МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ
ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ.
Акчалова М.С. Касенова Л. А.
«Қуаныш» балабақшасы. КМҚК, Қарағанды қаласы.
Адамгершілік-Рухани тәрбие ең жоғарғы құндылық. Халқымыздың тұңғыш
ағартушысы Ы Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі»-
деп мағыналы айтқан.
620
620
Сондықтан баланың бойында жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен
педагогтар шешуші роль атқарады.
Рухани- адамгершілік тәрбие-екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-
аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - әр
тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарының сезімдері мен қарым-
қатынастарынан көрінеді. Баланың өмірге белсенді көз- карасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде үлкендердің қолдап
келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-
жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбыластарымен танысу кезінде, балаларға арналған
шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай
мақсатқа бағытталған педагогтың жұмысы еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдықпен
патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған
дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға, тәрбиелеуге
мүмкіндік жасайды. Балаларды ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір
нәрсемен шұғылдану,ортақ мақсат қою, және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға
талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын
анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Бала дүниеге келген күннен бастап, ата-анасы және айналасындағы адамдармен
тығыз байланыста өмір сүреді. Олар күнделікті өмірде ересектермен бірлесе әрекет ете
отырып, әрбір іс-әрекеттің мән-мағынасын, мақсат-міндеттерін, жасалу жолдарын, әдіс-
тәсілдерін, қарым-қатынас ережелерін біртіндеп меңгере бастайды. Өзін-өзі тану-бұл тек
біліп қана қою емес, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба
білуі, өзін тұлға ретінде сезіне алу болып табылады. Естияр баланың өзін-өзі тануы
адамгершілік-рухани білім алудың алғашқы кезеңі болып табылады.
Қазіргі білім беру саласының негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына,
жалпы дамуына оптималды жағдайдың жасалуы болып отыр. Бала тәрбиесінде жеке
тұлғаның, отбасының, ортаның, оқу-тәрбие мекемелерінің, қоғамдық ұйымдар мен ақпарат
құралдарының үлкен рөл атқаратындығы белгілі.
Орыстың ұлы педагогі В.А.Сухомлинскийдің Мейрімді бала аспаннан
түспейтіндігі, оны да тәрбиелеу, әсіресе нәзік жүрегін даралап алмау қажеттігін баса айтқан
пікірі мәңгілік ақиқат. Тәрбиенің өзі де жоспарлы, мақсатты жүргізіліп, жеке тұлғаның
қалыптасуына, адамгершілік құндылықтар мен ережелерді, мәдениетті меңгеруіне, жас
адамның қоғамдық өмірге дайындалуына көмектесуі, қажеттіліктерін толтыруы,
сұраныстарын қамтамасыз ете білуі қажет.
Мектепке дейінгі кезеңде адамгершілік құндылықтарға сәйкес баланың жеке
тұлғалық мәдениетінің негіздері қаланады. Сондықтан баланың бойында туған-туыстары
мен жақын адамдарына сүйіспеншілік, айналасындағы жанды-жансыз дүниеге қайрымды
көзқарастары мен сезімталдық қабілеттер сияқты адамгершілік сапаларды қалыптастыру аса
маңызды.
Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан басталу ала отырып, адамның әр
кезеңдерінде жүйелі дами келе, осы тәрбие үрдісін дұрыс, жүйелі ұйымдастыру нәтижесінде,
рухани бай дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға өріс ашады.
Өзін-өзі білу, өзін-өзі дөп басу тану жанның тереңдігін тілейді. «Мен», «Менікі»
деген ұғымның екі түрлі мағынасы бар. Адамда «меншікті мені» бар, «мендік мені»
бар,әлеуметтік мені бар. Біздің «Менікі» деп меншіктеп жүрген денеміз «меншік мен»,
«менікі» жалғыз денемен тамам болмайды. Менің үй -ішім, әке шешем, олардың қызығы мен
қуанышы, қайғысы, менің қуанышым, менің қызығым. Ендеше, олар да «меншік менге»
киетін киімім, тұратын үйім, кітабым, құрал-жабдығым, «меншікті» мүліктің бәрі –«меншік
менге» жатады. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі тануын тек адамгершілік
қалыптастыру негізінде ұйымдастыру жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.
621
621
Әр жас өспірімнің бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани
дүниесі бай интеллекті тұлға тәрбиелеу ұстаздың мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне
байланысты тәрбиенің міндеті-қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың бойында борыш,
намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
«Адамгершілік»-адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық» сөздерімен
мәндес.
Ізгілік-отбасынан бастау алады, оған ата-ананың берген тәрбиесі,тұрмысы ықпал
етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтқандай адамгершілік
тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатынын көрсетуде.
Халық, жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады,
мысалы аңыз ертегілерді, салт-дәстүрлерді қолданады.
«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз білім-адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»-деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы
зерттейтін негізгі категорияларының бірі- тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады,
болжайды, алдын-ала адамның рухани өмірінің негіздерін сақтайды, тәрбие алыс пен жақын
адамдарға және өзін қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетін сақтата
отырып, олардың адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Адам
тіршілігіне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие адамзат тіршілігінің міндетті
шарты. Тәрбие мәдениеті-өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы. Тәрбие үрдісі балаларға
мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік жағын ұғынуды қамтамасыз етуі тиіс.
Балалардың өз әрекеттері мен өзгелердің әрекеттерін түсінуі адамгершілікті бағалауына
және өзін-өзі бағалауға үйренуіне мүмкіндік береді.
Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші жасөспірімнің
адамгершілік жағынан жетілуі. Оның рухани-адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі
болып табылады. Адамгершіліктің дамуы-тәрбие жүйесінің жемісі. Бұл жүйенің жемісі-
тәрбие жұмысының пәрменділігі.
В.Соловьев: «Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол
өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы»-деп адамгершіліктің
құндылығына ерекше тоқталған.
Әдет адамның мінез-құлқының фундаменті болып табылады. Әдет негізінде мінез
қалыптасатынын А.С. Макаренко мінез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенін атап
көрсеткен. Жасөспірімдердің мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтарының және
ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершілік
білімдері мен сезімдері негізінде жасөспірімдерге адамгершілік көзқарастардың, мінез-
құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады.
Әдеп адамның ешбір күш салуынсыз пайда бола береді. Әдептерді белгілі бір
мағынада бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершілік немесе моральдік (әрқашан шын
сөйлеу,достарына адал болу),мәдени мінез құлықтары (сыпайы болу,кішіпейілдік,үлкенді
құрметтеу,кішіге қамқорлық).
«Әдет-дейді А. Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесінде қалыптасады,
сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет».
Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттерді
ұйымдастыру керек. Бала дамуының алғашқы кезеңінен яғни адамгершілік туралы
ұғымдарды саралап, санасына сіңіре бастаған жөн. Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланысты
тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің халықтық
сипатына, еңбектің тәрбиелік және психикалық сипатына және тәрбиедегі адамгершілік
мәселелеріне көңіл бөле отырып «Тәрбие көзі-халықтық педагогика» деген тұжырымға
келген. Осы идеяны қазақ жерінде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин адамгершілік пен
азаматтықтың түрлеріне 7 жақсы қасиетті жатқызады. Олар: адалдық, жомарттық,
қайырымдылық, мейрімділік, ұстамдылық, қамқорлық.
Жалпы осы адамгершілік мәдениеті мәселесі төңірегінде педагогика классиктері:
Я.А.Каменский, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой еңбектері ерекше орын алады.
622
622
Қазақ зиялы қауымнан: А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.
Аймауытов жалғастырған.
М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелері жайлы мәселе көтергені белгілі.
«Ғылым» атты еңбегінде: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта,
алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшілікті
адамгершілікке тәрбиелеу үшін жас буынды тәрбиелеу қажет.... Адамшылықты таза жүргізу
үшін-көп ой керек, ойлау үшін оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат беріп, ақиқатқа
баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен тәрбие беру керек».
Ал Б.Т. Лихачев жеке адамның мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мәселесін
қарастыра келіп, мектепке дейінгі жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдің өсиет етіп кеткен
тәрбиенің табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесінің жетекші құралы деп түсіндірді.
Адамгершілік ілімінің және адамгершілік тәртіптің сәйкес келуі-азаматтың,
оқушылардың жоғары адамгершілігінің дамығандығының айғағы. «Адамгершіліктерің
жоғары болсын. Бұл сендердің басты міндеттерің» деп жазды филосов жазушы Ж.Ж. Руссо.
Ал Абай: «Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» деп жырлаған болатын,өмірде адам
неғұрлым ақылды, мейрімді болған сайын, соғұрлым өзгенің жақсылығын да бағалағыш
келеді.
Өзіміздің өркениетті ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі
келешек ұрпақтың дамуы. Адамгершілік, азаматтық ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі
ретінде адамның игі мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен
қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Адамдарды сүю, оған
жақсылық жасау, жанашыр болу-адамгершіліктің азаматтықтың белгісі. Адамның шынайы
байлығы затта емес, рухани қазынада –дейді (В. Сухомлинский).
Ал рухани-адамгершілік құндылық белгілі бір бағытта, мақсатты жүйелі ұлттық-
көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершілік пен азаматтық құндылықтары-адамдық қасиетінің өлшемі. Оның жақсылыққа
талпынуы,өзге адамға жанашырлық білдіруі. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмір сүру
мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып сол арқылы дүниені-әлемді тануы.
М. Шоқайұлы былай деген: «Мәдениет-адам әлемі. Мәдни көріністерде адамдық
парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құрылған. Сонымен
бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал».
Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: «Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең
алдымен адамшылыққа үйренуі тиіс» деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |