Қазақстан республикасының



бет2/11
Дата27.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#5788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІІ кезең. ХХғ. 50-60-90 жылдары.Б.Ф.Скиннер, Л.Н.Ланда, В.Оконь, М.М.Махмутов, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және т.б.

Оқытудың психологиялық теорияларының, яғни педагогикалық психологияның теориялық негізін қалау кезеңінде 1954 жылы Б.Ф.Скиннер бағдарламалық оқыту идеясын ұсынса, 60-жылдары Л.Н.Ланда алгоритмдеу теориясын ұсынды, 70-80 жылдары В.Оконь, М.М.Махмутовтар проблемалық оқытудың тұтастай жүйесін құрды. Ол бір жағынан Дж.Дьюидің оқыту проблеманы шешу арқылы жүргізілуі қажет деген жүйесін жалғастырушы болса, екінші жағынан – О.Зельц, К.Дункер, С.Л.Рубейнштейн, А.М.Матюшкиндердің ойлаудың проблемалық сипатының, оның кезеңдерінің, проблемалық жағдайда әрбір ойдың пайда болу мүмкіндігі туралы көзқарастармен байланыста болды.

1957-1958 жж. П.Я.Гальпериннің, 70-жылдардың басында Н.Ф.Талызинаның ақыл – ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасу теориясының негізгі позициялары жарық көрді,онда педагогикалық психологияның негізгі жетістіктері мен өрістері көрсетілгенді. Осы кезеңде Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың еңбектерінде дамыта оқыту теориясы да пайда болды.

Қазақстанда педагогикалық психологиядан тұғғыш рет еңбектер жазып, педагогикалық, психологиялық ғылымдар саласында ғылыми қызметкерлер даярлауға үлес қосқан қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми – әдістемелік кеңестің төрағасы болған және т.б. қоғамдық жұмыстар атқарған, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, профессор Т.Т.Тәжібаев (1910-1964). Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында адамның сөйлеу, ойлау және рефлексивтік іс-әрекетін кең тұрғыда зерттеген ғалым – зерттеуші, психология ғылымдарының докторы М.М.Мұқанов. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, 2003 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты психологиядандокторлық диссертация қорғаған психология ғылымдарының докторы Қ.Б.Жарықбаев .Әлеуметтік - психологиялық жағдайларды және оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің тиімділік механизмдерін зерттеумен; полиэтностық орта құндылық бағдарлардың қалыптасу және даму механизмдерін кешенді зерттеумен; адамдардың бірлескен іс – әрекетіндегі, соның ішіндегі моноэтностық және полиэтностық өзара әрекет пен қарым-қатынастағы мағына, мотив, және мақсат құрылым механизмдерін зерттеумен кең көлемде айналысушы психолог – ғалым С.М.Жақыпов . Қазіргі психологияның өзекті мәселелерімен айналысушы ғалымдар психология ғылымдарының докторлары Ж.Ы.Намазбаев,Х.Т.Шерьязданова, және т.б.


Негізгі ұғымдар: педагогикалық психология, оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, ұстаз психологиясы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Педагогикалық психология пәнін анықтаудағы педагог ғалымдардың анықтамалары.

  2. Педагогикалық психологияның құрылымы қандай?

  3. Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  2. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

  3. Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972

  4. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ

  5. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.

  6. Выготский Л.С. Педагогическая психология.

  7. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008



2-тақырып: Педагогикалық психология категориялаы мен зерттеу әдістері

Жоспар:


  1. Педагогикалық психологияның категориялары

  2. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері

1. Категория ( грек Kategoria- пікір айту; белгі) – белгілі ақиқаттың құбылыстары туралы қатынас пен мәнді қасиеттерін беретін ғылыми ұғым. Ғылым әдебиеттерде категориялар термин, ұғым деп те беріледі.

Педагогикалық терминология – білім, тәрбие, оқыту теориясы мен практикасында қолданылатын кәсіптік сөздер жүйесі. Педагогикалық терминология белгілі ұғымды анықтауда мұғалімдерге жеңілдік туғызып, уақыт пен ой әрекетін үнемдеуге септігін тигізеді. Тәлім аппараты түсініктерін қалыптастыру педагогикалық құбылыстар мен мәнін ұғынуға себепші болады.

Ғылым тілін түсіну үшін категорияларды білу міндетті.



Педагогикалық психологияда қолданылатын категориялар (ұғымдар)

Философиялық:

  • Жалпы және жеке;

  • Мән және құбылыс;

  • Қарама – қайшылық;

  • Байланыс;

  • Себеп және салдар;

  • Форма;

  • Мазмұн.

Жалпы ғылыми:

  • Жүйе;

  • Құрылым;

  • Функция (қызмет);

  • Элемент;

  • Мақсат;

  • Іс-әрекет;

  • Жеке тұлға.

Жеке ғылыми:

Педагогикалық психологиямен тікелей байланыстағы ғылыми ұғымдар:

  • Білім беру;

  • Білім беру мазмұны;

  • Оқыту;

  • Тәрбиелеу;

  • Әлеуметтендіру;

  • Жеке даралық;

  • Бейімделу(адаптация);

  • Әлеуметтік тәжірибе.

Арнайы педагогикалық психология категориялары:

  • Оқу;

  • Оқу іс-әрекеті;

  • Тәжірибе жинақтау;

  • Әлеуметтік тәжірибені меңгеру;

  • Дағды;

  • Білім;

  • Іскерлік;

  • Педагогикалық қабілеттер.

2.Әдіс (грек metodos – зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) – таным жолы; ғылыми білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл.

Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективті заңдылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық психология зерттейтін мәселелер туралы мәліметтер 3 негізгі мәлімет көздері арқылы алынады: олар – L-,Q – және Т - деректер.Мәлімет алудың бірінші көзі L – деректер – бақылау нәтижесінде адам өмірін тіркеп отыру арқылы алынған деректер, мұнда сараптамалық бағалау да кіреді. Мәлімет алудың екінші көзі Q – деректер – сауалнамалар мен өзін – өзі бағалаудың басқа әдістері негізінде алынады. Аталған мәлімет көзіне ММР – Минесоттық көпсалалы тұлғалық тізбе, Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық тұлғалық сауалнамасы, т.б. жатады.



Мәліметтің үшінші көзі – Т – деректер – бұл объективті тестердің мәліметтерді, олардың ішіндегі негізгі 12 топ Р.Б.Кэттел мен В.Ф.Варбуртондар бойынша педагогикалық психологияда тестілеу әдісін қарастырғанда келтіріледі.

Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері бойынша туындайтын мәселелер:

  • Психологиялық – педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізгі мәселесі;

  • Педагогикалық психологияда жалпы ғылыми және жалпы психологиялық зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау мәселесі;

  • Педагогикалық психологияға ғана тән зерттеу әдістерін құру мәселесі;

  • Педагогикалық психологияда экспрерименттік әдісті қолдану ерекшелігі мәселесі;

  • Жеке тұлғаның дамуын психологиялық – педагогикалық зерттеу мақсатында диагномстикалық (анықтау) әдістемелерін құру мәселесі.

Психологиялық зерттеу әдістерінің жүйесі

(Б.Г.Ананьев бойынша):

  • Ұйымдастырушылық

  • Салыстырмалы;

  • Лонгитюдті;

  • Кешенді;

  • Эмпирикалық

  • Обсервациялық (бақылау),

  • Эксперимент;

  • Қалыптастырушы;

  • Даладағы;

  • Табиғи.

  • Психодиагностикалық

  • Қызмет нәтижесін талдау;

  • Модельдеу;

  • Биографиялық.

  • Мәліметті өңдеу тәсілдері

  • Мәліметті математикалық – статистикалық саралау әдістері;

  • Мәліметтің сапасын саралау әдістері.

  • Интерпретациялық

  • Генетикалық әдіс;

  • Филогенетикалық әдіс;

  • Онтогенетикалық әдіс;

  • Құрылымдық әдістер

  • Жүйелеу;

  • Типтеу.

Педагогикалық психологияны зерттеу әдістері

(И.А.Зимняя бойынша):

  • Ғылыми танымдық деңгейге қарай:

  • Теориялық немесе эмпирикалық теориялық зерттеу әдістері

  • Аппроксимация;

  • Аксиоматизация;

  • Экстраполяция;

  • Мольдеу және т.б.

  • Эмпирикалық зерттеу әдістері:

  • Бақылау;

  • Әңгімелесу;

  • Эксперимент;

  • Тест.

  • Объектімен әрекеттесу сипатына қарай:

  • Объектіні зерттеу ( аталған теориялық және эмпирикалық әдістердің барлығы жатады);

  • Алынған деректерді өңдеу

  • Сапалық және сандық өңдеу;

  • Коррекиялық талдау;

  • Факторлық талдау;

  • Кластерлік талдау;

  • Зерттеудің мақсаты мен ұзақтығына байланысты

  • Көлденең кесінді әдіс;

  • Лонгиюдті әдіс (ұзақ уақыттық);

  • Зерттеу объектісінің ерекшелігіне байланысты:

  • Бақылау (күнделік жазу);

  • Әңгімелесу (анкета, сұхбат);

  • Тест;

  • Іс-әрекет нәтижесін саралау;

  • Референтометрия;

  • Социометрия.

Педагогикалық психологияның арнайы әдістері:

  • Психологиялық – педгогикалық эксперимент;

  • Арнайы психологиялық – педагогикалық тестілеу;

  • Бақылау;

  • Әңгімелесу;

  • Сұхбат;

  • Сауалнама;

  • Іс – әрекет (шығармашылық) өнімін талдау.

Бақылау мен экспериментті салыстыру:

  • Сұрақтар (сауалдар) табиғатына орай бақылауда ашық күйінде қалдырылады. Бақылаушы сауалдың жауабын білмейді немесе жартылай ғана меңгерген (түсініксіз).

Эксперименте – сауал гипотеза ( болжам) түрінде беріледі. Эксперименттің мақсаты болжамды тексеру.

  • Жағдаятты бақылау бойынша:

Жағдаятты бақылау экспериментке қарағанда қатаң емес.

Экспериментте жағдаят нақты анықталған.

  • Зерттелушінің әрекетін тіркеу нақтылығы бақылауда экспериментке қарағанда қатаңдығы әлдеқайда төмен, экспериментте бақылаушы әрекеті нақты тіркелген.

Педагогикалық – психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері

1. Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу объектісі мен пәнін анықтау.

2. Кеңінен таралған зерттеу концепциясын нақтылау немесе құру.Гипотеза (болжам) жасау.

3. Зерттеу жоспарын құру.



  • Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау;

  • Эксперимент жоспарын анықтау;

  • Зерттеу әдістері мен әдістемелерін тадау;

  • Мәліметті өңдеуде қолданылатын математикалық әдістерді жіне т.б. анықтау.

4. Мәліметті жинақтау және фактілер бойынша жазу.

5.Нәтижені (мәліметті) өңдеу.

6. Гипотезаның дәлдігін нәтиже бойынша бағалау,зерттеу концепциясы шеңберінде нәтижені интерпретациялау (талдау беру, түсіндіру).

7. Алынған нәтижені ғылымдағы концепция және теориялармен байланыстыру.Жалпы қорытынды жасау.Проблеманың перспективасын бағалау.


Негізгі ұғымдар: категория, мән, құбылыс, педагогикалық жүйе, құрылым, педагогикалық қызмет, педагогикалық іс-әрекет.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Педагогикалық психологияның философиялық, жалпы ғылыми, жеке ғылыми, арнайы педагогикалық категорияларын атаңыз.

  2. Педагогикалық зерттеу әдістерінің өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  2. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

  3. Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972

  4. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ

  5. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.

  6. Выготский Л.С. Педагогическая психология.

  7. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008



3-тақырып: Білм беру көпаспектілі феномен ретінде

Жоспар:


  1. Білім беру ұғымы

  2. Білім беру түрлері моделдері

  3. Білім беру жүйесінің компоненттері




  1. «Білім беру- жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (Б. М. Бим-Бад, А. В. Петровский).

«Білім беру- қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» (В. С. Безрукова).

«Білім беру- білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И. П. Подласый).

«Білім беру- адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-қзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік).


  1. Білім беру түрлері

Мазмұнының типі бойынша

  • Биологиялық;

  • Математикалық;

  • Дене тәрбиелік;

  • Экономикалық;

  • Филологиялық және т.б.

Доминантты мазмұнына байланысты

● Теориялық



- гуманитарлық;

- жаратылыстану ғылымы;

● Қолданбалы



- гуманитарлық;

- жаратылыстану ғылымы;

Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты

  • Музыкалық;

  • Көркемдік;

  • Техникалық;

  • Технологиялық;

  • Педагогикалық;

  • Медициналық және т.б.

● Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы

Білім берудің әлеуметтік ауқымы, яғни әлемдегі, белгілі бір елде, қоғамда, аймақта, ұйымда, т.б. бұл жерде сонымен қатар мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғарғы сатысындағы, клерикалдық және т.б. білім беру жүйесі;

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды:


  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

  2. Бастауыш білім беру;

  3. Негізгі орта білім беру;

  4. Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

  5. Орта білімнен кейінгі білім беру;

  6. Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище);

  7. Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, аспирантура, докторантура).

˅ Білім беру бейімі

  • Жалпы;

  • Арнайы (математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану т.б.);

  • Қосымша кәсіптік.

● Осы позициялар бойынша білім беру сипаттары

Білім берудің жүйе ретінде ақсүйектік немесе клерикалды, мемлекеттік, жеке меншік, муниципалды немесе федералды екендігі;

Білім беру жүйе ретінде деңгейлігімен, сатылығымен сипатталады. Оның негізіне, басым көпшілік жағдайда, жас ерекшеліктік өлшемдер алынады. Барлық мемлекеттерде жеткілікті деңгейде мектепке дейінгі білім, үш сатылы мектептік (бастауыш, орта, жоғары) жүйе қалыптасқан.

Білім беру жүйесіне деңгейлердің сабақтастығы, басқаруға икемділігі, тиімділігі, бағыттылығы тән.

Білім беру жүйесінің ұсақ жүйелеріне сапалық және сандық сипат тән.

Білім беру жүйе ретінде А. И. Субетто мен Н. А. Селезневалар бойынша дуалистік принципке сәйкес бір мезгілде қызмет ету және дамумен анықталады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық және жалпы педагогикалық болғанмен психологиялық-педагогикалық аспектілерді де белгілейді.

Психологиялық-педагогикалық аспектілер мынадай сұрақтарға жауап беруден тұрады:


  • Адам (бала) немесе оның ата-аналары білім беру жүйесі кезеңдерінің барлық иерархиясын көз алдына келтіре отырып, дұрыс таңдауды қалайша жүзеге асырады;

  • Әрбір білім беру құрылымының (кіші, орта, мектептегі жоғары кезең, гимназиялық, лицейлік) оқыту субъектісі- білім алушыға қатынасы қалайша жүзеге асырылады;

  • Бір құрылымдағы алдыңғы дайындықтың келесі кезеңде білім алуды жалғастыруға мүмкіндігі, оның әрқайсысындағы әрекеттің тиімділік критерийлері, осы жүйені басқару ерекшелігіндегі жетістіктерді тестілеу көмегімен анықтау.

● Білім беру процесс ретінде:

˅ Оқыту процесінде тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту және білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады.

● Білім берудің нәтижесі болып:



˅ Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады.

˅ Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі білім болып табылады.

Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А. Вербицкий бойынша)



Бірінші тенденция- білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны, ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);

Екінші тенденция- «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.

Үшінші тенденция- басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.

Төртінші тенденция- оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.

Бесінші және алтыншы тенденция- оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».

Білім берудің психологиялық принциптері:

  • Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатындағы (мектеп пен басқа арнайы институттар) бірлігі;

  • Ізгілендіру- қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру;

  • Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;

  • Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.

  1. Білім беру моделдері:

  • Білім беру моделі мемлекеттік-ведомстволық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Оның ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты болады. Білім беру мазмұны оқу мекемесінің номенклатурасы мен білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құралады.

  • Дамыта оқыту моделі (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов және т.б.). Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды меңзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ.

  • Дәстүрлі модель (Ж. Мажо, Л. Кро, Ж. Капель, Д. Равич, Ч. Финн т.б.). Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.

  • Рационалистік модель (П. Блум, Р. Ганьэ, Б. Скиннер т.б.). Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау-меңгерту жүзеге асырылады.

  • Феноменологиялық модель (А. Маслоу, А. Комбс, К. Роджерс және т.б.). Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.

  • Институционалдық емес модель (П. Гудман, И. Иллич, Ж. Гудлэнд, Ф. Клейн, Дж. Уолт, Л. Бернар және т.б.). Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», интернет көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т.б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды.

Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И.П. Раченко бойынша):

1. Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер;

2. Оқыту мен тәрбиенің мазмұны;

3. Педагогикалық кадрлар:

4. Ғылыми кадрлар;

5. Оқушылар;

6. Материалдық-техникалық жабдықтау;

7. Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері;

8. Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік);

9. Ұйымдастыру және басқару.

Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф.Г. Кумбас бойынша):

1. Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер;

2. Оқушылар;

3. Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау;

4. Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі;

5. Мазмұн;

6. Оқытушылар;

7. Оқу құралы;

8. Оқу процесіне қажет ғимарат;

9. Технология;

10. Білімді тексеру және бағалау;

11. Ғылыми-зерттеу жұмысы;

12. Жүйе тиімділігінің көрсеткіші, шығыны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет