«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет9/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

болты, 
сақынтым, йолта, йуртда, үгүзке
) тілдің тарихи қалыптасуындағы архаикалық белгілер 
ретінде түсіндіріледі. (Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі диссимляцияның мысалы 
жоңқа, 


25 
шідерті
сөздерінің дыбыстық құрылымының көнелік қалдық ретінде қарастырылатыны 
сияқты).
Фонетикалық құрылымдағы бұндай жүйелілік түркі графикасының сан ғасырлар бойы 
қалыпқа түсіп, жазу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы әріптік жазуға дейін қаншалықты 
дамығандығын, сол арқылы түркі өркениетінің тамырының тереңге кететінін танытады. 
Орхон-Енсей ескерткіштері тілінің лексикалық қорын зерттеу барысында ғалым көне 
түркілік ескерткіштерге ортақ сөздік құрамның бар екендігін, оның бірнеше қабаттардан 
тұратындығын, соның негізгі қабаты түркі халықтарына ортақ байырғы сөздік қор екендігін 
айта келіп: «Ескерткіштердегі көптеген сөздердің қазіргі түркі тілдерінде кездесетіндігі
ұқсастығы жай, кездейсоқ құбылыс емес, ол тайпалар мен халықтардың генетикалық жақтан 
тығыз байланысты болуының нәтижесі. Ескерткіштер тілін қолданған ру, тайпа және 
халықтардың қазіргі түркі тілдерімен туыстығын көрсететін дерек болып саналады» деген 
қазірдің өзінде маңызын жоймаған келелі пікір айтады.
Мысалы, зерттеушілер Ә.Құрышжанов пен М.Томанов орхон-енисей ескерткіштері 
тіліндегі қазақ тілімен тұлғалық та, мағыналық та бірдей 130 сөз, кейбір фонетикалық 
ерекшеліктерімен келетін (йегін – жиен, оғул – ұл, қатун – қатын тәрізді) 397 сөз, мүлде 
сәйкеспейтін 311 сөз бар деп анықтаған [3, 45]. Сонда көне тілдік қорымыздағы қазақ тілімен 
үндес келетін сөздердің саны қазақ тіліне мүлде сәйкеспейтін сөздерден әлдеқайда көп 
екенін байқаймыз. Мұның өзі түркі тілінің тарихи тұтастығын, ғасырлар сынына төтеп бере 
алатын беріктігін көрсетсе керек. 
Ғ.Айдаровтың зерттеулерінің бір ерекшелігі олар жалаң тілдік талдаулардан 
құралмайды. «Ерте заман жазба ескерткіштерінің тілін зерттегенде оның жазуының 
ерекшеліктері мен тарихын назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл ретте, алдымен жазу 
қолтума ма немесе өзге жұрттық па, белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін бере ала ма, қандай 
тілдік өзгерістерге ұшыраған дегендей мәселелерге ереше көңіл бөлінеді» [1, 16] деп өзі 
көрсеткендей, ғалым тілдік талдау барысында осы сауалдарға жауап табуға тырысады. Көне 
түркілік жазудың графикалық ерекшелігі, әріптерінің таңбалануы, таңбалардың дыбыстық 
мәні, мәтіннің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың тіркесімділік заңдылықтары түркі тілдерінің 
фонетикалық жүйесі арқылы талданып, түсіндіріледі. Зерттеу барысында мәтін мазмұны 
түркі мемлекеттерінің тарихи қалыптасуындағы белгілі оқиғалармен байланысты 
түсіндіріліп, 
баяндалады. 
Мәтіндегі 
топонимикалық 
атауларға, 
этнонимдерге, 
антропонимдерге түсінік беріледі, кейбір сөздерге этимологиялық талдау жасалынады, 
диалект және көне тайпалық, кірме сөздердің төркіні анықталады, қалыптасу уәжі сөз 
болады.
Ғалым осы саладағы өзге де зерттеушілердің пікіріне тоқталып, өзіндік байламдарын 
білдіріп отыруды ұмытпайды. Кейбір басы ашылмаған мәселеге қатысты бірнеше пікірлерді 
келтіріп, кейінгі зерттеушілерге ой тастап отырады.
Мәселен, орхон-енисей ескерткіштеріндегі жазудың түпкі төркіні туралы түрлі 
пікірлерге талдау жасай келіп: П.Мелиоранский болса, керісінше, Енисей, Орхон және Талас 
әліпбиін сол кездегі «түркі тайпаларының талабы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары 
тілінің дыбыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» деп бағалады. Түркі халықтары қолданған 
ұйғыр, араб жазумен салыстыра отырып, В.В.Бартольд түркі тайпаларының Орхон-Енисей 
әліпбиін кең түрде пайдаланғанын, оның үндестік жағынан ұйғыр, араб әліпбиінен әлдеқайда 
тиімді екендігін атап өтеді. 
Ғалымның зерттеулерінен оның тарихи танымы, этнографиялық білімі, жазу тарихы 
мен табиғаты туралы, тілдің құрылымы, тарихы, сөз төркіні туралы ғылыми 
пайымдаушылық қабілеті анық байқалады.
Қазіргі таңда түркі халықтарының ортақ мұрасы – Орхон, Енисей, Талас 
ескерткіштері тілінің зерттелуі жүз жылдан аса уақытты қамтитын тарихы, өзіндік дәстүрі 
бар, ғылыми ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан сала болып табылады. Орхон-
Енисей 
ескерткіштері 
бір 
филологияның 
емес, 
тарих 
және 
философияның, 


26 
этномәдениеттанудың, өнертанудың, этнопедагогиканың, этнопсихологияның т.б. іліктес 
ғылымдардың зерттеу нысанына айналып отыр.
«VIII ғасырдағы Тоныкөк ескерткішінің тілі және оның қазіргі кейбір түркі тілдеріне 
қатысы» тақырыбында кандидаттық, «VI-VIII ғасырлардағы орхон-енисей және талас көне 
түркі ескерткіштерінің лексикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған, 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағы 40 жылға жуық өнімді еңбек еткен 
жылдарында түркітану, көне жазбалар тақырыбында 20-ға тарта кітап, 200-ден аса ғылыми 
мақалалар жазып қалдырған Ғұбайдулла Айдаровтың өмірінің ең маңызды кезеңдері қазақ 
түркітану ғылымының алғаш қалыптасуымен тығыз байланысты болғаны анық. «Дүние 
жүзіндегі халықтар сияқты түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. 
Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін 
талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді» деп, бір қазақ емес, тұтас түркі жұртының тарихы 
мен мәдениетінің түп-төркінін V ғасырдан да әріге апарып, қазақ мемлекеттілігінің 
бастауын, қазақтың жазба әдеби тілінің қайнар көзін нақтылап беруге үлес қосқан ғалымның 
ұлттық мәдениетіміздің, ұлттық ғылымымыздың қалыптасу тарихындағы орнын айрықша 
атап айтуымыз қажет. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. - А.: Ана тілі, 1995. – 232 б. 
2.
Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғасырлар). А.: Арыс, 2004. – 288 
б. 
3.
Құрышжанов Ә., Томанов М. Орхон-Енисей ескерткішінің зерттелу тарихы мен 
грамматикалық очерктері. - Алматы, 1964. — 45–57-б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет