Балалардың 3 айға дейінгі дамуы


БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ- ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ



бет30/31
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#81116
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
3 апта Касымова

БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ- ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды:
ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байла- ныс орнату қабілетін дамыту;
баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуел- діліктен бірте-бірте дербестікке көшуі.
Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекет- тері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты (тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы).
Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатына- сының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады (мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы терісімен жанасудың арқасында тынышталады).
Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ, аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын қысқа уақытқа тоқтата алады.
Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның бет-жүзін бақы- лай алады, әрі ересек адамның жылы даусына күлімсіреу түрінде алғашқы жауабы пайда болады.
Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары әрекеттерге әркелкі жағымды эмоционалдық сезімдерінің құрамдас бөліктері жиі-жиі пайда бола бастайды, олардың барлығы «жандану кешеніне» бірігеді, яғни, баланың қимыл-әрекеттері үдей түседі, жиі күлімсірейді,
әуенді дыбыстар шығарады. Бұл жаста баланы кез-келген адам күлімсірете алады. Шешуші мәнге қозғалыстағы адам жүзінің сұлбасы ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет