Қазақстандағы орта білімді жаңартудың басым бағыттары


Оқушы мектепте алған білімін неге және қалай жұмсайды?-



бет2/15
Дата12.02.2023
өлшемі1,35 Mb.
#168440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
педдәріс каз

Оқушы мектепте алған білімін неге және қалай жұмсайды?-деген басым идея стандартта өз орнын таба алған, бірақ мұны іске асыру үшін бар болғаны сабақ құрылымын өзгерту керек ,себебі сабақ өзгерсе , жетілсе, құрылымы нақты болса, онда сол арқылы барлық реформалар , жаңалықтар мектепке енеді. Күнделікті өзгертілген сабақ саны білім сапасына әсері тиеді де күтілетін нәтижеге жеткізеді.
Стандарттағы пәндік, түйінді, негізгі құзыреттіліктер іске асыру арқылы оқушы әлеуметтенеді. Мемлекеттік стандарттағы екі тиек сөздерде тоқталайық:
1.Тұлғаны әулеметтендіру - жеке адамның қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі ілімдер, ережелер мен байлықтарды меңгеру.Олар әр пән мазмұнында берілген.
Әлеуметтендіру жеті жасқа дейін отбасы немесе бақшада өтсе, 7-18-ге дейін мектепте, жоғарғы оқу орны, жұмыс орны, қоғамдық орындар арқылы жалғасады.Ал ең басты талап – отбасын құру, ұрпақ жалғастыру, қоғамның ең кіші бөлшегі-жанұя арқылы ең үлкен құрылымы-мемлекетке еңбек ету.Сондықтан Асан Қайғы атамыз Жер Ұйықты іздегенде еш жерден таба алмаған , себебі отбасы, ЖЕР ҰЙ ҰҒЫ (оны ұғатын адамы) болмаған.

2.Құзыр - араб сөзі - қатысу, қатынасу, көру, көріну.


Компетенция -1. міндет, қызмет бабы 2.біліктілік,
Компетентный - білікті, жетік, терен білетін,құзырлы.
Компетентность – құзыреттілік,біліктілік.
Осы түсініктін-құзыреттілік,біліктілік үлгісін Ы.Алтынсарин «Асан мен Үсен » әңгімесінде көрсете білді . Заманауи оқушы Үсен сияқты алдында кездескен тығырықтан шыға білу және кез-келген мәселені шеше білу қабылеті қалыптасқан тұлға болу керек. Өзгермелі өмірде өз орнын таба алу, әлеуметтену. Амонашвили сөзімен айтатын болсақ: "в ось питание", қазақша "орам ал", себебі айнала үн, белгі, ұғымдар мен үлгілер.
Білім-қазақша түсінікте ҚОРҚҰТ(Қор және Құт). Өлмейтін , өшпейтін нәрсе. Ж.Баласагуни айтқандай Өзөлмес, Өзгермес. Тек оны көре білу және насихаттау керек. Оқушы сол Қордан рухани нәр алу керек, сонда ғана ол Қор оған Құт болып дариды.
Оқушы білімді ала білу керек, мектеп бере білу керек. Алған білім, білік, дағдыны окушы өмірде пайдалана білсе, оны құзыретті деп айтуға болады. Құзыр сөзінің мән-мағынасын А.Байтұрсынов кезінде былай деп түсіндірген еді: «Білім –біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік –сол білімді іске асыра білу дағдысы».Сондықтан араб сөзінен бастау алатын құзыреттіліктің қазақшасы –біліктілік.
Оқушы үшін білім алу мақсаты – өмірге керекті білім, білік, дағдыларды игеру. Адамның қоршаған ортасы табиғат, руханиет (мәдениет), ғылым, тарихат (саясат).
2006 жылы 11 қаңтарда елбасы Н.А.Назарбаев былай деді: «Келесі онжылдықта біз бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосыламыз. Ол үшін экономикасы, саясаты, әлеуметі, мәдениеті дамыған мемлекет болуымыз қажет». Соңғы Жолдауларында 30 ел қатарына қосылу керектігін айтып келеді.
Осы ойды іске асыру үшін мектептің де берері мол емес пе? Сондықтан біздің ұсынып отырған модель - үлгімізде пәндер төрт сала бойынша топтастырылған.Орта мектепте төрт бағыт болуы тиіс: ғылыми-жаратылыстану, көркемдік-гуманитарлық, саяси-қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет