Музыкалық есту қабілеті Әуенді дауыспен айту үшін немесе музыкалық аспапқа салу үшін дыбыстардың қалай қозғалатындығы (жоғары, төмен, бірқалыпты) туралы түсінігі болуы тиіс. Әуенді естігені бойынша қайта айту үшін оны есте сақтау қажет. Сондықтан музыкалық есту қабілетіне жады мен елестету кіреді. Музыкалық есту қабілеті олардың ықтиярлылық деңгейі бойынша ерекшеленеді. Ықтиярлы музыкалық есту қабілеті ішкі есту қабілетінің дамуымен байланысты. Ішкі есту – музыкалық дыбыстарды ойша елестету қабілеті ғана емес, музыкалық есту қабілетімен ықтиярлы әрекет жасау.
Эксперименттік бақылау әуенді ықтиярлы көрсету үшін көптеген адамдар ішкі ән айтуға жүгінеді, фортепианода ойнауды үйренетін бала әуенді клавиатурада саусақ қимылдарымен бірге алып жүреді. Бұл музыкалық есту қабілетінің моторикамен байланысын дәлелдейді, адам әуенді ықтиярлы есте сақтау және оның есте ұстап қалуы қажет кезде бұл байланыс тығыз болады.
Осы бақылаудан туындайтын педагогикалық қорытынды – музыкалық есту қабілетін дамыту үшін вокалдық моторикасы (ән айту) немесе музыкалық аспапта ойнауға тарту мүмкіндігі.
Музыкалық есту қабілеті – әуенді естуі бойынша қайта жаңғыртуында туындайтын қабілеттілік. Ол музыкалық естудің есту немесе репродуктивті компоненті деп аталады.
Ырғақ сезімі – музыкадағы уақыт қатынасын қабылдау және қайта жаңғырту. Бақылау және көптеген эксперименттер көрсеткендей, музыканы қабылдау кезінде адам музыканың ырғағына сәйкес айқын немесе байқаусыз қозғалыстар жасайды. Бұл бас, аяқ, қол қимылдары, сонымен қатар сөйлеу, дем алу аппараттарының байқаусыз қозғалыстары. Олар әдетте ойланбастан, өздігінен туындайды. Осы қозғалыстарды тоқтатуға ұмтылу олар басқа түрде пайда болады, немесе ырғақтың тоқтауына алып келеді. Бұл қозғалыс реакцияларының ырғақтың қабылдауымен терең байланысын, музыкалық ырғақтың моторлы табиғатын көрсетеді. Алайда музыкалық ырғақ сезімі моторлықпен қатар, эмоционалдық табиғаты болады. Музыканың мазмұны эмоционалдық болады. Ырғақ – оның көмегімен музыканың мазмұны берілетін музыканың көрнекі құралдарының бірі. Сондықтан ырғақ сезімі лад сезімі секілді музыкаға деген эмоционалдық ықыластылығы негізін құрайды.
Ырғақ сезімі – музыканы белсенді (қозғалыспен) сезіну, музыкалық ырғақты
сезіну және оны тура қайта жаңғырту қабілеті.
Мәселен, музыкаға эмоционалдық ықыластылық музыкалық іс-әрекеттің барлық түрінде дамуы мүмкін: қабылдау, орындау, шығармашылық, себебі ол музыкалық мазмұнын сезіну және түсіну үшін қажет.
Музыкаға эмоционалдық ықыластылық балаларда өте ерте жастан, өмірінің алғашқы айларында пайда бола бастауы мүмкін. Бала көңілді әуен дыбыстарына белсенді әсер етеді, ал тыныш музыканы бар ынтасымен тыңдайды. Бірте-бірте қозғалыс реакциялары барынша ықтиярлы, музыкамен үйлесімді, ырғақпен ұйымдастырылған бола бастады.
Лад сезімі ән айту барысында дамуы мүмкін, балалар өзін, бір-бірін тыңдайтын болса, есту арқылы интонацияның дұрыстығын бақылай алады.
Музыкалық есту қабілеті есту бойынша әуенді ажырата алуды және қайта жаңғыртуды қажет ететін іс-әрекет түрінде дамиды. Бұл қабілет, ең алдымен, ән айтуда, жоғары дыбысты музыкалық аспаптар қолданылатын ойындарда дамиды.
Ырғақ сезімі, ең алдымен, музыканың эмоционалдық бояу сипаттамасы бойынша сәйкес келетін музыкалық-ырғақты қозғалыстарда дамиды.
Тембрлі және динамикалық есту – музыканың айқын, бояу құралдарын толығымен тыңдауға мүмкіндік беретін музыкалық естудің бір түрі. Музыкалық естудің негізгі қасиеті – жоғарылығы бойынша дыбыстарды ажырату. Тембрлі және динамикалық есту жоғары дыбыс негізінде қалыптасады. Тембрлі және динамикалық есту бала орындауының көрнекілігін, музыканы қабылдаудың толықтығына көмектеседі. Балалар музыкалық аспаптарының тембрін тани бастайды, динамиканы музыканың суреттеу құралы ретінде ажыратады. Музыкалық-дидактикалық ойындар көмегімен музыкалық дыбыстардың жоғары дыбысты, тембрлі және динамикалық қасиеттері модельденеді.