Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл



бет24/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив

1-тапсырма.

Сату менеджері. Бұрын қазақта сату, қолма-қол сауда жасау жұмыстары дамымаған еді. Дамымақ тұрмақ, ондай іспен айналысатындарды алыпсатар, саудагерлер деп жақтырмайтын. Кеңес дәуірі кетіп, басқаша еңбек қатынастары келіп, нарық кіргелі бері қазақ саудаға үйрене бастады. Мәселен, қазір еңбек нарығында дәл осы мамандар өте қажет. Қандай да бір компанияның кірісінің көлемі оның өнімінің өтімділігіне байланысты екені анық. Қазір қатардағы сатушылардың да жұмыс тәжірибесіне және біліміне қатты назар аударылады. Менеджерлерге
келетін болсақ, компаниялар олардың айлық ақысына қосымша​ үстемақы төлейді. Бұл -компания тауарының тез, әрі тұрақты өтуінің кепілі. Осылайша, кейде сатушының өзі миллион теңгеге дейін еңбекақы тауып, компания директоры одан екі есе төмен жалақы алуы да ғажап емес. Айтпақшы, нарықтық эконмикада маркетологтерге де сұраныс көп. Бүгін де көптеген сауда дүкендері онлайн сауда жүйесіне көшуде. Демек, онлайн сатылым жүйесіндегі маркетологтер- болашақтың мамандығы.


1-2 топ.Мәтінді оқып, перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты табу, бұрынғы «алыпсатар» мен қазіргі «менеджерді» Венн диаграммасы бойынша салыстыру.



Алыпсатар



Менеджер

3-4 топ. Сұрақтар құрастыру.



Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, әр топтан оқушы шеңбер жасап отырған ортаға шығып өз ойын жеткізеді.

Талдау

2-тапсырма. «Бөлшекте, жинақта» әдісі арқылы мәтіннен кірме сөздер терминдерді теріп жазу.

Жоғарыдағы мәтіннен кірме сөздер, терминдерді теріп жазып, мағынасын түсіндіру.

Мәтіннен кірме, термин сөздерді табу

Жинақтау

3-тапсырма. Орыс тілінен қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бағынып кірген сөздердің түпнұсқа тілдегі жазылуы мен айтылуын тауып жазыңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет