ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Ғ. МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Ф-ПК-03/2.1
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
Л.А.Баймаханова
«____» _________ 20___ж
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән «Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі»
Мамандық шифрі, мамандық 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Жасаған оқытушы:
Аблаева Ж.
«Педагогика, психология және жаратылыстану»
кафедрасының отырысында қаралды
№ хаттама
«___» _____________ 20___ж.
Кафедра меңгерушісі: Г.Т.Нарметова
Келісемін
Директордың бейіндік оқыту
жөніндегі орынбасары: Э.Нұржаева
Жетісай – 2018 ж.
Ф-ПК-03/2.2
Оқу жұмыс бағдарламасы
1. Алғы сөз. «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша осы оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру бойынша оқу жоспары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №72 бұйрығының 340-362-қоымшаларына) сәйкес 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша әзірленген.
Үлгілік оқу бағдарламалар жинағы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңеінде қаралды және мақұлданды. 2017 жылғы 31 март, №1 хаттамасы.
Пәннің міндеттері:
- болашақ мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативтік, мәселені шешу құзіреттіліктерін қалыптастыру;
- білім алушыларды педагогикалық зерттеу әдістерінің негіздерімен және әдіснамасымен таныстыру;
- білім алушыларды педагогикалық зерттеу әдістерінің түрлерімен: бақылау, эксперимент, сауалнама, модельдеу т.б. таныстыру;
- білім алушыларға педагогикалық зерттеудің негізгі білімдерін, қисынын, құрылымын, мақсат-міндеттерін, нысанын, пәнін болжамын, зерттеу әдістерін меңгерту;
- болашақ мұғалімдердің зерттей біліу сапалық қаиеттерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- ғылыми зерттеу мәліметтерін өңдеу іскерлігін қалыптастыру;
- ғылыми зерттеу жұмысының қорытындыын безендіру іскерлігін меңгерту.
«Педагогикалық зерттеу әдістері» пәні бойынша оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: лекция, семинар, тәжірибелік (эксперимент) сабақтар, тренингтер.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: дәстүрлі әдіс, ойын, интерактивті (әңгімелеу, піірталас, дөңгелек үстел, пікірсайыс, іскерлік ойындар, жағдайлық мәселелерді шешуге арналған тәжірибелік жұмыстар), бағдарламалық және проблемалық оқыту әдістер (тапсырмалар мен жағдаяттық тапсырмалар) т.б.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Оқу бағдарламасы педагогика, психология, анатомия және физиология пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.
Осы бағдарлама «Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі» пәнінің мазмұны мен дайындық деңгейде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Оқу бағдарламасын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытыныңкөлемін сақтай отырып:
- кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;
- бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
- бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
- жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.
Студенттер білуі қажет:
- Мұғалім мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну;
- Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсінуі және қолдану;
- Әртүрлі жағдайдағы мәселелерді анықтай, жауапты шешімдер қабылдау, өз білімін жетілдіру;
- Ауызша және жазбаша еркін қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру;
- Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың компьютерлік әдістерін, Интернеттен ақпараттарды іздеу әдістерін, электронды поштаны, АКТ меңгеру.
- Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үрдісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу;
- сабақты жобалау және құрастыру, педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауға, талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін меңгеру;
- Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.
Жалпы сағат саны: 42 сағат
Практикалық: 18 сағат
Теориялық: 24 сағат
Пән IV курста жүргізіледі. VII семестр 42/0. VII семестрде бақылау жұмысы қарастырылған. Емтихан, сынақ – қарастырылмаған.
Жұмыс оқу бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады
І бөлімде - педагогикалық колледж студенттерінің кәіби дайындығы жүйесіндегі ғылыми шығармашылығы, педагогикалық зерттеу методологиясы, зерттелетін мәселенің мән-жайын талдау, ғылым мен тәжірибе мәліметтерін жинақтау, бақылау – педагогикалық зерттеу әдісі, бақылау жүргізу және оның нәтижесін зерттеу міндеттерін шешуде қолдану жайында қамтылған.
ІІ бөлімде - Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және жинақтау әдістері, модельдеуді өткізу әдістемесі, педагогикалық зерттеулердегі модельдеу, педагогикалық эксперимент түсінігі, түрлері, педагогикалық экспериментті дайындау және өткізу жайында қамтылған.
ІІІ бөлімде - Педагогикалық зерттеулердегі сұрау әдістері, сұрау әдістерін қолдану әдістемесі, педагогикалық зерттеулердегі ғылыми мәліметтерді талдау, қорытындылау және ғылыми мәліметтерді өңдеу әдістемесі, зерттеу жұмысының жүйесі және оның құрылымы, зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері, нысаны, пәнін, болжамын анықтау әдістері, ғылыми жұмыстың нәтижелерін безендіру, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикаға енгізу туралы ұғымы жайында қамтылған.
IV бөлімде - Жоба әдістемесінің тарихы және пәні. Жоба әдістемесінің ерекшеліктері,
жоба әдістемесіне қойылатын талаптар, жобаны жасау құрылымы жайында қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |