«балық, бал, Өсімдік өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»


Грейпфру́т (Citrus paradisi) Танжело



бет8/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,84 Mb.
#26770
1   2   3   4   5   6   7   8

Грейпфру́т (Citrus paradisi)

Танжело – мандарин мен грейпфруттың қосындысы. Жұдырықтай кішкене жемістің дәмі жұмсақ, тәтті, өзі шырынды келеді. Қабығы сарғылт-қызыл түсті, жеңіл тазаланады. Танжелоның дәмі мандариннің дәміне жақын. Оны ерекше пішіні үшін "бал қоңыраулары" деп те атайды.

Минеола – алдында атап өткен танжелоның бір түрі. Ол ”Боуэн” атты грейпфрут пен ”Дэнси” деген мандариннің гибриді. Жеміс АҚШ-тағы Флорида штатындағы Миннеола қаласының атымен аталған. Минеола жемісінің пішіні жалпақтау, қабығыжұқа, жарқынқызыл түсті болады. Дәмінде қышқылдық байқалады.

Клементин мандарин мен апельсиннің гибриді болып табылады. Бұл жемісті 1902 жылы сұрыптап, ресми түр ретінде өсіре бастады. Жемістің қызық атауы оны алғаш сұрыптапалған француз миссионері  Клеман Родьеге байланысты. Басқа деректер бойынша бұндай түрлі цитрус жеміс ол уақытқа дейін Азия елдерінде болған деп есептеледі. Қабығы жылтыр күңгірт реңкі бар қызыл-сары клементиннің дәмі керемет тәтті. Ал оның ішінде сүйектердің болмауы және қабығының оңай тазалануы бұл жемісті одан да танымал қылды.

Угли сонау Ямайкада өсетін танжелоның бір түрі. Жасыл-сары жемістің қабығы кедір-бұдыр болады. Жеміс адам мен табиғаттың біріккен еңбегінің "жемісі" болды. Бастапқыда угли жемістері жайылымдарда табылған екен, оны мандарин мен грейпфруттың қосындысы деп есептепті. Артынан оған апельсин қосып, селекция жүргізілді. Нәтижесінде угли жемістерінің хош иісті, дәмі ерекше, кішкене аштылау болып шықты.

Рангпур – мандарин мен лимонның Үндістанда сұрыптап алынған түрі. Оның дәмі өте қышқыл, ал түсі қанық қызғылт-сары.

Каламондин немесе цитрофортунелла – кумкват мен қышқыл мандариннің "баласы". Кумкваттан ол жеуге жарамды қабығын алса, мандариннің түрі мен дәмін сақтапты. Қытайда сұрыптап алынған каламондин Шығыс елдерінде үлкен сұранысқа ие болды. Индонезия мен Филиппин аралдарында ертеден осы жеміс өсіріле бастады.

Айта кетсек, кумкваттың цитрустарға еш қатысы жоқ екен. Бұл ұзын жемістер фортунелла (Fortunella) түріне жатады. Кумкваттың кішкентай қызқылт сары жемістерінің қабығын жеуге болады, ал дәмі қыщқылдау болады. Бұл жемістен керемет дәмді тосап, мармелад пен желе жасалады.

Оробланко немесе свити тәтті помело (жасыл түсті цитрус жемісі) мен ақ грейпфруттың қосындысы. Испан тілінен аударғанда жемістің атауы "ақ алтын". Жемістердің іші тәтті, нәзік, сүйексіз, ақ-сары түсті болады. Сыртқы қабаты піскенде жасыл, жасыл-сары түсті болады.

Этрог – цитрон атты лимонға ұқсас жемістің бір түрі. Бұрыңғы кездері цитрон тек медициналық мақсаттарда қолданылатын. Оның емдік қасиеттері мол деп саналады.

"Будда қолы" атты цитронның тағы да бір түрі цитрустардың ең ерекше түрі деп айтуға болады. Бұл жеміс бірнеше саусақ сияқты көрінеді, атауы да осыдан шыққан. Бұл жеміс кей кездері тек қабығынан ғана тұрады, есесіне ол керемет ароматизатор.

Цитрусты жемістердің тұрмыста қолданылуы . Цитрус өсімдіктері шырын мен тағам түрінде ғана емес, тұрмыста да көп қолданылады. Түрлі үй тазалауға, ыдыс жууға, ауаны хош иістендіруге арналған заттарға қосылады. Адам гигиенасына арналған заттардағы цитрус өсімдіктерінің қоспалары денсаулыққа пайдалы. Косметика саласында да кеңінен пайдаланылады. 
Тұрмыстық заттарға қосылуы: 

  • иіс сабын

  • кір жуғыш

  • ұнтақ 

  • сусабын 

  • тіс пастасы 

  • иіс су 

  • ылғалдандырғыш сүлгі 

  • хош иістендіргіш 

  • тазалағыш заттар 

  • хош иісті кір шайғыш 

  • жақпамайлар 

Сақтау және тасымалдау

Жемістердің және цитрусты жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ұзақ сақталуы арнайы жеміс-көкөніс сақтау орындарында, тоңазытқыштарда, дайын өнім қоймаларында жүзеге асырылады.

Өнім оның жағдайын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болатындай етіп орналастырылады. Жаңа піскен жемістер, көкөністер, тамыржемістер үшін желдету мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет.

Жеміс, көкөніс, тамыржемістердің әрбір сортына, түріне өзінің сақтау режимдері (қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылық) қолданылады. Мысалы, мандариндер тез бүлінеді. Сондықтан оларға арнайы режимд мен арнайы желдету қарастырылады. Ал салыстырмалы түрде апельсин және лимон сақталуы бойынша шыдамды келеді. Цитрусты жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ластану қатерін барынша азайту шартымен, олар көлік құралдарында және (немесе) контейнерлерде орналастыруға және сақтауға жатады.

Жеміс-көкөніс өнімдерімен бірге басқа тамақ өнімдерін немесе өзге жүктерді бір уақытта тасымалдау үшін көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді пайдалану кезінде жаңа піскен цитрусты жемістер және қайта өңделген жеміс-көкөніс өнімдерінің жанасуына, ластануына және органолептикалық ерекшелігінің өзгеруіне жол бермейтін жағдайлар қамтамасыз етіледі. Себебі органолептикалық тексеру кезінде иісі өзерсе онда ол цитрусты жемістің көрсеткіші күмәнді деп есептеліп, базарларда және сату орындарында сату шығарылмайды.

Жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары және (немесе) контейнерлер немесе сыйымдылықтар осындай өнімдердің қажетті температурасын сақтап тұру үшін тиісті түрде жабдықталады.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған көлік құралдары мен үй-жайлар үнемі механикалық тазалаудан, жуудан және қажет болған кезде дезинфекциядан өткізіледі. Дезинфекцияланып болған қоймаларда міндетті түрде тексерулер жүргізіледі. Ондай жағдайда адам өміріне қауіпті дезинфектантар жемістерге түспеуін қадағалайды.

Қазақстан Республикасының аумағында жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделеріне және қоршаған ортаға қауіпті әсері сонымен қатар әрі санитариялық, фитосанитариялық және гигиеналық нормалар мен талаптарды бақылайтын мемлекеттік органдар тарапынан талаптар белгілеуді қажет ететін аса ықтимал қауіпті факторларға мыналар жатады:



  • өнімді әзірлеу (жасау);

  • өнімді өндіру және қайта өңдеу; 

  • жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау

  • өнімді сату; 

  • алып қою, кәдеге жарату және жою.

Өнімдерге арналған жабдықтар және ыдыс (контейнер) денсаулыққа қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл тазаланатын және өнімді зақымдамайтын материалдан жасалуы тиіс. Көкөністердің, жемістердің, тамыржемістілердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың өнімдерін жинау санитарлық гигиенаның талаптарына жауап беруге тиіс. Жинау кезінде тамақ өнімдерін зақымдамас үшін жеуге жарамсыз өнімдерді бөлек орналастыру қажет.

Шикі өнімдерді малдан, шыбын-шіркейден шығатын, зиянды жәндіктермен, құстармен, химиялық немесе микробиологиялық және басқа да жағымсыз заттармен ластанудан қорғау мақсатында сақтық шаралары қабылданған болу қажет. Өнімнің сорты және өнімді жинау тәсілі, оның талап етілетін сақтау типін және сақтау дәрежесін көрсетеді.

Жемістерді және цитрусты жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, жемістерге, көкөністерге, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, жемістерге, көкөністерге, тамыр жемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының зат белгілеріндегі ақпаратта және жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі.

Тиісті стандарттарда жемістердің өлшемі мен пішіні, қабығы мен жұмсағының боялуы, қабығының қалыңдығы және төзімділігі, жұмсағының консистенциясы, дәмі және хош иісі, құрамында биологиялық белсенді заттардың болуы сияқты көрсеткіштер бойынша сипатталатын жаңа піскен жемістердің, көкөністер мен тамыржемістілердің осы партияға тиесілілігі өнімнің тауарлық сорты, помологиялық сорты, көкөністердің әр түрлілігі, жүзімнің ампелографиялық сорты, жаңғақтың тауарлық-помологиялық топтары, ботаникалық сорты жемістердің сорттық типі сияқты белгілер бойынша және өнімнің басқа ерекше белгілері бойынша айқындалады.

Сараптаудың қорытындысында цитрусты жемістермен тағамық өсімдік өнімдерін базарларда сатуға төмендегі жағдайда тыйым салады:


  • тексерілмеген цитрусты жемістермен болса;

  • мал дәрігерлік-санитарлық сараптау зертханасы тексеріп нәтижесі күмәнді деп тапқан жемістер;

  • тасымалдау кезінде бүлінген, зақымдалған жағдайда;

  • химиялық және физикалық құрамында зиянды қоспалар мен зиянды заттар табылған жағдайда;

Қазақстан Республикасының аумағында жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделеріне және қоршаған ортаға қауіпті әсері сонымен қатар әрі санитариялық, фитосанитариялық және гигиеналық нормалар мен талаптарды бақылайтын мемлекеттік органдар тарапынан талаптар белгілеуді қажет ететін аса ықтимал қауіпті факторларға мыналар жатады:

  • өнімді әзірлеу (жасау);

  • өнімді өндіру және қайта өңдеу; 

  • жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау; 

  • өнімді сату; 

  • алып қою, кәдеге жарату және жою.

Өнімдерге арналған жабдықтар және ыдыс (контейнер) денсаулыққа қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл тазаланатын және өнімді зақымдамайтын материалдан жасалуы тиіс. Көкөністердің, жемістердің, тамыржемістілердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың өнімдерін жинау санитарлық гигиенаның талаптарына жауап беруге тиіс. Жинау кезінде тамақ өнімдерін зақымдамас үшін жеуге жарамсыз өнімдерді бөлек орналастыру қажет.

Шикі өнімдерді малдан, шыбын-шіркейден шығатын, зиянды жәндіктермен, құстармен, химиялық немесе микробиологиялық және басқа да жағымсыз заттармен ластанудан қорғау мақсатында сақтық шаралары қабылданған болу қажет. Өнімнің сорты және өнімді жинау тәсілі, оның талап етілетін сақтау типін және сақтау дәрежесін көрсетеді.

Егер мөлшері шағын (бір жағының ауданы 10 см2-ден аспайды) орауышқа (ыдысқа) тұтынушыға арналған ақпараттың қажетті мәтінін түсіру мүмкін болмаса, онда ақпаратты топтық орауышқа (ыдысқа) немесе жеке немесе топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа орналастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ өнім (тауар) жинақтап сатылатын топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігі тұтынушыға арналған ақпаратпен қоса жіберіледі.

Тұтынушыларға өнімді (тауарды) алдын ала өлшеп салынбаған түрінде өткізу кезінде, өнім (тауар) сауда үй-жайларында (сатылатын орындарда), оның ішінде сатып алушының көзінше өлшеп салынған жағдайда, олар туралы ақпаратты орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа, өнімнен (тауардан) тікелей жақын жердегі баға көрсеткішке немесе ақпараттық параққа орналастыруға рұқсат етіледі.

Сату орындарында қаптарға салынған өнімде (тауарда) буып-түйілген немесе өлшеп салынған ұқсас өнім үшін көзделген ақпарат болуға тиіс. Тұтынушыға арналған ақпарат қаптарға бекітілген зат белгілерге жазылады.

Өнімді (тауарды) дайындаушы (өндіруші) тұтынушыға арналған ақпаратты орауыштың (ыдыстың) бірлігінің тек сол бір жеріне орналастырады.

Тұтынушыға арналған ақпаратты оқу үшін қолайлы бір немесе бірнеше орынға орналастыруға рұқсат етіледі. Жаңа піскен жемістерді (көкөністерді) таңбалауда:


  • тауарлық сорты (бар болса);

  • өнімді өңдеудің және (немесе) буып түюдің ерекше тәсілдерін көрсету;

  • жинау күні, буып-түю күні;

  • қорғалған топырақта өсірілген өнім туралы ақпарат (қорғалған топырақта өсірілген өнім үшін);

  • сақтау шарттары болуы тиіс.

Дайындаушы белгілеген сақтау және тасымалдау шарттары жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімі ішінде осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.

Тазаланбаған, кесілмеген немесе өңделмеген картопты қоса алғанда, жаңадан піскен жемістер мен көкөністерге жарамдылық мерзімін көрсету талап етілмейді.

Сатылатын өнім осы техникалық регламенттің талаптарына жауап беруге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.

Базарда жеміс-көкөніс өнімдерін орналастыруды және сатуды жүзеге асыратын субъектілердің нормативтік құжаттарға сәйкес өнімнің нақты түрлерін қабылдау, бақылау, бірдейлендіру және сақтау мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлары мен жағдайлары болуы тиіс.

Цитрусты жемістердің сатылуы адамның өмірі мен денсаулығын және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып, сауда орындарында және сауда саласындағы заңнамаға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Сатылатын өнім қауіпсіздігі бойынша Техникалық регламенттің талаптарына, ал басқа көрсеткіштер бойынша шартта көрсетілген жағдайларға сәйкес болуы қажет. Шартта өнімнің заңнамада белгіленген көрсеткіштермен салыстырғанда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне барынша жоғары талаптар көзделуі мүмкін.Өнімді сату барысында, дайындаушы белгілеген сақтау шарттары сақталуы тиіс.

Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін, сақтау немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сапасыздық белгілері бар, осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып таңбаланған, белгіленген нысандағы ілеспе құжаттары жоқ өнімдер сатуға жіберілмейді.

Ветеринариялық-санитариялық сараптау

Сараптауға сынама алу. Біртектес өнімдер партиясынан зертханада тексеру үшін орта үлгі алады. Оны тексеріп әкелінген бүкіл өнімнің сапалық сипаттамасын жасайды. Әкелінген өнімдер көп партиялы болса, үлгіні ішінара бірнеше бөліктен ғана алады. Егер де өнімдер аз партиялы болса, орта үлгіні әр бөліктен (жәшік, кәрзеңке, қап, бөшке т.б.), ал даналап сатылатын өнімдердің үлгісін ыдыстың әр жерінен алады. Санитарлық ережелер бойынша алынатын жемістің салмағы 200 г аспауы керек, орта сынама ретінде әр партиядан, әр жерінен (беткі жағынан, ортасынан, астыңғы бөлігінен) 3-4 дана жеміс алынады.

Біртектес партиядағы тағамдық өсімдіктерді тексергенде органолептикалық көрсеткіштері әр түрлі болған жағдайда, орта үлгіні әр ыдыстан немесе бөліктен жеке-жеке алады.

Осы айтылғандардан тағамдық өсімдік өнімдерінің адамның қорегінің құрамына кіретін пайдалы зат екенін көруге болады. Алайда мал өнімдері сияқты бұларда да түрліше аурулар мен ахаулар кездеседі. Сондықтан да мал шаруашылығынан алынған өнімдер сияқты, тағамдық өсімдік өнімдерін де мал дәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткізеді.

Тағамдық өсімдік өнімдерін (оның ішінде цитрусты жемістер де бар) мал дәрігерлік-санитарлық бақылаудан тек қана базарларда өткізеді. Бұл жұмысты базардағы мал дәрігерлік санитарлық сараптау зертханасының мамандары атқарады. Сараптау мен санитарлық бағалаудың қандай мәселелері болмасын олар тағамдық өсімдік өнімдерінің мал дәрігерлік-санитарлық сараптау ережелерінің талабына сай шешіледі. Тағамдық өсімдік өнімдері базарда балауса және консервіленген түрінде сақталады. Олардың сапасы жөніндегі қорытындыны органолептикалық тексеру арқылы жасайды, ал керек болған жағдайда (дауласу, жалған өнім, улы химикатты анықтау, зақымданған т.т.) зертханада тексеру жүргізіледі.



Органолептикалық тексеру арқылы цитрусты жемістердің сыртқы көрінісін, пішінін, көлемін, түсін, консистенциясын, мөлдірлігін, иісін, дәмін, товарлы түрін, тазалығын (топырақ, құм т.б), зиянды қоспаларын (қастауыш, қарамықша т.б.), дән өнімдерінен қойма зиянкестері мен ақауларын және өсімдік ауруларын анықтайды.Кесіп көру арқылы біз оның ішкі түсін және бүтіндігін көре аламыз. Барлық цитрусты жемістердің өзіне тән түсі болады, бірақ кейбір жемістер бір-біріне өте ұқсас. Қолда ұстап, қысып көру арқылы жемістің консистенциясын анықтайды, мандарин жұмсақ болса, лимон, апельсин, грейпфрут консистенциясы бойынша қатты болып келеді. Көру арқылы біз цитрусты жемістің бүтіндігін және әртүрлі зиянкестермен және тасымалдау кесінде механикалық зақымданбағанын көре аламыз. Иісі бойынша бүлінген немесе құрамында нитраты көп жемісті бірден анықтауға болады. Мысалы, бүлінбеген жемістің өзіне тән ароматты хош иісі болуы керек, ал бүлінген немесе зиянкенстердің әсерінен бұзылған жемістен жағымсыз иіс шығады.

Мандарин - Түсі сарғыш, пішіні тегіс домалақ. Тығыз қабаты жұмсағынан тұрады. Мандарин ешқандай зақымданусыз, бүлінбеген, өзіне тән иісі мен дәмі болуы керек, кесіп қарағанда түсі сарғыш, консистенциясы бойынша жұмсақ келеді.

Апельсин – массасы 100-400гр болатын ірі жеміс пішіні домалақ, қабығы қалың, шырынды, жұқа талшық бар. Жұмсағы хош иісті сарғыш түсті жеміс. Сырты бүтін, механикалық және зиянкестермен зақымданбаған болуы керек. Өзіне тән дәмі бар.

Грейпфрут – 500гр болатын ірі сары түсті шырынды нәзік жұмсағы бар, апельсинге ұқсас жеміс. Балауса күйінде дисертке қолданады. Өзіне тән иісі мен дәмі болады, кесіп қарағанда іші қою қызыл түсті болуы керек, ал сыртқы түсі қызғылт сары (оранжевый).

Өнімді сатып алушылар мен тұтынушылар өздерінің қауіпсіздігі мақсатында таңбалауда көрсетілген талаптарға сәйкес өнімді пайдалану және тұтыну бойынша дайындаушының (сатушы) ұсынымдарын сақтайды. Өнімнің бұзылғаны анықталған жағдайда оны сатуды жүзеге асыратын субъектілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны сатудан алып тастайды, тұтынушыдан қайтарып алады, сараптамаға жібереді, қажеттілігі болған кезде оның кәдеге жаратылуын немесе жойылуын қамтамасыз етеді.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет