Егер «кез келген» сөзінің орнына «табылады» сөзін қолданса, онда жоғарыдағы предикаттан «жай сан табылады» деген жаңа пікір шығады. Бұл пікір шын. Оны жазу үшін символын пайдаланады. символын «табылады», «бар болады», «ең болмағанда бір», «қандай болмасын» сөздерінің орнына пайдаланып, оны табылу (бар болу) кванторы деп атайды. Соңғы пікір былай жазылады: х- жай сан.
Сонымен, егер Р(х) А жиынында берілген қандай да бір предикат болса, онда Р(х) жазуы «А жиынындағы барлық х үшін Р(х) орындалады» деген пікір болып саналады. Бұл пікірдің шын екендігіне көз жеткізу үшін А жиынының кез келген а элементі үшін Р(а) пікірінің шын екенін көрсету керек. Егер де А жиынының ең болмағанда бір а элементі үшін Р(а) жалған болатын болса, онда Р(х) пікірі жалған пікір болады.