Қазақстан республикасының


* Кәсіпті(мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторлар(Е.А.Климов бойынша)



бет8/11
Дата27.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#5788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

* Кәсіпті(мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторлар(Е.А.Климов бойынша):

1)ересектер,отбасы көзқарасы;

2)құрбылардың көзқарастары;

3)мектептегі педагогикалық ұйым көзқарастары;

4)жеке кәсіби және өмірлік жоспарлар;

5)қабілеттіліктер мен олардың көрінісі;

6)қоғамдық мойындауға талаптану;

7)кәсіби әрекет туралы мағлұматтану;

8)бейімділік.

* Психологтар бойынша мамандықты таңдауға негізгі факторлар субъективті факторлар:

-қызығушылықтар(танымдық,кәсіби,мамандыққа қызығушылық,бейімділік);

-қабілеттіліктер(белгілі іс-әрекетте жетістікке жетуге қажет психологиялық механизмдер);

-темперамент;

-мінез.

Объективті факторлар:

-даярлық деңгейі(үлгерімі);

-денсаулық жағдайы;

-мамандық әлемі туралы ақпарат алу.



Әлеуметтік мінездеме:

-әлеуметтік орта;

-үй-тұрмыс жағдайы;

-ата-анасының білім деңгейі.



3.Д.Сюпери бойынша кәсіби жол кезеңдері:

Зерттеушіні индивидтің бейімділігі мен қабілетін анықтау,кәсіби "Мен" концепциясын белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған.



I-даму кезеңі(туғаннан 14жасқа дейін). Балалық шақта "Мен"концепциясы дами бастайды. Балалар ойын кезінде өздеріне не ұнайды ,неменеге икемді екендіктерін әр түрлі ролдерді ойнай отырып анықтайды. Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін қызығушылықтар байқалады.

II-зерттеу кезеңі(15жастан 24 жасқа дейін).Қыздар мен бозбалалар өз қажеттіліктерін,қызығушылықтарын,қабілетін,құндылықтары мен мүмкіндіктерін анықтап,түсінуге ұмтылады. Осындай өзіндік саралауды негізге ала отырып олар кәсіби карьераның мүмкін вариантттарын қарастырады.

III-карьераны жеңілдету кезеңі(25 жастан 44 жасқа дейін).Қызметкерлер таңдап алған іс-әрекеттерінде берік орын алуға тырысады.Еңбек етудің алғашқы кезеңдерінде жұмыс орнын немесе мамандықты өзгертуі мүмкін,бірақ осы кезеңнің екінші жартысында таңдап алған мамандығын сақтап қалу тенденциясы байқалады. Адамның еңбек ету биографиясында осы жылдар шығармашыл жылдар болып табылады.

IV-жеткен жетістікті сақтау кезеңі(45 жастан 65 жасқа дейін). Қызметкерлер алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап қалуға тырысады.

V-құлдырау кезеңі(65 жастан кейін). Дене және ақыл-ой күші төмендей бастайды. Еңбек әрекеті тоқтайды.

* Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері:

Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін әрекетті құру мен еңбек дағдысын игеру кәсіби жол кезеңдерін анықтау критерийлері болып табылады.

1.Жұмысшылармен (қызметкерлермен)теңестіру (5 жастан 10 жасқа дейін) кезеңі.Балалар өздерінің жұмыс істейтін әке-шешелерімен теңестіріледі және болашақта жұмыс істеуге деген ниет "Мен"-концепциясының бір бөлігіне айналады.

2.Негізгі еңбек дағдысын игеру мен еңбек сүйгіштікті қалыптастыру(10 жастан 15 жасқа дейінгі )кезеңі.Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары мен күш қуатын дұрыс ұйымдастыруды үйренеді. Мысалы, үй тапсырмасын орындау немесе үйдегі жұмыс. Олар:алдымен -жұмыс,одан кейін-ойын принципі бойынша жүре бастайды.

3.Нақты кәсіби бірегейлікке ие болу (15 жастан 25 жасқа дейін)кезеңі. Адам мамандық таңдап сол мамандыққа өзін даярлай бастайды.Ол таңдау мен карьераны бастауға көмектесетін белгілі еңбек тәжірибесін жинақтайды.

4.Кәсіби маманның қалыптасу (25жастан 45 жасқа дейін)кезеңі.Ересектер өзінің кәсіби қабілеттілігі мен мүмкіндік шеңберіндегі шеберлікті жетілдіре отырып қызмет баспалдағында жоғары өрлей бастайды.

5.Қоғам игілігі үшін жұмыс жасау (40 жастан 70 жасқа дейін)кезеңі. Жұмысшы -қызметкерлер өз кәсіби карьерасының шыңына жетеді.Олар өзінің азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойлана бастайды және күштерін қоғам алдындағы міндеттерін орындауға жұмсайды.

6.Кәсіби әрекеттің жемісті кезеңі туралы толғану(70 жастан кейін).Зейеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен жолын ой елегінен өткізіп,ондағы жеткен жетістіктерін қанағаттана отырып есіе алады.



* Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары(Е.А.Климов бойынша)

-Оптант фазасы. Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ,өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады.

-Адепт фазасы-мамандықты меңгеру үстіндегі адам.

-Адаптант фазасы. Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді,шығармашылық міндеттерді шешуге үйренеді.

-Интернал(немесе интервал)фазасы. Өз ісін тұрақты,жақсы көретін,негізігі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.

-Шебер-жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен кәсіби аймақта кең де терең біліммен ерекшеленеді. Оған қайталанбайтын,ерекше іс-әрекет стилі тән,оның жұмыс нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына негіз бар.Өз біліктілігінде формальды көрсеткіштерге ие.

-Авторитет-өз ісінің шебері,көпке танымал(белгілі салада,салааралық деңгейде,мемлекетте).Кәсіби міндетін мол тәжірибесі,іскерлігі,жұмысын ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді.

-Үйретуші-беделді,өз ісінің шебері,шәкірттерін,ізбасарларын үйретуге әзір.


Негізгі ұғымдар: кәсіби білім беру, оптант, мамандық, профессионал, қабілет, шеберлік.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Кәсіби білім беру психологиясы пәні, міндеттері қандай?

  2. Мамандықтардың жіктелуі (Е.А.Климов, Д.Сьпери)

  3. Кәсіптену этаптары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Климов Е.А. Психология проффессионального самоопределения: учеб. Пособие для студентов вуз. – М., 2007

  2. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004


12-тақырып: Ұстаз психологиясы және мұғалімдік қызмет

Жоспар:


  1. Педагогикалық іс-әрекет

  2. Педагогикалық іскерлік

  3. Педагогикалық іс-әрекет стилдері және кәсіби сапалар

1.Педагогикалық іс-әрекет – оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған, сонымен бірге өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің негізі болып табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы.

  • Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары

  • мақсаттылық;

  • түрткі;

  • пәнділік;

  • өнімділік.

  • Педагогикалық іс-әрекет формалары

  • әңгіме (сократтың әңгіме) немесе майевтика;

  • шеберханадағы жұмыс;

  • сабақ;

  • лекция;

  • семинар;

  • сынақ;

  • практикум;

  • тренингтер және т.б.

  • Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет дәрежесі

I (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

II (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

III (орташа) локальды модельдеуші ; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге , дағдыларға, іскерліктерге уйрету стратегияларына ие ; орташа продуктивті.

IV (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері ; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар , іскерліктер, ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.

V (ең жоғарғы) – оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту,өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.


  • Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны:

  • мотивация;

  • мақсат;

  • пән;

  • құралдар;

  • тәсілдер;

  • өнім;

  • нәтиже.

  • Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері:

  • түсіндіру;

  • көрсету (иллюстрация);

  • оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;

  • оқушы тәжірибесі;

  • тренингтер және т.б.

  • Педагогикалық іс-әрекет психологиясы проблемалары:

1.Педагогтың шығармашылық потенциалы мен педагогикалық стереотипті жою мүмкіндіктері проблемасы;

2. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм) проблемасы.

3. Мұғалімді психологиялық дарярлау проблемасы.

4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы.

5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы.

6.Мұғалімнің инновациялық процестерді жете ұғыну проблемаласы.



  • Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар

  • Кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы мұғалімнің ішкі даярлығы арасында;

  • Білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға ұмтылысы арасында;

  • Шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында;

  • Күнделікті өзекті ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру, сақтау, тасымалдау қабілеттілігі арасында;

  • Қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің жұмыс уақыты резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің төмендігі арасында;

  • Әлеуметтік – кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының көбеюі мен педагогикалық кәсіп өкілдерінің бюджеттегі уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.

Мұғалім функциялары

  • Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және оқушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау;

  • Мәліметтік (ақпараттық), ұйымдастырушылық,бақылау және коррекциялық функциялар;

  • Аналитикалық функциялар;

  • Педагогикалық білімді насихаттаушы функция.

А.И.Щербаков бойынша педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық функциялары:

  • Ақпараттық функция (материалды меңгеру және оны бере білу өнері);

  • Дамытушы (оқушының тұлғалық дамуын басқару);

  • Бағыт беру функциясы (жеке тұлғаның оның мотивінің, идеалының бағыттылығы);

  • Жұмылдыру функциясы (оқушылардың ақыл-ой әрекетін белсендіру , олардың өзбеттілігін дамыту);

  • Зерттеу (педагогикалық процестегі шығармашылық ізденіс , тәжірибе жүргізу іскерлілігі , тәжірибесін жалпылау және өз шеберлігін үнемі жетілдіру).

Окытушы мен окушылар қарым-қатынасындағы негізгі функциялар

Koнcmpvкmивтi. Білім мазмұны мен пәнің практикалық мәнің талдау мен түсіндірудегі оқытушы мен окушынын педагогикалық әрекеттері . Ұйымдастырушылық. Бірлесе мағмұлаттандыру мен оку-тәрбиелік әрекет нәтижесіне жауапкершілікпен жетудегі оқытушы мен окушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Коммутікативті-стимулдандыру. Оку-танымдық іс-әрекетгш әр түрлі формаларынын үйлесімі (индивидуалдық, топтық, фронтальдық) педагогикалық ынтымақтасу мақсатында өзара комек көрсетуді ұйымдастыру; оқушыларға нені білуі, түсінуі, үйренуі керектігі жөнінде түсінік беру.

Ақпараттық - білім берушілік. Қоғамдық өмір аумағындағы жаңалыктарға оқушыларды бағыттау, әлемді дұрыс қабылдатуда оқу пәнінің практикамен байланысын көрсету; оқу пәні аумағы деңгейінің қозғалмалылығы мен оқу материалының эмоционалды түсіңдірілуі, оқушылардың бейнелі-сезімдік сферасына иек арту.

Эмоционалдық түзетушілік. Оқыту процесінде оқу іс-әрекеті түрлерін қолдану барысында, оқытушы мен окұшылардын сенімділік қатынасында «ашық перспектива» және «жеңіске жету» принциптерін жүзеге асыру.



Бақылау-бағалау функциясы. Оқытушылар мен окушылардын өзара бірін-бірі бақылауын ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау, бағалау арқылы бірлесе отырып мұғалімнін кәсіби қасиеттерін жетілдіру.

2. Іскерлік - белгілі жағдайда белгілі іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы. Педагогикалыц іскерлік - мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы, олар, ең алдымен, педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің даралық-психологиялык ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік:кәсіби құзырлығы жөнінде дәлел келтіреді.

Педагогикалық іскерліктің А.КМаркова 9 тобын сипаттаған.



1-топ. Педагогикалық міндетті анықтау кезінде өз мотивтері мен мақсаттарын, оқу-тәрбие беру процесін белсенді даму үстіндегі оқушыға бағыттау; педагогикалық ситуадияны зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және же дел түрде нақтылау, белгісіздік жагдайда оңтайлы педагогикалық шешім
қабылдау, педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық жағдаяттардын өзіеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагог икал ық жағдаяттардан абыроймен шығу: педагогикалық міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу, т.б. іскерліктер.

2-топ: 3 топшадан тұрады.

I топша: «Нет оқыту керек». Оқу материалымен жүмыс жасай білу іскерлігі (оқыту туралы жаңа концепциялар мен технологияларды меңгеру), оку пәні бойынша негізгі қағидаларды бөліп алe оқу пәнін жаңарту (үғым, термин, дискуссияларды пайдалану арқылы), педагогикалык жаңалықтарды талдау қабілетплігі, мектеп оқушыларында жалпы білімділік және арнайы ептілікті, дағдыны қалыптастыру, пән аралық байланысты жүзеге асыру.

II топиіа: «Кімді окыту керек». Оқушылардың жеке психологиялық процестерін зерттеу (ес, ойлау, зейін, сөйлеу т.б.), іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу, еңбек); оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу, оқушының окуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу; оқу үлгерімі және жеке бас сапаларын ажырату, жас ерекшеліктеріне байланысты бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді зерттеу, үлгермеушілермен және дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс т.б.

III топша: «Қалай оқыту керек». Оқыту және тәрбиелеу формаларын, әдістерін дұрыс тандап алу іскерлігі, оқытушы мен оқушының жұмсалатын күшін, уақытын есепке алу; педагогикалық ситуацияны салыстыра алу, жалпылай алу, біріктіру; оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын іздестіру; қолайлы жол таңдау.

3-топ: Психологиялық-педагогикалық білімді қолдана білу іскерлігі, педагогикалық тәжірибелерді қолдану; өз еңбегінің қорытындысын тіркеу, еңбегінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен байланыстырып отыру; өзінің жеке бас стилін бағалау, өз тәжірибесін саралау, басқа мүғалімдердін тәжірибесімен салыстыру, алмастыру; педагогикалық әрекетті дамыту барысында жоспар жасай білу іскерлігі.

4-топ: Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу. Психологиялык қауіпті болдырмау, жою.

5-топ: Жоғары дорежедегі қарым-қатынас тудыратын жолдарды іздестіру, қолдану. Оған мыналар жатады: қарым-қатынаста басқаның позициясын түсіну іскерлігі, оған деген қызығушылықты арттыру, оқушыны дамытуға бағыт, мінез-құлық бойьшша оқушының ішкі жағдайын түсіну (мимика, жест), өзін оқушының орнына қоя білу («децентрация»); сенімді, жайлы атмосфера қалыптастыру, басқарудын демократиялық стилінің басымдығы; окушыны мақтауға, кешірім сұрауға дайын болу, окушының сөзін бөлмеу, окушының қарым-қатынастық әрекетінен қорықпау; көпшілік алдында сөз сөйлей білу.

6-топ: Кәсіби позициясын сақтай алу іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәңділігін түсінетін, онын әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылыгы жолында қиындықтарға төтеп бере алуға қабілеті: өзінін педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды түсіну және зерттеу, оньш көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-құлқы мен қылықтарына ғана емес сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінін эмоционалдық күйін бас кару; өзінің және окушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау және осылайша өзінін «Мен»-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру.

7-топ: Кәсіби дамуды сезіне алу іскерлігі, өзінің жеке бас стилін анықтау, күшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын ығыстыру жаңалық енгізуге ізденіс, новаторлық деңгейге өте білу.

8-топ: Оқу жылының басы мен аяғында окушының білім деңгейіне сипаттама бере злу; өзін-өзі тексеру, бағалау; дағдылану, оқыту көрсеткіштерін табу (оқушыға көмек көлемі, үлгермеушілік себептерін ашу, жеке және жал пылай әсер ету), кезеңдерге сай оқудың және оқытудың компоненттерін даярлау; өз бетімен білім алуға, үзіліссіз білім алуға дайындықты ынталандыру.

9-топ: Оқушының тәрбиелілігін мұғалімнін бағалау іскерлігі; мінез-құлық арқылы окушының адамгершілік нормасы мен көзқарасын болжау. Әлсіз дамыған мінез көріністерін дамытуға жағдай жасау (мысалы, белсенділікті арттыру, аландаушылык коэффициентін төмендету, лидерлікке жетуте жағдай жасау).

Іскерліктің қалыптасу кезендерімен психологияқ құрылымы:

Іскерлік өз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өте отырып, соңында шеберлік пен шығармашылыққа айналады.

1-кезең. Бастапқы іскерлік - іс-әрекет мақсатын ертеректе қамтылған білім мен дағдыға негіздей отырып сезіну және оған жету қүралын іздестіру; іс-әрекет байқап көру - қателесу жолымен орындалады.

2-кезең. Іскерліктің жеткіліксіздігі - іс-әрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім мен оны іске асыру тәсілдерін қолдану.

3-кезең. Жекеленген жалпы іскерлік - әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті, дамыған бірақ ауқымы тар іскерлік қатары (өзінің іс-әрекетін жөспарлау іскерлігі, ұйымдастырушылык, іскерлік).

4-кезең. Жоғары деңгейдегі іскерлік - нақты іс-әрекетте білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тәсілдерін таңдау мотивтерін сезіну.



5-кезең. Шеберлік - әртурлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану.

3. Қабілет - алған білімді белгілі бір іске нәтижелі етіп жұмсай білуінде және сол ісін белгілі бір дәрежеде дағдыға айналдыра білудегі адамның индивидуалдық психологиялық ерекшеліктері.

Нышан - қабілетгің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын нерв қызметінін ерекшелігі.

Дарындылық - нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттін түрі.

Талант - белгілі іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қабілет.

Кемецгерлік - шығармашылық қабілеттің ен жоғарғы деңгейдегі көрінісі.

• Негізгі педагогикалық қабілеттілік сапалары:



  • балаға білімді кыска жэне қызықты формада жеткізу қабілеттілігі;

  • баланы бақылай отырып түсіну қабілеттілігі;

  • өз бетімен және творчестволық ойлай алу қабілеттілігі;

  • тапқырлық немесе тез және нақты бағыт алу;

  • ұйымдастыру қабілеттілігі.

Педагогикалық қабілеттілік (В.А. Крутецкий бойынша):

  1. Дидактикалық қабілеттілік - оку материалын окушыға нақты, түсінікті етш бере білу; пәнге қызығушылық тудыру; белсенді өзбетілік ой тудыру. Қиын материалды жеңіл, түсініксізді-түсінікті қылып бере білу қабілеттілігі. Окушыны өзбетімен еңбек етуге үйрету, білім алуға жол сілтеп отыру.

  2. Академиялық қабілеттілік - нақты ғылым бойынша (математика, физика, биология, әдебиет) қабілетті мұғалімнің өз пәнін, курсын көлемі бойынша ғана емес, терен де ауқымды түрде меңгеруі, ғылыми жаңалыктарды үнемі бақылап отыру, шағын болса да ғылыми жұмыс атқару;

  3. Перцептивті қабілеттілік - окушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу қабілеттілігі; психологиялық байқағыштық, түсіну, талдау.

4.Сөйлей алу қабілеттілігі – ойды нақты, анық, түсінікті түрде жеткізе алу қабілеттілігі , мимика, понтомимиканы қолдану. Ұстаз сөзі үнемі оқушыларға арналуы керек.

5.Ұйымдастырушылық қабілеттілігі- оқушы ұжымын ұйымдастыру ; өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жүргізу.

6.Беделдік қабілеттілігі.Оқушылар арасында беделге ие болу.

7.Коммуникативті қабілеттілік. Оқушылармен қарым-қатынастың жолдарын дұрыс табу.

8.Педагогикалық қиял немесе прогноздық қабілеттілік. Оқушының болашағын болжау.

9.Зейін бөлгіштік қабілет. Бір мезгілде ұстаздың бірнеше әрекетті атқара алуы.



4. А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар:

  • педагогикалық эрудиция (білімдарлық);

  • ғылым салаларын терең меңгеру;

  • педагогикалық мақсат қоя білушілік ;

  • педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;

  • педагогикалық интуиция (сезімталдылық);

  • педагогикалық импровизация (суырып салмалық,жанынан жедел шығару, шешім қабылдау);

  • педагогикалық байқағыштық;

  • педагогикалық көрегендік.

Митина Л.М бойынша кәсіби сапалар:

  • әдептілік;

  • сыпайылылық;

  • сезімталдық;

  • тәрбиелілік;

  • зейінділік;

  • ізденімпаздық;

  • шыдамдылық;

  • адамгершілік;

  • іскерлік;

  • тәртіптілік;

  • белсенділік;

  • саяси сауаттылық;

  • сыншылдық;

  • патриоттық;

  • болжағыштық;

  • өзбеттілік;

  • принципшілдік;

  • батырлық;

  • кешірімшілдік;

  • кішіпейілдік;

  • балаға деген сүйіспеншілік.

М.М.Мұқанов бойынша педагог мамандығына лайықты сапалар:

  • педагогикалық идеялық сенімі;

  • педагогтың қабілеті;

  • педагогтың ұстамдылығы;

  • әділеттілік және абырой;

Осының ең ортасы, өзегі, жеке бас сапасының ядросы – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау,»Мен» бейнесі.

Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:

  • Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б.

  • Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық,мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.

  • Экспрессивті – перцептивті - - байқағыштық , креативтілік, интеллектуалдылық , белсенділік,зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы,икемділік.

  • Кәсіби қабілеттілігі.

  • Дене және психикалық денсаулығы – эмоционалды- еріктік тонустың жоғарылылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік.

  • Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша):

Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі) , ғылыми дайындығы,қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен, дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.

Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.

  • Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс бойынша):

Гуманистік бағыт – ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы;

Эгоцентрлік бағыт - ұстаздын тек өзше, оз мұлдесіне, қажеттілігіне назар аударуы;

Бюрократтық (төрешілдік) бағыт - ұстаздын окімшіліктің нұскауларын, жоғарыдаы келген құжаттарды өзіне бағыт етуі.

Конформистік багыт - ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделуі.

Авторгітеттік бағыт - ұстаз оқушының ата-аналарына, олар қоғамдағы орнына сүйенуі.

Когитивтік багыт - ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі.

• Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М.Тален бойынша):



«Сократ» пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді.

«Генерал» - екі ойльшықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатан түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, окушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді.

«Топ дискуссиясынын жетекшісі» - оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлді атқарады.

«Менеджер» - белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет-мазмұнды сапалы бағалауға, талдаута ұмтылады.

«Шебер» өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді.

«Жаттықтырушы» - бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мүнда бір команданың мүшесі сияқты, эрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ші бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог -топқа дем беруші. мүндағы ен басты сонғы нәтиже - жеңіс, табыс.

«Гид» білімді, жан-жакты, энциклопедист бейнесінде. Қыска сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұракқа жауабы үнемі дайын.

Педагогикалық іс-әрекет стилі



Іс-әрекет стші объектінің өзінін қабілеттерін айқындай отырып және онын даралық-психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, онын операционалдық құрамын, іскерліктері мен дағдыларын қамтиды (В.Э. Чудновский).

Педагогикалык іс-әрекет стиліне әсер етуші факторлар: іc-әрекет субъектісі мұталімнің жеке даралык-психологиялық ерекшеліктерін, ол даралық-типологиялык, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері; окушылардың ерекшеліктері.

Педагогикалық іс-әрекет стгадерінің түрлері (А.К.Маркова бойынша)

Өктемшілдік стиль. Оқушы тен құқылы серіктес емес, педагогикалық әсер ету объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған талагггарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен шэкірттердің пікірлерін есепке алмай, оз құқықтарын пайдаланады. Осының салдарынан шәкірттері белсенділіктерінен айырылады, езін-өзі томен багалайды, бойларында агрессия пайда болады. Окушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мүғалімнін әсер етуінің негізгі әдісі - бұйрық ақыл айту. Мұталімге өз кэсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән.

Демократиялық стшь. Окушымен қарым-катынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде әріптес. Мұгалім окушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардын түлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға әсер ету әдістері - түрткі болу, кеңес, өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты қанағаттан;, өзін-озі жоғары бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінін психологиялық іскерліктеріне көбірек назар аударады, оларга кәсіби орныктылық, оз мамандығына қанағаттану тән.

Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардын іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақгаушылық, толку байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклимат жасырын қатынастар байқалады.

Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі:



  • Эмоционалды-импровизациялық стиль

  • Эмоционалды-әдісқойлық стиль

  • Пайымдаушы-импровизациялық стиль

  • Пайымдаушы-әдісқойлық стиль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет