Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


-тақырып.1930 жылдардағы саяси өмір.1931-1933 жж. аштық



бет50/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
-тақырып.1930 жылдардағы саяси өмір.1931-1933 жж. аштық
30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл — әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.

Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды.

Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады.

Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.

1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:. Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтив, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б.

— Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б.

— Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, С. Жақыпов т. б.

— Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б.

— Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.

Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» — халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды.

1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.

30–40 жылдар мен 50–жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.

101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл — әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып белгіленді).1932-1933 жылдардағы ашаршылық. Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық және т.б. сындардан өтті.


Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.оның бірі 1921-1922 жылдардағы болса, екіншісі Ұлы Жұт жылы атанған 1932-1933 жылдары.
Олар, яғни кеңес өкіметі Мал шаруашылығын күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды. қыстың кездерінде келіп жүн салығы деп малды қырқызып жүндерін адып кетеді. Бірде келіп сүйек салығы деп, малдың сүйектерін алып кетеді. Бұлар әрине қолдан жасалған болатын.
Бұл жағдай бүткіл Қазақстанды қамтыды. Келіспегендері атылды, келіскендері артынан аштықтан қырылды. 930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.
Осы жылдары әр түрлі аймақтарда Көтерілісшілер пайда бола бастады. Бірақ олардың ағаш қаруларына орыстың зеңбіректері қарсы шықты. Кейбір жерлерде көтерілмей жатып басып тастап отырды, себебі олардың өз тыңшылары болатын
Малдың түбі көрінгесін адамдар адамдарды жеуге көшті. Амалы таусылғандар өзге елдерге елін тастап көшуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет