Барлығы – 165 сағат



бет54/81
Дата05.06.2017
өлшемі7,16 Mb.
#18178
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81

Ал егер Р(х) А жиынында берілген қандай да бір предикат болса, онда Р(х) жазуы «А жиынынан Р(х) орындалатын ең болмағанда бір х элементі табылады» деген пікірді білдіреді. Осы жазуды басқаша «А жиынында Р(х) орындалатын х элементі бар болады» деп те оқуға болады. Егер А жиынының ең болмағанда бір а элементі үшін Р(а) шын болса, онда бұл пікір шын пікір болады. Егер де А жиынында мұндай бірде-бір элемент болмайтын болса, онда ол жалған пікір болады.

Жалпылық және табылу кванторлары екі, үш т.б. орынды предикаттарға да қолданылады. N орынды предикаттың айнымалыларының біреуіне «квантор ілгенде» предикаттың орын саны бірге кемиді.

Анықтама. Құрамында кванторлар бар пікір кванторлы пікір деп аталады.

Кванторлы пікірді терістегенде әрбір кванторды қарама-қарсы кванторға айналдырады да, кванторлардан кейін тұрған предикатты терістейді.

Кванторлы пікірде бір аттас кванторлардың орындарын ауыстырғаннан пікірдің шындық мәні өзгермейді, ал әр аттас кванторлардың орындарын ауыстырғанда пікірдің шындық мәні өзгеруі мүмкін.

Сұрақтар:



  1. n орынды предикаттың барлық айнымалысына «квантор ілгенде» ол қалай өзгереді?

  2. Кванторлы пікірдің жазылуында кванторлар мен предикат қалай орналасады?

Әдебиеттер: [8], [14], [28].
Тақырып: Теореманың түрлері.

Анықтама. Бір жиында берілген Р(х) предикатының шындық облысы Q(x) предикатының шындық облысының ішкі диыны болса, онда Q(x) предикаты Р(х) предикатының логикалық салдары деп аталады. Белгілеуі Р(х)Q(x).

Теорема1. Р(х)Q(x) болуы үшін пікірінің шын болуы қажет және жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет