6 дәріс Мәңгілік Ел құндылықтарын оқытудың жүйесі де жасалды.Олар:
-Ұлттық құндылықтардың анықтамасы, түрлері, үлгі-моделі.
-Ұлттық құндылықтар - ұлттық идеологияның негіздері ретінде қарастырылды.
-Ұлттық идеология – ұлттық ұғымдар мен үлгілер жүйесі анықталды.
-Ұлттық ұғымдар. Ұлттық үлгілер. Олардың танымдық және тәрбиелік мәні ашылды.
-Ұлттық ұғымдардың діл мен дін түрлерімен байланысы және ерекшеліктері сараланды.
-Жаңартылған білім мазмұнына ұлттық ұғымдар мен үлгілер енудің жолдары ұсынылды.
Бұл тақырыптар аясында ҚорҚұт заман мәдениеті. Ұлы Жібек жолының материалдық және рухани құндылылықтары. Түріктер кітапханасы. Қазақ аңыздарының философиялық мазмұны. Қазақ домбырасының шежіресі. Қазақстанның көне қалалары. Қазақтықтың қара қазаны. Ұлы даланың ұлы мен қыздары. Еділ батыр-Аттила ерлігі. Таңғажайып Бейбарс. Жыраулардың ең мықтысы – Мұрын жырау. Иштван Қоңыр-қазақ тілі жанашыры. Қазақ суретшілерінің көркемдік- философиялық ерекшеліктері. Қазақ ертегігілер кейіпкерлерінің тәрбиелік мәні, тағы осындай тақырыптар Мәңгілік Ел құндылықтарын насихаттауға көмектеседі.
7 Дәріс Білім беру үдерісінің өзекті бағыттарының бірі - мектептегі оқыту сапасы. Оның ішінде критериалды бағалауды педагогикалық технология ретінде пайдалану кең өріс алып келеді.
Заманауи психологиялық-педагогикалық зерттеудің нәтижелері, жалпы білім беру үдерісінің дамуы, педагогикалық жаңашылдықты еңгізу тәжірибесі үнемі жинақтау мен жүйелеуді талап етеді. Көптеген жылдар бойы бағалау бір оқушының білімін басқа оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерімен салыстырумен аяқталады және мұндай бағалау әдісі төмендегідей кемшіліктерге әкеледі:
Нақты критериалды ( критерий-бағалау құралы) бағалау болмағандықтан, оқу нәтижелерін ата-аналар мен педагогтар, оқушылардың түсінбеуі;
Әрбір оқушыға, мұғалім сыныптың орта білім деңгейіне қарап, баға қоюы.
Оқушыларға қойылған бес баллдық бағалар, нақты білім, білік, дағды элементтерін меңгергенін көрсете алмайды, сондықтан әр оқушының жетістігін анықтай алмауы;
Оқыту үдерісінде мұғалімдер мен оқушылар арасында тығыз байланыс болмаса, оқуда жоғары уәжге жетуге мүмкіндік туғызылмайды, себебі сабақ барысында мұғалімдердің авторитарлық іс-қимылы басым (оқу үдерісін бағыттау, бағалау т.б.).
Бағалау жүйесі - мектепте білім беру үдерісінің негізгі интеграциялық факторы, кері байланысты жүзеге асыру және оқыту мәселелерін талдау негізі.
Критериалды бағалау дегеніміз оқушылардың оқу-таным құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған;оқу барысында білім мазмұны мен мақсаттар сәйкес жететін жетістіктері толық анықталған;салыстырмалы түрде ұжыммен дайындалып, барлық қатысушылар критериийлер түрлерімен алдын-ала таныстырылған үдеріс. Бағалау міндеттері:
• Оқу үдерісінің әрбір кезеңінде әр оқушыны деңгейлік дайындығын анықтау.
• Оқу нәтижелерін жоспарлаудағы жетістіктері үшін оқушының даму жеке траекториясын түзету мен жеке үдерісін қадағалау.
• Оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру аралығындағы кемшіліктерді жоюды дәлелдеу. • Оқыту барысында әртүрлі тапсырмалар бойынша бағаның маңызын саралау.
• Оқу бағдарламасындағы білім мазмұнының тиімділігінқадағалау.
• Ата-ана және оқушы, мұғалім арасында кері байланыс жасауды қамтамасыз ету.
Критериалды бағалаудың екі түрі болады: 1.Қалыптасқан (ағымдағы) бағалау.
2. Дәйектелген (қорытынды) бағалау.
Қалыптасқан (ағымдағы) бағалау сыныпта күнделікті жұмыс үдерісіндегі дағды және білім меңгерудегі деңгейін анықтау. Ағымдағы бағалар қортынды бағаларға әсер етпейді және бұл оқушылардың қателер алдындағы қорқынышты жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ материалды алғаш меңгеру шарасы.
Дәйектелген (қорытынды) бағалау белгілі тарау, параграф, не блок, модуль ақпараты бойынша білім және оқу дағдысы деңгейін анықтау. Бағалаудың бұл түрі (жартыжылдық, жылдық) есеп кезеңінде курс бойынша қорытынды бағасын анықтау үшін негіз болып табылады.
Критериалды бағалау өлшемдерін қысқаша сипаттау
А. Білу және түсіну. Оқыған материалды түсінгенін және білгенін оқушының көрсете алуы, қалыпты және өзгертілген жағдайларда алған білімін пайдалану икемділігі.
В.Зерттеу. Оқушылар кез-келген мәселелерді айқындай алуы, заманауи технологияларды қолдана отырып, заңдылықтар арасындағы байланысты сапалық және сандық талдау. С.Байланыс. Оқушылар ақпарат беруге, пайдалануға икемді, ғылыми терминдерге сәйкес, таным үдерісін моделдеу (үлгі арқылы) және шартты көрсету қабылеті.
D.Рефлексия. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтардың жауаптарын және мәселелерді шешу үшін таңдалған әдістеме тиімділігі мен мәселелерін ойлау,саралау.
Критериалды бағалау қызметтері: •
оқыту •
қадағалау,
тексеру •
дамыту •
тәрбиелеу
• диагностикалау (айқындау) • ынталандыру
Критериалды бағалау міндеттері:
•Оқу үдерісінің әрбір кезеңінде әр оқушыны дайындық деңгейін анықтау;
• Оқу нәтижелерін және қысқа мерзімді мақсаттарының жетістіктерін талдау;
• Оқушының даму жеке траекториясын түзету және үдеу үдерісін (прогресс тендецияларын) мониторингі (жүйелі бақылау);
• Оқу бағдарламасын меңгерудегі дәлелденген кемшіліктерін жою;
• Әртүрлі тапсырмаларды орындау барысындағы бағаның дифференциалдық маңыздылығын саралау;
• Оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау;
•Оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін, ата-ана және оқушы, мұғалім арасында кері байланыс жасауды қамтамасыз ету.
Тәжірибенің маңыздылығы
• Оқушылардың жұмыстары объективті бағаланады;
• Оқушылардың орындаған жұмыстары дұрыс үлгімен салыстырылады;
• Бағаларды қою толық алгоритмі оқушыларға айтылып, сондай-ақ ол өзінің атқарған жұмыстар деңгейін анықтайды да ата-анасына жеткізе алады;
• Оқушылардың білім,білік, дағдысы оқыған материалы бойынша ғана критерийлерлер арқылы оқу мақсаттарына сәйкес бағаланады.
Критериалдық бағалау мұғалімдерге мынадай мүмкіндіктер береді: •бағалау өлшемдерін (критерийлер) дайындау арқылы сапалы нәтиже алуға жағдай тұғызу;
• өз қызметін жоспарлау және талдау үшін тез ақпарат алу;
• сабақ берудің сапасын жақсарту;
• әрбір оқушының оның ерекшеліктеріне сай жеке оқыту траекториясын айқындау;
• бағалау құралдарын және әртүрлі әдістер пайдалану;
• оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныс беру.
Критериалдық бағалау оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді: • оқудың әралуан түрлерін, өз түсінігін білдіру үшін икемділік пен саналы жұмыс түрлерін қолдану;
• нәтижені бағдарлау үшін өлшемді бағалауды түсіну және білу, өз жұмысының жетістігін зердесіне жеткізу;
• өз құрдастары және өзін бағалау, рефлексияға қатысу;
• нақты міндеттерді шешу үшін білімін пайдалану, әртүрлі көзқарас білдіру, сыни ойлау.
Критериалдық бағалау ата-аналарға мынадай мүмкіндіктер береді: • баланың білім деңгейінің дәлелдігіне көз жеткізу;
•баланың оқу жетістіктерін қадағалау;
•балаға оқу барысында көмек жасау.
Критериалды бағалау оқушының білім алу барысында қорқу,сескенуден арылуға көмектеседі , өзін –өзі бағалау,өзіне және біліміне сеніп,еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі артады ,ал мұғалім оқушының білімін субъективті бағалаудан құтылады.
Әр пән арқылы әр тақырыпқа 12 сұрақ дайындалатын болса:
4 сұрағы пән мазмұнына қатысты, 4 сұрағы пәнаралық байланысқа құралса, 4 сұрағы көзқарас калыптастыратындай болу керек.
Мысалы:
4 сұрақ- Қазақ тілінің лексика не морфологиясынан, 4 сұрақ- орыс тіліндегі тюркизмдер, қазақ тіліндегі арабизмдер, 4 сұрақ- түрк тілдерінің ішіндегі қазақ тілінің орны.