандылық;

  • Әуестенуге қабілеттілік-оптимизм;

  • Өз беттілік –бірбеткейлік;

  • Сыни қарау және оқу орындарындағы режимге деген сыни көзқарас;

  • Екіжүзділік, дөрекілікті қабылдамау, дауыс көтеру арқылы әсер ету;

  • Ересектердің ақыл –кеңестеріне теріс қатынас;

  • Интеллектуалдық және танымдық мүмкіндіктер шыңы;

  • Жауапты шешім қабылдау: мамандықты таңдау және маман болу, өмірде өз орнын, стилін таңдау;

  • Отбасын құру, жыныстық сферадағы белсенділік.


Негізгі ұғымдар: жас даму сатылары, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, психологиялық даму.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Жас кезеңдерін жіктеу параметрлері

  2. Б.Г.Ананьевтің, Л.С.Выготскидің жас кезеңдерін жіктеу негіздері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  2. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского.– М.,1981.


9-тақырып: Тәрбие психологиясы

Жоспар:

  1. Тәрбиенің психологиялық және педагогикалық мәселелері

  2. Тәрбие парадигмасы

  3. Тәрбие түрлері, әдістері, құралдары

Адам –қоғамдық –тарихи прогрестің жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің субьектісі, генетикалық жақтан өмірдің басқа формаларымен байланысты және ол формаларымен байланысты және формалардан еңбек құралдарын өндіру қабілетінің арқасында бөлініп шыққан түсінікті сөйлей, ойлай алатын, саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі.

Тәрбиесіз адамзат тіршілігін елестету мүмкін емес, тіпті тәрбие- жинақталған білімнің, тәжірибенің келер ұрпаққа тасымалдауы. Тәрбиесіз адамзат прогрессі мүмкін емес.Міне,сондықтан да тәрбие жалпыазаматтық ,мәңгілік категориялар құрамына енеді.

Тәрбие адамзат қоғамымен бірге дамиды: тәрбие мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отырады. Ертеде «тәрбие» сөзі «тамақтандыру» емізуді аңғартты. Бірақ, адамзат адам баласының тамақтанып қана қоймай, демек, физикалық (дене) материалдық қана емес, рухани азықтың да қажеттілігін түсінген.

Сондықтан да тәрбие материалдық емес, рухани мәнег ие.



«Тәрбие- адам жанының жетілуі.Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ұлы құпиясы жатыр.(Кант)

«Тәрбие- кімді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне әсер ету. Тәрбие –бір адамның тәрбиеленушілерге белгілі адамгершілік әдеттерін меңгеру мақсатында әсер етуі» (Л.Н.Толстой)

«Тәрбиелік әрекет адамның ақылды, саналы әрекет аймағына жатады,ал тәрбие ұғымы тарихтың жемісі, табиғатта ол жоқ..» (К.Д.Ушинский)

«Тәрбие –кең мағынада үнемі толығу мен жаңарудың көпқырлы процесі» (Сухомлинский В.А)

«Тәрбие – мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен жеке басты және ұжымды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін іс-әрекет процесіндегі қарым-қатынас» (Н.И.Болдырев)

«Тәрбие- өскелең ұрпаққа қоғамдық –тарихи тәжірибені, диалектикалық- материалистік көзқарасты, жоғары моральды, терең идеялықты, қоғамдық белсенділікті, ақиқатқа шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек және мінез-құлық мәдениетін тасымалдау әрекеті» (Қысқа психологиялық сөздік 1985)

«Тәрбие- адамдарды еңбекке және қоғамға пайдалы әрекетке , әр түрлі әлеуметтік функцияларды орындауға даярлайтын обьективті заңды процесс» (1988(жылы шыққан «Пропагандистің қысқа педагогикалық сөздігі»)

«Тәрбие- қоғамдық маңызы бар әлеуметтік тәжірибені меңгеру» (Г.Нойцер)

«Тәрбие- мақсатты түрде жеке бастың дамуын басқару прцессі»(Х.И.Лийметс)

«Тәрбие- кәсіби машықтанған педагог тарапынан баланы қазіргі қоғам мәдениетінің ұшар басына шығару, оның қоғамда өмір сүруге қабілеттілігін дамыту және адамзатқа тән саналылық пен өз өмірін құруға үйрету» (Н.Е.Щуркова)

«Тәрбие- адам дамуына жағдай жасайтын мақсатты әрекетке меңзейтін әлеуметтендіру прцессінің педагогикалық компоненті» (М.И.Рожков)

«Тәрбие- баланың субьектіленуіне ,мәдени идентификациялануына (теңестіру), әлеуметтенуіне, өмірлік өзін-өзі анықтауына педагогикалық жәрдемдесу процесі»(Е.В.Бондаревскиий)

«Тәрбие- педагогтың оқушының базалық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған психологияялық-педагогикалық жағдай жасаудағы іс-әрекеті»(В.П.Созонов)

«Тәрбие –жеке тұлғаның әлеуметтік рольдер жүйесін меңгеруін мақсатты реттеуде жүзеге асатын тану прцессі» (Н.М.Таланчук)

«Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады.Тәрбиенің өзң неше түрлі саладан, айталық, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден , дене шынықтырудан құрастырылады.(М.М.Мұқанов)

«Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» (Қазақ энциклопедиясы).

«Тәрбие-тәлім,үлгі-өнеге» (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).

Бүгінде педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде тәрбиеге 5 түрлі түсінік беріледі:



  1. Адамға әлеуметтік құрылым мен қоршаған ортаның әсері.

  2. Ұрпаққа жинақталған қоғамдық-тарихи тәжірибелерді тасымалдау.

  3. Білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесі.

  4. Белгілі сенім мен көзқарас жүйесін қалыптастырудағы арнайы тірбие жұмыстары.

  5. Адами сапалардың қалыптасуы.


Тәрбиені қалыртастыратын ғылым салалары

Әлеуметтану- әр түрлі тәрбие функцияларын орындайтын әлеуметтік топтар мен институттардың әрекет мазмұны мен құрылымын қарастырады.

Философия- қоғамның, яғни адамның қалыртасу кезеңіндегі тәрбие мен оның білім беру жүйесіндегі орнын қарастырады.

Педагогика- тәрбие мақсатын, міндетін, құралдарын, мазмұнын және прктикаға оны енгізу жолдарын қарастырады.

Психология-Тарих кезеңдеріндегі тәрбие мақсаты, мазмұны, әдістерін, сондай-ақ оқу-тәрбие институттарының қалыптастыруын қарастырады.

Тәрбие_психологиясы_проблемалары'>Тәрбие психологиясы проблемалары

  1. Адамгершілік нормаларын, принциптерін меңгеру заңдылықтары мен механизмі проблемасы, мектептегі оқу-тәрбие прцнсінде көзқарас, сенім қалыптастыру проблемасы.

  2. «Тәрбие», «оқыту», «әлеуметтендіру» ұғымдарының ара қатынасын ашу проблемасы.

  3. Жеке тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуы және олардың жас және дербес ерекшеліктермен байланыс проблемасы.

  4. Балалар және жасөспірімдер ұжымының құрылымы мен оның оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы рөлі проблемасы.

  5. Оқушының мотивациялық сферасы проблемасы, оның бағыттылығы, адамгершілік қалпы.

Тәрбие белгілері:

  • Мақсаттылық- барлық тәрбие прцесінің және оның жетекші элементтерінің мақсаты. Мақсат қоя білу-> стратегиялық тактикалық міндет-> мақсат міндеттерді тәрбиеленушілердің ішкі жоспарына айналдыру->осы негізде тәрбиеші мен тірбиеленушінің әрекетін жоспарлау->қорытынды мақсаты: 1)қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылығын игеру; 2) тәрбиеленушінің жеке даралығын, өзіндік құндылығын дамыту.

  • Үш бірлік бейнелі түрде «үш алыптың» бірігуі.

  • Тәрбие- жеке тұлғаның дамуын стимулдандыратын фактор, құрал. Жеке тұлғаны жан-жақты, қалыпты дамыту үшін педагогта құрал арсеналдары болуы қажет.

  • Тәрбие секунд сайын, минут сайын, күн сайын, жыл бойы жүзеге асырылатындықтан, тәрбиеші мен тәрбиеленуші тұлғаларында өзгерістер туындататындықтан, ол –процесс.

  • Тәрбие нәтижеге, тәрбиеленушілерге үнемі ісер ету процесінде адам бойында позитивті сандық және сапалық қасиеттер пайда болады, бұл тәрбие процесінің диалектикалылығын байқатады.

  • Тәрбие- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынас процесі.

«Кез келген адамда екі тәрбие түрі болады: бірі оған басқалар беретін тәрбие, екіншісі өзіне өзі беретін тәрбие» (Э.Гибсон)

Мектептегі білім беру мен мен тәрбиелеудің мәні – өзін –өзі дамытуда, өзіне- өзі білім беруде және өзін-өзі тәрбиелеуде.



Сыртқы күш, табығат адам ағзасына қозғалыс, әрекетке ақпарат бергенімен,әрекеттің өзі –тек адамдыкі ғана.

Тәрбие кең және тар мағынада түсіндіріледі.

  • Кең әлеуметтік мағынада –қоғамда жинақталған әлеуметтәк мәдени тәжірибені, адамгершілік нормалары мен құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды қамтамасыз ететін қоғамдық институттардың қауымдасуы.

  • Кең педагогикалық мағынады- арнайы ұйымдастырылған жүйеде, ьәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін мақсатты түрде жеке тұлғаны қалыптастырудағы бағытталған прцесс.

  • Тар педагогикалық мағынада – тәрбие мақсаты мен мақсатты шешуге бағытталған тәрбие субьектілерінің арнайы тәрбие әрекеті (сынып жетекшісі, тәрбиеші, балалар ұйымының жетекшісі, ата-ан т.б)

Тәрбие процесініің маңызды белгісі- оның мақсаты мен стратегиялық міндеттері негізінде мазмұнын анықтау. Мазмұны – екі жақты. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын игеруді ұйымдастыру: экономика, саясат, ғылым, өнердің барлық түрі т.б бұндағы орталық ұғым «мәдениет». Екіншіден, мәдени құндылықтарды меңгеруде де оқушының дербестігін дамыту.

  • Тәрбие шығармашылық процесс. Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі. Ең бастысы мәдениетті меңгеру шығармашылқ сипатта. Екіншіден, тәрбиеленушінің жеке дербестігі, әрбір педагогикалық әрекеттің спецификасы стандарттан алыс және шығармашылықты қажет етеді. Үшіншіден, «педагог» тұлғасы үлкен шығармашылық потенциалға ие.

  • Тәрбие процесі білімді, арнайы дайындықтан өткен мамандар тарапынан жүзеге асырылады.

Тәрбие прцесінің ерекшеліктері:

  • Тәрбие- мақсатқа сәйкес жеке басты қалыптастырушы процесс.

Тәрбие – арнайы ұйымдастырылған ,басқаруды, бақылауды, қажет ететін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің арасындағы қарым-қатынасты тудыратын.,қоғамға,ортаға қажетті процесс. Мұнда оқытушы мен оқытушының арасындағы бірлескен әрекет екеуінің де мақсатының бірлігімен ерекшеленеді.

  • Тәрбие процесі- көп факторлы, ол обьективті және субьективті факторлардың жиынтығынан тұрады. Субьективті факторларға жеке бастың ішкі қажеттіліктері жатса, обьективті факторларға жеке бастың тіршілік ететін және қалыптастыратын ортасы жатады.

  • Тәрбиенің тәрбиешінің әрекетіне, оның дербес ерекшеліктеріне, мінезіне олардың тәрбиеленушілерге қарым-қатынасына байланыстылығы.

  • Тәрбие процесінің нәтижесін оқыту прцесіндегі сияқты тез арада көре алмау.

  • Тәрбие процеісінң қозғалмалылығы( динамикалылығы), өзгермелілігі.

  • Тәрбие процесінің ұзақтығы.Тәрбие процесі адамның өмір бойына созылады.

  • Тәрбие процесінің үздіксіздігі. Мектептегі тәрбие процесі үзіліссіз, жүйелң түрде жүзеге асады. Бір ғана «тәрбие сағатын» өткізіп, оқушыларды тәрбиелеп тастадым деуге болмайды, балада көзқарас қалыптастыру үшін бірнеше жұмыс жүйелері қажет. Егер жұмыста үзіліссіз болып қалса, келесі жолы тәрбиешіге баланың санасындағы материалдарды жаңалап отыруға тура келеді.

  • Тәрбие процесінің кешенділіг( комплектсілігі). Комплекстілік дегеніміз- жеке басты дамыту мақсатында мақсаттың, міндеттің, мазмұн, форма, әдіс-тәсілдерінің бірлігі. Комплексті мазмұн тәрбие процесінде бірқатар педагогикалық талаптарды орындауды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасының дұрыс ұйымдастырылуын талап етеді.

  • Нәтиженің белгісіздігі, біркелкі еместігі.

  • Тәрбие процесінің екі жақтылығы. Тәрбие процесі екі бағытта жүзеге асырылады: тәрбиешіден тәрбиеленушіге қарай тура байланыс, тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай кері байланыс.

Тәрбие процесінің заңдылықтары

Заңдылық- қоғамдық өмір сферасында обьективті түрде тіршілік ететін, қайталанатын, құбылыстар арасындағы мәнді байланыс.

  • Тәрбиелік қатынасқа байланыстылық заңдылығы. Тәрбие процесінде баладағы көзқарас, өмірлік позиция, мәнез-құлық мотивтері – тәрбиеге қатынас деп аталады.

  • Мақсатқа жету барысындағы іс-әрекет пен оны ұйымдастыру заңдылығы. «Ұйымдастыру» ұңымына педагогикалық әсер ету, қарым-қатынас, жағдай тудыру, жұмыс формалары мен әдістері жатқызылады.

  • Әлеуметтік тәжірибе мен оның мазмұнының, бағыттылығының бірлігі заңдылығы. Адам ойланады және ойға байланысты әрекет етеді, білім алады және оны тәжірибеде қолданады т.б, сөз бен істің бірлігі.

  • Обьективті және субьективті факторлардың бәрлескен әрекеті заңдылығы. Субьективті факторларға: тәрбиеші, оқушы, олардың арасындағы қарым-қатынас;психологиялық климат жатады.Обьективті факторларға: тәрбие жағдайлары (материалдық-техникалық, әлеуметтік, санитарлық-гигиеналық)

  • Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің интенсивтілігі заңдылығы Өзін-өзі тәрбиелеу жемісті болу үшін бала өзін дұрыс бағалай білу және психологиялық сапаларын болжай білуі керек.

  • Педагогикалық әсер ету барысында процесске қатысушылардың белсенділік заңдылығы.

  • Даму, оқыту процестерінің тиімділігі заңдылығы.

  • Тәрбиешінң тәрбиеленушілерге әсер ету жұмысынң сапалығы заңдылығы (мотив, эмоция, интеллектуалдық даму,іс-әрекет, қарым-қатынас,ұйымдастыру мақсатқа байланысты).

  • Бала «жан дүниесіне» әсер ету интенсивтілігі (децентрация)

  • Тәрбиешінің бала дамуының вербальдық (сөйлеу) және сенсомоторлық (қимыл-қозғалыс) процестеріне әсері. Білімді толық меңгермеген бала қоршаған ортаның сұлулығын сезіне алмайды, қарапайыи практикалық әрекет жасай алмайды, жұмысқа епсіз т.б

  • Тәрбиеленушінің арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту заңдылығы.

Тәрбие принциптері:

«Принцип»- латын тіліндегі аудармасы-негіз, бастапқы дегенді білдіреді. Сөз принцип жайлы болғанда, белгілі бір теорияның негізгі, бастау барлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары, негізгі мінез-құлық ерекшеліктері, әрекеттірі меңзеледі.



Тәрбие принциптері – жаңа адамның тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылуының негізгі бағыттарын анықтауды басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы.

  • Тәрбие процесінің қоғамдық бағыттылығы приципі;

  • Тәрбие процесінің өмірмен, еңбекпен байланыстылығы принципі;

  • Тәрбие процесін баланың жағымды сапаларына (қасиеттеріне) тірек ету принципі;

  • Тәрбиенің адамгершілікке негізделу принципі;

  • Жеке басқа ықпал ету (оқушыларыдың жас және дербес ерекшеліктерін меңгеру) принципі;

  • Тәрбиеге әсер ету бірлігі (отбасының, жолдастарының, қоғамдық ұымдардың , т.б. әсер етуі)принципі;

Тәрбие функциялары:

2)Мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу;

3)Жеке басты әлеуметтендіру.Әлеуметтендіру ол баланың тіршілік етуіне жағдай жасау.

4)Жеке бастың шығармашылық потенциалын дамыту, баланы қорғау.



2. Тәрбие парадигмасы

Парадигма- 1) (грек.-үлгі) шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 2)Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі.

Тәрбие парадигмасы сменінің ауысуының мәні, әміршілдік-әкімшілдік педагогикалық процесс әсерінің бала тұлғасын қалыптастыру эталонына бұрылуы, демек қажеттілік пен потенциалды мүмкіндіктер негізінде-қоғамға пайдалы, өз орны, көзқарасы, дүниетанымы бар., жан-жақты гуманистік идеяда дамытып жетілуі.

Жаңа парадигманың теориялық негіздемесі көптеген ғылым салалары туралы білім жүйесінің болуында: тәрбие философиясы,педагогикалық мәдениеттану,акмеология, аксиология, синергетика, антрополлогия, психология, педагогика, тәрбие әдістемесі мен қазіргі педагогикалық технологиялар.

Тәрбиенің мазмұндық аспектісі біріккен ғылымдар жүйесінің өзегіне- этика, эстетика, экономика, экология, саясаттану, медицина, валеология, сексология, және т.б әкеледі.



Тәрбие процесі құрылуға тиіс бірнеше прогрессивті идеялар:

  1. Бала қазіргі гуманистік тәрбие парадигмасында ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады. Оны тәрбие процесінде өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі жоғары. Мұндағы басты принцип тәрбиеленушілерді жағымды және жағымсыз сапалармен бірге нақты тұтастай қабылдау , тәрбиеленуші бойындағы жағымды қасиеттерге иек арту.

  2. Тәрбие мақсаты ұжымдық шығармашылық әрекет жағдайында жеке тұлғаны үйлесімді дамытуға негізделеді. Осы негіздегі тәрбие жүйесі:

  • Педагог пен тәрбиеленушінң ішкі бостандығы тәрбие мәдениетінің өзегі ретінде ,ол-ересектер мен баланың гуманызмі мен демократизміне негізделеді.

  • «Бостандық педагогикасы» (О.С.Газман) .Баланы қолдау мен ықпал ету жағдайы оның бойында позитивті мінез-құлық формасын қалыптастырып қан қоймайды, ол – мәдени және адамгершілік тұрғысында ересектермен жоғары қарым-қатынас ынтымақтасу деңгейін жеткізеді.

3. Тәрбие мәні- тәрбиеленушінің қоршаған ортаға көзқарасы:Отанына, қоғамға, адамзатқа, тірі және тірі емес (өлі) табиғатқа, материалдық және рухани құндылықтарға, өзіне, т.б өмірлік позицияның қалыптасуы. Әлемге деген құндылық қатынасы жүйесіндегі орны.

4. Тәрбие мазмұны,оның негізгі педагог тарапынан ұйымдастырылатын тәрбие әрекетінде тәрбиеленушінің белсенді позициясы:танымдық, құндылық- бағыт-бағдарлық, қоғамдық, еңбек, сурет, дене шынықтыру, еріті қатынас түрі.

5. Білім беру жүйесінің жеке тұлғалық бағытқа негізделуі,демек, «педагогтың тәрбиеленушіге жүйелі түрде өз дамуына жауапты субьектісі ретінде жеке тәрбиелік әсер ету субьектісі ретінде қатынасы».

Мұндағы педагог позициясы- бала өміріне жауапкешілік, табиғилық, бағыт берушілік.



  1. Тәрбие процеіндегі позициясының нәтижесі-педагогикалық қолдау. Педагогикалық қолдау арқылы индивидуалдық проблемаларды, бала денсаулығына байланысты проблемаларды, оқудағы жетістіктерді, өмірлік розицияны анықтау.

  2. Педагог пен тәрбиеленушінің диалогтық қарым-қатынасы. М.М.Бахтин: «Шындық бір адамның басында туындалмайды, ол шындықты бірге іздейтін адамдар арасында, диаогтық қарым-қатынас прроцесінде туындайды». Міне, сондықтан да тәрбие практикасына: «диалог мәдениеті» , «диалогтық қатынас», тәрбиеші-тәрбиеленуші т.б жатады.

  3. Тәрбиешінің тағайындалуы мен оның позициясы.

3.Тәрбие түрлері

  • Мазмұны бойынша:

  • Еңбекке тәрбиелеу;

  • Ақыл-ой тәрбиесі;

  • Дене тәрбиесі;

  • Институттық белгісі бойынша:

  • Отбасылық;

  • Мектептегі;

  • Мектептен тыс;

  • Діни;

  • Балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы тәрбие;

  • Тұрғылықты жердегі тәрбие; жабық және арнайы мекемелердегі тәрбие;

  • Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым –қатынас стилі мен доминантты принциптері бойынша:

  • Авторитарлы;

  • Бостандық;

  • Демократиялық;

  • Тәрбие процесінің аспектілері бойынша:

  • Дене;

  • Әскери-патриоттық;

  • Құқықтық;

  • Адамгершілік;

  • Экологиялық;интернационалдық;

  • Эстетикалық;

  • Жыныстық;

  • Экономикалық;

  • Еңбекке тәрбиелеу;

  • Тәрбиенің әдіс –тәсілдері, құралдары:

Қазіргі тәрбие теориясында тәрбие әдістері- тәрбие мақсатына жету жолы.

Тәрбие әдістері-ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тірщілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзырлық деңгейі анықталады.

Тәрбие тәсілдері- жалпы әдістің бір бөлігі, жеке әрекет, кезең, мақсатқа жету қадамы.

Әр жылдарда тәрбие әдістері әр түрлі критерийлер бойынша классификацияланады:



  1. Т.Е.Конникова, Г.И.Щуркова:

  • Баланы жете түсіну және мінез-құлқы бойынша;

  • Іс-әрекеттің басты бағыттары бойынша;

  • Баланың іс-әрекетін ұйымдастыруға деген қатынас бойынша

  1. В.А.Караковский:

  • Тәрбие құралдары бойынша:

  1. Т.А.Ильина, И.Т.Огородников:

  • Сананы қалыптастыру бойынша;

  • Мінез-құлықты қалыптастыру бойынша;

  • Оқушыларды ынталандыру бойынша;

  1. С.А.Смирнов:

  • Балалардың әлеуметтік тәжірибесі бойынша:

-Жаттығу;

-Тапсырма беру;

-Үлгі;

-Еркін таңдау жағдаяты;



  • Іс-әрекет және мінез-құлық мотивациясы бойынща:

-әңгіме;

-әңгімелесу;

-дисскусия (диспут);


  • Баланың жеке тұлғасын өзіндік анықтау бойынша:

-өзін-өзі тану;

-өзін-өзі тәрбиелеу;



  • Іс-әрекетті және қарым-қатынасты ынталандыру бойынша:

-жарыс;

-мадақтау;

-жазалау;


  • Гуманизациялау мен демократияландыру деңгейіне қарай тәрбие әдістері

  • Авторитарлы педагогика әдістері

-ақпаратттандыру;

-Педагогикалық талап;

-Жаттығу;

-сендіру;

-жекелей бағалау;

-жазалау;

-еліктеу;

-кәнәлалаушылық (айыпталушылық);

-күштеу (мәжбүр етушілік);


  • Гуманистік педагогика әдістері

-Талап қою;

- үлгі;

- оқу ситуациясын құру;

-ойын;

-үйрету;

-сендіру;

-жекелей үлгі;

-дәріс;

-мадақтау;

-құптау;

- Жаттығу;

-ҮЖӘ;

-коррекция;

-диспут;

-түсіндіру;

-мақтау;

-жарыс;

-перспективалық линия жүйесі;

-моральдық жетістік жағдаяты;

-тәрбие беруші жағдаят;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет