1380ж. (Алтын Орда билігін мойындады.) 37. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жерде болған шайқас уақыты: 1391 ж. Маусым 38. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзенінің жавғасында шешуші шайқас болған жыл: 1395 ж. * Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында көрініс тапты.
39. Әмір Темір жорықтарының Қазақ жеріне тигізген зардабы: Экономикасының, мәдениеттің дамуына адам айтқысыз зардабын тигізді 40. Әмір Темір 1405 жылы қаза болған қала: Отырар
НОҒАЙ ОРДАСЫ 41.Ноғай деген атау қайдан шыққан: Адамның есімі. *Ноғай ордасының аты Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Ноғайға қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі деп атанып кеткен.
42. Қазақстанның солтүстік- батысында Ноғай Ордасының құрылуына себеп болған: Алтын Орданың ыдырауы. 43. Ноғай Ордасының алып жатқан жері:Еділ мен Жайық 44.Ноғай Ордасының орталығы: Сарайшық (Атырау жақтан 60 км.) 45.Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт: Хғ. *Сарайшық қаласының дәуірлеген кезі: ХІІ-ХІҮғ. 46.Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болған Жайық бойындағы қала:Сарайшық 47.Сарайшық біржолата қирады: 1580ж. Дон және Еділ казактарының шапқыншылығы салдарынан 48.Ноғай Ордасында саны жағынан ең көп тайпа: маңғыт. 49.Ноғай Ордасының екінші аты: Маңғыт елі. 50.Ноғай Ордасының іргесін қалаған: Едіге 51.Ноғай Ордасының Алтын Ордадан бөлінуі осы билеушінің тұсында басталды: Едіге 52.Едігенің Ноғай Ордасында * билік жүргізген жылдар: 1396-1411 жж. *Едіге Ноғай Ордасын басқарды: 1396-1411 жж. 53.Алтын Орданы басқарған Едігенің атағы:Беклербек 54.Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөлініп шығып, жеке мемлекет болды: Едігенің баласы Нұр ад- Дин кезі (1426-1440жж.) 55.Ноғай Ордасының ыдырай бастаған уақыты: ХҮІ ғ. Басы. 56.Ноғай Ордасының бірнеше иеліктерге бөлінуіне себеп болған жағдай: 1552 ж. Қазан, 1556 жылы Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуы. (Иван Грозный) 57.Алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған ғалым: Ш.Уәлиханов. 58.Ноғай Ордасымен шекарасы ортақ емес: Моғолстан. Әмір Темір 59.Ноғай Ордасында жоғарғы билеушінің титулы: хан 60.Ноғай Ордасында түрік тайпаларының басшылары: Мырза *Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстандағы түрік тайпалары басшыларының атауы: Әмір. *Ноғай Ордасында билік бидің қолында болды, ал қалған мемлекеттерде хандық мұрагерлік жолмен сақталып отырған.