Қазақстан республикасының



бет10/11
Дата27.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#5788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қысқа саралаусабақтан кейін өткізіледі және соңғы шешім болып табылмайды.Мабақты бақылай отырып саралаушы болжамдалған мақсат, міндеттерді іске асырылған мақсат – міндеттермен салыстырады.

Құрылымдық саралау - барлық саралаудың негізі және ол қысқа саралаудан кейін жүреді. Сабақтың құрылымдық элементтерінің жүйелілігінің логикалық бірізділігін анықтап, сабақтың доминатты кезеңдерін бөліп алады.

Аспектілік саралау – аспектілі саралаудың жүйесі мұғалімді аттестациялауда, педагогикалық тәжірибелерді жинақтауда,оқытушылармен конфликтілі жағдаяттар туындағанда ұйымдастырылады.Төменде сабақты саралау жолдарын ашатын сұрауларды (В.С.Кукушин бойынша) ұсынамыз. Осы схема бойынша кез – келген саралау түрін құруға болады.

Сабақты толық саралаудың мөлшерлік схемасы.



I. Сабақ мақсатын саралау.

1. Сабақ мақсатының ақиқатттығы және негізділігіне байланысты:



  • Бағдарлама талабына сәйкестігі;

  • Материал мазмүнына сәйкестігі;

  • Оқушылар білімі мен іскерліктерінің қажетті деңгейі;

  • Тақырып бойынша сабақ жүйесінің ішіндегі сабақтың орны;

  • Сыныптың даярлығы;

  • Мұғалымнің мүмкіндігі;

  • Оқытудың нәтижесін болжау.

2. Оқушыларға мақсатты жеткізу формалары мен әдістері. Формалар мен әдістердің мақсатқа сәйкестігі.

3. Мақсатқа жету деңгейі.



II. Сабақтың құрылымы мен ұйымдастыруын саралау.

1. Сабақ құрылымының оның мақсаты мен типіне сәйкестігі;

2. Сабақ кезеңдерінің қисынды жүйелілігі және өзара байланысы;

3. Сабақ кезеңдеріне байланысты уақытты бөлу;

4.Кабинет жабдықтарын тиімді қолдану;

5. Мұғалім мен оқушылардың ғылыми еңбегін ұйымдастыру;

6.Сабақтың басы мен соңын ұйымдастыру;

7. Сабақты ұйымдастырудың оңтайлы жолы;

8.Жоспар , оның деңгейі, орындалуы.

III. Сабақ мазмұныңн саралау. Саралау сұрақтары:

1. Сабақ мазмұнының мемлекеттік стандарт талабына сәйкестілігі;

2. Баяндаудың қисындылығы;

3.Материалдың ғылымилығы;

4.Материалдың түсініктілігі;

5. Сабақ мазмұнының өмірмен байланысы, материалдың кәсіптік бағытталуы;

6.Тақырып барысында басты идеяларды бөліп алу;

7. Сабақ мазмұнының оқушылардың қажеттілігі, қызығушылығымен байланысы;

8.Сабақ мазмұны негізінде оқушыларда өз бетін ойлауды,белсенді оқу әрекетін және танымдық қызығушылықты қалыптастыру.

IV. Сабақты өткізу әдістемесін саралау(мұғалімнің әрекеті).

1. Оқытудың әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау дұрыстығы байланысты:



  • Сабақ тақырыбына;

  • Сынып мүмкіндіктеріне;

  • Мұғалім мүмкіндігіне;

  • Оқу – материалдық базаға.

2. Сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдердің әр түрлілігі.

3. Оқушыларда жаңа ұғымдардың қалыптасуы (мұғалімнің тақырып бойынша басты жаңа ұғымдарды анықтауы).

4.Таласты тудыратын білімнің өзектілігі (сабақ тақырыбына байланысты мұғалімнің әр түрлі көзқарастармен жұмысы).

5. Жаңа материалды сапалы меңгеру (меңгеру сапасы мұғалім тарапынан қалай анықталады).

6.Оқыту құралдарын қолдану (көрнекілік, техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдану).

7. Оқушылардың өзбетті жұмыстарын ұйымдастыру (жаттығу сипаты, өзбетті жұмыс түрлері, күрделілік дәрежесі,инструктаж,т.б).

8.Мұғалімнің педагогикалық техникасы: Сөйлеу темпі, дикциясы, эмоционалдығы,арнайы ұғымдарды дәл қолдану, қарым – қатынасы, оқушыларға әсер ету тәсілдері.

V. Сабақтағы оқушылардың жүмысын саралау.

1. Сабақ әрбір кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі және жұмысқа қабілеттілігі;

2. Тақырыпқа,сабаққа деген қызығушылық;

3. Сабақтағы еңбек мәдениеті;

4.Оқушылардың мұғалім талаптарын орындауы;

5.Өзін – өзі бағалау дағдысының қалыптасуы;

6. Оқушылар білімі мен іскерлік сапалары (тереңдігі, білім қажеттілігін сезінуі басты мәселені бөліп алуы, білімді әр түрлі ситуацияларда қолдана білу).

7.Оқушылардың өзбетті түрде білімді меңгеру іскерлігі; ой тұжырымының өзбетті жүзеге асуы;

8. Жеке бас аралық қарым – қатынас мәдениеті;

9. Мұғалімнің бағалауына оқушылардың реакциясы.



VI. Үй тапсырмасын саралау.

1. Үйтапсырмасын тексеру әдістері,тәсілдері.

2. Үй тапсырмасын берудегі мақсат,себептер.

3.Үй тапсырмасының көлемі(қалай анықталады).

4.Үй тапсырмасының сипаты (жаттығу, шығармашылық жұмыс, бекіту, дамыту, саралау).

5. Оқушылардың үй тапсырмасын орындау мүмкіндігі.

6.Сабақ барысында үй тапсырмасын орындауға дайындық.

7. Үй тапсырмасын орындау әдістемесі,инструктаж.

8. Үй тапсырмасының неліктен берілгендігін білу.Үй тапсырмасының нәтижесі.

VII. Сабақтың санитарлық – гигиеналық жағдайын бағалау.

1. Сынып тақтасы (формасы, түрі, тазалығы, бормен жүмыс жасау және көрнекіліктерді бекіту жағдайы).

2. Жиғаздың оқушылар жасына сәйкестігі.

3. Жарық түсу, бөлменің тазалығы.

4.Оқу аудиториясында оқушылардың денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып жайғастыру.

5. Оқушылардың дене келбеті бойынша жүмыс тәсілдері,әдістері.

6.Ауаны тазарту,дене шынықтыру минуты, релаксация фрагменттері, аутотренинг элементтері.

7. Нормаға сәйкес көрнекіліктерді қолдану( әріп көлемі, түрі, жазу нақтылығы).

8. Назар аударуды қажет ететін келеңсіз жағдайлапды шешу.

9. Еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



VIII. Сабақты психологиялық саралау (мектеп психологиясымен бірлікте).

Сабақты талдаудың психологиялық негіздері.Сабақ ғана мұғалімнің барлық іс-әрекетін координациялау мен интеграциялау жүзеге асады, тек сабақта ғана мұғалім білім беру мен тәрбиелеудің талаптарын тұтастай дерлік оқушыға жеткізеді.

Сабақты психологиялық талдау негізінде оқушылардың психологиялық дамуын нақты түрде болжауға болады. Сабақты психологиялық талдау сабақтағы психологиялық аспектілерге назар аудару немесе негативті сипатты байқау емес, сәтсіздіктерін белгілеу, кездейсоқ және алдын – ала болжамданған, даярланған жетістіктерді талдау.

Мұндай жетістік мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын меңгеруіне, өз білімін сабақ өткізуде шеберлікпен қолдануына байланысты.



Охитина Л.Т пікірінше, сабақтағы оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі сыртқы және ішкі жағдайға, оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты:

  • Сыртқы жағдайлар

  • Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі;

  • Оқу бағдарламасын, оқулықтарды , оқу құралдарын тиімді қолдану;

  • Оқыту әдістері;

  • Оқытудың техникалық құралдармен жабдықталуы және т.ю.

  • Ішкі жағдай

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;

  • Оқу материалын еркін меңгеру;

  • Мұғалімнің жұмысқа деген шығармашылық көңіл-күйі.

  • Оқушының ерекшеліктері

Саралау сұрақтары:

1.Оқушылардың сабақ барысындағы психологиялық жағдайы (даярлығы, жинақылығы, көңіл – күйі, себептері, эмоциясы).

2. Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін тәсілдер,ерікті және еріксіз зейіннің байланысы.

3.Есте сақтауды дамыту мен жаттықтыру,есте сақтау түрі (механикалық, мәндік, ырықты, ырықсыз,қысқа көру есі), есте сақтаудың негізгі принциптерін белсендіру, қабылдау,есте қалдыру,есте сақтау,қайта жаңғырту.

4.Оқушылардың ойлау процесін дамыту: проблемалық ситуация тудыру, ойлау операцияларының параметрін қалыптастырушы

тапсырманы қолдану: салыстыру, анализ, синтез, жинақтау, нақтылау, жүйелеу, абстракция, шығармашылық ойлауды дамытушы жағдай.

5.Материалды бейнелі беру арқылы қиялды дамыту;

6.Материалды саналы қабылдауды ұйымдастыру тәсілдері.

7.Оқыту процесіндегі оқушылар эмоциясы.

8. Сабақтың ұжымның қатысуына, дамуына әсері.

9. Мұғалімнің жас ерекшелігі психологясы және сыныппен психологиялық қатынас туралы білімі. Мұғалімнің оқушылардың ой қозғалысы мен әрбір оқушының сезімін бақылауы, педагогикалық такт.Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру формасының ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі функциялары мен жұмыс бағыттары.

Психологиялық қызмет – мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Қазіргі мектепте оқу-тәрбие процесін тиімді жүзеге асыру үшін жеке түлғаның, ұжымның, танымдық процестердің даму заңдылықтарының қалыртасуының теориялық негіздерін біліп қана қоймай,сондай-ақ осы процестердің нақты оқу орны жағдайында,нақты ұжымға және нақты баланың жеке тұлғасына қатысты шарттары мен ерекшеліктерін анықтау педагог – психологтардан талап етіледі.

Осы міндеттерді шешуде мектептегі психологиялық қызмет оқу – тәрбие процесіне көмек көрсетуі тиіс.

Мектептегі психологиялық қызмет – экспертиза,кеңес беру және диагностиканың кешенді міндеттерін шешуде психологияны іс-тәжірибеде қолдану жүйесі болып табылады.



Педагогтар,мектеп әкімшілігі өздерінің потенциалды мүмкіндіктері жөнінде, оқу – тәрбие процесінің психологиялық ресурсы жөнінде нақты түсінік алулары қажет. Фундаментальды білімдерін, ұғымдарын психология ғылымының жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық әсер ету әдістерін қолдануға жұмсауы тиіс.Мектептегі психологиялық қызметтің функциялары:

  • Психодиагностика (психологиялық мәліметті қабылдап алу);

  • Психокоррекция (психологиялық мәліметті енгізу);

  • Психологиялық ағарту (психологиялық білімдермен таныстыру).

  • Мектептегі психологиялық қызметтің бағыттары:

  • Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;

  • Сынып жетекшісіне сынып ұжымын қалыптастыруға көмектесу;

  • Балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде отбасына психологиялық көмек көрсету;

  • Кәсіби бағыттылық бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;

  • Мінез – құлқында ауытқуы бар оқушылармен коррекциялық іс – шаралар ұйымдастыру;

  • Психикалық ауытқуды диагностикалау, сақтандыру, коррекциялау (түзету).

Негізгі ұғымдар: дидактикалық талаптар, диагностика, жобалау, жоспарлау, бағалау, сабақты талдау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Сабаққа қойылатын дидактикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, психологиялық және гигиеналық талаптар қандай?

  2. Сабақты талдау этаптары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Кукушин В.С. Дидактика. Учебное пособие.М.,2003

  2. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  3. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002


15-тақырып: Ұстаздың кәсіби құзырлығы

Жоспар:

  1. Құзырлық, кәсіби құзырлық ұғымына психологиялық түсінік

  2. Кәсіби құзырлықтың компоненттілік мазмұны

1. «Компотенттілік» ұғымы (қазақша құзырлық) әр түрлі түсіндіріледі. Шетел сөздері түсіндірмелі сөздігінде «компетенттілік» ұғымы қандай да бір мәселені жан-жақты меңгерген адам, франуз тілінде (Competent) – компетентті, құқылы. Ағылшын тілінде қабілеттілік, латын тілінен аударғанда (Competentia) «дегеніме жетемін», «сәйкеспін», «лайықпын» деген, яғни белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжрибені білдіреді. Адамдағы таным мен тәжрибесі бар аймақ сұрақтарының ауқымы. Белгілі бір аймақтағы компетенттілік – осы аймақ көлеміндегі материалды білім мен қабілеттілікке сәйкес меңгеру және осы аймақтағы негіздемеге орай өзінің көзқарасын еркін білдіру мен әрекет ету.

С.И.Ожегов сөздігінде компетенттілік қандай да бір саладан хабардардық, жете білушілік.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде компоненттілік – белгілі бір саланы жетік білуші, өзінің білімі жағынан мәселені шешуге, ол жөнінде пікір айтуға құқы, уәкілдігі бар адам. Сонымен қатар ғылымда кәсіби компетенттілік деген ұғым бар. Бұл ұғымға зерттеуші ғалымдар әр түрлі бағытта өз пікірлерін білдірген.

«Кәсіби компетенттілік – кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі» (Н.Н.Тарасевич).

«Кәсіби компетенттілікті мұғалім меңгерген объективті қажетті білім, іскерлік, психологиялық сапалардың қзара байланысы және олардың процесс пен педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсері ретінде қарастырған» (А.К.Маркова).

«Кәсіби компотенттілік – тапсырманы орындау қабілеті мен әзірлігі» (Бергоун).

«Кәсіби компетенттілік – психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғары деңгейімен ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы» (Н.В.Кухарев).

«Кәсіби компетенттілікті үш компонентке бөлінеді: кәсіби – білім берушілік, кәсіби – әрекеттік, кәсіби – жеке тұлғалық» (Н.Н.Лобанова).

«Кәсіби компетенттілік – педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін біллім, практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік» (М.И.Лукьянова).

«Кәсіби компетенттілік – маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін сапаларының жиынтығы» (Л.Ю.Кривцов).

«Кәсіби компетенттілік – кәсіби кәмелеттілік, кәсіби іс-іс әрекетті шығармашылық деңгейде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартқа сәйкес жүзеге асыру» (Педагогикалық әдебиет).

Сонымен кәсіби компетенттілік – ерекше міндетіне және оны жүзеге асыруда қолданылатын барлық білім мен дағдының жиынтығын құрайтын нәтижелі кәсіби іс-әрекетке деген қатынас.



Кәсіби компетенттілік – мамандық иесіне, мамандыққа, мамандандыруға қойылатын талаптарға және біліктілік стандартына сәйкес маманның дене, психикалық және рухани жағдайының сапасы, қасиеті мен жағдайы.

Жалпы түрде кәсіби компетенттілік – белгілі еңбек фукцияларын өз бетті, жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеттілігі.



2. Психологияда компетенттілік арнайы, әлеуметтік, тұлғалық, даралық «индивидуалды) кәсіби компитенттіліктен тұратын кешенді білім ретінде қарастырылады.

  • Арнайы

Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдыларын ең жоғарғы деңгейде қалыптастыру, өзінің кәсіби дамының перспективасын анықтау қабілеттілігі.

  • Тұлғалық

Өзінің кәсіби деңгейін арттыруда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі игеру тәсілдерін меңгеру.

  • Әлеуметтік

Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдысын, кәсіби қауыммен байланысты игеру, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілік.

  • Даралық (индивидуалдық)

Өзінің даралық ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу тәсілдерін таңдап алу мен жүзеге асыру қабілеттілігі.

Арнайы компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Әлеуметтік контексте таңдап алған мамандығының рөлін, орнын, спецификасын түсіну;

  • Таңдап алынған кәсіби әрекеттің шегі туралы білім және басқа мамандықтармен өзара байланысы;

  • Кәсіби сана (кәсіби әрекеттік белгілерін сезіну – пәнін, құралын, еңбек нәтижесін);

  • Кәсіби ойлау (кәсіби міндеттерді қоя және шеше білу қабілеттілігі), кәсіби интуиция;

  • Кәсіби әрекеттің нормасы мен амал-тәсілдерін игеру;

  • Кәсіби әрекеттің түрі мен тәсілдерінің оның нәтижесімен байланыстыру қабілеттілігі;

  • Өзінің кәсіби әрекетін бағалай білу іскерлігі, оны әріптестер әрекеті және көрсеткіштері мен салыстыра білу;

  • Кәсіби өсу, кәсіби шеберлік;

  • Кәсіби әрекетті үнемдеу (еңбек нәтижесіне жетуде күш-жігер мен шығынды минимумға жеткізі);

  • Кәсіби еңбек мәдениетін игеру;

Әлеуметтік компитенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Өзін кәсіби қауымға енгізу;

  • Кәсіби қарым-қатынас, этикалық норманы игеру;

  • Кәсіби әрекет нәтижесінің адамзаттың игілігіне бағытталуы;

  • Өзінің кәсіби әрекеті салдарына әлеуметтік жауапкершілік;

  • Өзінің кәсіби әрекеті нәтижесін көрсете білу іскерлігі;

  • Мәселені шешуде өз көзқарасының ақиқаттылығын дәлелдей алу іскерлігі;

  • Кешенді кәсіби міндеттерді шешуде әріптестерге кәсіби көмек беру және қабылдау, өзара байланыс жасау іскерлігі («горизонтальды» өзара байланыс);

  • Басшылар және қармағындағылармен іскерлік қатынас орнату, оларды қолдау іскерлігі («вертикальды» өзара байланыс);

  • Басқара алу және басқара білу іскерлігі;

  • Ұжымдажқмыс істей білу іскерлігі (топ айналсып жатқан жалпы міндетті сақтай отырып өзіне берілген тапсырманы орындай білу қабілеттілігі);

  • Басқа адам позициясын көше білу іскерлігі (децентрация, эмпатия);

  • Социумда өзінің кәсіби іс- әрекетіне және оның нәтижесіне деген қызығушылықты тудыра білу іскерлігі;

  • Өзгеріске даяр болу, өзара қарым-қтынас процесінде әрекеттесу іскерлігі;

  • Өзара бәсекелестікке қабілеттілік.

Тұлғалық компитенттілік мазмұнын мыналар құрайды:

  • Кәсіби мотивацияның тұрақтылығы;

  • Позитивті «Мен – концепциясының» болуы;

  • Кәсіби міндеттерді қоя және шеше білудегі өзбетілік;

  • Мінез-құлық еріктілігі, кәсіби әрекет процесінде сыртқы және ішкі кедергілерді жеңе білу қабілеттілігі;

  • Саналы кәсіби шығармашылық;

  • Өз мамандығын саналы түрде байыту;

  • Өзін мамандыққа, мамандықты өзіне бейімдеу;

  • Икемді бейімділік;

  • Кәсіби әрекетті орындау барысындағы жағымды эмоционалды көңіл күйдің басымдылығы;

  • Кәсіби еңбекке қанағаттану;

  • Кәсіби білім мен іскерлікті дербес жітілдіру қабілеттілігі,

  • Өзінің кәсіби іс-әрекетін жоспардау, бақылау, реттеу және түзету қабілеттілігі.

Даралық кәсіби компитенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Тұтастай кәсіби өзіндік сана;

  • Кәсіби әрекеттің дара стилін құру;

  • Кәсіби қабілеттілігін өздігінен дамыту;

  • Өзін кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде қабылдау;

  • Өз бойындағы жетістігі мен кемшілігінің туындау сабептерін іздеу;

  • Кәсіби өзін-өзі анықтау процесінің үнемі тереңдеуі;

  • Өзіндік мотивация, кедергіге тұрақтылық;

  • Өзіндік кәсіби жетілу стратегиясын құру мен жүзеге асыру;

  • Кәсіби деңгейдің жетілуіне сәйкес дараланудың артуы;

  • Кәсіби іс-әрекеттің мотивациялық және әрекеттік аймағындағы келісімділіктің болуы;

  • Кәсіби сауатттылық;

  • Кәсіби тәжірибелерді тірек ету;

  • Қиын жағдаяттарда өзін-өзі қолдау мүмкіндігі, өзін-өзі реттеуінің жоғары деңгйлігі.

  • Психологиялық-педагогикалық компитенттіліктің негізгі компоненттері үш блокта қарастырылады:

  • Психологиялық-педагогикалық білімділік – жалпы кәсіби деп аталатын білім.

  • Дифференциалды-психологиялық, демек оқу материалын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім;

  • Әлеуметтік психологиялық – топтық және оның жеке мүшесінің оқу-танымдық және комуникативтік әрекеті ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім;

  • Аутопсихологиялық – ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен емшілігі және өз жеке басына тән сапалардың жиынтығы туралы білім.


Негізгі ұғымдар: құзырлық-компетентілік, тұлғалық-даралық компетентілік.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Кәсіби құзырлық дегеніміз не?

  2. Кәсіби құзырлыққа сйкестілік дегеніміз не?

  3. Кәсіби құзырлықтың компоненттілік мазмұнына талдау жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  2. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

  3. Маркова А.К. Психология профессионализма. М.,1996.

  4. Маркова А.К.Психология труда учителя. М.,1993.

  5. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М.,1994.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР



Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістері

Мақсаты: Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістерін талдау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогикалық психология ғылым саласы ретінде.

  2. Педагогикалық психологяның құрылымы

  3. Педагогикалық психологияның арнайы зерттеу әдістері.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  2. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

  3. Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972

  4. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ

  5. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.

  6. Выготский Л.С. Педагогическая психология.

  7. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008


Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Қазіргі кезеңдегі білім беру үрдісі

Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі білім беру үрдісінің ерекшеліктерін талдау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Білім беру көп аспектілі,әлеуметтік институт ретінде.

  2. Білім берудің функционалды дамуы. Білім беру мен мәдениеттің байланысы.

  3. Оқытудың дәстүрлі және гуманистік парадигмасы принциптері.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  2. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

  3. Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972

  4. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ

  5. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.

  6. Выготский Л.С. Педагогическая психология.

  7. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008


Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары

Мақсаты: Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттарын жан-жақты қарастыру арқылы оларды өзара салыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет