Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет5/10
Дата21.12.2019
өлшемі420,61 Kb.
#53888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
экология







II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
2–5 минут


(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:
Жер бетіне бір шықпас, Су түбінде тұншықпас. Сөйлемейді, үндемейді, Пісірсе оны кім жемейді. (Балық)

Аузы бар, тілі жоқ, Терісі бар, жүні жоқ. Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды. (Балық)
(Ұ)Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін акула, албырт, көксерке тəрізді балықтардың денесі ұршық сапты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тəрізділердің екі бүйірі шығыңқы, жоны көтеріңкі болады.

Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене мүшелері жүйесінің құрылысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас.

Ой-толғаныс.

Балықтың пайдасы туралы қосымша ақпарат:


  1. Балықтың майынан қажетті бірнеше түрлі дəрумендералынады.

  2. Қабыршағынан інжу жасалады.

  3. Майынан ыстыққа төзімді бояулардайындалады..

  4. Акула терісінен егеудайындайды.

  5. Треска,акула бауырынан дəріжасалады.

  6. Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуғаболады.

  7. Балық пен сүт ақуыздары қосылған кезде адам организміне қажеттіең










құнарлы заттар түзіледі.
Дидактикалық ойын: «Алтын балық»

Ойын шарты: Балалардың алдын ала қойылған салған суреттерінен, əр баладан қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға

«алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында «алтын балықты» көп жинаған бала марапатталады, мақсат балалардың өзін-өзі бағалауына дайындау.





III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс

6 - 27 мин.



(Ұ)Өзекті мəселелер.

Аквариумдағы балықтың адамға пайдасы.Аквариумды күн сайын ұқыпты түрде күту керек, аквариумдағы өсімдіктердің жағдайы, жалпы тазалық шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуге мүмкіндік береді.

Аквариумдағыбалық күтімі. Алдымен аквариумға су құямыз. Сосын түбін себеміз. Енді аквариум өсімдіктерін отырғызуға болады. Саусағымызбен үңгір қазып алып, оған өсімдіктің тамырын бекітеміз. Топырақпен нығыздаймыз. Тастар мен өсімдіктерді орнатып болған соң, қабығын жапқанда судың үстіңгі беті көрініп тұрмайтындай етіп, су құямыз.

Балықтарға ыңғайлы мекен қалыптасу үшін, аквариумға балықтарды əлі жібермей қоя тұрамыз. Кем дегенде 2-3 күн күтіп, ыңғайлы кезде балықтарды аквариумға саламыз. Бұл тіпті оңай. Үйге балықтарды қай суға салып əкелсеңіз, сол суымен қоса құясыз.



Күн сайынғы күтім.Күн сайын аквариумға назар салып, жарық бергіш, жылытқыш құралдардың жұмысын қадағалап отыру қажет. Сау балықтар теңселмей, бірқалыпты жүзеді, денесінде ешбір дақ болмайды. Тамақты таңертең жəне кешке берген дұрыс.

Кезеңдік күтім.Аквариумдағы өсімдіктерді күтіп, суды ауыстырып отыру кезеңдік күтімге жатады. Аквариумның əйнегін көтеріп, құралдарды сөндіреді, қораптың түбін тазалап, су құяды.

Мерзімдік күтім. Көктем мен күзде жасалады. Көктемде жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдың күшін төмендетеді, құралдарды жуып- тазалап, ескі өсімдіктерді жояды. Ал күзде аквариумды қысқы тəртіпке ауыстырады. Яғни жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдардың жұмысын күшейтеді.

«Теңіз» музыкасы.


Музыкалық сүйемелдеу







Балықтардың көбеюі: Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке.

Балықтарды тағам ретінде пайдалану жолдары:

Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады.Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.

«Кім епті?»

(Ұ)Сергіту сəті.

Əуенмен «Балықтар» биін билейді.



Мəлімет: Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте-бірте пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал ең кішкентай балық – итбалық деп аталады. Балықтарға қарап тұрсақ балықтардың пішіндері де əртүрлі. Осы пішіндеріне қарап та балықтың қандай екенін, атын атауға болады екен. Мысалы: жалпақбалық, табанбалық, жыланбалық.

Мынадай қызықты білесің бе?

Металмен қапталған кемені тұмсығымен тесіп өтетін балық:семсер балық. Аңшы иттер ажырата алмаған иісті ажырататын балық:жыланбалық.



(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1.Балықтың күтіміне қажетті заттарды ата. (Аквариум, су, сүзгі, балдырлар, жылытқыш, компрессор)

  1. Сурет бойынша балыққа жүзуге көмектесетін дене мүшелерінбелгілету.

  2. Аквариум мен теңіз балықтарынтоптастыр.

Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.

Океанариум мен аквариумның суреті.








4.Океанариумдағы балықтар мен аквариумдағы балықтардың ерекшелігі

қандай?






IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Рефлексивті бағалау.

(Ұ, Ө) Аквариумді бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – көк.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.



Əліппен-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.



ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақстанның қорықтары

Мектеп/ МҰ:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ топ:

Қатысқандар саны:

Болмағандар:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау

Болжамды нəтиже

Барлық балалар біледі:




  • Табиғатты қорғау не үшін қажет екенінтүсіндіреді;

  • Қорықтардың не үшін қажет екенінтүсінеді.

Көпшілік балалар біледі:

  • Қорықтың ерекше қорғалатын аймақекендігін;

Кейбір балалар біледі:

  • Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоябіледі;

  • Тəжірибелерді өз бетіменжүргізеді.




Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Мəселені көре білуді дамыту, сұрақтар қою, болжамдар ұсыну, ұғымдарға анықтама беру, топтастыру, бақылау, зертханалық жұмыстар жүргізу, қорытындылар мен ойша тұжырым жасау, материал құрастыру, мəтінмен жұмыс, өз идеяларын дəлелдеу жəне оларды қорғау.

Əлеуметтік дағдыларды қалыптастыру жəне дамыту.

Көптілділік:

қорық – заповедник– reservation



Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қорықтар, өсімдікті қорғау, жануарларды қорғау, экология ғылымы, ерекше қорғалатын аймақ.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.

  • Қорық дегенімізне?

  • Ол бізге не үшінқажет?

  • Өсімдіктерді сақтап қалу үшін не істеукерек?

  • Қандай өсімдіктер қорғалуғамұқтаж?

  • Жануарларды сақтап қалу үшін не істеукерек?

  • Қандай жануарлар қорғалуғамұқтаж?

  • Қазақстанда өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін неістелінуде?

Өткен ҰОҚ-дан алған

білім

Қорық туралы түсінік қалыптастыру жəне ұғымын ашу.Қорықтың маңыздылығын түсіндіру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар




  1. Дұрыс əсерлі көңіл күйорнату.

0–3 мин.


  1. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсаттыболжам.

4-6 мин.


(Ұ)Педагог қорық туралы мəтін оқиды.

Қорық – өсімдіктер мен жануарлар ерекше қорғалатын аймақ. Қорық аймағындағы жануарлар мен өсімдіктерді жоюға, зиян келтіруге тыйым салынады. Өйткені бұл аймақтағы өсімдіктер мен жануарлар жойылып кету қаупінде. Сондықтан қорық – ерекше қорғалатын аймақ.

Қазақстанда көптеген қорықтар бар. Қазақстанда: Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы, Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы, Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы, Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы, Қорғалжың мемлекеттiк табиғи қорығы, Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы, Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы бар. (Ұ)Балалар қорық ұғымына айрықша көңіл бөліп, мына сұрақтарға жауап береді: Қорық туралы естігендеріңіз бар ма? Неге оны біз оқып, білуіміз керек? Қорықтарды білудің маңыздылығы неде? т.б.


Мектепте (балабақшада) бар жануарлар мен өсімдіктерді атап, олардың айырмашылығын атау, ерекше қорғауды қажет ететіндерін атау.

Қызыл кітап.


Қорықтар туралы суреттер менесе слайдтар

III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс

7-27 мин.



(Т) Педагог суреттердің көмегімен «Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың мəні» кестесін түсіндіріп беруді сұрайды.
Балаларға жануарлардың дыбысы бар жазбаны қосып, қандай жануар екенін табуға тапсырма беру. Тапсырма барысында мынадай сұрақтар қою: Аталған жануарлар туралы не білесіңдер? Қандай жерлерді мекендейді?

Ерекше қорғалатын аймақтарда мекендейтін жануарларды атау.



(Ұ, Т) Өзекті мəселелер.

Ой-толғаныс: «Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ», – деп ақын жырлағандай, адам да –

табиғаттың баласы.



  • Табиғат деген сөзді қалайтүсінесіңдер?

  • Адам нелермен үнемі байланыстыболады?

(Адам айналадағы ортамен, яғни, жермен, өзен-көлдермен, барлық тірі организммен үнемі байланысқа түседі.) (Кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.)

Кесте, жануарлардың дауыстары жазылған аудиотаспа.









  • Қорық дегенімізне?

  • Қорықтар негекерек?

  • Олар қандай кітапқаенді?

  • Оның мақсатықандай?

( Оның басты мақсаты – саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алады.)
Педагог қойылған сұрақтарға қандай болжамдары барын балалардан сұрайды

(Ұ, Т) Əліппе-дəптермен жұмыс.

  1. Сұрақ-жауап арқылы қорық туралы білімдері пысықталады, толықтырылады. Сұрақтармен тапсырмалар: Қорық не үшін қажет? Қазақстанның қорықтарын ата. Сурет бойынша əңгімеле. Өзің тұратын өлкеңде қорық барма?

  2. Сурет бойынша жұмыс. Қорықта тыйым салынатын іс-əрекеттерді тауып белгілейді.

  3. Сурет бойынша қорықта болмайтын жануарларды тапқызу.Олар: мысық пен түйе. Мысық пен түйе – үй жануарлары. Оларды адамкүтіп-баптайды.

(Ұ) Өзекті мəселе.

Қазақстанда өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін қандай жұмыс түрлері атқарылуда?



    • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегізаң.

    • Ерекше қорғалатын аймақ – қорықтарұйымдастырылуда.

Қорықтар жайлы слайдтар немесе бейнефильмдер.

Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі.

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: барысты əртүрлі түспен бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – көк.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – сұр.


Əліппе-дəптер




ТАҚЫРЫБЫ:Орман-

тоғайды қорғайық

Мектеп/ МҰ

Педагогтіңаты-жөні:

Сынып/ топ

Қатысушылардың саны

Болмағандар

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.2 Қазақстанның қорықтарын атау

Болжамды нəтиже

Барлық балалар:

  • орман-тоғайларды қорғау керектігінтүсінеді;

  • ормандағыөсімдікке қажетті жағдайларды атап береалады;

  • ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтайалады;

Көпшілік балалар:

  • ормандағы қауіпсіздік шараларынбіледі

  • ормандағы тіршілік үшін өсімдіктерге мен жануарларға не қажет екенін анықтайалады;

  • табиғатқа пайдалы іс-əрекеттердіатауды

Кейбір балалар:

  • табиғатты қорғау, орман-тоғайды қорғау не үшін керек екенін айтып береалады;

  • орман-тоғайлардың адамдарға берер пайдасын айтыпбереді.

  • Орман мен тоғайдың айырмашылығын айтып береалады

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын, танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?», «Егер..., не болады?»» деген сұрақтарды пайдалану.


Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.









Көптілділік:лес – орман– forest.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: зерттеу тақырыбы, сұрақтар, орман-тоғайларды қорғайық, өрт қауіпсіздігі, табиғатты аялайық




ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орманда қандай өсімдіктер,ағаштарөседі?

  • Тоғайда қандай ағаштың түрлеріөседі?

  • Орман-тоғайлардың бізге тигізер пайдасықандай?

  • Орманнан қандай заттаралынады?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; орман-тоғайларды қорғау жəне табиғатты сақтап қалу, пайдалы іс- əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

II. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–1мин.
II. Өмірлік тəжірибені

(Ұ)Шаттық шеңбері.
Ұға білсең мені сен, Бақытыммен бөлісем. Жүрек сөзін жалғаймын, Бəрін саған арнаймын!
(Ұ) Педагог балаларға табиғат туралы өлең жолдарын оқып береді:
Табиғат – біздің анамыз, Жер-ана – біздің панамыз. Таза болса табиғат,

Табиғат туралы өлең.






маңыздандыру. Мақсатты болжам.
2–5 минут

Біз де аман боламыз.
(Ұ)Орманда қандай өсімдіктер,ағаштар өседі?Орманды қорғау жолдары қандай? Орманның адам өміріндегі маңызы қандай? Тоғайдың орманнан қандай айырмашылығы бар?
Орман – құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Ол үлкен алқапты алып жатады. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына т.б. өседі.
Тоғай – жайылма сулы өзен алаптарында өсетін кішірек орман. Тоғайда негізінен жиде, тал, шырғанақ, терек, шаған сияқты ағаш түрлері, бұталар жəне шөптесін өсімдіктер өседі.
Бұл өлең жолдарынан бəрінің мағынасы неде деп ойлайсыңдар? (Бəрі де табиғатты аялау жайында.)

Орман-тоғайларды қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге ұсыныс жасайды. Талдап қорыту: орман-тоғайларды дұрыс мақсатта пайдалану, ағаштарды сындырмау,өсімдіктерді бейберекет жұлмау,ормандағы ағаштарды өрттен сақтау.
Орман тіршілік үшін аса қажет, ауаны да тазартып тұрады. Орманды ұрлап кесетін баукеспелерден, зиянды жəндіктерден, өрттен қорғау керек. Адамдар орман ішін ағаштардың шірігінен, қураған ағаштардан тазартады. Ағашы кесілген жерлерге жас көшеттер отырғызылады

Орманның,табиғаттың суреттері

(флипчартқа шығаруға болады)


III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс

6 – 27 мин.



(Ұ)Өзекті мəселелер.

Сұрақ-жауап арқылы орман туралы пікірлері тыңдалады.

– Орман-тоғайлар – тіршілік тірегі. Ормандар өзінің ағаштары мен өсімдіктері арқылы ауада ауру тудыратын бактерияларды жояды, ауаны тазартады.

Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады. Сондықтан да біз орман-тоғайларды,табиғатты не істеуіміз керек?


Табиғаттың суреттері.

«Орман-тоғайларды қорғайық» бейнетаспасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет