Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет8/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері

Мойын өрімі жұлынның төрт жоғарғы мойын жүйкесінің алдыңғы трмақтарынан пайда болады. Олардың әрқайыссы 3 тармаққа бөлінеді: қимылдық, сезімтал және аралас жүйкелер.
Мойын өрімінің сезім талшықтарының тармақтары:
1.кіші желке жүйкесі;
2.үлкен құлақ жүйкесі;
3.мойынның көлденең жүйкесі;
4.бұғана үсті жүйкесі.
Кіші желке жүйкесі - желкенің сыртқы аймағын, үлкен құлақ жүйкесі - құлақ қалқанын, сыртқы құлақ тесігін, мойынның көлденең жүйкесі – желкенің мойынның терісін, бұғана үсті жүйесі бұғана аймағының терісін, үлкен кеуде, дельтаға ұқсас бұлшық еттері жүйкемен қамтамасыз етеді.
Мойын өрімінің қимылдық тармақтары мойынның тереңдігі бұлшық еттерін, бас ми жүйкесінің ХІІ жұбымен бірге тіл асты сүйегінен төмендегі мойынның беткейдегі бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Мойын өрімінің ең ірісі көкет жүйкесі. Ол кеуде қуысына кіріп, кеуде аралығын, жүрек қабын (перикардты), ішкі өкпе қабын (висцерал плевраны), көкетті (диафрагманы) жүйкелендіреді, одан іш қуысына өтіп буырдың жалғамаларын жүйкелендіреді.
Иық өрімдері мойынның 4 төменгі,1 кеуде жүйкесінің алдыңғы тармақтарынан пайда болған. Ол алдыңғы және артқы сатылы бұлшық еттердің аралағынан өтіп бұғана үсті шұңқырында бұғана үсті артериясымен қатар жатады. Кейін бұғана сүйегінің артымен қолтық асты шұңқырына қарай бағытталады. Қолтықасты шұңқырында аттас артерия қан тамырымен қатар орналасып, үш тармаққа бөлінеді. Иық торының қысқа тармақтарының ішіндегі ең ірісі қолтық асты жүйкесі. Ол дельтаға ұқсас және кеуденің үлкен, кіші, алдыңғы тісті, бұғана асты, қыр үсті, қыр асты, жауырын асты, арқаның ромбы тәріздес, арқаның үлкен домалақ, жауырынды көтеруші бұлшық еттерін жүйкелендірді.
Иық өрімінің ұзын тармақтары:
1.Ішкері тері жүйкесі – иықтың ішкі бетінің терісін жүйкелендіреді.
2.Білектің ішкері тері жүйкесі білектің ішкі бетінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді. Бұлшық еттері жүйкесі екі басты бұлшық етті, иық және құстұмсық-иық бұлшық еттерін, білектің сыртқы бетінің терісін жүйкелендіреді.
3.Ортаңғы жүйке иықта иық артериясы және вена қан тамырларымен қатар орналасады. Иыққа тармақ бермейді. Білектің барлық бүгуші топтағы бұлшық еттерін жүйкемен қоректіндіреді. Ортаңғы жүйке алақанға өткеннен кейін бас бармақты көтеретін бұлшық еттерді, сұқ, ортаңғы, аты жоқ саусақтардың терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
4.Шынтақ жүйкесі қардың ішкі бетімен өтіп иыққа тармақ бермейді. Білекте шынтақ артериясымен қатар шынтақ сайында орналасқан. Ол білектің қол басын бүгетін бұлшық еттерін бармақтың тереңдігі бүгуші бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Шынтақ жүйкесі білектің 1/3 бөлігіне келгенде алақан және қол сыртының тармақтарына бөлінеді. Шынтақ жүйкесінің алақан тармақтарынан тері және бұлшық ет тармақтары пайда болады. Тері тармақтары жалпы алақан және саусақтың меншікті жүйесі болып бөлінеді. Саусақтардың меншікті жүйкесі аты жоқ және кішкене саусақтардың ішкі бетін жүйкемен қамтамасыз етеді. Алақан жүйкесінің бұлшық еттік тармағы тереңде болады. Ол кішкене саусақты көтертін бұлшық еттерді, барлық сүйек аралық бұлшық еттерді, екі ішкі құртқа ұқсас бұлшық етті, бас бармақты алып қашушы, бүгуші бұлшық еттерді жүйкемен қамтамасыз етеді. Қол саусақтарының сыртқы жүйесі қол сыртының терісін, кішкене бармақтан бастап, аты жоқ бармақтың, ортаңғы саусақтың ½ терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
5.Шыбық жүйкесі иық өрімінің ірі жүйкесі. Қарда үш басты бұлшық етпен қар сүйегінің аралығынан өтіп, оларға және теріге тармақтар береді. Шыбық жүйкесі білектің сыртқы сайынан шығып екі тармаққа тармақталады. Олар тереңдегі және беткейдегі тармақтар. Шыбық жүйесінің тереңдегі тармақтары білектің артқы топтағы барлық жазушы бұлшық еттерін, ал беткейдегі кәрі жілік артериясымен бірге қолдың сыртына өтіп, бас бармақтан бастап 2 ½ саусақтың терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет