Бағдарламасы Баспа №1 «Қалааралық жүк тасымалдары» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет3/4
Дата14.04.2017
өлшемі0,88 Mb.
#13880
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

    1. Басқару деген не және оның негізгі қызметі қандай?

    2. Басқару үрдісі қалайша іске асады?

    3. Жүкті тасымалдауды басқаруда қандай операциялар орындалады?

Ұсынылатын әдебиеттер :

1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов

2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997.

3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006.


8-9 дәріс. Көліктік ұйымның эксплуатациялық қызметі (2).

Дәріс жоспары:



  1. Эксплуатациялық қызметтің негізгі міндеттері.

  2. Эксплуатациялық қызметтің типтік құрылымы.

Эксплуатациялық қызмет автокөлік тік ұйымның маңызды құрылымдық ішкі бөлімі болып табылады. Эксплуатациялық қызметтің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:

  • жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру

  • автокөлік ұйымында қабылданған жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз ету

  • тасымалдау сапасының қажетті деңгейінде қозғалмалы составты тиімді пайдалану жолдардағы көлік қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Эксплуатациялық қызметтің типтік құрылымын келесі суретте көрсетуге болады.

2-сурет. Эксплуатациялық қызметтің типтік құрылымы



Жүктік топ эксплуатациялық қызметте жетекші болып табылады және келесі міндеттерді орындайды:

  • жүк лектерін, тасымалдаудағы қажеттіліктерді, АКҰ ауданында қызмет көрсететін потенциалды клиентураны зерттеу және көліктік көмек сферасындағы нарықтың конъюктурасын талдау;

  • тиеу-түсіру пунктерін және подъездік жолдардың жағдайын тиеу-түсіру машиналары мен механизмдерін жабдықтауын бақылау;

  • қозғалмалы составты қолданудағы тиімділікті арттыру бойынша шаралар дайындау;

  • тасымалдау үшін тапсырыстарды қабылдау және клиентурамен келісім шарттарды дайындау;

  • ауысымды-тәуліктік жоспарды құру және жүргізушілерге тапсырмалар дайындау.

Эксплаутациялық қызметтер жұмыстарының технологиялық циклі 3 тәулікті құрайды және келесі суретте көрсетілген график түрінде болуы мүмкін:

Тәуліктер

Бірінші

Екінші

Үшінші

сағаттар

14

20

6

9

16

19

12































Жұмыстар мазмұны

тапсырыстарды қабылдау

Ауысымды тәуліктік жоспарды даярлау

жол құжаттарын өңдеу

жол құжаттарын беру

қозғалмалы состав жұмысын басқару

жол құжаттарын қабылдау

мәліметтерді өңдеу және диспетчерлік баяндама құру

тапсырыстарды қабылдау


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Эксплуатациялық қызметтің негізгі міндеттері қандай?

  2. Жүктік топтың қызметі қандай?

  3. Жүргізіп-сынау технигінің негізгі қызметі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер :

1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов

2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997.

3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006.


10-11 дәріс. Тасымалдауды диспетчерлік жетекшілік ету (2).

Дәріс жоспары:



  1. Диспетчер және диспетчерлік топтың негізгі міндеттері.

  2. Жолдағы диспетчердің міндеттері.

Диспетчер – байланыс басқару және бақылау құралдарының көмегімен өндірістік үрдістердің жүрісін және оның барлық бөлімдерінің өзара әрекеттерін реттейтін жұмысшы. Диспетчер автомобильдік көлікте жүктердің тасымалдау үрдісін тікелей ұйымдастырушы және басқарушы негізгі қызметкер болып табылады.

Диспетчерлік топ эксплуатациялық қызметінде келесі міндеттерді орындайды:



  • қозғалмалы составты жолға шығару, жүктердің тасымалдауға құжаттарды беру және қабылдау, оларды жүргізушілер тапсырмасы негізінде даярлау;

  • жолдағы қозғалмалы состав жұмысын оперативті басқару

  • жол құжаттарына алғашқы өңдеулер жүргізу;

  • қозғалмалы составтың жолға шығуы бойынша, өткен тәуліктердегі жұмыс қорытындысы мен тасымалдау жоспарының орындалуы бойынша ауысымды-тәуләктәк есепті құру, диспетчерлік баяндама.

Қозғалмалы составты жолға шығару, шығару графигінің негізінде жүргізушілердің графикті құру барысында, автокөлік құралының жұмыс режимі, техникалық қарау графигі және жөндеуде тұрған автомобильдер тізімі, тиеу-түсіру пунктерінң режимі мен өткізу мүмкіндігі ескеріледі. Қозғалмалы составты жлға шығарра алдында ауысымды диспетчер жүргізушіден оның жүргізушілік куәлігі бар ма екенін тексереді, алдынғы жол құжаттарның өткізгенін қарайды және содан кейін бірақ жаңасын береді.

Қозғалмалы состав жұмысының үрдісін оперативті басқаруда диспетчерлік топ қызметкерлері келесілерді орындайды:



  • жүкті жіберушілермен және қабылдап алушылармен және қозғалмалы составтың тиеу және одан кейін түсіру жүргізілетін тиеу-түсіру пунктерімен байланысты болады;

  • қозғалмалы состав жұмысы графигінің орындалуын бақылайды.Әлдеқайда маңызды тасымалдаудың орындалуын қадағалайды және қажет болған жағдайда қозғалмалы составты объектілер арасына қосады;

  • автомобиль жүргізушінің тапсырыстары бойынша жолға техникалық көмекті жібереді.

Диспетчерлік топтағы жұмысшылардан жүргізушілерге келіп түскен бұйрықтар міндетті болып есептеледі. Тасымалдауды басқаруда клиенттермен сенімді арақатынастарды ұйымдастыруға ерекше көңіл аудару қажет (жұмыс графигін құру, оперативті байланыс және т.б). Тасымалдау жоспарларының орындауларына жасалған талдау келесілерді көрсетеді:

  1. 80-90 % жағдайда клиенттермен жұмыстың нашар ұйымдастырылуынан

  2. 5-10 % жағдайлар қозғалмалы состав істен шығып қалуынан

  3. 5-10 % жүргізушілер мен диспетчерлердің тәртіп сақтамауынан

Тасымалдауды оперативті басқаруда жылдам шешім қабылдау үшін диспетчердің типтік әрекетінің картасы дайындалады. Онда тасымалдау үрдісіндегі келеңсіздіктерде пайда болатын типтік ситуациалар сипатталады және оларды жою үшін нұсқаулар беріледі. Мысалы, жолда қозғалмалы состав сынып қалу кезінде тиімділік деңгейі бойынша диспетчер келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. Резервтегі қозғалмалы составты іске қосу

  2. Тасымалдаудың қысқартылған жоспарын қабылдау

  3. Қосымшадағы қозғалмалы составты негізгі тасымалдауға іске қосу

Осы көрсетілген әр бір вариант алдын-ала есептеледі және ол тасымалдау үрдісіндегі келеңсіздіктің уақытын азайтады.

Жүргізушімен сенімді оперативті байланыстың жоқ болған жағдайда және жүк шығаратын немесе жүкті қабылдайтын объектілерге АКҰ өте көп саны жұмыс істегенде жолдағы диспетчердің жұмысын ұйымдастыру қажет. Олардың негізгі міндеттері:



  • объектілерде жүктердің болуын және тиеу-түсіру машиналарын қамтамасыз етуді бақылау;

  • тиеу және түсіру кезіндегі қозғалмалы составтың тұру нормасын сақтауын және жол құжатының дұрыс өңделуін тексереді;

  • автокөлік құралы және тиеу-түсіру машиналарының жұмыс графигін тексеру;

  • қозғалмалы состав жағдайын тексеру және оның дайындығын бақылау;

  • қозғалмалы состав қозғалысының көрсетілген маршрутта орындалуын бақылау;

  • тиеу-түсіру пунктері және автокөлік құралы үшін жоспарлы тапсырмалардың орындалуын есепке алу;

  • тиеу-түсіру пунктері жұмыстарында келеңсіз жағдайлар болған кезде қозғалмалы составты басқа объект жұмысына ауыстыру және тиеу-түсіру пунктерінің және автокөлік құралдарының жұмыс графиктерінен өзгерістер енгізу;

  • тиеу-түсіру пунктері жұмыстары бойынша шағым акт құру (жүк сапасы және нормадан артық тұрып қалу бойынша).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

    1. Диспетчерлік топ эксплуатациялық қызметте қандай міндеттер атқарады?

    2. Жолдағы диспетчердің негізгі міндеттеріне нелер жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер :

1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов

2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997.

3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006.


12-15 дәріс. Жүк тасымалдауды басқаруды автоматтандыру

Дәріс жоспары:



  1. Авто көліктегі басқару АЖ классификациясы.

  2. Автоматтық жүйелер.

  3. Автоматтандырылған жүйелер.

  4. АЖ енуі және дамуы.

АК-гі ақпараттық басқару жүйелердің жіктелуі. АК жұмысының ерекшелігі, АКЖ жұмысының нәтижесі туралы ақпараттың кешігуі мен ауытқуы жүк тасымалдауды басқаруды автоматтантырудың құралдарын қолданысқа алуға ой туғызады.

Қазіргі таңда тәжірибеде кәсіпорынды басқаруда АЖ жүзеге асырудың екі бағыты қолданылады. Біріншісі есеп бухгалтерлік функцияларын автоматизациялауға негізделеді. Бұл топтың жүйелері көбінесе отандық кәсіпорындарда таралған. АЖ келесі тобы алғашынан өндірістік қызметтерді орындауды автоматтандыруына негізделеді. Бұл топтың жүйелері де-фактор стандарттарына сай келеді. Яғни, ЕКР (Enterprprise Reguirements Planning -кәсіпорын қажеттіліктерін жоспарлау). ЕКР - бүл тэжірибеде тексерілген бақылау жэне басқарудың принциптерінің, модельдердің жэне процедуралардың жинағы. ЕКР стандарты МКР жэне ҒКР талаптарына сәйкес келетін АЖ нақты қолданудың бай тәжірибесін біріктіреді.

МКР (Manufakturing Resourse Planning - өндірістік ресурстарды жоспарлау)

ҒКР (Financial Reguirements Planning - қаржы қажеттіліктерін жоспарлау). ЕКР стандарттарына толық жауап беретін тасымалдауды басқару жүйесі, 16 қызметтік жүйе тармақтарын ұстану керек:



  • Тасымалдауды және қамтамасыз ету процестерді (жөндеу, техникалық қызмет көрсету).

  • Транспорттық қызметтерді көрсетуге ұсынысты басқару.

  • Өндірістік қызметтің жоспарын құру.

  • Материалды қажеттіліктерді жоспарлау.

  • Көрсетілген қызметтердің спецификасы және технологиялық карталары.

  • Қоймаларды басқару.

  • Қызметтестермен өзара байланысын жоспарлау.

  • Бөлек бөлімше деңгейінде өндірістік процесстерді басқару.

  • Парктың тасымалдық қабілеттілігін жоспарлау.

  • Кіретін жэне шығатын ақпаратты басқару.

  • Материалдық - техникалық қамтамасыз етуді басқару.

  • Ресурстарды кәсіпорынның бөлімшелері арасында таратуды жоспарлау.

  • Өндірістік және технологиялық операцияларды жоспарлау және қадағалау.

  • Қаржыларды басқару.

  • Модельдеу.

  • Парк жұмыстарының нәтижелерін бағалау және талдау.

ЕКР қолдайтын АЖ-де жүйенің жаңа модульдері жүйенің негізгі түп нүсқасымен біріге алады. Паркті материалдармен, құрылғылармен, қаржымен, тапсырыстармен қамтамасыз ету қажеттілігі туған сайын пайда болып, басқарудың логикалық тізбегіне автоматты түрде енеді.

Қазіргі уақытта автокөлікте автоматты жүйелер төрт бағытта дамып жатыр.

Жүргізушілерді оқытудын автоматты жүйелері (тренажерлар) жүргізушілік составын дайындауда уақыт және шығындарда азайтуға мүмкіндік береді. Қиын, оқыс жағдайларда апатты болдырмаудың және алдын алудың қимылдарын талдауда тренажерлардың теңдесі жоқ. Қазіргі кезде жаңа автопоезд бірнеше миллион доллар тұратын жүкті тасымалдай алатынын ескерсе бұл өте маңызды.

Жүргізушілердің жұмысын едәуір жеңілдететін автоматтық жүйелер келесі негізгі жүйелерді қосады:



  • ABS – блокқа қоюды шектейтін жүйе – ПС қозғалысының траекториясын, дөңгелек пен жолдың арасында сүйкеніс нашар болған жағдайда, сақтауға мүмкіндік береді.

  • Трансмиссияны автоматты түрде басқару – жүргізушінің шаршауын азайтып оның барлық назарын жолдағы жағдайға аударуға көмектеседі.

  • Круиз-контроль – АКҚ енгізілген жылдамдығын автоматты түрде бір қалыпта ұстаптұрады.

  • ESP – дөңгелектің бос айналуына қарсы жүйе – негізгі жүргізуші дөңгелектің бос айналуын болдырмауға мүмкіндік береді.

  • DSC – динамикалық қалпына келтіру жүйесі – бұрылған кезде АТҚ қозғалысының траекториясын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Бөлек жүйелердің интеграциясы келешекте, АТҚ басқарудың автоматты жүйесін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Volvo және Mersedes секілді үлкен автокөлік корпорациялары өздерінің ізденістерін жүк машиналарын басқарудың арнайы кешенін жасау үшін біріктіруде. Жылдамдығы 110 км/сағ жүріп келе жатқан 20 жүк машиналардан немесе автопоездардан тұратын автоколоннаны елестетейікші. Және ол бас автокөлікте отырған бір ғана адаммен басқарылады. Қазіргі уақытта Скандинавияда әзірге екі автопоездан тұратын тәжірибелі нұсқасы тексеруден өтіп жатыр. Ол қала маңында 60 км/сағ және қала сыртында 80 км/сағ жылдамдықты ұстана алады. АКҚ автоматты басқару жүйесі бірінші кезекте үлкен терминалдарда, теңіз порттарындағы технологиялық транспортқа енгізіледі.

ПС автоматты түрде, орналасуын, ПС және жүктің идентификациясы жүелері АК неғұрлым кең қолданыс тапқан болатын және ол ертеректе қарастырылған. Бизнесс-процесстерді автоматты түрде орындаудың жүйелері тасымалдау процесінің бөлек операцияларын жүзеге асыруды автоматизациялауға мүмкіндік береді. Көбінесе бұндай жүйелер ПС және жүкті автоматты түрде идентификациялау жүйелеріне негізделеді. Өйткені олар көліктік процессте осы немесе басқа әрекетті таңдау үшін ақпараттың қайнар көзі бола алады. Мысалы, терминалда маршрутты партияны құру үшін жүкті бөліктеу немесе алдында айтылып кеткендей көлікті бақылау жүйесі.

ПС автоматты түрде, орналасуын, ПС және жүктің идентификациясы жүелері, бизнесс-процесстерді автоматты түрде орындауы нақты уақыт режимінде объективті ақпарат жеткізушісі ретінде үклен маңызы бар. Басқарушы АЖ үшін бастапқы ақпаратты дайындау үшін автоматты жүйелерді қолдану ERP принциптеріне негізделген басқару жүйесін құрастыруға негіз құрады. Техникалық құралдарға, ақпараттық қамтамасыз етілуімен және қолданбалы бағдарламаға негізделген автоматтық жүйелер басқару шешімдерін қабылдаудың сапасын қамтиды. Яғни, басқару объектісінің анализдеу, шешімнің көп варианттарын қарастыру уақытын азайтады. Автоматизацияланған жүйелердің шешім қабылдау процесіне бағытталғаны былай түсіндіріледі, бұл процестер өндірісті басқарудың барлық деңгейінде басты орынды алады. Шешімді қабылдау процестері түрлі мекемелермен және бөлек тұлғалармен жүзеге асырылады. Олар өз кезегінде өндірістік процестерді орындау туралы ақпаратқа негізделеді. Түскен ақпарат талданады, пайда болған проблемалар нұсқауланып, оны шешу жолдары ізделінеді. әрбір проблема алдымен пайда болады, дамиды, біраз болады да жоғалады (шешіледі немесе өзі жойылады). Өндірісті басқару жүйесі үшін проблема маңызы оның жиілігімен анықталады.

Бұл мәселені жүзеге асыру үшін автоматты жүйе сәйкесінше ақпаратты қамсыздануға ие болу керек. Соның көмегімен көліктік процесті жоспарлауға, жүкті немесе адамдарды жеткізу процесі туралы ақпаратты талдау және жоспарды нақты уақыт ішінде өзгертуге болады. АЖ қызмет етуін қамтамасыз ететін барлық ақпарат құрылымдық принципке бағынып, машина ішілік және одан тыс болып бөлінеді. Машина ішілік ақпарат негізінен жүк және жолаушыларды жеткізу процесін басқару жүйесін құру барысында құрылады. Әдетте бұл ақпарат әдейі құрылған қосымшаның басқаруымен жұмыс істейді, бұл ақпараттың құрылымы тұрақты болып келеді және мәліметтердің шамасы ғана өзгереді. Машина ішілік ақпараттың өзгеруі ақпараттық жүйеге қатысты сыртқы мәліметтер әсерінен болады. Бұл мәліметтер машинадан тыс ақпаратқа жатады, және жүйенің жұмысына әсер ететін факторлардың (заңның, нормативтердің, тасымал шарттарының өзгеруі және т.б.) өзгерістері негізінде құрылады.

Аралық ақпарат – басқару объектісінен алынатын оперативті ақпаратты талдау нәтижесі. Аралық ақпарат негізінде шығу информация құралады – АЖ жұмысының нәтижесі

Ақпараттық жүйенің АЖ-ы сәйкес ақпараттық қамсыздануы мекеменің шешім қабылдау жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.

Жүк тасымалдауды АЖ басқаруда шешімі оның нәтижелі қызметі үшін қажет мәселелерді анықтап алуымыз керек. жүкті тасымалдауда келесі мәселелерді бөліп қарастыруға болады:


  • Бастапқы ақпаратты дайындау (ең қысқа қашықтықты анықтау, ақпаратты жинақтау, микро және макро аймақтау, транспорттық желі модельдерін жасау және т.б.);

  • Жүк ағымын оптимизациялау, маршрутизация (машиналық және кішкене партиялық жүк жіберу);

  • Транспортты және өткізуші мекемелердің жұмысын рационализациялау және координациялаудағы комплексті мәселелер

  • Берілген жағдайда тасымалдау жүргізу үшін АКҚ келесі типтерін таңдау.

Берілген мәселелер басқару жүйесі шегінде технологиялық (бұл жағдайда тасымалдаушылық) үрдістермен шешіледі. Берілген жүйелер мекеменің кешенді басқару жүйесі үшін ақпараттың негізгі көзі, оған мынадай жүйе тармақтары енеді, бухгалтерлік, қаржылық, кадр, құжат айналымы, және т.б. яғни, белгілі бір қызмет аясымен анық байланыспаған. ЖАТ (ГАП) басқарудың ақпараттық жүйесі үш тармақтан тұрады: жедел жоспарлау, басқару және талдау.

Жедел жоспарлау тармағы АТМ тасымалдау қызметін ағымдағы жоспарлауын автоматизациялауға бағытталған, және келесі мәселелерді шешуге арналған: АТМ тасымалдау мүмкіншілігін есептеу; ПС оптималды қозғалыс маршруттарын есептеу; ПС жұмысының сағаттық графиктерін құрастыру; тұтынушылар бойынша жұмыс жоспарын құрастыру; мүмкін шығын және тасымалдауды орындау үшін керек ресурстарды есептеу; АТМ жұмысының ауыспалы тәуліктік жоспарын құрастыру; ПС жолға шығару графигін құрастыру; жолаушы құжаттарды толтыру. АТМ келісім шарттарынан және тасымалдауға түскен бір реттік тапсырыс және жұмыс істеп тұрған ПС деректеріне негізделген АТМ мүмкіншіліктерімен жұмысқа дайын жүргізушілерді бағалаудан тұратын тасымалдауға сұраныс деректеріне негізделіп, жүйе тармағының ену ақпараты қалыптастырылады.

Жедел басқару тармағы тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда негізгі орын алады. Ену ақпараты болып, ауыспалы тәуліктік жоспар және жолға жіберу графигі және ПС жұмысы болып табылады. Жұмыс барысында нақты уақыт режимінде ПС жолға жіберілу жайлы және ПС жұмысы жайлы жедел ақпарат келіп түседі. Келіп түскен жедел ақпарат жоспарланған графиктермен салыстырылады. Нақты нәтижелермен жоспарланған нәтижелер арасында айырмашылық болған жағдайда қателік себебі анықталады, өзгерген жағдайда жұмысты жалғастыру үшін оптималды шешім табылады және жүргізушілер тапсырмасы реттеледі. Жедел басқару жүйелерінде ауыспалы тәуліктік жоспардың нақты уақыт режимінде орындалуын қадағалауға мүмкіндік беретін жедел басқару функциясы жүзеге асады. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін жолдан кез келген әдіспен ақпарат алу жеткілікті. Бұдан нақты мен жоспарланған іс арасындағы айырмашылықты анықтау мүмкіндігі туады. Басқару үшін мүмкіншіліктерін кеңейту, жедел реттеу қызметі, іске қосылған жүйелерде кеңейту мүмкіндігі бар. Жедел реттеу тасымалдау үрдісіне нақты деректермен жоспарланған айырмашылық болғанда басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жүйе нақты уақыт режимінде алғашқы дерек негізінде қажет есептеулердің барлығын жүргізе алатын оптималды жұмыс планың құру бағдарламалары болу керек. жаңа жоспар орындаушыларға уақытында жеткізілуі керек.

Жүйенің жұмыс нәтижелілігінде ПС жұмысы жайлы деректерді жинау және қабылданған шешімдерді орындаушыларға жіберу құралдары маңызды роль атқарады. Бұл үшін әдеттегі байланыс құралдары да (телефон, факс, компьютер желісі) қозғалыстағы объектілермен байланыс құралдары да (радио, ұялы телефон байланысы және т.б.) қолданылады. Жедел есеп және талдау тармағы ПС жұмыс нәтижесі жайлы ақпаратты уақытында алып, жоспарланған жұмыстың орындалмау себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Ену ақпараты болып жолдама беттердің деректері, тауар – транспортты жіберу құжаттары және жедел басқару жүйесінде тіркелген ПС жұмысының нақты нәтижелері болып табылады. Бұл ақпараттың өңдеу нәтижесі болып ПС жұмысының технико-эксплуатациялық көрсеткіштері; жүргізушілердің жұмысы үшін алған ақысы; АТҚ және жүргізуші туралы деректер жинақтау; орындалған жұмысқа төленетін ақы көлемін анықтау; АТМ табысының көлемі мен тасымалдаудың нақты өзіндік құны; АТМ жұмысын жақсарту жайлы ұсыныстар болып табылады.

Шешім қабылдау үрдістерін қолдау үшін жеке жүйелерден келетін ақпарат жеткіліксіз, сондықтан мекеме қолданатын түрлі жүйелерден жинақталған және жалпыланған ақпарат сақтайтын барлық деңгейлердің жеке деректер базасы мәліметтер қорына біріктіріледі. Жеке көздерден ақпараттар жинау және оны көрсету үшін арнайы OLAP технологиялар қолданылады. OLAP – On Line Analytical Processing (үрдістерді нақты уақыт режимінде талдау) – түрлі пішінді мәліметтерді ұсынатын, біріктіретін және олардың ішінен таңдау жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы технология.

Кәдімгі кестелердегі параметрлерге деректерді екіден артық координатты семантикасын өзгертпей өзгертетін параметрлер енгізілгенде мәліметтер көп пішінді болады. Мысалы, уақыты бойынша кез келген параметрлерді тұрақтандыру қажет болғанда бір типті кестелер жинағы пайда болады, олардың айырмашылық деректерді жазу уақытында .

Сөйтіп, жүйелі АЖ жеке жүйелерден және олардың тармақтарынан тұратын бірегей корпоративті деректер қорына жиналған қабылданған шешімдер.

Автоматты басқару АЖ талдаумен және шешімді қабылдау үшін неғұрлым оптималды варианттарды іздеу уақытын қысқартып, шешім қабылдау үшін тез арада басшылыққа дайындап беруге арналған.

Телематиканың қазіргі кездегі жетістіктері АЖ физикалық орналасуына байланыссыз интеграциялауға мүмкіндік береді.

Қайта орналастырылған АЖ-лер әлемнің кез келген бұрышында орналасқан жеке компьютерлердің (стационарлы немесе қозғалмалы) немесе локальды жүйелердің ақпараттық ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді.



ИЖ функционалды қайта орналастырылуын қамтамасыз ететін негізгі құралдарына мыналар жатады:

  • Глобалды компьютерлік жүйелер;

  • Сымсыз байланыс жүйелері (радио модемдер, ұялы байланыс жүйелері, т.б. )

  • Сыртқы байланысты, деректерді автоматты тарату және репликациялауды (көшіру) қамтамасыз ететін дерек негіздерін басқару жүйесі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет