Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет31/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
гипофизді
ергежейлілік
дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің
бұзылуынан – алдыңғы бөлігі зақымданады. Мұндай адамдардың дене
бітімі, мінез-құлығы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей
қалады. Жыныс бездері толық жетіліп-дамымайды. Семіріп, беттерін
әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады.
Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат
алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп
болады. 
Гипофиздің жұмысын реттеу үшін (бойы нашар өсетін балалар) өсу
гормонын жасанды түрде ағзаға жіберсе, 6 айда 5–6 см өседі. Аласа
бойлы адамдардың бойлары 38 см-ден 1 метрге дейін өскені
анықталған.
Гипофиздің артқы бөлігі зақымданса, бүйректің жұмысы бұзылады.
Денеден тәулігіне өте көп мөлшерде зәр бөлінеді.
Ескерту:
спортпен шұғылданып, денесі әбден шыныққан, бойлары 2 м
жететін адамдар бар. Бұларда гипофиз гормоны қалыпты мөлшерде
бөлінген. Тек шынығудың арқасында сүйектері жақсы дамыған.
Аралас бездер. Ұйқы безі. Жыныс бездері.
Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу
Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері
арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей
қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция
бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқы безі мен жыныс бездері кіреді
.
Ұйқы безінің құрылысы:
 
ұйқы безі бозғылдау қызғылт түсті,
ұзындығы 15–22 см, құрсақ қуысының оң жағында қарынның астына
таман орналасады. Ұйқы безінің
сыртқы секрециялық (экзокриндік)
қызметі:
өзінен бөлінетін ұйқы безінің сөлі өзекшесі арқылы тікелей


ұлтабарға құйылады.
Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі:
ұйқы
безінің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар
жиынтығына байланысты. Мұндай топтанып орналасқан жасушалар
ұйқы безінің жалпы салмағының 2–10%-ын құрайды. Жасушалар тобы
әсіресе ұйқы безінің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқы
безінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000-ға жетеді,
ешқандай өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100 мкм-ден
500 мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т.б. Сәби және жас
кезде ағзаның өсуіне әсер ететін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет