Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


Модуль Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары



бет12/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya

3Модуль Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары.


8 дәріс.Қазақ тілінің сөздік құрамы.
Сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрамға жатады. Оларды лексика деп атайды. Тілдегі барлық сөздердің санын алуға болады. Он томдық түсіндірме сөздікке енген сөздердің барлығы қазақ тіліндегі сөздердің толық санын білдірмейді. Мұнда кейбір көне сөздер және көпмағыналы сөздер реестрге ілінбеген. Сондай-ақ, тілдік қолданыстағы жаңа сөздер мен сөзжасамның туынды сөздері де сөздікке енбей қалып қояды. Себебі, қоғамдық әлеуметтік өзгерістер жаңа ұғымдардың атауын жаңа сөзбен атайды. Жаңа сөз дегенде ғайыптан пайда болған сөздер емес, бұрыннан бар сөздер жаңа атауға ие болады. Сонымен сөздік құрамда тілдегі барлық қамтылады. Олар қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп бөлінеді. Актив сөздер сол тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті және жиі қолдныста болса, пассив сөздер түсінікті жалпы болғанымен қолданыста жиі кездесе бермейді. Паииы сөздерге салалық ғылымдар термині, көнерген сөздер, тарихи сөздер, диалектизмдер жатады. Бірақ пассив сөздердің бұлай қоданылуы шартты нәрсе. Бірде актив құрамда болса, бірде пассив құрамға өтіп, ауысып жатады. Сөздердің қолданылу сипатына қарайсөдік құрамдағы сөздер бірнеше топқа бөлінеді: 1.сөздің әдеби, әдеби еместігіне қарай - әдеби лексика және диалектілік лексика; 2. өдеби сөздердің халыққа таныс немесе таныс еместігіне қарай – жалпыхалықтық лексика және арнаулы лексика; 3. Тілдегі сөздердің жұмслу аясы мен көркемдік мәніне қарай – бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер деп бөлінеді.
Қазақ тілінің сөздік қоры. Тілдегі барлық сөздердің жиынтығы сөдік құрамға жатса, ал негізгі сөздік қордағы сөздер сөздік құрамдағы сөздердің ұйытқысы, негізгі бұлақ көздері деуге болады. Егер сөздік қорға барлық сөздер енсе, сөздік қорға адамдарға аса қажетті ұғым атаулары мен қоғамдық ең негізгі сөздер ғана енеді. Демек жалпыхалықтық сөздер енеді. Негізіг сөздік қодағы сөз сол ұлт тілінде сөйлейтін адамдардың балығына бірдей түсінікті болады. Ал сөздік құрамдағы барлық сөздер жұрттың бәріне түсінікті болуы қиын нәрсе. Мысалы, бас, жол сөзі негізгі сөздік қордағы сөз, ал филология, радио сөздік құрамнан орын алады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер енеді. Сол сияқты әр ұлттың ана тіліне ғана тән фондық лексика да негізгі сөздік қорға жатады. Мәселен, қазақ тіліндегі туыстық атаулар мен мәдени лексикасы және этнографиялық негізгі сөздік қорды құрайды. Мәдени лексикаға сол ұлттың тұрмыс тіршілігіне байланысты қалыптасқан (күбі, саба, ертоқым, күмбез ) мен салт-дәстүріне қарай қалыптасқан этнографиялық лексика жатады.М, қара шаңырақ, құда түсу,); негізігі сөздік қодың мынадай белгілері болады: 1. Ғасырлар бойы тілде тұрақты өмір сүріп келе жатқан сөздер. 2. Жаңа сөз тудыруға ұйтқы болады. Тілдегі бір буынды сөздерден қазақ тілінде көптеген сөздер жасалған. М, күн- күндіз, күнгей, күндеу, күн тәртібі. 3.Негізіг сөздік қорда жалпыхалықтық сөзде болады. 4. Негізгі сөздік қордың стильдік фунционалдық қызметі әр түрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет