«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВ ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет3/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВ ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ 
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Отарова Ақмарал Нұрғожақызы 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
ф.ғ.к., доцент, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, 
Ақтау, Қазақстан
 
Қазіргідей жаһандану, әлемдік өркениет кезеңінде адамзат баласы өзінің әу бастағы 
жаратылыстағы тарихи тамырына бойлап, ұлттық құндылықтары, рухани тегі, болмысына 
жіті зер салып, жоғалғанын түгендеп, барын бағамдайтын уақыт болып тұр. Халқымыздың 
бағзыдан келе жатқан мәдениетті, өркениетті елдігін танытатын оның жазу,сызу өнері, төл 
әліппесі, ата жазуы. 
Біздің бабаларымыз көне түркілер бағзы заманда-ақ дала, көшпенділер тұрмысына 
сай түркілік-ұлттық дәстүрін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, әдебиетін, өнерін, жазуын, дінін, 
өзіндік кәсібін, күнтізбесін, философиясын, өмір сүру заңдылықтарын толық 
қалыптастырып, әлемдік мәдениетке елеулі үлестерін қосты. Мысалға, 
руна 
жазба 
шығармалары түсірілген әрбір қабырға тастардың жұрт көзіне түсетін қырына көне түркі 
елі, тайпаларының таңба, белгілері айқын етіп ойып ұрып салынған.
1893 жылы түркі халықтарының төл жазуы туралы дат ғалымы В. Томсеннің ашқан 
жаңалығы «мәдениеті жоқ» деп жүрген көшпелілердің өзінің осындай жазуы болса, онда 
«мәдениетсіз халық» деген ұғымның болуы мүмкін емес деген соны пікірдің тууына жол 
ашқан еді [1].
Енисей, Орхон, Турфан, Талас және Алтай аймағында шоғырланған көне түркі руна 
жазба ескерткіштерін тауып, жария етуге шетел ғалымдары ХІХ ғасыр ішінде үлкен 
белсенділікпен кірісті. П.М. Мелиоранский, С.Е. Малов, И.А. Батманов, В.М. Насилов, Ю. 
Немед, В. Котвич, Т. Ремстедт, В. Банг, Х.Н. Оркун, А. Габен сияқты әлемдік атақ-абыройға 
ие ғалымдар мол үлес қосты. Олар бірқатар ескерткіштегі жазу текстерін зерттеп, көлемді 
текстологиялық жұмыстар жүргізді, жалпы текстер мазмұнына шолулар жазып, өздерінен 
бұрынғы зерттеулерге түзетулер, қосымшалар енгізді, өз пікірлерін ұсынды.
Табылғанына 300 жыл толған көктүрік күл (геометриялық фигуралар тектес) жазуы 
түркітанушы ғалымдар В. Томсен, В. Радлов, С Маловтар арқылы өзінің төл ұрпағы 
қазақтарға келіп жетті. Қазақтар – түркі халықтарының атомы, ядросы. Өйткені, түркілер 
мекендеген территорияның кіндігі, орталығы – Қазақ жері. Бұл – түркі халықтары құраған 
барлық рулар осы кіндіктен тарады деген сөз. Түркі ескерткіштерін зерттеу ісінде шетелдік 
ғалыдармен қоса қазақ түркологтары А.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев 
Ә.Құрышжанов т.б ғалымдар зор еңбектерін сіңірді. [2]
Адамзат тарихында түркі халықтарының қосқан үлесін айқындайтын көне түркі 
ескерткіштері біздің заманымызға жеткен бірден бір құжат болып отыр.Бүгінде еліміз 
тәуелсіздігін алып, тарихын түгендеген кезде түркі тайпаларының шығу тегіне аса мән 
берілуде.
Көрнекті ғалым Р.Бердібай: «Түрік халықтарының бұрынғы бұлдыр заманы мен 
бертінгі дәуірлерінің арасын «жалғастырып» тұрған дәнекер алтын тізбекті жоғалтпай, оның 
ұшын бүгінгі буынға ұстату жолында қажырлы еңбек етіп келе жатқан бірен-саран 
зерттеушілеріміздің бірі – Ғұбайдолла Айдаров – осы салада еңбек етіп, мол табысқа жетіп, 
атағы айдай әлемге, танымал», - деген болатын. [3] 
Биылғы жыл «Қазақ түркологиясының атасы» аса көрнекті түрколог ғалым, 
филология ғылымының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның ғылымына
еңбек сіңірген қайраткер Ғұбайдолла Айдаровтың дүние есігін ашқанына 100 жыл толады. 
Киелі мекен Маңғыстаудың төл перзенті ғұлама ғалым қазіргі Маңғыстау түбегінің 
Шевченко қаласы түбегіндегі Ақшұқыр елді мекені маңында Тельман атындағы колхоздың 



4-ауылында 1921 жылы 18-маусымында қарапайым шаруа Айдар мен Томанның отбасында 
болашақ ғалым Ғұбайдолла дүниеге келген еді. 
Ғ. Айдаров ҚазПИ-де оқып жүргенде және ҚазМУ-дың аспирантурасында атағы 
айдай әлемге мәшһүр, совет әдебиетінің мақтынышына айналған Мұхтар Әуезов сияқты 
ғұламадан, Совет Одағының Батыры, әдебиетші Мәлік Ғабдуллинен дәріс тыңдап, тағлым 
алған. 32 жасында Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) 
аспиранты атанады. 1952 жылдан 1955 жылға дейін ҚазМУ-дың аспирантурасында оқиды. 
Міне, осы кезден бастап Ғ.Айдаровтың ғылымдағы іздену жолы басталады. Ғ. Айдаровты 
Орхон-Енисей жазулары деп аталатын біздің заманымыздың V-VIII ғасырларында ғұмыр 
кешкен ата-бабаларымыз – ежелгі түркі тайпаларының аса аумақты гранит жартастарға 
жазып кеткен жазулары қызықтырады.
Оның аспирант кезінен ежелгі түркі, моңғол жазба ескерткіштеріне қызығып, ден 
қоюына университет қабырғасында осы саладан дәріс берген, білікті ғалым 
Ц.Д.Номинхановтың әсер еткені де сөзсіз. Ғ.Айдаров әйгілі түркітанушы Сергей Ефимович 
Маловпен танысып, ақыл-кеңесін тыңдайды. Бірбеткей жігіттің С.Е.Маловпен жақындасқан 
сайын намысын қамшылап, ішкі жан-дүниесін алай-түлей толқытып, назаландырған «ата-
бабаның қалдырған рухани қазынасын танымай, базбіреу арқылы зерделеуге мәжбүр еткен 
тағдырдың тәлкегінен өткен, сірә, қасірет болмас» деген ащы өкініш өзегін шоқ түскендей 
етіп өртегені сөзсіз. Намысшыл, елін сүйген жүректі жас ежелгі руна жазуын тез арада 
меңгеріп, бабалармен екі арадағы сабақтастық желіні жалғау миссиясын өзінің азаматтық 
болмысының мәні мен сәніне айналдырады. Түркі-монғол ру-тайпаларының ара-жігін 
жіктеген, ата-тегін тектеген өлең-жырлармен аңыз-әпсаналар, тарихи шежірелерді жинауды 
да ол өзінің өмірлік дағдысына айналдырады.
Қадым заманның тірі шежіресі аса қымбат жәдігердің тілін тауып сөйлетіп, телегей-
теңіз тарихтан сыр ұқтыру – қандай ғажап жасампаздық құдірет! Міне, осы жауапкершілігі 
өте жоғары, қиын да күрделі тақырыпты қазақ ғалымдары арасынан батылы барып, алғашқы 
болып түбегейлі зерттеген Ғұбайдолла Айдаров болатын.
Ғылымның қия шыңына қанат қаққан Ғ. Айдаров – көне түркі ұлысының серкелері 
жазып қалдырған балбал тастар бүккен ғажайып сырларды, ғасырлар қойнауында жатқан 
көне тарихымызды тірілтуді бүкіл ғұмырының мұраты санаған адам.
Ғалым осынау қиын да, қызықты қат-қабат құпиясы көп істі көз майын тауыса 
зерттеді. Түркі тайпаларынан қалған таңбалы тастарды іздестіріп, Батыс Сібір мен Алтай 
өңіріне, Моңғол жеріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Уфа мен Қазанда, 
Ленинградтың бай кітапханаларында айлап отырып, тынбай ізденген ғалым қазақтың 
түркітану ғылымына үлкен үлесін қосты.
Тіл – синкретті ғылым. Өркениеттің жемісі тілдің бейнелеуші құралы – графикалық 
жазу. Тілдегі ақпараттың бәрін қамтып, қаз-қалпында сақтаудың сенімді, әрі құдыретті тетігі 
жазу екеніне де ешкімнің дауы жоқ. Оған халқымыздың өткен тарихына қатысты 
графикалық жазба ескерткіштерін оқу арқылы көз жеткізіп отырмыз. Ол түркі тілінің оғыз, 
қыпшақ тобын қатар игергендігі сондай, әзербайжан, түркімен тілдеріне шешен, әрі жетік 
білген. Сондай-ақ, дыбыстық жүйесі мен конструкциялық сөйлем құрылысы, һәм бітімі түркі 
тілдерінен мүлдем бөлек орыс, армян, грузин тілдерінде қиналмай пікір алысып, жазба 
мұраларын қажетіне қарай түпнұсқадан тікелей пайдаланып, ғылыми жұмысына тұтынуы – 
лингвист ғалымның өзгеге ұқсай бермейтін ерекше таланты.
Институтты үздік бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасына түседі. 
Орхон-Енисей мен Талас өңіріндегі тас жазулардың сыры қатты қызықтырған жас ғалым 
ғасырлар қойнауына, түркі ұлысының тарихына түлен салып, бұл жаузларда қазақ халқының 
байырғы тілі, мәдениеті, түптеп келгенде, көне тарихы бар екендігін дәлелдеп берді. 
Тіл және әдебиет ғылымдарының тосын тылсым сырлары жөнінде нелер тәжірибелі 
ұстаздардан, ғұлама ғалымдардан дәріс тыңдап, тағлым алған Ғұбайдолла Айдаров 1956 
жылы аспирантураны бітіріп, ғылыми ізденістерге кіріседі. 



Біраз жылдарға созылған ауыр да, азапты еңбегінің нәтижесінде 1959 жылы 
Ғұбайдолла Айдаров Қазақ ССР Ғылым академиясы жанындағы Тіл және әдебиет 
институтының Біріккен ғылыми кеңесінде «VIII ғасырдағы Тониқуқ ескерткіші және оның 
қазіргі кездегі кейбір түркі тілдеріне қатысы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын 
қорғайды. Ғылыми жетекшісі – көне түркі ескерткіштерінің маманы, Қазақстанда айдауда 
жүрген қалмақтың біртуар азаматы, профессор Церен Доржыұлы Номинханов болатын.
Бұл кісі кітаптарында Тоныкөк, Мойын Чор, Білге қаған ескерткіштерінің мәтінін
келтіріп, оның аудармасын береді. Түпнұсқа мен осы аудармадағы мысалдарды жай
үстіртін шолып шығудың өзінен-ақ бұл жазбалардың қазіргі өзге түркі тілдерімен бірге 
біздің тілімізге де етене жақындығын кәміл аңғаруға болады.
«Талантты да, табанды ғалымның ғылым табалдырығын аттаған кезі – қазақтың біраз 
зиялылары «итжеккеннің» көжесін ішіп жүрген, енді біраздарының сот пен тергеуден көз 
ашпай тұрған дүрбелең уақыты болатын. Міне, осындай аласапыран кезеңде Ғұбекеңнің «ата 
жауымыздың» тілдік құпияларын ашуға ұмтылуы қауіпті талпыныс еді. Сондықтан, 
Ғұбекеңнің бұл ұмтылысының ерлікпен пара-пар екендігін ғалым Мекемтас Мырзахметов 
өзінің «Көрнекті түрколог ғалым» деген мақаласында атап көрсетеді [3].
Жас ғалымның бұл еңбегіне сол кезде ұстазы Мұхтар Әуезов, академик Қаныш 
Сәтбаев, Мәскеу мен Ленинград ғалымдары А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, Э.Р. Тенишев, 
Э.В. Севортьян, бірқатар шетелдік ғалымдар жоғары баға берді, ғылыми баяндамаларында 
атап өтеді. Ресми берілген ғылыми атақ Ғұбекеңе жаңадан жауапкершілік жүктеді. Бұл 
жағдай оның шығармашылық тынысының ашылып, кәсіби зерттеуші ретінде республикалық 
экспедициялар ұйымдастырып, туған өлкенің әр тарабынан тасқа бәдізделген ежелгі жазба 
деректер мен петроглифтерді іздеп тауып, ғылыми пайымдап, жариялау жұмыстарымен 
айналысуына жол ашты. Сонымен қатар Орхон-Енесай бойынан табылған Білге қаған, 
Күлтегін, Тониқуқ, Күлі Чор, Мойын Чор, т.т. ескерткіштердің тіл ерекшелігін жан-жақты 
тексеріп, ғылыми тұжырымдар жасады [4].
Ғұбайдолла Айдаров өзі зерттеп жүрген түркология ғылымы саласы бойынша түркі 
жазба ескерткіштерін сан қырынан талдаған бірнеше қызықты ғылыми-көпшілік кітаптар, 
мерзімді баспасөз, журнал беттерінде әлденеше ондаған мақалалар жариялады.
Ғұбайдолла Айдаров алғашқы мақалаларын жариялағанда көрнекті түркітанушы 
ғалым С.Е.Малов: «С востока один казачонок интересуется с древнетюркскими 
памятниками. Это – очень хорошо. От него можно много полезного ожидать», - деген 
болатын [4,45].
Біз қазір сол үлкен ғалымның дуалы аузынан шыққан сөздің шындыққа 
айналғанына, оның көрегендігіне куәгер болып отырмыз.
Білге қаған, Мойын Чор ескерткіштері бойынша жеке-жеке монографиялар 
жариялаған Ғұбекеңнің атағы 1971 жылы жарық көрген, баспа орны 24 деп кемітіп 
көрсеткенімен, ал шындығында 28 баспа табақтық «VIII ғасырдағы көне түркі жазуы Орхон 
ескерткіштерінің тілі» атты айтулы еңбегі арқылы шет елдерге де танымал болды.
Бұл кітапта ескерткіш тілінің грамматикалық құрылымы, графикалық құрамы 
кеңінен сөз болады. Зерттеудің сол кездері тіл тарихымен айналысқан тарихшылар мен
филологтар үшін, филология факультеттерінің аспиранттары мен студенттері үшін
құнды деректер көзі болғандығы даусыз. Тың еңбек тек кеңес ғалымдары ғана емес ,
шетелдік түркітанушылардың назарына тез ілікті. Еңбекке кезінде неміс ғалымы
П.Цимме пікір жазды. Сол жылы «Көне түркі жазуларынан мағлұматтар» (VIII 
ғасырдағы Мойын-Чор ескерткішінің тіліне арналған) деп аталатын студенттерге
арналған көмекші құралы да жарық көрді. Филология ғылымдарының докторлары
Ә.Құрышжанов және Томановпен бірге ол «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» атты 
педагогтық институттар мен университеттердің студенттеріне арналған оқу құралын жазды 
(1978).



Бұл кітабында ғалым ежелгі түркі руникалық ескерткіштерін зерттеумен 
шұғылданғандар туралы толық мәлімет беріп, бағзы жазба үлгілерімен таныстырып, оның 
графикалық өзгешеліктері мен қолданыстағы ерекшеліктеріне тоқталады. 
Жаңа туындысында Ғ.Айдаров орхон ескерткіштері қатарына жататын: Күлтегін,
Білге қаған (Могилян), Тоныкөк, Құтлығ қаған, Күлі-Чор, Мойын-Чор сияқты тас 
мұраларды саралап алып, олардың бетіндегі жазбаларды қаз-қалпында өз қолымен
көшіріп, мәтіні мен транскрипциясын және аудармасын беріп, дыбыстық заңдылығы мен 
лексикалық құрамы, сөздік қоры мен сөйлем жүйесі, морфологиялық құрылысы мен 
синтаксистік орын тәртібі, сөз таптары мен грамматикалық формаларға бөліну ерекшелігін 
жеке-жеке саралап, ғылыми түсініктері мен өз ой тұжырымдарын пайымдайды. 
Рунолог аталған мұралардағы лексикалық атауларды тақырыптық топқа бөліп, 
сөйлемнің түрлі позициясындағы дыбыстық-тұлғалық таңбалануы мен мағыналық-
семантикалық қызметіне, ұғымның сан алуан қолданыс ерекшелігіне сәйкес талдап, қазақ 
тілінің қазіргі ғылыми жүйесіне орай жіктейді. Бүлай ежелгі жәдігер тілін ғылыми мүшелеп, 
жіктеудің ғалымдар бойынша лингвистиканың сала-саласы бойынша тиянақты, қаузап 
зерттеуіне дайын дерек берді. Бабатүркі руна жазуының географиялық қолданыс ортасына 
байланысты графикалық таңбаларының аз-маз өзгеріс-ерекшеліктері бар.
Ең бастысы – автор бұл ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі бүгінгі түркі
тектес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының тіліне жақындығын, оларды қиналмай 
түсінуге болатындығын көптеген нақты мысалдармен дәлелдеді. Сонымен бірге оның
осыншама қиын да күрделі міндеттерді жүзеге асыруына заманның беймәлім сырларын 
ашуға деген құштарлық қана емес, оның бірқатар түркі тілдерінде еркін сөйлей, жаза білу 
де өз септігін тигізгені хақ. 
Кітаптағы лексикалық, грамматикалық талдаулармен қатар, жер-су, тайпа, тұрмыс-
салт, табиғат құбылысы, хайуанаттар тіршілігі, қазба байлықтар туралы сөздерді
саралап, жеке-жеке топқа бөліп зерттеуі терең білімділік,ғалымдық қуатты көрсетеді. 
Еңбекте жазулардың транскрипциясы мен орысша аудармалары салыстырыла берілген.
Ғұбайдолла Айдарұлының қаламы одан сайын өрлемесе, кейін қайтқан жоқ. Дана 
халқымыз «оқу инемен құдық қазғандай» дейді. Ғылыми ізденістердің қарапайым оқып-
білуден де анағұрлым қиын да күрделі екенін айтпаса да түсінікті. Ғ.Айдаров орхон-енисей
жазба ескерткіштерін одан әрі тереңірек зерттей түседі. Оның бұл саладағы қол жеткен 
табыстары сәтті болып шықты. Ғ.Айдаров кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін 
14 жылдан соң, яғни 1974 жылы советтік түркологияның астанасы есептеліп, халықаралық – 
«Түркология» журналы шығып тұратын Баку қаласында «Көне түркі Орхон-Енисей және 
Талас ескерткіштерінің лексикасы» деген тақырыпта әзірбайжан тілінде докторлық 
диссертациясын да аса зор абыроймен қорғап шықты. Туысқан әзербайжан оқымыстылары 
қазақ ғалымының бұл еңбегіне аса жоғары баға берді. Диссертацияның қорғалу сәтіне 
еліміздің, одақтас республикалардың орталықтарынан, Ғылым академияларынан көптеген 
ғалымдар қатынасып, еңбектің құндылығын бірауыздан қуаттады.
Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеу мәселесінде алдан шыққан үлкен қиындық – 
ескерткіш мәтінін ғалымдардың өзі оқи алатын дәрежеге жетуі болса, оны ғалым Ғұбайдолла 
Айдаров ыждаһаттылықпен жеңіп шықты. 
Ғалым көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеумен ғана айналысып қоймай, 
сонымен қатар осы ескі жәдігерліктердің зерттелу тарихын зерделеуді де ұмытпаған. Көне
түркі жазбалары бойынша шет елдерде, өз елімізде жарияланған ғылыми еңбектерді
үнемі қадағалап, бажайлап, сараптап отыратын Ғ.Айдаров 1979 жылы «Енисей, Орхон 
және Талас бойындағы көне түркі жазба ескерткіштері бойынша жарияланған әдебиеттің 
библиографиялық көрсеткіші» атты анықтамалық еңбегін жарыққа шығарды. Бұл еңбек
көне түркі ескерткіштерін зерттеу бойынша жарияланымдардың тұңғыш библиографиялық
көрсеткіші еді. Көрсеткішке ХVІІ ғасырдың аяғынан 1978 жылға дейін көне түркі
ескерткіштері бойынша жазылған зерттеулер енді. Бұл анықтамалық одақ көлемінде 
жоғары баға алған айтулы еңбек еді. 



Ғалым осынау қиын да, қызықты қат-қабат құпиясы көп істі көз майын тауыса 
зерттеді. Түркі тайпаларынан қалған таңбалы тастарды іздестіріп, Батыс Сібір мен Алтай 
өңіріне, Моңғол жеріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Әр тараптан тасқа 
бәдізделген ежелгі жазба деректер мен петроглифтерді іздеп тауып, ғылыми пайымдап, 
жариялау жұмыстарымен айналысуына жол ашты. Уфа мен Қазанда, Ленинградтың бай 
кітапханаларында айлап отырып, тынбай ізденген ғалым қазақтың түркітану ғылымына 
үлкен үлесін қосты. Орхон-Енесай бойынан табылған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі 
Чор, Мойын Чор, т.т. ескерткіштердің тіл ерекшелігін жан-жақты тексеріп, ғылыми 
тұжырымдар жасады. Орхон-Енисей мен Талас өңіріндегі тас жазулардың сыры қатты 
қызықтырған жас ғалым ғасырлар қойнауына, түркі ұлысының тарихына түлен салып, бұл 
жазбаларда қазақ халқының байырғы тілі, мәдениеті, түптеп келгенде, көне тарихы бар 
екендігін дәлелдеп берді. 
Ғ.Айдаровтың еңбектеріне алыс-жақын шетелдік ғалымдар А.Н. Кононов, Э.В. 
Севортян, Э.Р. Тенишев, А.Н. Баскаков, И.А. Батманов, Симма, Эмиль Боев, Немет жоғары 
баға берді.
Өзі аударған Күлтегін ескерткішіндегі «Айтар сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым...» 
деген сөзді ұстанған ғалымның артында қыруар байлық зерттеу еңбектері қалды. Ғ.Айдаров 
отызға тарта кесек-кесек монография мен оқу құралдарын, 200-ден аса ғылыми және ғылыми 
көпшілікке арналған мақалалар жазды.
Атап айтқанда, оның бұл салада «Язык Орхонского памятника Бильге кагана» (1966), 
«VIII ғасырдағы Орхон ескерткіштерінің тілі» (Алматы. «Ғылым» баспасы. 1971 жыл), 
«Енисей, Орхон және Талас бойындағы көне түркі жазба ескерткіштері бойынша 
жарияланған әдебиеттің библиографиялық көрсеткіші» (1979), «VIII ғасырдағы Білге қаған 
ескерткіші», «Мойын Чор», «Күлі Чор», «Көне түркі жазбаларының библиографиялық 
көрсеткіші», «Көне түркі ескерткіштерінің тілі» (1986), «VIII ғасырдағы Кутлыг қаған 
ескерткіші» (1989) «Орхон ескерткіштерінің тексі» (1990), «VIII ғасырдағы Күлтегін» (1992), 
«Армян жазулы қыпшақ ескерткіштер тілі» (1992), «Күлтегін ескерткіші» (1995), «Тониқуқ 
ескерткішінің (VIII ғасыр) тілі» «Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» (1991), «Язык 
Кюль-Тегина» (1993-1994) атты еңбектері түркітану ғылымына қосқан сүбелі үлесін 
айқындайды.
Кирилл мен Мефодийдің әліпбиі жоқ уақытта біздің атажұртымыздың көне түркі 
жазуын қолданған «күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған» қағандарымыз бен 
қолбасшыларымыз болғанын айдай әлемге танытуға мол үлес қосты.
«Дүние жүзіндегі халықтар сияқты түркі халықтарының да өздеріне тән даму, 
қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды. Әрбір халық ұлт 
болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді» деп, бір қазақ емес, тұтас 
түркі жұртының тарихы мен мәдениетінің түп-төркінін V ғасырдан да әріге апарып, қазақ 
мемлекеттілігінің бастауын, қазақтың жазба әдеби тілініңқайнар көзін нақтылап беруге үлес 
қосқан ғалымныңұлттық мәдениетіміздің, ұлттық ғылымымыздың қалыптасу тарихындағы 
орны ерекше болып табылады. 
Өз үлесінен кенжелеу қалып жүретін қазақ халқының Орхон-Енисей, Талас 
ескерткіштерінде еншісі бар екендігін сол кезеңдерде алғаш тиянақтаған да Ғұбайдолла 
Айдаров 30 жылдан көбірек уақыт ішінде Ғ.Айдаров отызға тарта кесек-кесек монография 
мен оқу құралдарын, 200-ден аса ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған мақалалар
жазды. Автор өз еңбектерінде Орхон-Енисей ескерткіштерінің қазіргі кездегі кейбір түркі 
тілдерінде қатысы жөнінде және жалпы түркі халықтарының көне тіл мәселелеріне көп көңіл 
бөледі.
Көне замандағы тасқа қашалып жазылған жазбаларды сол дәуірдің туындылары
ретінде тану, сөйтіп оларды тарихи тұрғыдан, тіл мәдениеті тұсынан зерттеу үлкен 
білімділік пен алымдылықты қажет ететіні мәлім.Әйгілі ғалым, үлкен жүректі азамат 
Ғұбайдолла Айдаровтың ұланғайыр еңбегі біртуар тұлғаны тек ұлтымыздың ғана емес, бүкіл 
түркі тектес халықтардың ортақ қадір тұтатын, тұлғасына айналдырды.


10 
(Ғ.Айдаров орхон ескерткіштері қатарына жататын: Күлтегін, Білге қаған 
(Могилян), Тоныкөк, Құтлығ қаған, Күлі-Чор, Мойын-Чор сияқты тас мұраларды саралап
алып, олардың бетіндегі жазбаларды қаз-қалпында өз қолымен көшіріп, мәтіні мен 
транскрипциясын және аудармасын беріп, дыбыстық заңдылығы мен лексикалық құрамы, 
сөздік қоры мен сөйлем жүйесі, морфологиялық құрылысы мен синтаксистік орын тәртібі, 
сөз таптары мен грамматикалық формаларға бөліну ерекшелігін жеке-жеке саралап, ғылыми 
түсініктері мен өз ой тұжырымдарын пайымдайды.
Еңбекте көне түркі әліпбиі, ондағы дауысты дыбыстарды көрсететін таңбалар 
(Құтлығ қаған ескерткіштеріндегі жазу үлгілері, транслитерациясы мен 
транскрипциясымен қоса), дауыссыздар (жалаң, қос), дауыссыз дыбыстардың тіркестері,
жазбалардың мәтіндерінде кездесетін буын түрлері кеңінен сөз болады. Автор Енисей, 
Орхон және Талас жазба ескерткіштеріндегі дыбыстардың жасалуы мен айтылуына
байланысты қалыптасқан дыбыстық заңдарға тоқтала келіп, түркі тілдері
фонетикасының өзекті мәселесі – сингармонизмді сөз етеді.
Рунолог аталған мұралардағы лексикалық атауларды тақырыптық топқа бөліп, 
сөйлемнің түрлі позициясындағы дыбыстық-тұлғалық таңбалануы мен мағыналық-
семантикалық қызметіне, ұғымның сан алуан қолданыс ерекшелігіне сәйкес талдап, қазақ 
тілінің қазіргі ғылыми жүйесіне орай жіктейді. Бүлай ежелгі жәдігер тілін ғылыми мүшелеп, 
жіктеудің ғалымдар бойынша лингвистиканың сала-саласы бойынша тиянақты, қаузап 
зерттеуіне дайын дерек берді. Бабатүркі руна жазуының географиялық қолданыс ортасына 
байланысты графикалық таңбаларының аз-маз өзгеріс-ерекшеліктері бар.
Ең бастысы – автор бұл ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі бүгінгі түркі
тектес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының тіліне жақындығын, оларды қиналмай 
түсінуге болатындығын көптеген нақты мысалдармен дәлелдеді. Сонымен бірге оның
осыншама қиын да күрделі міндеттерді жүзеге асыруына заманның беймәлім сырларын 
ашуға деген құштарлық қана емес, оның бірқатар түркі тілдерінде еркін сөйлей, жаза білу 
де өз септігін тигізгені хақ. 
Кітаптағы лексикалық, грамматикалық талдаулармен қатар, жер-су, тайпа, тұрмыс-
салт, табиғат құбылысы, хайуанаттар тіршілігі, қазба байлықтар туралы сөздерді
саралап, жеке-жеке топқа бөліп зерттеуі терең білімділік,ғалымдық қуатты көрсетеді.
Еңбекте жазулардың транскрипциясы мен орысша аудармалары салыстырыла 
берілген.
Қазақ филологиясында кенжелеп дамып келе жатқан салаларының бірі – мәтінтану 
(текстология). Ғ.Айдаровтың 1990 жылы жарық көрген «Орхон ескерткіштерінің тексті» 
атты зерттеуі Қазақстандағы осы мәдениеттану ғылымына қосқан зор үлесі десек, артық
болмас. Еңбекте VІ –VІІІ ғасырлардағы орхон ескерткіштері Күлтегін, Білге қаған,
Тоныкөк, Күлі-Чор, Құлтығ қаған, Мойын-Чор т.б. ұсақ ескерткіштер мәтіндерінің
тұпнұсқалары мен қазақ тіліндегі ғылыми аудармалары беріледі. Бұл аудармалар – орхон
ескерткіштерінің қазақ тіліндегі тұңғыш толық аудармалары. Еңбектің мақсаты – жалпы
түркі мәдениетіне ортақ осы мұралар тілінің сөздік құрамы, сөз саптау үлгілері қазақ 
тілінде қаншалықты сақталғандығын анықтау болып табылады. 
Ғалымның пікірі бойынша, Орхон-енисей жазба ескерткіштері поэзия жанрының
VІ –VІІІ ғасырлардағы түрлеріне толық сәйкес келмесе де, өз дәуіріндегі фольклордың,
ауызша поэзиясының сипаты қандай болды деген сұрауға жауап боларлықтай құнарлы
материал береді. Орхон ескерткіштерінен ерте орта ғасырдағы түркі тайпаларының
тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы жөнінде мол дерек 
табылады. Ескерткіштердің негізгі идеясы – түркі тайпаларының ғасырлар бойы аңсаған
мақсаты, өз елінің тәуелсіздігін сақтау, өз жерлерін ішкі-сыртқы жаулардан қорғау. 
Орхон-енисей жазуларының ірі маманы Ғ.Айдаровтың жазу өнерінің осы бір түрін ел-
жұртқа насихаттаудағы еңбегі – өз алдына бір төбе.
Тіл зертеушілері де, әуесқой зиялылар да орхон-енисей жазуына келгенде, 
Айдаровтың еңбектеріне соқпай өте алмайды. Бұл жөнінде ғалым С.Омарбеков: «Орхон-


11 
енисей жазуының ірі маманы Ғұбекең ескерткіш тілінің қазіргі түркі тілдеріне қатыстылығы 
жайлы мәселені толық айқындап берген ғалым. Тіл зерттеушілер де, әуесқой зиялылар да 
көне жазу ескерткіштерін зерттеуде Ғ.Айдаров еңбегіне соқпай кете алмайды»,- деп жоғары 
баға береді [5].
 
Кейінгі уақыттағы қоғамдық өзгерістер кітап шығаруға да айтарлықтай кері әсерін 
тигізгені белгілі. Соған қарамастан, Ғ.Айдаров кітаптарын өз қаржысына шығарған. 1993 
жылы «Ғылым» баспасынан орыс тілінде «Язык памятника Кюль-Тегина» атты кітабы 
басылып шығады. Содан кейін бұл еңбектің қазақшасын да шығарып үлгереді
.
Көп жылдар бойы мұғалім болып қызмет атқарған Ғұбайдолла Айдарұлы 1994 жылы 
орта мектептің жоғары кластарына арналған «Орхон-Енисай және көне ұйғыр 
ескерткіштерінің тілі» пәніне арнап бағдарлама жазып шықты. Ал 1995 жылдың соңына 
қарай «Рауан» баспасынан осы пән оқулығының сүйінші данасы жарық көрді. Ғұбайдолла 
Айдарұлы көне жазбаларды зерттеу мақсатымен құрылған экспедиция құрамында жүріп, 
Қазақстанды түгел аралап шықты. Ғалым бұл көлемді еңбектеріне материалдарды Қазақ 
ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер бола жүріп, 
ғылыми экспедицияларға сан рет қатынасып, айлап-апталап бел шешпей тер төге жүріп 
жинады. Экспедицияны алғашқыда Ғ. Мұсабаев басқарса, кейін Ғұбекеңнің өзі басқарды. 
Бұл экспедицияның мәліметтері «Қазақстан эпиграфикасы» атты кітапта жарық көрді.
Ғұбайдолла Айдарұлы «Ана тілі» апталығының алғаш жарық көрген сандарында 
Орхон-Енисей әліпбиін үйрететін көпшілікке арналған 25 сабақ ұйымдастырып өткізген. 
Бұдан басқа басылымдарда да мақалалары үзбей жарық көріп жатады.
Ғалым Түркіменстанның жоғары оқу орындарына арнап көне түркі ескерткіштерінің 
тілі бойынша оқулық жазады. Сол пәннің бағдарламасын да құрастырды. 1963 жылдан 1992 
жылға дейін Түркіменстан университетінде Орхон-Енисей ескерткіштері тілінен дәріс 
оқиды. Бұған қоса Ғ. Айдаров бірнеше оқу-методикалық еңбектерін де жазды. Мәселен, 1968 
жылы ол професссор М. Хыдыровпен бірге түркімен жоғарғы оқу орындарының студенттері 
үшін «Орхон-Енисей ескерткішінің тілі» атты оқу құралын жазды, бағдарлама құрастырады.
Ғұбайдолла Айдарұлы бұрынғы Кеңес Одағындағы А.Н. Кононов, Э.В. Севортян, Э.Р. 
Тенишев, А.Н. Баскаков, И.А. Батманов сияқты атақты тіл білімпаздарымен кездесіп, пікір 
алысып, олардан тәлім-тәрбие, кеңестер алған. Ғ.Айдаровтың еңбектеріне шет ел ғалымдары 
Симма, Эмиль Боев, Немет тәрізді көптеген ғалымдар жоғары баға берді.
Ғұлама дарын 70 жылдығына берген сұхбатында былай деген екен: «Біздің қазақ 
жастары үшін қызықты тақырып тұнып тұр. Жасым ұлғайды, ғылымды үйреніп қалғысы 
келген жастар көбірек болса ғой. Менің зерттеген қиын салама келіп жатқан жастар аз. 
Мәселен, өзімді кейінгі кездері Маңғыстаудың ойының тарихи ескерткіштерінің тағдыры 
қатты ойландырып жүр.Оларды зерттеу керек. Тасқа жазылған жазулар өшіп барады. 
Осыларды өзім шығып, киноға түсірсем бе деп едім»- деп жастарға үлкен үміт артады [3].
Ол өмірінің соңына дейін ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Ахмет 
Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында абыройлы қызмет етті. Осы еңбектің 
нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы 
Ғұбайдолла Айдаровқа өз қолымен «Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген 
қайраткер» атағын табыс етті.
Кіндік қаны Маңғыстаудың Емір-Торты жерінде тамып, иісі түрік әлеміне танымал 
ғалым атанған Ғұбайдолла Айдаровтың ғибратты өмір жолы ұрпаққа үлгі, халқына мақтан.
Ғұбайдолла Айдаров ата-бабадан келе жатқан аңыз әңгімелерді, шешендік сөздерді, 
ата-тек шежіресін көңілінде көп сақтаған алтын сандық іспетті. Әсіресе, ата-тек шежіресін 
көп жинаған азамат. Әйгілі ғалым, үлкен жүректі азамат Ғұбайдолла Айдаровтың ұланғайыр 
еңбегі біртуар тұлғаны тек ұлтымыздың ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтардың ортақ 
қадір тұтатын, тұлғасына айналдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет