9. Оқу-тәрбиелік педагогикалық іс-тәжірибені қорытындылау Іс-тәжірибе аяқталған соң оны толық өткізгені туралы есеп беруді кафедраға тапсырады. Іс-тәжірибе туралы есеп беруді дайындағанда осы бағдарламаның тапсырмаларын қатаң сақталуымен орындалады.
Іс-тәжірибе туралы есеп берудің құрылымы:
- іс-тәжірибе өту кезеңіндегі орындалған жұмыстарының барлық түрлерін көрсететін күнделік;
- іс-тәжірибе жұмысы бойынша кафедра тапсырмалары орындалуы туралы есеп беруі;
- Тәжірибе мазмұны жайлы есеп беру іс-тәжірибе бағдарламасына сай болуы керек және тапсырманың барлық негізгі сұрақтарын қарастырылуы міндетті, соның ішінде:
- іс-тәжірибе обьектісі құрылымын сипаттау;
- теориялық материалдардың негізгі жағдайларын;
- зерттеп отырған нақты материалдарды зерттеу;
- жинаған құжаттық материалдар, статистикалық деректер, кестелер, схемалар, графиктер есеп беруге қосымша ретінде рәсімделуі қажет;
- қорытындылар мен ұсыныстар.
Іс-тәжірибе бойынша есеп беру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және ЖОО-ң талаптарына сай рәсімделуі қажет:
- ФС 7.05-02 бекітілген формаға сәйкес есеп беру құжатын дайындау;
- іс-тәжірибе өту орнындағы жетекшінің студенттің жұмысы туралы мінездемесі бар күнделік;
Есеп беруді рәсімдеуге студентке іс-тәжірибе соңынан бір апта уақыт беріледі. Тәжірибе аяқталысымен студент есеп берудің күнделігін бекітілген жетекшісіне өткізеді. Жетекші оларды тексере отырып студентке мінездеме береді және оның тәжірибе барысындағы еңбегін бағалап қол қояды. Іс-тәжірибе бойынша есеп беру мен күнделікті толтырып жетекшіге бекіткеннен кейін университет тарапынан рецензиялауға кафедраға тапсырады
.Практика барысында студенттердің білімін және дағдыларын бағалау критерийлері