«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

анта (онда), алтун 
(алтын), бен (мен), йол (жол), бод (бой), тағ (тау) 
т.б. Сол сияқты морфологиялық
синтаксистік, лексикалық деңгейлердің салыстырмалы жүйесі деректеледі. 
Мысалы, профессор Ғ.Айдаров көне түркі ескерткіштерінің өзінде тек бірбуынды 
емес, екі я одан да көпбуынды сөздердің белсенді қолданылғанын көрсетеді. Оны тарихи 
морфология маманы профессор М.Томанов былайынша түсіндіреді: «Қазіргі қазақ тілінде екі 
топ параллельдер (әрине, тарихи) ұшырасады». Мысалы,
біи ~ бек, сөз ~ сап (сөз саптау), 
тағ ~ тау, сау ~ сақ (сақаю), жай ~ жад ~ жаз (жайылу, жадырау, жазылу)
т.б. 
Дыбыстардың осындай тарихи ауысулары арқылы морфологиялық тұрғыдан өзгерге 
түбірлер қазіргі тілде дербес күйінде емес, тарихи туынды түбірлердің құрамында кездеседі. 
Мысалы: 
бауызда (бағуз ~ тамақ), құрға, айрал, ажыра (ай ~ ад ~ аж), жыла (иығы ~ 
иығла), бағла (бағ)
т.б. Байырғы түбірлердің тарихи іздерін сақтаған мұндай туынды 
түбірлерді, ең алдымен Ғ.Айдаров сынды ғалымдардың көне түркілік ескерткіштер тілінің 
деректерін көрсеткен мұраларына сүйеніп, «өлі» түбірлерді жаңғырту, қазақ тілінің тарихи 
даму үрдісімен сабақтастыру ісі қазіргі заманға тән кейінгі кешенді зерттеулерде жалғасын 
табуда.
Осымен байланысты «жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта 
ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, 
бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де, жалпытүркілік 
табиғатын сақтап келе жатқан, қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара 
туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек VII-IX ғасырлардан 
жеткен көне түркі ескерткішткерінің тілі»
1
деген бағаның қазіргі тілде көбіне түбір болып 
саналатын, бірақ тарихи туынды екібуынды түбірлерге де тікелей қатысы бар. 
Тілдің осындай даму сатыларынан өткенін ескере отырып, түбір теориясына 
динамикалық тұрғыдан зерттеу жасауға болатыны байқалады. Осындай көзқарасқа сәйкес
түбір онтологиялық деңгейдегі бірлік ретінде үнемі өзгерістерге ұшырап отырады, соның 
нәтижесінде белгілі бір хронологиялық деңгейдегі түбірдің жалғыз ғана моделінің ататілде 
қолданылу мүмкіндігін жояды. Бұдан шығатын қорытынды, түркітануда анықталған түбір 
құрылымдарының (СV, VС, СVС және т.б.) әртүрлі хронологиялық деңгейі тек бір ғана 
модельге негізделмейді деген сөз.
Қазіргі түркітануда қалыптасқан тіл онтологиясының күрделілігі тілдік құрылымның 
аясында кейбір қайшылықтардың із қалдыруымен сипатталады. Мұндай белгілер бір буынды 
түбірлердің тарихи эволюциясына да қатысты. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштер тіліндегі 
бір буынды түбір-негіздердің құрылымын бейнелейтін V CV, VC, CVC, CVCC, VCC 
модельдерінің қазіргі қазақ тіліндегі тұрақтылық сапасы мен өзгермелі сапасының деңгейі әр 
түрлі. Бұл модельдердің тұлғалық-мағыналық белгілерін сол күйінде сақтаса, енді бір 
тұлғасын сақтап, мағыналық өзгерістерге ұшыраған, мағынасын өзгертпей, тұлғалық 
ауытқуларға ұшыраған. Мұндай құбылыстардың қалыптасуының лингвистикалық 
экстралингвистикалық жүйелі себептерін қазіргі тіл ғылымындағы заңдылықтың аясында 
анықтауға келмейді. Алғашқы моносиллабтардың CV моделініңбірнеше нұсқалары 
болғанмен, лингвоэволюциялық процесте ортақ идеямен дефинициялық белгілердің 
негізінде морфо-семантикалық қалыптасады. Сондықтан V және CV модельді түбрлес 
моносиллабтарды бір ғана тұлғада реконструкциялау нәтиже бермейді, олардың архитұлғасы 


15 
мен архисемасы кешенді сипатты бейнелейді. Ал, келесі тарихи даму кезеңінде 
моносиллабтардың VC, VCC, CVC, CVCC модельдерінде нақтылау үрдісі байқалады.
Ғалым мұрасын зерделеу нәтижесі бүгінгі қазақтану ілімінің кеңістігімен 
ұйымдастырсақ, көне түркі ескеркіштер тілінің қазіргі қазақ тіліндегі тарихи іздерін мынадай 
көздердің деректері арқылы айғақтауға болады. Олар кейінгі профессор М.Томанов, 
Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Т.Жанұзақов т.б. көрнекті тіл тарихын зерттеушілердің еңбектерінде 
көрсетілген. Біріншіден, бүгінгі тіл құрамындағы диалектілік айырмашылықтар көбіне тілдің 
көне дәуірінің біртұтас халық тілі қалыптасқанға дейінгі сипаты болып келеді.
Екіншіден, академик Р.Сыздық көрсеткен ауызша әдеби тілдің поэтикалық сипаты 
арқылы көптеген көне дәуірлерге тән тұлғалар, дыбыстық қолданыстар, көнерген сөздер 
сақталған. Үшіншінден, ономастика жүйесі (жер-су, тайпа, ру, халық, кісі аттары т.б.). 
Олардың көбі тілдің даму барысында жоғалып кеткен сөз өзгерту модельдері бойынша 
жасалған боп келеді немесе ұмытылған мағынаны мәдениет өз бойында сақтауы мүмкін. 
Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын мәнінде бағалай білу, олардың тарих, 
мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда баға жетпес қазына екендігін көпшілікке, жас 
ұрпаққа жеткізуді сол заманның өзінде кезек күттірмейтін міндет деп санап, монографиялар 
мен оқулықтар жазған профессор Ғ.Айдаровтың өнегелі ісі қазіргі заманға жалғасып, таныла 
түсуі қажет. «Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп 
қылдым, тату елге жақсылық қылдым» деп сипатталған Күлтегіннің түркілік рухын қазақ 
жұртына жеткізем деп өмір кешкен ғұламаның еңбегі ұрпақтарға асыл қазына, жырқын үлгі 
бола бермек. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Кононов А.Н. Историяизучения тюркских языков в России. – Л., 1982 
2.
Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі 
(оқу құрал). – Алматы, 1971. 
3.
Айдаров Ғ. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VIII в. 
4.
Айдаров Ғ. Көне жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1986. 
5.
Айдаров Ғ. Язык орхонского памятника Бильге кагана. – Алма-Ата, 1966. 
6.
Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – Алматы, 1995. 
7.
Айдаров Ғ. Тоныкөк ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 2000. 
8.
Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1991. 
9.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988. 
10.
Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту. – Алматы, 2010. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет