Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тексеруге арналған сұрақтар



бет4/13
Дата25.01.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Сын есім қандай сөз табы?

  2. Сын есімнің мағыналық топтары қандай?

  3. Сын есімнің грамматикалық категориясы ?

  4. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі қандай?

Пайдаланылатын әдебиеттер :

1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986

4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996

5. Кузнецов П. Ц. О принципах изучения грамматики М . 1961

6. Смирницкий А. И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя М . 1955

7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.

8. Милославский И . Г . Морфологические категории современного русского языка М . 1981

9. Төлеуов Ә . Сөз таптары. Алматы.



11- дәріс

Тақырып: Етістік.

Дәріс мазмұны: 1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

2. Етістік категориялары.



Мақсаты: Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларын, ерекше тұлғалық түрлерін және таза грамматикалық категорияларын меңгерту.

1.Етістіктің лексикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарын қарастырған кезде, етістік тақырыбына біз ерекше тоқталамыз. Себебі, етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және функциясы өте кең грамматикалық категория. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексикалық-грамматикалық мағыналары да, грамматикалық тұлғалары да әр алуан, сөйлемдегі атқаратын қызметі де ерекше. Сондықтан, әдетте етістікті күрделі сөз табы деп түсіндіретін факторлар мыналар: 1/ мағынасының жан-жақтылығы, 2/ категорияларының көптігі, 3/ синтаксистік қызметінің аясының орасан кеңдігі.

Етістік –қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы. Етістіктің мағынасының жан-жақты, өрісті болатын себебі-оның мағынасы тек субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат пен қоғамда кездесетін, адамның абстракты ойы мен санасында туатын неше түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай-күй секілді процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы кең мағынасы үнемі мезгіл не шақ ұғымымен ұштас болып келеді.

Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары:

1. Жалаң және күрделі етістіктер.

2. Түбір етістіктер және туынды етістіктер.

3.Етістік тудыратын қосымшалар: а/ есімдерден етістік тудыратын қосымшалар б/ етістіктен етістік тудыратын қосымшалар. Етістік басқа сөз таптарынан, соның ішінде есімдерден тек өзіндік категориялармен ғана емес, сондай-ақ жасалу жолдары арқылы ерекшеленеді.

Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп аталатын екі топқа бөлінеді.

Жалаң етістіктерге бір буынды және екі буынды түбір етістіктер мен жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мысалы, кел, жу, ой, көр, қоры, оян, қолда, сабала, үймеле.

Жалаң етістіктер құрылысына қарай түбір етістіктер және туынды етістіктер болып бөлінеді.

Етістік ең күрделі сөз табы ретінде субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың және адамның ой-санасы арқылы туған түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, қолдану аясы мен сөйлемде атқаратын қызметінен айқын байқалады. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады.(И.Е. Маманов)

2.Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері.

Түбір етістіктер қатарына арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, жеке тұрған күйінде түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге келмейтін сөздер кіреді. Мысалы, аз, ал, алда, бер, бол, байла, же, жыла, илан, шаш т.б.

Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы болып табылады. 1.Етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана сәйкес келеді, сондықтан оларды ажырата білу керек. 2. Етістік түбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында белгілі бір мағына қимыл білдіргенмен, түбір күйінде тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, көсемше, шақ, рай т.б.) жамылып және сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып жұмсалады. Тек қана қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады.

3.Жетекші етістік пен көмекші етістік.

Сонда күрделі етістіктер кем дегенде екі мүшеден тұрады деп айттық. Күрделі етістіктердің компоненттерінің ара салмақтары бірдей емес. Күрделі етістіктің құрамына жетекші етістік және көмекші етістік деп аталатын сыңарлар болады. Орын жағынан бұрын тұрып, дәнекер форманы өзіне тіркеп, күрделі етістіктердің негізгі мағынасына ие болатын сыңарын жетекші деп атайды. Жетекшіден кейін тұрып, оған үстеме мағына жамап, грамматикалық формаларға түсіріп тұратын соңғы етістік үнемі көмекші деп аталады.

Көмекші етістік туралы әңгіме қозғарда оның мағына жағынан олқы болып келетіні, форма жағынан жетімсіздігі, қызмет жағынан шалағай болып келетіні ойымызға бірден ұялайды. Осы түсініктер көмекші етістік деген ұғыммен парапар.

Жетекші етістіктер толық лексикалық мағынаны, яғни қимыл атауын білдіреді. М. Келе қалды – жетекші етістік келу лексикалық мағынасын білдіріп тұр. Үйде қалды деген қолданыстағы қалу мағынасы жоқ болғандықтан, ол көмекші етістікке жатады. Жетекші етістіктің тағы бір белгісі оның қолданылу орнына байланысты, жетекші етістік үнемі бірінші тұрады. Көмекші етістіктердің саны шектеулі, олар жетекші етістіктер сияқты саны өте көп құбылыс емес. Қазақ тілінде 30 көмекші етістік бар: ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жазда, жат, жөнел, жүр, жібер, де, еді, екен, емес, ет, кел, көр, қал, қой, қыл, отыр, өт, сал, таста, тұр, түс, шық. Көмекші етістіктер лексикалық мағыналы етістіктердің грамматикалық дамудан өтуі арқылы тілде қалыптасқан тілдік бірліктер. Көмекші етістіктер жетекші етістікке көсемше, есімше жұрнақтары арқылы тіркеседі. М. Оқып алды, келген еді білсе екен т.б..



Етістіктің ерекше түрлері. Есімше.

Мақсаты: Есімшенің аралық категория екенін, субстантивтік және атрибуттық, предикаттық қызметтерін анықтау.



1. Есімше, олардың мағыналық ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.

ЕСІМШЕ КАТЕГОРИЯСЫ- етістіктің грамматикалық категорияларының ішіндегі ең көлемдісі,әрі сыры алуан, күрделісі.

Есімше – етістік пен сын есімнің арасындағы аралық категория. Бірақ, есімшені етістік қатарына жатқыза алатын өзіндік белгілердің оның бойынан табылатындығы: яғни, есімше салт және сабақты болып келе алады, етіс, шақ, жақ. рай формаларын қабылдап, түрлене алады. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды жіне болымсыз, салт сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Есімше жіктеледі, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

2.Субстантивтік және атрибуттық, предикаттық қызметтері.

Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік,әрі сын есім орнына жүре береді.

Есімшені етістіктің қатарына жатқызуға дәлел болатын және бір басты белгі: есімше тек етістікке ғана тән болымсыз форманы қабылдай алады. Сондықтан, оны етістік құрамына жатқызып, оны осы сөз тобы құрамында қарастырамыз.

Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешелігі:

а) қандай? деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Көк шөп сын есім заттың тұрақты (статикалық) белгісін білдірсе, көгерген шөп есімшелер қимыл -әрекет нәтижесінде пайда болған өзгерісті (динамикалық) аңғартып тұр. ә) сын есім сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. б) бармаған барған жоқ, барған емес.



Есімшелердің етістікке жақын белгілері: а) есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады. М. Кітапты алған, қаламды берер. ә)шақтық мағынаны беруде қызметі -ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ мағынасын берумен қатар, атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды.(келген қонақ, қайтқан мал) б) етістікке тән белгісі қимыл қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды.

3. Есімшенің жасалу формалары.

Есімшені етістіктің негізіне /түбір етістікке, етіс формалы етістікке, күрделі етістікке/ арнайы қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Тіліміздегі есімше жасайтын жұрнақтар:

1. –қан, -кен, -ған, -ген;

2. –ар, -ер, -р;

3. –атын, -етін, -йтын, - йтін құранды жұрнақтары. Бұл жұрнақтар көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары мен -тын, -тін жұрнақтарының бірігуі арқылы жасалған.

4. –мақ, -мек, -пақ,- пек;

5. –у/шы, -у/ші құранды жұрнақтар. Кейбір қазақ тіл білімінің мамандары осы құранды қосымша етістіктің түбіріне жалғану арқылы осы шақ есімше жасайды деп түсіндіреді. Ол –дұрыс пікір. Алайда, бұл құранды форма тұйық етістік тақырыбында да қарастырылады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды. Есімше жұрнақтарының қызметі- өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Бар- қимыл әрекетті білдіретін етістік, ал барған(адам), барар(жол), баратын(кісі), барушы(бала)- заттың қимыл нәтижесімен аңғартылған белгісі.

Етістіктің ерекше түрлері. Көсемше.

Мақсаты: Көсемшенің екі мәнде, екі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі екенін ұғындыру.



1. Көсемше, олардың мағыналық ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.

Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алда тұрады дегенді білдіреді. Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады. Көріп қойдым, біле келді, айта бердім т.б. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс- әрекеттің сынын- тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады.Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір- біріне өте ұқсас келуі, екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолдануында деуге болады. Көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дәнекерсіз байланыстырып тұрады, баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұрады. Олар етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне , күрделі негіздерге тікелей де, етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады. Көсемшелер жіктеледі:

1.Мен барамын, барыппын Біз барамыз, барыппыз

2.Сен барасың, барыпсың Сендер барасыңдар, барыпсыңдар

Сіз барасыз, барыпсыз Сіздер барасыңдар, барыпсыздар

3.Ол барады, барыпты Олар барады, барыпты



2. Көсемшенің жасалу жолдары.

Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шақтық мағынасы әркелкі болып келеді. -Ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктелгенде бұрынғы өткен шақты білдірсе, - а,- е, -й жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді. Көсемшелердің бұлардан өзге жұрнақтары жіктелмейді. Олар жеке дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді. Көсемшелердің жалпы грамматикалық қызметі етістік айналасына байлаулы, ал мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да, өзі тек етістік негіздермен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекше бір түрі болып саналады. Көсемше жұрнақтары: -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі. Кейін қосылған жұрнақтар -ғандай, -ғанша , -мастан, -май, -майынша, -ысымен. «п»- жұрнағының ерекшелігі тап- тауып, жап- жауып.


1. Жақ категориясы туралы түсінік.

Жақ ұғымы қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы(сөйлеуші ме, тыңдаушы ма, бөгде ме) іске асатынын немесе белгілі қасиеттің қай жаққа қатысты екнін я қасиеттің иесі қай жақ болып тұрғанын білдіру болып табылады да, оның мәні екі сөздің , субъекті мен предикаттың арасындағы семантикалық және грамматикалық қатынас пен қызметтен көрініп, айқындалады. Бұл тұрғыдан келгенде жақ ұғымы тілдің грамматикалық құрылысы синтаксистік сипаттың көрінісі ретінде өмір сүреді. Бірақ жақ ұғымының морфологиялық сипатын ескермеуге болмайды., өйткені жіктік жалғау –үш жақта, әрқайсысына тән арнайы грамматикалық тұлғалары бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады. Сондықтан да жақ(жіктік) категориясы немесе жіктелу оның түрлену тұлғасы (жіктік) жалғау, баяндауыштық қосымша деп аталса да, синтаксистік сипаты мол болса да, морфологиялық категория болып саналады.Жақ категориясының, жіктелу жүйесінің грамматикалық сипатын айқындайтын ерекшелік оның синтаксистік қатынасы мен қызметінде емес, жіктік жалғау, яғни морфологиялық түрлену жүйесінде жатыр да, көрсетілген синтаксистік қатынасы жіктік жалғаудың сөйлеу процесіндегі атқаратын қызметінен туындап отыр.



2. Жіктік жалғауларының ерекшелігі.

Жіктік жалғау – сөйлем құрайтын негізгі діңгек сөздерді (бастауыш пен баяндауышты) байланыстыратын предикаттық мәндегі морфологиялық тұлға. Қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек «функциялық етістік» деп аталатын ерекше грамматикалық формалары ғана жіктеле алады. Екіншіден, қазақ тілінде қалып етістігі деп аталатын отыр, тұр, жүр, жатыр деген 4 етістік те тікелей жіктеледі. 3. Етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзіне жіктік жалғау біркелкі жалғанбайды. Қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады. 1. Етістіктің есімше тұлғалы түрі

2. . Етістіктің көсемше тұлғалы түрі

3. Етістіктің шартты райы

4. Етістіктің бұйрық рай түрі

5. Қалау рай тұлғасы

1-жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін көпше: –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз

2-жақ: -сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер

3-жақ:

1. Шақ категориясы туралы түсінік.

Қимыл- іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ ккатегориясы деп аталады.

Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болады:


  1. үнемі қайталанып, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет. ( Осы шақ)

  2. сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет. (Өткен шақ)

  3. сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл іс-әрекеттер. (Келер шақ)

Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріледі. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, шақ ) кейін жалғанады.

2. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мәселесі.

Қазіргі қазақ тілінде шақ категоясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай 3-ке бөлінеді.



Өткен шақ- қимылдың, іс әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналық ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім (Абай). Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Ту ұстап, тұлпар мініп, ел қорғауға, Азамат азамат па аттанбаған(А.Т.). Б.ө.ш. көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Баяғыда Мысыр елінің әрі ақылды, әрі әділ кедей кепшікке қамқоршы бір сұлтанды дәурен кешіпті. Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде ө.ш., бірде к.ш. мағынада қолданылады.

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді. Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: а) сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Б) Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс әрекетті көрсетеді. Қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуын да, бұлар грамматикаларда нақ осы шақ деп беріледі.

Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді. Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.



Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Аош -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.

Келер шақ қимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Олар мағыналық ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді: болжалды келер шақ (-ар, -ер, -р, -с), мақсатты келер шақ (-мақ, -мек, -пақ, -пек-бақ, -бек), ауыспалы келер шақ (-а, -е, -й).
Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Етістіктің категориялық топтарын ата, сипаттама бер.

2.Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері неде?

3.Көмекші етістіктің қызметін түсіндір.

1. Есімшенің аралық категория екенін түсіндір.

2. Есімшенің жасалу жолдарына мысал келтір.

3.Есімшенің түрленуіндегі ерекшелікті түсіндір.

4. Есімшенің шақтық мағынасы қалай жасалады?

5.Субстантивтік және атрибуттық, предикаттық қызметтері дегенді қалай түсіндіресің?


  1. Көсемшелер қандай грамматикалық қызметте, қандай мағынада қолданылады?

  2. Көсемше тұлғалары етістіктің қай шағын жасайды?

  3. Жанама қимылды білдіретін көсемшеге мысал келтір.

4. Жіктелетін және жіктелмейтін көсемше формалары қандай?

5. Адвербиализация дегенді түсіндір.


Пайдаланылатын әдебиеттер :

1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986

4. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты. Алматы, 1997.

5. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.

6. Кузнецов П. Ц. О принципах изучения грамматики. М., 1961.

7. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982.


12- дәріс

Тақырып: Көмекші сөздер.

Дәріс мазмұны: 1. Көмекші сөздер және олардың түрлері.

2. Шылау туралы түсінік, олардың көмекші сөздерден айырмашылығы.

3. Шылаудың түрлері және емлесі.

Мақсаты: Шылаудың басқа көмекші сөздерден айырмашылығын ажыратуға, түрлері және олардың қызметін меңгерту.

1. Шылау туралы түсінік, олардың көмекші сөздерден айырмашылығы.

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ ,тек сөз бен сөзді ,сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып ,оған әр түрлі грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылатын сөздер бар.Мұндай көмекші сөздер шылаулар деп аталады .Болар ма сондай қызық шақ (Абай) .Естелік әуезіңді бір түн біз де (Жамбыл). Өз аулында баруға байлаған сон (Әуезов).Ел билеген адам жоқ .Ата менен бабаңда (Абай).Ақырында Нілді мен Карағандыны Боздақ пенБайжандікі деп тапты. Берілген сөйлемдердегі ма, де, соң, менен, мен – шылау сөздер. Бұлар жеке тұрғанда толық мағынасы жоқ., өзі қатысты сөзге әр түрлі мағыналық рең үстейді, және салаласа, сабақтаса байланысатын сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады . Шылау сөздердің толық мағынасы болмағанмен , атқаратын қызметіне тән грамматикалық мағынасы болады. Осымен байланысты шылаудың өзіндік мынадай ерекшеліктері бар :



  1. Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды;

  2. Контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша әр түрлі грамматикалық мағына, рең үстейді;

  3. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады;

  4. Сөйлем ішінде синтаксистік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды;

  5. Шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар –

лексикалық мағынасынан айрылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.

2. Шылаудың түрлері және емлесі.

Шылау сөздер білдіретін әр түрлі грамматикалық мағыналары мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді . Олар : жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.

Казіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтар – лексикалық мағынасы жоқ , сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі ыңғайда (мағыналық қатынаста) салаластыра байланыстыратын сөздер. Мысалы: Наданның түсінгені көп пен дүрмек (Абай). Қадірдің киімі жұқа, әр денсаулығы да мықты емес (Мұқанов). Әй , ол жеңер сені, себебі келешек онікі ғой (Сонда). Берілген мысалдардағы пен, мен жалғаулықтары сөз бен сөзді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр, әрі , себебі жалғаулықтары сөйлем мен сөйлемді ыңғайластық және себеп – салдарлық мәнде салаластыра байланыстырып тұр. Жалғаулықтар сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің және салалас құрмалас сөйлемнің сыңарларының әр түрлі мағыналық қатынасқа байланыстырады. Осындай мағыналық қатынастармен байланысты олар бірнеше топтарға бөлінеді:


  1. Ыңғайластық жалғаулықтар : мен (бен, пен), және, да, де, та, те, әрі.

  2. Қарсылықты жалғаулықтар : бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, сондада, әйткенмен.

  3. Талғаулықты жалғаулықтар : әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде.

  4. Себептік жалғаулықтар : себебі, өйткені, неге десең.

  5. Себеп-салдарлық жалғаулықтар : сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені.

6. Шарттық жалғаулықтар : егер, егерде, онда.

Жалғаулықтың бұл тобына мен(бен, пен), және, да, де, та, те, әрі шылаулары жатады. Ыңғайластық жалғаулықтар бірыңғай салаласа байланысатын сөйлем мен тең дәрежедегі сөздер, сөз тіркестері байланыстырып, ыңғайластық қатынасты білдіреді.

Қарсылық мәнді жалғаулықтарға бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де, онда да, дегенмен шылаулары жатады.

Қарсылықты жалғаулықтар салаласа байланысатын сөйлемдер арасындағы қарсылық мәнді білдіру үшін қолданылады. Әрине, көп үй мәселесі оңай шешілген жоқ, бірақ оңай шешілмеуінің өзінде үлкен дұрыстық бар еді (Мұстафин) .Беті, түсі анық белгілі емес, бірақ бір үлкен мол батпан құйрық оралып келе жатқан сияқты (Әуезов) .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет