Қазыналы биікте. Р. Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. –Алматы,


Р.НҰРҒАЛИ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ



бет17/22
Дата23.10.2016
өлшемі5,95 Mb.
#69
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Р.НҰРҒАЛИ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ


Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымының докторы, профессор Р. Нұрғалидің есімі баршамызға таныс. Ғалым өзінің бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен тілінің өркендеуіне және оның зерттелуіне арнап келеді.

Академик Р. Нұрғали қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде үлкен үлес қосты. Ғалым ағамыздың қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде жасаған құнды-құнды еңбектері осыған дәлел болмақ. Академик Р. Нұрғалидің “Абай және Әуезов”, “Алаш ұранды әдебиет” және М. Әуезовтің “Әдебиет тарихы” зерттеуі, “Ауезов и Алаш”, “Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттану ғылымының атасы”, “Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры”, “Әдебиет теориясы” т.б. ғылыми мақалалары мен ғылыми еңбектерімен көпшілік таныс.

Жыл сайын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “Көкейкесті әдебиеттану” жинағы шығып тұрады. Осы жинақты құрастырып, баспаға әзірлеу ісіне ұйтқы болып жүрген әдебиеттің үлкен жанашыры – Р.Нұрғали екенін барша жұрт біледі. Осы аталмыш жинақта “Әдеби мұра: тарихы мен танымының теориялық – методологиялық қырлары”атты зерттеу мақаласында “Қазақ әдебиетінің тарихы – біздің филологиядағы барынша селкеуі көп сала. Талай жылдар қазақ әдебиетінің тарихы ұзақ дәуірді қамтиды, ол көне түркі әдебиетімен тамырлас, дербес қазақ әдебиеті бұрын шегелеп тастағандай, ХVIII ғасырдан емес, ХV ғасырдан басталады деген тәрізді концепцияны дәлелдеуге кетті. Бұл концепцияны ұстанған күннің өзінде қазақ ғалымдары ХV – ХVIII ғасырлар мен одан кейінгі замандағы әдеби дәуірлер мен кезеңдерді дәл анықтап, түбірлеп зерттей қойған жоқ. Туған әдебиетіміздің толыққанды тарихын жасау үшін бұданда ерте кезеңдерді, атап айтқанда, VІ – VІІІ ғасырлардағы жалпы түрік халықтарына ортақ жәдігерлер мен ІХ – Х ғасырлардағы түрік тіліндегі мұраларды да дәйекті түрде тексеру шарт”. /1, 4/ Ғалым қазақ әдебиетінің өткеніне көз жүгіртіп, туған әдебиетіміздің тарихын зерттеу барысында, ерте кезеңдерді, оның ішінде VІ – VІІІ ғасырлардағы жалпы түрік халықтарына ортақ жәдігерлер мен ІХ – Х ғасырлардағы түрік тіліндегі мұраларды дәйекті түрде тексеру керектігін айтады. Және де қазақ әдебиеттануы мен әдебиет сыны тарихы ерекше әңгімеге арқау болуға тиіс екендігін айта келіп, ең қиын кезеңдерге – 20-30 және 40-50 жылдарды жатқызады. Бұл жөнінде: “Бұл дәуірлерді әділ сараптау үшін қазірден бастап барша әдеби мерзімдік баспасөзді тексере қарап шығу қажет. Сол замандағы ахуалға бойлай еніп, асығыс, дабырасыз жүргізілмек зерттеулер барысында есімі жазықсыз ұмыт болған ғалымдар мен сыншылардың еңбегін халық қазынасына қосу шарт” /1, 7/, - деп ой түйеді.

Әдеби зерттеулерге үлкен жауапкершілікпен қараған М.Әуезов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ы.Ысмаилов, М.Қаратаев, М.Дүйсенов, С.Қирабаев, М.Базарбаев, Р.Бердібаев, З.Ахметов, Т.Кәкішев, З.Қабдолов, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғали, тағы да басқа ғалымдардың еңбектері қазақ әдебиеттануының деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білді.

Ғылыми зерттеу еңбектерінде өткенге сын көзбен қарап, бір жақты жүргізілген солақай саясатқа баға берілді. Сөйтіп, әдебиет пен өнерімізден аластатылып, әдейілеп аты өшірілген Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев Жүсіпбек Аймауытов т.б. қаламгерлердің есімі қайта оралып, олардың баға жетпес шығармалары ғылым игілігіне айналды.

ХХ ғасырдың алғашқы екінші, үшінші онжылдықтарында қазақ әдебиетінің дамуына, қазақ ғылымының қалыптасуына, елдігімізге қомақты үлестерін қосқан тұлғалардың өмірі мен шығармалары туралы көптеген зерттеулер жазылып жарыққа шықты. Бұл еңбектер белгілі бір қаламгердің мұрасын зерттеумен ғана бағалы болып қоймайды. Ең бастысы - өткенімізді танып-білуге, сол тарихи дәуірдің ерекшеліктерін саралауға кең мүмкіндік туғызғанымен де құнды бола береді. Бұл салада С.Қирабаевтың әдебиетіміздің ақтаңдық беттері, “Жүсіпбек Аймауытов”, “Әдебиет және ұлт тәуелсіздігі”, М.Базарбаевтың “Көрікті ойдан көркем сөз”, Т.Кәкішевтің “Қазақ әдебиеті сынының тарихы”, “Мағжан – Сәкен”, Р.Нұрғалидің “Әуезов және алаш”, Т.Қожакеевтің “Көк сеңгірлер”, Ш.Елеукеновтің “Мағжан”, Т.Жұртбайдың “Талқы”, З.Бисенғалидің “ХХ ғасырдағы қазақ романы”, Р.Тұрысбектің “Жүсіпбек”, Ө.Әбдімановтың “Қазақ газеті”, Д.Қамзабекұлының “Руханият” атты зерттеу кітаптарын, сонымен бірге “Бес арыс”, “Зауал”, “20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті” атты ұжымдық жинақтарды айтуға болады.

Осы жоғарыдағы аталған баға жетпес еңбектер арқылы бүгінгі ұрпақ кешегі жазықсыз жапа шеккен арыстарымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы көп мағлұматтар алды, олардың әр сала бойынша айтқан, жазған құнды-құнды мұраларымен танысты.

Алаш оқығандары ұлт мүддесін бірінші орынға қойғандығы белгілі. Олардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай, М.Дулатов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды әйгілі тұлғалармен бірге көпшілікке есімдері кеңінен танымал емес Ғ.Қарашұлы, Ә.Ермеков, С.Лапыұлы, Ы.Мұстанбаев, Ж.Басығараұлы, Б.Қаратайұлы, тағы басқа есімдері бүгін біреуге белгілі, біреуге белгісіз – көптеген адамдарды жатқызуға болады. Бұл аталған адамдар өз халқының тәуелсіздігін армандауы және тәуелсіздік жолында аянбай еңбек етіп, жеткіншек ұрпаққа жол көрсетушілер болатын. Осы жаңа лек қазақ даласының тыныс-тіршілігіне жойқын леп ала келді. Осы тұста Сәкен Сейфуллин: “Оянып келе жатқан жас қазақ интеллигенциясының желеп-жебеушілері сол кездегі көрнекті кадеттер, публицистер Бөкейханұлы, Дулатұлы және Байтұрсынұлы болды. Сол шақтың өзінде еркіндікке, революциялық жұмысқа ішкі түйсігімен ұшталған жас интеллигенция өзіне жөн сілтер жандарды таппаған соң, әрине, тез арада осы арқылы кемел кадетшілердің және олардың “Қазақ” газетінің төңірегінде топтасты. Жас интеллигенцияның өкілдері ұйымдасқан түрде үйірмелерге бірігіп, қазақ әдебиетін өзінше байыптап бағдарлай бастады”/2, 45/. Сол кездегі айтулы оқиғалар зиялылардың ширап, ел өміріне шығармашылықтары арқылы етене араласуына әсер етті.

Ғалым-әдебиетші, Р.Нұрғалидің айтуынша: “Революцияның арыстан жолды көгала толқындары халық мұхитын көтере шайқап, шоғырлы таланттардың, ұялы дарындардың бірнеше буынан әлеуметтік, қоғамдық, өнерпаздық, қаламгерлік жолға алып келді. Олар ерте марқайды, кәмелетке тез жетті бозбала, жігіт кездерінде қоғамдық үлкен істер тындырды, салмақты шығармалар жазды; отыз-қырық жастарында бүкіл елге танылып, даңқтары шығып, зор абыройға ие болды” /3, 3/. Туған халқының жарқын болашағы үшін жан-тәнін аямай еңбек еткен перзеттер жөнінде Р.Нұрғали қалам тартып, олардың үлкен істер тындырғандығы туралы орынды баға береді.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында жазба дәстүрі қалыптасқан қазақ әдебиеті 1920-жылдарында жаңа сапалық деңгейден көрінгені бүгіндері айтылып жүрген шындық. Драматургия мен прозалық шығармалардың жанрлық түрлері қалыптасқан бұл салаларда көркемдігі кемел ондаған туындылар жазылды. Бұл шығармалардың бірқатары сол кезде қоғамда үстем бола бастаған кеңестік идеология қарқынымен жазылса да, сол саясаттан тыс жазылған шығармалар да аз болған жоқ. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері мен “Қараш-қараш”, “Қилы заман” повестері, драмалық туындылары, Ж.Аймауытовтың “Қартқожа”, “Ақбілек” романдары, “Күнекейдің жазығы” повесі, драмалық туындылары, М.Жұмабаевтың лирикасы, “Қорқыт”, “Батыр Баян” сияқты поэмалары, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың, Б.Күлеевтің т.б. ақын-жазушылардың көркем дүниелері сол кездегі әдебиетіміздің зор табыстарынан саналатыны белгілі. Себебі, бұл көркем дүниелері қазақ қоғамын бейнелеудің көкжиегін кеңейте отырып, сөз өнерімізге тың тыныс, жаңа идеялық мазмұн дарыта төл әдебиетімізді көркемдік тұрғыдан болсын, жанрлық тұрғыдан болсын байыта түсті. Олардың әдеби туындылары сол кезде шығып тұрған “Еңбекші қазақ”, “Қызыл Қазақстан”, “Ақжол”, “Жаңа мектеп”, “Жас қазақ”, “Бірлік туы”, “Әдебиет майданы” сияқты басылымдарда үнемі жарияланып тұрды.

ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары очерк, әңгіме, фельетон, тәрізді ұсақ түрлерімен проза жанры толықты. Қазақ әдебиетінде проза жанры, негізінен жиырмасыншы жылдың тұсында жамудың жаңа арнасына шыққаны белгілі. Бұл жылдары шағын жанрда шығарма жазушылардың қатары толыға түсті. Олардың қатарында: М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсерепов, С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы тағы басқа бірнеше қаламгерлердің атын атауға болады.

Әрине, қай уақытта болсын ел өміріне байланысты, сол елдің тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелер – көркем әдебиеттің негізгі арқауы болып табылады.

Ғалымның “Заман Қазақстан” газетінде шыққан “Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген азаттық идеясы” атты мақаласында: “М.Әуезов Кенесары қозғалысының Қырғыз жерінде өткен ақырғы кезенің, бұл тұстағы қасіретті шындықтарды көркемдік жинақтау заңдылығына орай көрсете алған. Пьесадағы бейнелер жалаң қабат емес, көп қырлы. Шығарманың өмірін ұзақ ететін, қандай да бір болмасын алдын-ала сызылған схеманың ауқымына сыйғызбайтын өзгеше тартымды сипаты да осы тұста анық байқалады. Пьесаның прологындағы аттары аталмаған кейіпкерлердің өзара диалогтарында олардың Кенесары бастаған қозғалысқа көзқарасы әр түрлі екені айқын сезіледі. Кенесарының қайыспайтын ержүректілігі, қайсарлығы оның сирек қасиеті болуымен қатар кемшілігі де болып табылады” /4,5/.

Ғалым М.Әуезовтің “Хан Кене” пьесасы жөнінде Кенесарының өн бойынан табылып жатқан қасиеттерге және пьесаның жазылу желісіне баға береді.

Көкейкесті әдебиеттану (Алаш қайраткерлері шығармашылық мұрасының қазіргі мәдени – рухани және ғылыми дамумен сабақтастығы) 4 кітап “Алаш және орыс әдебиеті арасындағы байланыс” атты мақаласында Р.Нұрғали “ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр қилысындағы ең басты, өзекті мәселе – ұлттық мәселе, қазақ қоғамының жағдайы, оның даму жолы болды. Қалай да халық санасын ояту жолдарын іздеген алашшылдар халық болашағы үшін қам-қарекет қылды. Ұлттық рухани көсемі болған Ахмет Байтұрсынов өзінің “Қырық мысал” аударма жинағымен, “Маса” өлеңдер жинағымен, фольклор үлгілерін жинап, бастырумен және қазақ әдебиетінің теориялық мәселелеріне арналған еңбек, мақала, оқулықтарымен әдеби процеске белсене араласты /5, 45/. Өздеріңіз байқап отырғандай академик Р.Нұрғали адам баласының ең жоғары қоятын басты да өзекті мәселесі ұлттық мәселе екендігін айтады. Сонымен қатар, халқының жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткен қайраткерлердің шығармашылықтарына талдау жасайды. Жан-жақты талдау жасай қарастырылған мақала – зерттеулердің келер ұрпаққа берері мол, бағыт-бағдары да баянды болмақ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымының докторы, профессор Р.Нұрғали ағамызды бүгінгі 65 жасқа толуына орай, ғалымға ұзақ ғұмыр, деніңізге саулық, шығармашылық табыс және де ғылымымыздың өркендеуіне үлес қоса беруіңізге тілектеспіз.



Каталог: repository -> history
history -> Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у
history -> Қазақ Әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана,
history -> Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
history -> Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
history -> ҚазақТЫҢ ЖҮз романы. Оқу құралы. Құрастырып, баспаға дайындаған академик Рымғали Нұрғали. –Астана: «Фолиант», 2004. 456 бет. «Қазақтың жүз романы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет