-Лупа (үлкейткіш əйнек) арқылы күннің жылуын біраз уақыт қағазға түсіріп не болғанын бақылау.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. Сурет бойынша жұмыс. Жылуды тағы қайдан алуға болады? Бос торкөзге сурет салу.
«Егер Күн «өшіп» қалса, не болады?» сұрағына жауапалу.
Жасанды жəне табиғи жылу көздеріне мысал келтірту. 4.Суреттердің ішінен жылуды өлшейтін құралдытапқызу.
Лупа (үлкейткіш əйнек.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.
(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Балалар балықтың тіршілігі үшін жылу қажет пе?
Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны, борсық, тышқан, суырдың індері болады.Ауа райы салқын кезде олар соған кіріп жылынып ұйықтайды.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: жылыту құралын əртүрлі түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары.
3- деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – көгілдір.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.
ТАҚЫРЫБЫ: Наурыз –экологиялық мереке
Мектеп/ МҰ
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.2.2.1 балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мəселесімен таныстыру
Болжамды нəтиже
Барлық балалар істей алады:
«Наурыз мерекесі» деген ұғымды түсіндіре алады
Наурыз мерекесінде өткізілетін іс-шараларды айтып бере алады. Наурыз мерекесіндегі ұлттық ойын түрлерін атайды.
Көпшілік балалар істей алады:
Наурыз мерекесі қай кезде тойланатынынбіледі.
Наурыз мерекесінің өзіне тəн ерекшеліктерін атап береалады.
Табиғатқа көңіл бөлу мерекесі екенін түсіндіреалады
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту. Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын, танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану.
ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл: Талқылауға арналған сұрақтар.
Наурыз мерекесі қай кезде тойланады? Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығы неде? Тіршіліктің жаңаруы,жандануы ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Наурыз мерекесінің ерекшеліктері туралы білімдер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресуртар
VI. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3-5 мин
(Ұ) Шаттық шеңбері.
Мен бəріңе денсаулық тілеймін! Мен бəріңе қуаныш тілеймін!
Мен бəріңе мейірім тілеймін! Мен бəріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бəріңе көңілді ойын тілеймін!
(Ұ) Педагог балаларға Наурыз туралы өлең жолдарын оқып береді: Елім менен жеріме Ырысын шашқан Наурыз, Күлімдеген көктемге Шуағын шашқан Наурыз
Жеті түрлі дəн салып, Дəм татқызған Наурыз Жақсылық тілеп халыққа
Молшылық əкелсін Наурыз.
(Ұ) Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде)
Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері тойланып келе жатқан халықтық мереке. Ол парсының «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Наурыз, табиғаттың қайта тірілу, түлеу, жандану уақыты. Табиғатқа көңіл бөлу мерекесі болып саналады. Наурыз айында жалпы халықтық тазалық жұмыстары яғни сенбіліктер ұйымдастырылады, сол себепті Наурыз мерекесін экологиялық мереке деп те айтамыз.
(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады: Қыс өтіп, Қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп, Шаруаның кенелген, Мейрамы ежелден. (Наурыз мерекесі)
(Ұ) Наурыз туралы əңгімелей келе түркі халықтарының
«Наурыз» мерекесін қалай қарсы алатындықтарын экран арқылы көрсету.
өлеңдер жинағы.
Бейнетаспа
III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс
6 – 27 мин.
(Ұ)
Педагог табиғат туралы тыйым сөздер жазылған карточкалар арқылы мағыналарын түсіндіріп, Наурыз мерекесімен байланысын түсіндіріпөтеді.
Тыйым сөздердіңүлгісі:
Көкті жұлма. Суға түкірме. Жалғыз ағашты кеспе. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. (Ұ) Наурыз мерекесінің ерекшеліктері бейнеленген презентациямен таныстыру.
(Ұ) Сергіту сəті. Музыкалық сүйемелдеу
«Наурыз тойы»
(Ұ, Т) Өзекті мəселе.
Наурыз мерекесіне дайындық барысында ғана емес, барлық мезгілдегі табиғаттың тазалығына, ауланың тазалығына көңіл бөлінудің қадағалануы.
(МК,ОТ) «Тіршіліктің жаңаруы, жандануы» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
«Тіршілік жанданады, айнала құлпырады» деген түсінікпен байланыста болады.
(Ұ) Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті
(ҰОҚ-дан тыс уақытта өтеді).
«Ауланы көріктендірейік» тəжірибелік жұмысы. Педагогпен бірге серуенге шығып,табиғатты көркейту шараларын орындайды.
Тəжірибе барысында аулада педагогпен бірге ағаш отырғызу, гүл егу жұмыстарын орындайды. Педагог осындай іс-əрекеттердің табиғатқа берер пайдасын атап көрсетеді.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
Презентация
Музыкалық əуен
«Наурыз – экологиялық мереке» деген ұғымды қалай түсінесің? Балаларың жауаптарытыңдалады.
Наурыз мерекесінде атқарылатын табиғатқа пайдалы еңбек түрлерінатату.