Қазақстандағы орта білімді жаңартудың басым бағыттары



бет7/15
Дата12.02.2023
өлшемі1,35 Mb.
#168440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
педдәріс каз

Ақ қалпақ (ақпарат, дерек, сұрақ) киген адам – нақты деректер негізінде өз ойын айтуы керек.
Қандай ақпараттар бар? Қандай ақпараттар керек? Неге осындай ақпараттар керек? Тағы қандай ақпараттар жетіспейді? Бар ақпараттарға байланысты эмоциясыз, көңілге қарамай, қандай қорытындылар жасауға болады?
Қызыл қалпақ (сезім, эмоция, интуиция) киген адам-негіздемей-ақ, түсініктеме бермей-ақ, талқыланатын мәселе бойынша өз ойын айту, өз сезіміне ерік беру. Мысалы, «Олай болуы мүмкін емес», «Бұл жақсылыққа апармайды», «Қандай тамаша!», «Маған бұл мүлдем ұнамайды», т.б.
Қара қалпақ (сынау, жағымсыз жағы, қауіптену, байқау) киген адам-талқылайтын мәселенің болашағында туындауы мүмкін қиындықтар, кемшіліктер тіпті келеңсіздіктер жайлы айтады.Ол ұсынылған әрбір тұжырымға, статистикалық мәліметтерге күмәнмен, қауіппен тіпті үмітсіздікпен қарайды. Барлық жерден кемшіліктер іздейді,алайда, бұл тұжырымдар негізделу керек.
Сары қалпақ (қолдау жағымды жағы, үміттену, жақсы нәтижеге күту, оптимизм)-қара қалпақ киген адамның пікіріне қарсы жағдайдағы тұжырымдар айтады. Сары қалпақ киген адам талқылайтын мәселенің болашағына үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайды.
Жасыл қалпақ (тапқырлық, соны шешім, креативтік, жаңа идея, ұсыныс) киген адам-талқыланатын немесе талқылайтын мәселе дамуының баламалы немесе тиімді жолдары
Көк қалпақ (үрдіске жетекшілік жасау), жұмыс ұйымдастыру, ойлау барысын бір бағытқа шоғырландыру функцияларын орындайды.
Р.S. Ала қалпақ киген адам ойларды іске асыру жолдарын айтады ( биология ғылымының докторы Байғозин Ж.О. )


5 дәріс «Жол» тақырыбын жүйелеудің үлгісі
Мәтін мазмұнын жүйелеп, ақпаратты кодтау, хронологиялық, семантикалық (мағыналық), кесте-логикалық сызбалар жасау «оқытып» қана қоймай, оқушылардың білімін, Ы.Алтынсарин айтқандай, «тоқуға» үйретеді. Мысалы: «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша тыңдаушыларға «Жол» тақырыбынан білетіндерін жинақтап , жүйелеңіз дегенде байқағанымыз , тыңдаушылар ойлау алгоритмын игермегендіктен, критерий (бағалау құралы), өлшемдер, ұстанымдарды айқындауда қиналады, тіпті соларды айқындап алса да, ойларын жүйелеуге машықтанбаған. Жол туралы әр нәрсені айтады. Төмендегідей кесте түрін ұсынғанда ғана, ойларын жинақтап, жүйелеп кесте құрайды. Толтырылмаған жерлерін келесі сабақта нақтылап келеді, толықтырады.

ЖОЛ туралы не білеміз?




Аталымы

Уақыты

Көлігі

Тасымалдау түрі

Ұзындығы

Ашқан адамы

Ат жолы

5 ғасыр

ат







көшпенділер

Жібек жолы

2-14 ғасыр

түйе

Тас, жібек




Суан Цзянь

Теңіз жолы

18 ғасыр

кеме







Магеланн

Темір жол

19 ғасыр

поезд

Адам,жүк







Автомобиль жолы

20 ғасыр

машина

Адам,жүк







Әуе жолы

20 ғасыр

ұшақ

адам







Ғарыш жолы

20 ғасыр

Ғарыш кемесі

ғарышкер




С.П.Королев

Батыс Европа-Батыс Қытай

21 ғасыр

Жеңіл және жүк машина









Бұл материалдық жолдар. Рухани жолдарды да осылай зерделеуге болады.


Олар: Ата жолы, Абай жолы , Ақ жол, Нұрлы жол. Бұл кесте-сызбалардың кереметі, мысалы бірнеше параграфта берілген мәтін мазмұнын бірақ кесте арқылы көрсетуге болады.
Осы белгілі және қолданыста жүрген стратегиялар мен технологияларға қосатынымыз Аристотельдің «Танымның 10 қасиеті». Олар: болмыс, сапа, сан, орын, уақыт, қимыл, қатысым, жағдай, иелену, қиналу. Ең қызығы, осылардың заты , аты, сұрақтары сөз таптарына сай келіп тұр:
1. болмыс- зат есім, кім?, не?;
2. сапа- сын есім, қандай?;
3. сан - сан есім , қанша?, неше?;
4. орын - үстеу, қайда?;
5. уақыт - үстеу, қашан?,
6. қимыл - етістік, не істеді?;
7.қатысым - есімдік, кімнің?,ненің?
8.жағдайы - септелу ; кімді, кімде, кіммен, кімнен?
9.иелену - кімдікі?, ненікі?;
10.қиналу,сезіну – одағай ( ол да ой ғой)
Әр зат немесе қимыл Аристотельдің жүйесі арқылы таныту - Аль Фарабидің: «Ғылымның негізі- тіл»,- дегенін растайды. Тыңдаушылар бұл стратегияны тез игеріп кетті және нәтижелі жұмыс жасады. Сондықтан осы жүйемен жұмыс жасауды ұсынамыз, себебі бұл алгоритм оқулықтардағы берілген мәтін мазмұнын жүйелі игеруге көмектеседі.
Қуанарлық жағдай соңғы қабылданған Мемлекеттік стандартта (2015 ж.)
Жобалау технологиясына вариативтік бөлімнен 68 сағат бөлінді. Отандық және шет ел технологияларын пайдалану тиімді, себебі оқу-тәрбие үрдісінде олар күтілетін нәтижеге бағытталған білім беруді іске асыруға көмектеседі. Ол үшін оқыту әдістері мен түрлері: шебер – сынып, дөңгелек үстел, семинар, тыңдаушылардың өзіндік жұмыстары, педагогикалық диагностика, шағын топтағы практикалық жұмыс, пікірталас, кері байланыс, презентация, сараптамалар жүргізіледі. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін тексеру жұмыстары курс нәтижесі ретінді қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет