Ұсынылатын әдебиеттер:
Столяренко Л.Д . Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. СПб, Изд-во Питер, 2000
Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
7-тақырып: Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі
Жоспар:
Меңгеру теориясы мәселелері
Білім, іскерлік дағды ұғымдарының өзара байланыстары
Білім түрлері. Олардың педагогикалық-психологиялық негіздері
Дағдыны қалыптастыру деңгейлері
Меңгеру теориясының зерттеу мәселелері
Әлеуметтік тәжірибенің (интеллектуалдық, эстетикалық, өндірістік) әр түрлерін меңгеру механизмдері және заңдылықтары проблемасы.
Білімді және оларға сәйкес іскерлік пен дағдыны меңгеру табиғаты, механизмдері және заңдылықтары проблемасы.
Әр түрлі пәндер материалдарын меңгеру проблемасы.
Меңгеру кезеңдерін сипаттау проблемасы.
Білімді меңгеру сапасы мен деңгейі критерийі; көрсеткіштері, іскерлік пен дағдының қалыптасу проблемалары.
Білімді меңгеру сапасы деңгейін, іскерлік пен дағдының қалыптасуын диагностикалау проблемасы.
Білім :
Қоғамдық-тарихи тәжірибеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі.
Ақиқаттың адам санасында ұғым, пікір, теория түріндегі адекватты бейнесі.
Іскерлік:
Қамтылған білім мен дағды бірлігінде адам тарапынан меңгерілген әрекетті орындау тәсілдері.
Дағды:
Жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет.
Білімді психологиялық-педагогикалық саралау
Пәндік (арнайы) құрылым – нақты ғылымның заңдылықтары, фактілері және әдістері.
Логикалық құрылым – ереже бойынша логикалық операциялар және логикалық ойлау тәсілдерінің қатаң түрде пәндік аймаққа тәуелді еместігі және әр түрлі міндет түрлерін шешуде бірдей де болуы мүмкін екендігі.
Психологиялық құрылым – өз әрекетін жоспарлау, оның барысын бақылау, қажет жағдайда түзету енгізу және міндетке сәйкес соңғы нәтижені бағалау іскерлігі.
Білім түрлері
Ұғым және терминдер
Фактілер туралы білім
Заңдар туралы білім
Теориялар туралы білім
Таным әдістарі мен іс-әрекет амалдары туралы білім
Білім түрлерінің өзара байланысы
Ұғым – заттар мен құбылыстар туралы санадағы бейне.
Пікір – бір зат туралы не мақұлдау, не теріске шығаруда көрінетін ой.
Ой қорытындысы – бірнеше пікірден жаңа бір пікір туындату тәсілі.
Дәлелдеу – ақиқаттағы дәлелденген басқа пікірлерді негізге ала отырып өз көзқарасыныңақиқаттығын дәлелдейтін ой.
Түсіндіру – зат, құбылысқа тән қасиеттер, құрылым, функцияларды негізге ала отырып, олардың байланыстарын заңды факторлар негізінде негіздеу.
Гипотеза – құбылыс немесе топты құбылыс жөнінде алдын ала шартты түрде ұсынатын ой; кейбір құбылыстардың бар екендігі туралы болжам.
Теория – белгілі ақиқат аймағы жөнінде мәнді байланыс пен заңдылықтар жөнінде тұтастай көзқарас қалыптастыратын білімді ұйымдастырудың дамыған формасы.
Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары):
Тану:
Қайта жаңғырту;
Түсіну;
Таныс жағдаяттарда қолдану;
Таныс емес жағдаяттарда қолдану;
Бағалау.
Білім өлшемдері
Білімнің кеңдігі –ұғымның белгілері мен олардың бір-бірімен байланысын ажырату қабілеттілігі;
Білімнің жеделдігі – әр түрлі жағдаяттарда меңгерілген білімді қолдануда шапшаңдық көрсету қабілеттілігі;
Білімнің тереңдігі – ұғымдардың мәнді белгілері мен олардың байланысын ажырата алу қабілеттілігі;
Білімнің икемділігі – бір міндетті шешуде бірнеше шешім жолын тауып өз бетімен қолдана білу немесе ұқсас міндеттерге жетуде дәстүрлі емес жолды табу;
Білімнің нақтылығы және жалпылығы – жалпы түрдегі білімді бөліп алу, нақтыны жалпыға жақындату, жекені жалпыға ығыстыру;
Білімнің жинақылығы – ойды жинақы түрде, жүйелі жеткізу;
Білімнің жүйелілігі – ұғымдар иерархиясын, оның жүйелілігі мен өзара байланысын анықтау іскерлігі;
Білімнің саналылығы – материалды қайта топтаумен қайта өңдеу, құбылыс, заң т.б. туралы деректерді шығармашылықпен қолдану іскерлігі.
Меңгеру – тарихи жолмен қалыптасқан қабілеттің, мінез-құлықтың, білім мен іскерліктің қоғамда жинақталған түрлерінің индивидте индивидуалды – субъективті іс-әрекет формасына айналу процесі. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасының дамуының негізі болып табылады.
Меңгерудің негізгі формалары:
Тікелей-эмоционалдық қарым-қатынас;
Заттық-манипуляциялық әрекет;
Ойын әрекеті;
Қоғамдық-пайдалы іс-әрекет;
Оқу іс-әрекеті;
Еңбек әрекеті.
Меңгерудің негізгі компоненттері:
Қабілетті, білімді адамның іскерлігі мен дағдысын іске асыратын мәдени құралдар;
Тапсырма түрлерінің оны меңгеру формаларына сәйкестігі;
Мәдени салада іске асырылатын тәжірибелік, танымдық, адекватты әрекеттер.
Дағдының даму заңдары
Тиімділік (эффект) заңы – 1921 жылы Э.Торндайк ашқан. Дағдыны дамыту үшін әрбір пысықтаудың нәтижесін білу қажет, сонда ғана келесі пысықтауда оны жетілдіруге деген ниет туады.
Дағды дамуындағы жылдамдықтың өзгеру заңы – алғашқы пысықтаудағы дағды өнімділігін жетілдіру, қарқыны көп кешікпей өз қарқындылығын баяулатады.
Дағды дамуындағы біркелкі еместік заңы – дағдының ілгерілеуі олардың өнімділігіне әсер ететін субъективті және объективті себептер қатары әсерінен уақытша дағдының төмендеуімен алмасады.
Дағды дамуындағы плато (үстірттік) заңы – уақытша дағды өнімінің жақсаруы немесе төмендеуінің байқалмауы олардың психологиялық құрылымының қайта құрылуы туралы түсінік береді. Демек, дағдылану процесі табандап бір орында тұрып қалады немесе тіпті бастапқы кезінен төмендеп кетуі мүмкін. Осыны психологияда плато (француз сөзінен «platean» - бірыңғай) деп атайды.
Дағды дамуының шексіздігі заңы – дағды дамуындағы соңғы плато дағды құрылымын қайта құру есебінде жүріп оның нәтижелілігін аз да болса жақсарта алады.
Дағдының сөну заңы – пысықтау жоқ жерде дағды кері қарай дамуға ұшырайды, бірақ пысықтаудың қайтадан қалпына келуі, дағдыны алғашқы пысықтауға қарағанда жылдамырақ қалпына келтіреді.
Дағдыны тасымалдау заңы – қалыптасқан дағдылар психологиялық құрылымы бойынша ұқсас дағдылардың дамуын жеңілдетеді (оң тасымал) және құрылымы әр түрлі дағдылардың дамуын қиындатады (теріс тасымал).
Дағдыны қалыптастыру деңгейлері
Дағдыны ойластыру – әрекетті орындау мақсаты белгілі, бірақ оған жету жолы түсініксіз.
Дағдыны сезіну – мақсатқа жету жолы туралы түсінік пен зейінді шоғырландыру болғанымен әрекет өте баяу жүреді, қажет емес қозғалыс пен қателіктер байқалады.
Дағдыны автоматтандыру – зейін мен ерік біртіндеп төменгі концентрацияны (шоғырлануды) қажет еткенмен, қозғалыс рационалды болмақ.
Дағдыны жоғары деңгейде автоматтандыру – әрекет рационалды нақты және сенімді түрде орындалады, жаңа және күрделі дағдылардың алғы шарты пайда болады.
Дағдының жасалу деңгейі Н.А.Бернштейн бойынша
I кезең – дағдыны меңгеру
I фаза – жетекші деңгейді анықтау;
II фаза – қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылаумен талдау деңгейінде болуы мүмкін;
III фаза - «осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну» ретінде, сәйкес түзетулерді айқындау;
IV фаза – фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру процесі.
II кезең – дағдылардың тұрақтануы
I фаза – түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі(синергетикалық);
II фаза – стандарттау;
III фаза – тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі.
Оқу процесінде дағдының өнімділігіне әсер етуші себептер:
Объективті
Жабдық (құрал-сайман, құрылысы);
Жабдық жағдайы;
Жұмыс жағдайы.
Субъективті – ол өз ішінде психикалық және физиологиялық деп екіге бөлінеді:
Өз күшіне сенімділік;
Көңіл-күй;
Дағдының динамикасы;
Іс-әрекетке қатынас.
Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар:
Жаттығуды уақыт бойынша дұрыс бөлу. Жаттығу кезінде дағдының өріс алуы графикалық сызықтармен өлшенеді.
Үйретушінің әрекетті орындаудың негізгі жоспарын, принципін түсінуі;
Орындалған әрекеттің нәтижесін білу;
Бұрын игерілген білімдер мен қалыптасқан дағдыларды үйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі. Оқушының үйреншікті дағдысы екінші нәрсені меңгеруге жәрдемін тигізетін болса, онда мұны дағдының тасымалдығы деп атайды. Сонымен қатар бір дағды екінші дағдының қалыптасуына жәрдемін тигізудің орнына кейде кедергі жасайтыны да белгілі. Мұны дағдының интерференциясы деп атайды.
Қайта өндірушілік пен сенімділіктің ұтымды ара қатысы.
Негізгі ұғымдар: меңгеру, ұғым, пікір, дәлелдеу, түсіндіру, гипотеза, теория.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Меңгеру ұғымына түсінік.
Білім, іскерлік дағды ұғымдарының өзара байланыстарын ашыңыз.
Білім түрлерінің педагогикалық-психологиялық негіздері
Дағдыны қалыптастыру деңгейлерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. М., 1984
8-тақырып: Оқу-іс-әрекеті субъектілерінің жас ерекшелік сипаттамалары
Жоспар:
Жас кезеңдерін жіктеу параметрлері
Оқу-ісәрекеті субъектілерінің психологиялық ерекшеліктері
Жас ерекшелігі физиологиясы
Жаңа туған бала (алғашқы күн 10 күн)- бөпелік кезең
Омыраудағы кезең(10куннен – 1 жасқа дейін)- нәрестелік езең
Ерте балалық кезең (1-3жас аралығы) – сәбилік кекзең
Алғашқы балалық кезең (3-7 жас аралығы)
Екінші балалық кезең (8-12 жас аралығы)
Жеткіншек жас (13-16 жас арасы - ұлдар),(12-15 жас арасы-қыздар)
Жасөспірімдік кезең (17-21 жас арасы –ұлдар)-бозбала, (16-20 жас арасы –қыздар)- бойжеткен
Медицинада
Жаңа туған бала (алғашқы 3-4апта)- бөпе
Омыраудағы кезең (4 аптадан -1 жасға дейін)- нәресте
Мектепке дейінгі кезең (1-3жасқа дейін) –сәби
Нақты мектепке дейінгі кезең (3-7жасқа дейін)
Төменгі сынып оқушысы (7-12жас аралығы)
Жеткіншектік жас
Жоғары сынып оқушысы (12-18 жас аралығы)
Психологияда
Жаңа туған бала( туылғаннан 1 жасқа дейін) –нәресте
Мектепке дейінгі балалық (1-3 жасқа дейінгі)- сәби
Нақты мектепке дейінгі кезең (3-6 жасқа дейін)
Төменгі сынып оқушысы (6-10 жас аралығы)
Жеткіншектік (орта буын) жасы (10-15 жас арасы)
Бозбалалық кезең
I кезеңі 15-17 жас арасы
II кезең 17-21 жас арасы
Толысқан шақ (21-60 жас)
Егде жас (60-75 жас)
Кәрілік жас ( 75-90 жас)
Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан жоғары)
Педагогикада
Жаңа туған бала (алғашқы 1 жыл)
Мектепке дейінгі балдалық ( 1 жастан 3 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі жас (3жастан 6 жасқа дейін)
-кіші мектепке дейінгі жас (3-4 жас)
-орта мектепке дейінгі жас (4-5жас)
Жоғары мектепке дейінгң жас (5-6жас)
Кіші мектептегі жас (6жастан 10жасқа дейін)
Орта мектеп жасы (10 жастан 15 жасқа дейін)
Жоғары мектеп жас (15 жастан 18 жасқа дейін)
А.Валлон бойынша жас сатысындағы даму кезеңдері
А.Валлон психикалық эволюцияның кезеңдерін бір кезеңдерде белгілі функциялардын күшеюі немесе бәсеңдеуі байқалатын қайта ұйымдастыратын үздік жолы деп қарастырды, ол даму барысындағы конфликтілерді, қарама- қайшылықтарды зерттеу қажет екендігін айтады. А.Валлон бойынша, когнитивті процесстердің дамуы эмоционалды және жеке тұлғалық дамумен тығыс байланысты және психикалық тірлік генезисінде эмоция бәрінен де бұрын көрінеді және бала психикалық тіршілік етуге тек эмоцияның арасында ғана қабілетті, тек эмоция ғана баланы оның әлеуметтік ортасымен байланыстыра алады. Валлон барлық балалар үшіг даму ритмінің бірдей екендігін мойындамасы да өзінің белгілерімен сипатталатын, баланың басқа адамдармен қарым-қатынасымен ерекшеленетін кезеңдерді бөліп өарастырады.
А.Валлон бойынша балалықтың бірізді кезеңдері:
1. Импульсивті кезең (6айға дейін)
2. Эмоционалды кезең (6 айдан 10 айға дейін) эмоция (қорқу, ашулану,қуану т.б) арқылы басқалармен қарым-қатынас жасай бастайды . Эмоционалдық қимыл- қозғалыстың тікелей байланыстылығы.
3. Практикалық ойлаудың басы (10айдан 14 айға дейін)- дыбыс, сөз, қимыл –қозғалысты тани бастайды, өз тілегің қимыл-қозғалыс, сөз арқылы білдіреді.
4. Прективті кезең (14 айдан 3 жасқа дейін) – еркіе сөйлеу, сөйлеуді меңгеруге байланысты бала дамуының тәуелсіздігі; бала обьектілерді зерттеуге қабілетті және осы заттын атын оның қасиетімен бірге танып біледі, істің ойға ауысуы еліктеу барысында мүмкін болады.
5. Дербестік кезең (персоналистік) (3 жастан 6 жасқа дейін ) – ол сөз ішінде
3 кезеңнен тұрады:
Қарама-қарсы қойып салыстыру кезеңі ( 3жас) – бала өзін басқаларға қарсы қояды ,өзін- өзі бекітеді, ересектерді танымайды, Валлон бойынша осы кезден бастап бала өзінің ігкі әлемін сезіне бастайды. Сондай ақ балада заттарды формасына, түр түсіне қарай ажырату қабілеті пайда болады.
Нарциссизм кезеңі (4 жас) өзіне деген қарқынды қызығушылық байқалады, өзіне жақсы жақтан көрсеткісі келеді, өзінің ерекше қабілеттілігіне сенеді (мысалы, ол тақтайдан күшті), когнитивтілік жағынан қабылдау абстрактілікке айналады, сызық, графикалық белгілерді ажыратуға қабілетті.
Еліктеушіліе кезеңі (5жас)- бала адамдарға, әлемге зейін қоя бастайды, адамдарға үйірсектікті сезәнеді, сондықтан осы кезеңдегі тәрбие « симпатияға толы болуы қажет». Бұл кезеңде балада еләктеушілік пайда болады және рөльдерді меңгереді. Кейіпкерлерді өз ойынан туындатады. Бала ойлауында синкретизм, демек тұтасты жеке бөліктерге бөліп алғанымен, оларды қайта байланыстырып тұтас күйге келтіре алмау байқалады.
6. Оқу кезеңі (6жастан 12 жасқа дейін) бала сыртқы әлемге бет бұрады, заттар, олардың қасиеттері, белсенділіктің әр түрлі формалары туралы білімді меңгереді; ойлау обьективті бола бастайды, ақыл –ой іскерлігі мен операциялары қалыптасады.
7. Жыныстық жетілу кезеңі: жеткіншектің зейіні өзіне, өз қажеттілігіне, мүмкіндігіне бағытталған. Оның тәуелсіздігін және ерекше екендігін дәлелдемек.
Туғаннан жасөспірімдік шаққа дейінгі дамудың жалпы үлгісі (Қосымша А);Баланың интеллектуалдық дамуы (Ж.Пиаже бойынша) (Қосымша Ә);Жек тұлғаның даму сатылары (Э.Эриксон бойынша) (Қосымша Б);Адамгершіліктің даму кезеңдері (Л.Кольберг бойынша)(Қосымша В);Мақсаттың қалыптасуы мен оған жетуге байланысты тіршілік циклының фазалары (Ш.Бюллер бойынша) (Қосымша Г); Д.Б.Эльконин бойынша жас кезеңдері ( Қосымша Д)
Б.Г.Ананьев бойынша жас сатысындағы жас кезеңдер:
Мектепке дейінгінің алдындағы кезең (3-5жас)
Мектепке дейінгі (5-7 жас) кезең
Кіші мектеп жасы (7-11жас)
Жеткіншек (орта мектеп) жасы (11-15 жас)
Ерте жастық шақ немесе жоғары мектеп жасы (15-18 жас)э
Студенттік кезең (кеш жастық шақ, ерте кемелді жас) –(17-18-22-23жастар)
Л.С.Выготскийдің жасерекшелік дамудағы дағдарысты кезеңдерге бөлуі:
Нәреселік дағдарыс;
Сәбилік жас (2 ай- 1 жыл);
1 жас дағдарысы;
Ерте балалық (1-3 жас);
3 жас дағдарысы;
Мектепке дейінгі жас (3-7жас);
7жас дағдарысы;
Мектеп жасы (8-12жас);
13жас дағдарысы, пубертанттық жас (14-18жас)
17жас дағдарысы;
3.Мектепке де дейінгі кезеңдегі балалардың (3-6жас) психологиялық ерекшеліктері
Басты іс-әрекет түрі – ойын,мінез –құлық нормалары мен адамдардың іс-әрекетін меңгеру;
3-4 жас – өзән таныту, мүмкін реакциялар: тыңдамау,қиқарлық, басқанын дегеніне көнбеу, қарама-қарсы теріс әрекет (негативизм), «ересектерге ат тағу» («Мен –өзім», «Мен өзім білемін», нарциссизм – өзін мадақтау);
Жалғыз ойнау(заттық, конструкторлық, сюжеттік рөлдік)
5-6жас – ересектермен қарым-қатынаста ымыраға келу , балалармен қарым-қатынастың дамуы, балалармен бірлесе ойнау, лидерлік қатынастың қалыптасуы және балалар арасындағы бағынушылық , «ойын-жарыс»:
Конструкторлық ойынның дамуы, практикалық ойлаудың дамуы;
Сурет салу және музыкалық қабілеттердің (музыканы түсіну, өлең айту, би билеу), шығармашылықтың дамуы;
Ойлаудың эгоцентрлығы (өзіне бағытталуы)
Қабылдаудың (перцептивті әрекеттерді меңгеру, перцептивті эталондарды меңгеру), зейіннің, естің мағынасыз формаларын мағыналы формаларға қарай дамуы, еріктің дамуы
Білім құмарлық (4-5жас «неге, неліктен» деген сұрақтарын көп қоюшылар);
Қиялдың дамуы ( репродуктивті фирмадан шыңармашыл продуктивті қиялға қарай; танымдық –интеллектуалдық және аффективті – қорғаныш функцияларын орындау);
Балалармен диалогтық сөйлеудің дамуы (6жаста –бала лексикасында 14 мың сөз, тілдің грамматикалық нормаларын толық меңгерген) іштей сөйлеуге ұласуы;
Ұғым –түсініктердің дамуы;
Ойлаудың дамуы операцияға дейінгі кезеңнен (Ж.Пиаже бойынша) тұрады, операциялық кезеңге баяулап өту байқалады;
Жыныс мүшелеріне, балалардың туылуына деген қызығушылық,
А)психосексуалдық дамудың фаллистік кезеңі (3-4жас)
Б)Эдип комплексінің қалыптасуы мен жеңіп шығуы (5-6жас), ішкі ардың, әдептің, моральдық көзқарастың қалыптасуы;
Инициативалықтың, белсенділіктің, мақсатқа ұмтылушылықтың, өзбеттіліктің дамуы, негативті даму барысында пассивтілік, кәнәсін сезіну, еліктеуге бейімділіктің қалыптасуы;
Мектепке даярлықтың қалыптасуы;
Бастауыш мектеп жасындағылардың психологиялық дпмуы
Басты іс-әрекет –оқу;
Танымдық процесстердің қайта құрылуы- еркіндіктің, нәтижеліктің және тұрақтылықтың қалыптасуы-ырықты зейіннің, қабылдаудың, есте сақтаудың (ең алдымен механикалық естің), ойлаудың (көрнекі-образды ойлаудың нақты ұғымдар деңгейінде сөздік-логикалық ойлауға ауысуы) дамуы;
Мінез-құлықты, ерікті, өздігінен реттеуді дамыту;
Оқи алу, жаза алуе арифметикалық есептерді меңгеру, білім қорын жинақтау;
Үйдегі еңбек дағдарысын меңгеру;
Қарым- қатынас сферасын кеңйту, жаңа беделді адамдардың әсерінің артуы;
Дамытушы ойындар оқудан кейінгі екінші орында;
Мұғалімнің бағалауы мен оқудағы жеткен жетістіктері негізінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, не өзін-өзі бағалаудың төмендеуі.
Өзіне деген сенімнің қалыптасуы, мұғалім мен ата-ананың сынынан өз күшіне деген сенімсіздіктің, фрустрацияның қалыптасуы ,оқуға қызығушылықтың төмендеуі, «мектепкі невроз».
Жеткіншек оқу іс- әрекетінің сәбьектісі ретінде
Америкагндық психолог А.Гезель жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі балалардың билологиялық толысуы мен олардың қызығушылықтары және мінез-құлық ерекшеліктеріне тоқталады. Ғалым пікірінше, балалықтың ересектікке өту 11жастан 2 жасқа дейін созылмақ, ондағы әсіресе алғашқы 5жыл аса маңызды (11жастан 16 жасқа дейінгі аралық).
10жастағы- бала- салмақтылық, сенгіштік, ата- анасымен қарым-қатынасының үйлесімділігі, сыртқы келбетімен аз айналысуы, өмірді жеңіл қабылдауы.
11жастағы бала- импульсивті көңіл-күйдің өзгермелілігі, әке –шешесіне қарсы бүлік шығаруы, құрбыларымен кикілжіңге баруы.
12 жастағы бала- ашушандық, көбіне өалыпты әлемге қатынасының позитивтілігі, отбасынан алшақтап өсуі, құрбылары әсерінің артуы, сыртқы келбетінің көр толғандыруы, қарсы жынысқа қызығушылығының артуы.
13 жастағы жеткіншек- ішкі әлемнің толғандыруы (интераверттілік),өзіндік сынның пайда болуы, сынға сезімталдылығы, ата-анаға сыни тұрғыда қарауы, дрстығының таңдаулылығы,
14 жастағы- жеткіншек. Экстраверсия, күштілік, көпшілдік, өзіне сенімділік, өзе адамдарға деген қызығушылықтың байқалуы,өзін талқыға салуы және ірі тұлғалармен салыстырылуы.
15 жастағы-жеткіншек. Дербес ерекшеліктердің «пайда болуы»; тәуелсіздік сезімі, сыртқы бақылаудан арылу, саналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің басталуы. Сезімталдық, жағымсыз әсерлеге төзімділік.
16 жастағы –жеткіншек.Бір қалыптылық, сабырсыздық, сотқарлық, ішкі өзбеттіліктің артуы, эмоционалды тұрақтылық, көпшілдік.
Жеткіншек жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері
Қарқынды жыныстық жетілу және даму, организмдегі қарқынды физиологиялық қайта құру;
Эмоционалды сфераның тұрақсыздығы, эмоция мен көңіл – күйдің басқаруға келмеуі;
Өзінің өзбеттілігін, жеке дарындылығын нығайту барысында ересектермен конфликтілі қатынас туындауы мүмкін;
Басты іс-әрекет – құрбылармен қарым-қатынас, жаңа мінез- құлық нормаларын меңгеру, қажет болған жағдайда өзін мойындату, құрбыларын оның өзін құрметтеуге ұмтылуы, құрбыларының ықыласына бөлнеу;
Өзін-өзі бағалау мен мінездің қалыптасуы;
Мінез акцентуациясының жіне мінез-құлықтың дезадаптивті формаларының пайда болуы мүмкін;
Өз пікірінің қалыптасуы, ересектердің өктемшілдіктеріне қарсы келуғ референттік топты өз бетімен таңдау;
Жасанды өзбеттіліктің жоқтығы, құрбыларына жоғаоы деңгейде сенім тудыру мен конформизмнің көрінуі;
Логикалық ойлаудың дамуы;
Өзін- өзә бақылау және іс –әрекетті жоспарлаудың әлде де қиындық тудыруы;
Тәеклге бел бууы, агрессивтілік –өзін –өзі бекітудің бір жолы ретінде;
Жыныстық әуестік (құштарлық) пен қызығушылықтың пайда болуы;
Өзіндік «Меннің», өзіндік сананың қалыптасуы;
Оқудағы таңдау, жалпы және арнацы қабілетті дамытудағы сензитивтілік.
Л.С.Выготский жеткіншектің басты қызығушылықтарының бірнеше негізгі топтарын атап көрсеткен, ғалым оларды доминанта деп атаған;
-эгоцентрлік доминанта (жеткіншектің өз жеке басына деген қызығушылығы);
-қашықтықтық доминантасы (жеткіншектің жақын, бүгінгі масштабқа емес, кең де алыс – үлкен масштабқа ұмтылысы);
-күш салу доминантасы ( жеткіншектің кейде сотқарлық, қиқарлықта көрінетін қарсыласуы, оны жоюдағы еріктік шиеленіске ұмтылысы т.б)
-романтика доминантасы (жеткіншектің белгісіздікке, ерлік жасауға,тәуелсіздікке ұмтылысы)
Достарыңызбен бөлісу: |