Морфологиялық деңгей бірліктері
Морфологиялық деңгейде интеграциялық қатынастар әрекеті етістіктің шақ түрінде айқын байқалады.
Мәтін деңгейінде шақ түріндегі тұлғалар интеграциялық қатынасқа түседі. Олар көркем уақыт айтылымына, әңгіме айтушының көзқарасын қалыптастыруға, әңгімешінің уақыт позициясын өзгертуге, авторлық уақытты кейіпкердің жеке уақытына ауыстыруға және тағы басқаларға қатысады. Шақ түріндегі тұлғалар композициялық құрылымды күрделендіруде, уақыт позициясын көптеп тудыруда белгілі бір роль атқарады.
Г. А. Золотованың пікірінше, тұтастық ретінде мәтіннің композициясында сол тұтастықтың бірліктері (бір сөйлемнен, сондай-ақ сөйлемдер тобынан, абзацтан тұратын мәтін үзінділері, блоктар т.с.с.), яғни композитивтер елеулі роль атқарады. Регистрлік композитивтердің қосылуы мен кезектесу тәсілдері мен принциптеріне, ең алдымен, етістік-баяндауыштың шақ түрі тұлғаларының ара қатысы жатады, соның арқасында коммуникативтік мақсатына, жанр заңдарына, әдеби амалға, айтушының еркіне, оның жеке стиліне және тағы басқаларға қарай айтушының хабарға қатысты –«бірге өмір сүруі» немесе қашықтан қарауы сияқты түрлі позицияларын көруге болады [2, 442].
Регистрлерді біріктіру амалдары тек көркем мәтінге ғана тән емес, олар журналистикада да, ауыз екі сөзде де қолданылады.
Автордың мәтін мен мәтіндік стратегияны ұйымдастыру тактикасын таңдауы мәтіндегі баяндауыш етістіктердің шақ түрі тұлғасын шендестіруіне қатысты. Етістіктердің шақ түр функциясы шағын жанрлы шығармаларда композицияның төрт түрін шектеуге мүмкіндік береді:
«1» – жабық композиция, етістікпен басталып, аяқталады, оқиға уақыт ағымынан тыс, бұрынғы-соңғы оқиғалардан бөлініп қалған сияқты болады;
«2» – ашық композиция, онда етістіктермен аталған ауыспалы оқиғалар бұрынғы және кейінгі уақытқа тарап кеткендей, сөйтіп оқиғаның қайталанып тұратын, үйреншікті екенін білдіреді;
«3» және «4» композициялық типтер аралас, қарқынды басталып, соңында уақыт жағынан тарап кетеді, оқыс, күтпеген әсер қалдырады.
Мысалы, қысқа ертегілерде:
Арыстан келе жатты. Қоянды көрді. Оны ұстап алып, жеп қойды. Бітті.
Бұл қысқа үзіндіде етістіктің өткен шақ формалары және есімдіктің ең маңызды функцияларының бірі – сөздердің толық мәнді лексикасы болғанда ғана өткерілетін субститут функциясы (субститут – лат. substitutus – орынбасары басқа адамды ауыстырған адам).
Есімдіктің екінші функциясы – «Мен» және «Сен» тұлғаларын автосемантикалық белгілеу функциясы, яғни есімдіктің толық мәнді бірлік ретінде көрінуі. Есімдіктің мұндай функциясы түрлі жанрларда болуы мүмкін, бірақ әсіресе лирикалық жанрда айқын байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |