«балық, бал, Өсімдік өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»


Мандарин(Citrus reticulata) Бөлме мандарині



бет7/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,84 Mb.
#26770
1   2   3   4   5   6   7   8

Мандарин(Citrus reticulata)

Бөлме мандарині. Бөлмеде өсіру үшін мандариннің баяу өсетін ұсақ тұқымдары таңдалады. Жапондық тез пісетін түрлері жақсы. Мандарин ағашын бөлмеде өсіргенде ерекше күтім керек. Қыста ыдысын күн түсетін жарық бөлмеге қояды. Күн жылыған кезде ыдысымен аулаға, бақшаға қойып өсіруге болады. 

Жазда суды көп қажет етеді, қыста топырағы кепкен кезде жылы сумен аз суарады. Көктемде сәуірден қыркүйекке дейін апта сайын тыңайтқыштармен қоректендіреді. Ауаны ылғалдандыру үшін өсімдіктің жанына ыдыспен су қояды. Жапырақтарына күніне екі-үш рет бөлме температурасындағы су шашады. Ылғалы аса көп немесе аз болса жапырақтарына дақтар түсіп, өсмдік шіри бастайды. 

Лимон (Citrus limonum) – көпжылдық мәңгі жасыл бұтақты өсімдік немесе кішігірім ағаш. 20-ға жуық түрі мен сұрыпы белгілі. Лимон – сопақша келген, түсі сары, жылына екі рет – көктемде және күзде гүлдейді. Лимондар ең жылу сүйгіш өсімдіктер. -3°С суықта олар үсіп кетеді. Шырыны қышқыл, хош иісті, емдік қасиеті мол. Халық арасында суық тиіп ауырғанда лимонмен шәй ішіп емделу кең тараған. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды хош иіс бөліп шығарады. Лимонды жақсы күтіп-баптаса үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Лимонның дәнінен шыққан көшеті 15 жылдан кейін, қалемшеден өскені 7 жылдан соң ғана гүлдеп, жеміс салады. Дәннен шыққан көшеттің бойы 25 см-ден асқаннан кейін жеміс беретін ағаштың бір бұтағымен телу жұмыстарын жүргізу керек. Себебі, тұқымнан өнген көшет гүлдемейді. Ал, гүлдемеген ағаштың жеміс бермейтіні белгілі. Гүлдеген лимонның жемісі піскенге дейін жапырағы мен гүлдері өздігінен түсе бастайды. Бұл қалыпты құбылыс. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін кемінде 15-20 дана жапырақ керек. Сондықтан сабақ бойындағы жапырақтарды санап, артық гүлдерді қолыңызбен теріп тастаңыз. Тұқымын себу және бұтағын қалемшелеу арқылы көбейтеді.



Лимон (Citrus limonum)

Үй лимоны.  Лимон өсімдігін үйде де өсіруге болады, арнайы сұрыптары бар. Бұл ағаштар көктем-жаз кезеңінде 2-3 рет гүлдейді, ал қыста жарық жетіспесе демалып тұрады. Жақсы сұрыптары жылына1-4 рет гүлдеп, жеміс береді. Бөлме лимондарының жемістері жақсы жетіліп, піседі. Олардың дәмдік сапасы сырттан әкелінген лимондарға қарағанда жоғары болады. Бөлмеде өсіп тұрған лимон ағашының жапырақтарынан фитонцид деген зат бөлінеді де, бөлмені ауру таратушы микробтардан тазартып тұрады, ауаны хош иістендіреді. Сол себепті цитрус өсімдіктерін өсірушілер суық тиіп ауруды білмейді. Лимонның иісі шаршағанды басады, көңіл-күйді сергітеді, көздің көруін жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады екен. Компьютермен көп жұмыс істейтін адамдарға пайдасы өте зор, оның иісі жемісінен ғана емес, жапырақтарынан да жақсы иіс шығып тұрады. 

Қыста 15—18°С жылыда, ылғалды ауада, жарықта жақсы сақталады. Құрғақ ауаны, қатты ыстықты сүймейді. Терзенің алдына қойғанда желдеткіш жабық болуы керек. Көктемде баққа топыраққа ыдысымен отырғызып, ерте күзде үйге қайта кіргізу қажет. Лимонды күннің қысқа мерзімінде отырғызса тез гүлдеп, өнім береді. Бөлмеде газ, түтін, мұнай өнімдерінің иісі болса өспей қалады. 

Өсімдік қасиеті – шырында. Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап, даңқты спортшылар да жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр. 

Цитрус өсімдіктері адам ағзасында кездесетін түрлі ауруларға емдік дәрі-дәрмектер ретінде көп пайдаланылады. Соңғы кездегі халық медицинасы осы өсімдіктердің қасиеттеріне көп сүйенеді. Суық тию, бас ауыру, бауыр, өкпе, жүрек, қан тамырлары, демікпе сияқты ауруларға арналған арнайы рецепттер бар.

Цитрус жемістерінде көп кездесетін С дәрумені (аскорбин қышқылы) еркін радикалдардан қорғайды және ағзаның қорғаныс қызметін арттырады. Ол итмұрын, мүкжидек, бүрген, қарақат жидектерінде, цитрус өсімдіктерінде, болгар бұрышында, әскөк пен ақжелкен шөптерінде де көп. Дәруменнің жетіспеушілігі тері пигментациясының бұзылуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жұқпалы ауруларды қабылдауды арттыруға алып келеді. Мөлшерден тыс пайдалану қауіпсіз: С дәрумені ағзадан табиғи түрде шығады. Цитрусты жемістерді келесідей тағамдар мен өнімдерге қосады:

  • тәттішырын 

  • кәмпиттерге қосу 

  • дәрумендер

  • қайнатпалар 

  • кондитер өнімдері (печенье, торт) 

  • салаттар 

  • тағам дәмдеуіштері 

  • шәй 

  • эфир майы

  • халықемінеқолдану 

Мандарин қайнатпасы . Тұтас мандариндерді қабығымен бірге 90°С температурада 15 минут буда ұстайды. Суытып, суық суға 10-12 сағат қасалып қояды. Суыған мандариндерді жарты етіп кесіп, үстінен ыстық сироп құяды. Сиропта 6-8 сағат ұстайды да қайнатпаны 4 рет қайнатады. 1 кг мандаринге 1,2 кг қант қосу керек. 

Грейпфрут(Citrus paradisi)— домалақ немесе сопақ хош иісті, қышқыл-тәтті дәмі бар оңтүстікте өсетін мәңгі жасыл цитрусты ағаш жемісі. Жемісі қараша—желтоқсан айларында піседі. Құрамында қант, органикалық қышқылдар бар, тәбет ашады, асқазан жұмысын жақсартады. Шырыны С витаминіне бай бағалы және диеталық тағам. Тосап және нерсу жасауға болады. Грейпфрутты 5 градус жылылықта темекі қағазына орап, 4—5 ай сақтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет